Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 544 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын)  таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын  кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамның жарғылық капиталына берсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 544 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 61 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 26-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:
      1) экономика;
      2) (құпия).».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады