Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 735 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2020 № 793 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Түркістан қалалық және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттары мақұлдаған Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін.

      2. "Түркістан қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 22 қыркүйектегі № 414 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 735 қаулысымен
бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының
Бас жоспары
Негізгі мақсаттар

      Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Бас жоспарын (бұдан былай – Бас жоспар) жасаудың негізгі мақсаттары қаланың аумақтық дамуының ұзақ мерзімді болашағы мен оның сәулет - жобалық құрылымын қалыптастыру; аумақтың функционалды - қала құрылысын аймақтандыру; жалпы қалалық тағайындалған қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және нысандарды орналастыру бойынша принципті шешімдер; көлік қызметін ұйымдастыру; инженерлік инфрақұрылымды дамыту; аумақты инженерлік қорғау; экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қала құрылысы іс-шараларын іске асыру болып табылады.

      Түркістан қаласы Бас жоспарының жобасында келесі жобалық мерзімдер қабылданды:

      бастапқы жылы - 2008 ж.;

      бірінші кезекте - 2014 ж.;

      есеп айырысу мерзімі - 2025. ж.

1. Аумақты сәулет-жоспарлауды ұйымдастыру

      Қала аумағын сәулет-жоспарлауды ұйымдастыру батыс аймақта тұрғын үй құрылысы мен өндірістік және коммуналдық-қоймалық нысандардың функционалдық аймағы аралас қалыптасқан ерекшеліктері ескеріледі.

      Қаланың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылысы, қаланың ішіндегі көлік қозғалысы мен инженерлік коммуникациясының желісі. Тарихи маңызы бар нысандар мен аймақтар, сондай-ақ оның сақталуы мен мұралық жалғастырылуын, оның дамуын құрайтын негізгі қала құрылысы мен оны сақтауға жататын тарихи құндылықтар болып табылады.

      Қала аумағында тұрғындар үшін көркейген қала құрылысы ортасын жасау және қызметтік аймақты және сәулет-жоспарлауды ұйымдастыру үшін бағытталған. Қаланың жоспарлау құрылымында қалыптасқандарды барынша ескере отырып, негізгі қызметтік аймақтары қалыптасады, оның элементтері болып табылатындар: тұрғын үй аймағы, қоғамдық және тарихи тағайындалған нысандар кешенінің аймақтары, рекреациялық аймақ, еңбек жұмсау аймағы, инженерлік-көліктік коммуникациялық арнайы тағайындалған аймағы, санитарлық-қорғау аймағы және қордағы аумақтар, сондай-ақ қала жанындағы аумақтар.

      Аумақты қызметтік аймақтандыру өндірістік, қоныстанушылық және рекреациялық аумақтарды қалыптасқан дислокациялауды қарастырады.

      Өндірістік аймақ қолда бар алаңдарда, тікелей темір жолға шығатын орны бар аймақтарда қалыптасады.

      Одан басқа, Балтакөл автожолының бойындағы оңтүстік-батыс бағытта жаңа өнеркәсіп орындарын орналастыру үшін жаңа алаң қарастырылады.

      Қоныстану аумағының шекараларын әкімшілік, мәдени-қоғамдық, діни және спорттық құрылыстарға, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына белгіленген аймақтар бөлінеді. Мұнда сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық-тұрмыстық қызмет мекемелері орналастырылады.

      Бас жоспармен қала аумағын түгел және қала жанындағы аймақтарды түгелдей қамтитын жасыл аймақ бірыңғай жоспарлау жүйесі жасалады. Көгалдандырудың қалалық жүйесінің тағайындалуы қызметтік тағайындалуы бойынша жалпы пайдаланатын жасыл көшеттер, шектеулі пайдаланылатын, арнайы тағайындалатын және т.б. бөлінеді.

      Қаланың инфрақұрылымдық жоспарлануындағы көлік және инженерлік коммуникациялар аймағы көлік нысандарының үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін жасалады. Көлік кәсіпорны өндірістік аймақта орналастырылады.

      Арнайы тағайындалған аймақта бейіттер, қоймалар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды бастапқы өңдеу, тазалау құрылғысы және т.б. орналастыру белгіленген. Санитарлық-қорғау аймақтары да сондай-ақ қаладан тыс арнайы тағайындалған орналасқан нысандар төңірегінде орналастырылады.

      Қаланың болашақ дамуы үшін қажетті резервтік аймақтар оның шеткі бөліктеріне қаланың оңтүстік-батыс, оңтүстік және солтүстік шығыс бөлігін басым иелене отырып бірдей бөледі. Резервтік аумақ тиісті аймақтың қызметтік тағайындалуын ескеріп қарастырылады.

      Бас жоспар бойынша барлық қоныстанушы аумақ 4 тұрғын үй ауданынан "Орталық", "Батыс", "Оңтүстік", "Шығыс" аудандарынан қалыптасады.

      Қаланың көлік - жаяу жүру қаңқасы көшелердің тарихи қалыптасқан жүйесін барынша ескерумен жасалады.

      Қаланың сәулет - жоспарлау композициясы басты кеңістік осьтеріне бөлінеді.

      Қаланың басты магистраль жанындағы аумағының сәулеттік бейнесін қалыптастыру (Шымкент, Қызылорда және Кентау қалалары бағыттарында) ең сапалы аз қабатты үйлерді, сондай-ақ қызмет көрсету нысандарын орналастыру қарастырылады.

      Қаланың сәулет жоспарлау композициясындағы үстемдік Қ.А.Ясауи кесенесінің кешені солтүстігінде Тәуке хан даңғылының бойындағы және оңтүстігінде Нәзір Төреқұлов көшесінің жалғасына жалпы қалалық орталық орналастыру қызмет етеді.

      Бас жоспарда денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

      Қалалықтар үшін қолайлы өмірлік жағдай қалаптастыратын аса маңызды факторлардың бірі жасыл көшеттер жүйесі болып табылады, саябақтар мен гүлзарларды жаңадан қайта құру жасау ұсынылады.

      Түркістан қаласы көптеген ғасырлар барысында аймақтың, сондай-ақ оның шегінен тыс өмірлік қызметтің барлық аспектілерінде өзекті рөл ойнады. Және қазіргі уақытта қала халықаралық және республикалық маңыздағы нысан болып табылады. Бұл қаладағы жергілікті тарихи және сәулет ескерткіштерінің барлығымен ғана емес, сонымен бірге қаланың жанындағы көпсанды жетістікті нысандармен шарттастырылған. Одан басқа, қала дін, ғылым, мәдениет, сауда, өндіріс, бос уақыт және т.б. салаларда ресурстық мүмкіндіктерге ие.

      Қаланың қоғамдық орталықтар жүйесін ұйымдастыруда.

      Қаланың қызметін орындау үшін белгіленген тарихи-мәдени мұралар және нысандарды сақтау мен мирасқорлық дамытуға айрықша көңіл бөлінгені оның статусымен анықталған.

      Тарихи-мәдени мұралар нысандарына тек қазіргі (сақталған) қаланың негізгі орталығындағы жағдайлар ғана еніп қоймайды, сонымен бірге, жаңғырту, қалпына келтіру және жекелеген нысандарды мирасқорлық дамыту енеді.

      Жобада қаланың негізгі орталығы ретінде қаланың орталығы Қ.А.Ясауи кесенесі кешені ауданында орналасқан тарихи-әкімшілік орталық ұсынылады.

      Кешенді қоғамдық орталықта қаланың орталық құрылысына бастайтын бульварға жататын айрықша аумақта орналасады.

      Аудандық маңыздағы спорттық нысандары қоғамдық орталықтарға таяу қарастырылған.

      Өндірістік аумақта қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі өндірістік аймақта жобаланған аумақтық алаң бойынша ұсынылып, тұрмыстық-азаматтық тағайындалған нысандар аясында олардың қызметтік рөлдерінің өзгеруі жүзеге асырылады.

      Өндірістік аймақ нысандары қызметтік белгілері және жіктеу деңгейлері бойынша топтастырылады.

      Өндірістік аймақ қолайлы көлік байланысын (темір жол және автомобиль), оның қызмет көрсетуі үшін ұйымдастыру мүмкіндігін ескере отырып ұйымдастырылады.

      Өрт сөндіру депосы тиісті нормаларды сақтай отырып қала аумағындағы бес орынға бірдей орналастырылады.

2. Қорғау аймақтарын жіктеу, ұйымдастыру, тәртібі мен пайдалануы

      Құрылыс салуды реттеу аймағын тарихи-мәдени мұралар нысанының табиғи - ландшафттарын қорғау аймағын пайдалануды анықтау мен тәртібі ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 218 бұйрығы) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтары аумақты қорғаудың және пайдаланудың түрлі тәртіптерінің келесі типтері бойынша бөлінеді:

      қорғау аумағы;

      құрылыстарды реттеу аумағы;

      табиғи ландшафттарды қорғау;

      Қорғау аймақтары:

      1) ортағасырлық Түркістан қаласын қорғау аймағының шекарасы, фортификациялық бекіністердің сыртқы жағын бойлай солтүстік-батыс және оңтүстік-батыстан Тәуке хан көшесінің солтүстік-шығысынан, Әмір-Темір көшесінің оңтүстік-шығысынан олардан 50 метр шегініспен өтеді. Аумаққа көне Яссы-Түркістан қаласының алаңы, Қожа Ахмет Ясауи кешені және ХІХ ғасырдың ескерткіші аумағына жататын ортағасырлық Түркістанның бекіністік қабырғалары ішіне енетін әскери казарма енеді. Аумақтың алаңы - 88,7 га;

      2) әулие Құмшық Ата хилуетінің қорғау аймағы, аумақтың алаңы - 6 га;

      3) ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы тарих және сәулет ескерткіштерінің топтық қорғау аймағы. Қорғау аймағының шекарасы балалар саябағының шығыс жағынан Жолбарыс хан көшесі бойынан Әмір-Темір көшесіне дейін Тәуке хан көшесіне дейін, Тәуке хан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін, Әйтеке би көшесінен Байбұрт көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесінен Хақ Назархан көшесіне дейін, С.Қожанов көшесі бойынан бір квартал айналып, атауы жоқ арықты қиып өтіп Мүсірепов көшесіне дейін Мүсірепов көшесінен есептей отырып, ескерткішті және оларды Абай көшесінің тұйығына дейін айнала отырып, сосын шекара квартал аулалары бойынша өтеді. Одан соң шекара квартал аулалары бойынша С.Қожанов көшесімен қатар өтіп Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесі бойынан балалар саябағына дейін. Топтық қорғау аймағының алаңы - 30 га;

      4) Әл - Қожа ата кесенесінің қорғау аймағы, алаң аумағы - 3 га;

      5) Гауһар ана кешенінің қорғау аймағы, алаң аумағы - 8 га;

      6) Шойтөбе сәулет кешенінің топтық қорғау аймағы, алаң аумағы;

      7) Бала-би-Тамабай мазары кесенесінің және зират маңындағы қорғау аймағы, алаң аумағы - 1,0545 га;

      8) І - ІV ғ.ғ. Сури қонысы сәулет ескерткішінің қорғау аймағы, алаң аумағы - 1 га (кад № 1625-4);

      9) ХХ ғасырдың басы және ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы тарихи және мәдени ескерткіштерін топтық қорғау аймағы. Вокзал маңы ауданы, оның қорғау аймағының шекарасы төмендегі шекте белгіленген: темір жолдар бойымен астық қабылдау пунктіне ("Сана" ЖШС) дейін, өнеркәсіп кәсіпорындары аумағы бойымен Абылай хан көшесіне дейін, одан әрі Юлдашев, Төле би, Алтынсарин көшелері бойымен одан әрі Төле би көшесінен 50 м. тұрғын үйлер кварталдарымен Сұлтанов көшесіне дейін, одан әрі Самарқанд, Тәуке хан, Дулатов, Пошанов, Жұмабаев, Абылай хан көшелерімен, паровоз депосын қоса теміржолға дейін. Аймақтың жалпы алаңы - 49 га.

      Келесі бөлімдер орындалды: құрылыстарды реттеу аймақтары, құрылыстарды қатаң реттеу аймақтары, табиғи ландшафтты қорғау аймақтары, құрылысты қатаң реттеу аймақтарын ұстау тәртібі, құрылысты реттеу аймақтарын ұстау тәртібі, қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын ұстау тәртібі, мәдени қабатты қорғау аймақтары.

      Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімі төменде көрсетілді.

Қ/с

Ескерткіш атауы

Ескерткіш түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

республикалық маңызы бар

1.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ХІV ғ. соңы

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі, Түркістан қалашығының аумағында

2.

Күлтөбе қалашығы І мың жылд. ортасы - ХІV ғ.

Археология

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан оңтүстікке қарай 350 м.

3.

Түркістан қалашығы ХV-ХІХ ғғ.

Археология

Түркістан қаласы, қазіргі қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде

4.

Үлкен хильвет ХІІ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан оңтүстікке қарай 150 м., Түркістан мазарының аумағында

5.

Әулие Құмшық-ата хильветі ХІІ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан оңтүстікке қарай 1 км

6.

Шілдехана ХІV ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан солтүстік-батысқа қарай 22 м, Түркістан мазарының аумағында

7.

Сегіз қырлы кесенесі ХІV-ХVІ ғғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иассауи ханакасы шығыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 40 м

8.

Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі ХV ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 м, орта-ғасырлық Түркістан Мазарының аумағында

9.

Атаусыз кесене (сағана) ХVІ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан оңтүстік-батысқа қарай 45 м, Түркістан Мазарының аумағында

10.

Бекініс қамалы ХVІ-ХІХ ғғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Түркістан қалашығы шығыс қамалының бөлігі

11.

Шығыс моншасы ХVІ - ХVІІІ ғғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан оңтүстік-батысқа қарай 150 м

12.

Есім ханның кесенесі ХVІІ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасы батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м, ортағасырлық Түркістан Мазарының аумағында

13.

Қамал қақпалары ХVІІІ-ХІХ ғғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Түркістан қалашығы қамалының шығыс жағы

14.

Жұма мешіті ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи ханакасынан Оңтүстікке қарай 150 м, үлкен хильвет жанында

15.

Темір жол станциясы кешені 1903 ж. (вокзал, депо, тұрғын үйлер, мұздықтар)

Қала құрылысы және сәулет

Түркістан темір жолы станциясы

16.

Сауран қалашығы ХІІІ-ХVІІІ ғғ.

Археология

Түркістан қаласы мәслихатының аумағы, Сауран ауылы, ауылдан солтүстік-батысқа қарай 9 км, Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км.

жергілікті маңызы бар

17.

Қалалық атқару комитетінің ғимараты ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Байбұрт - Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысында, қала орталығында

18.

Гарнизон штабы ғимараты ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Әйтеке би көшесі, 1

19.

Шамет-ишан мешіті ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Қарнақ ауылының орталығында

20.

Жүніс-ата кесенесі ХVІІІ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Иқан ауылы, ауылдық мазаратта

21.

Мешіт ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Иқан ауылының батыс бөлігінде

22.

Меңдуана кесенесі ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Далалы жерде, Түркістан қаласынан 20 шақырым оңтүстік-шығыста

23.

Мұнара ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Шобанақ ауылының оңтүстік шетінде

24.

Имам-Марқозы кесенесі ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Шобанақ ауылының оңтүстік шетінде

25.

Бала-би кесенесі ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Калинин ауылының орталығында

26.

Балалар спорт мектебі ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Әмір-Темір көшесі, 3 А

27.

Дәріхана ғимараты ХІХ ғ. соңы

Қала құрылысы және сәулет

Қожанов - Мүсірепов көшелерінің қиылысы

28.

"Эластик" фабрикасының ғимараты ХХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Қ.А. Яссауи кесенесінен солтүстік-шығысқа қарай 0,5 шақырым жерде, қазіргі мұражай орны

29.

Шаға обасы IV-VIIІ ғғ.

Археология

Шаға ауылының солтүстік шетінде

30.

Иқан қалашығы IX-XVIII ғғ.

Археология

Иқан ауылының орталығында

3. Қала құрылысының экономикалық алғышарттары
Әлеуметтік-экономикалық даму

      Түркістан қаласының экономикалық дамуы өнеркәсіптік мақта-шикізатын өндірумен тікелей байланысты, ол жалпы көлемінің 60 % өнеркәсіп өнімін құрайды.

      Түркістан қаласының ішкі аймақты дамудың өзекті бағытының бірі ретінде халықаралық туризм және зиярат етудің дамуы ретінде ерекшеленуде. Қаланың табысты дамуының негізі аймақтың аграрлық секторының одан ары дамуы болып табылады. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығымен айналысатын халық саны 1,2 есеге өсіп, 12,4 мың адамды құрайды деген болжам бар.

      Тұрақты экономикалық даму мақсатында, соның ішінде, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қатысуымен тамақ өнімдерін, мата, тігін өнеркәсібінің одан ары дамуымен қарастырылады.

Қаланың туристік инфрақұрылымы

      Түркістан қалалық әкімдігінің әкімшілік орталығы Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық орталығынан 165 км-де орналасқан және Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі болып табылады. Түркістан қаласы тарихи және мәдени ескерткіштердің бүкіл әлемде белгілі кешені, ғимарат салу өнерінің ең үздік үлгісі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар қала ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген және Қазақстан Республикасының "Жібек жолы тарихи орталықтарының өрлеуі, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларының дамуын сақтау және иелену" Мемлекеттік бағдарламасына қосылған.

      Жобамен туризмді ойық-сауық, тарихи-танымдық, соның ішінде "Көне Түркістан" туристік орталығының құрылысын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қолөнер шеберлерін және туристер мен зиярат етушілерге қызмет көрсету үшін қолөнер мектебін орналастыру аясындағы "Әзірет-Сұлтан" мұражай кешенінің шығысында тұрған тұрғын үй құрылысын асыру ұсынылады.

Демография

      2025 жылға дейін болашақ демографиялық процестердің динамикасы бұрын қалыптасқан дәстүрлі сияқты сондай-ақ өскелең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қоғам өмірін қайта құру барысында қалыптасқан жаңа қоғамдық даму факторларының барлық жиынтығының өзара ықпалымен анықталатын болады.

      Қазіргі таңда Түркістан қаласында 119,2 мың адам өмір сүреді. Халық саны өсу үстінде. Табиғи өсудің соңғы жылдардағы орташа көрсеткіш 2,45 %-ды құрады.

      Халықтың жасына қарай өсу құрылымы төмендегі түрде көрсетілген:

      1) Балалар және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер - 36,5 %

      2) Еңбекке жарамды жастағы халық - 58,0 %

      3) Еңбекке жарамды жастан асқан халық - 5,5 %

      Бағдарлық балалар жасындағы топ бас жоспардың есепті мезгілінің соғына қарай қала халқының жалпы санынан ұлғайып, 5,7 % құрайды.

      Қала халқының саны:

      2014 жылға – 140,0 мың адамды;

      2025 жылға – 170,0 мың адамды құрайды.

      Болжам бойынша ұзақ мерзімді болашақтағы халық саны 190,0-200,0 мың адамға дейін артады деп болжам жасалуда.

4. Әлеуметтік инфрақұрылымы

      Қазіргі уақытта қаланың тұрғын үй қоры 2198,5 ш.м. құрайды. Қала бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңымен орташа қамтамасыз ету әр адамға 1844 ш.м құрайды. 2009-2035 жылдардағы кезеңдер үшін жаңа тұрғын үйлер құрылысының болжамды көлемі бағдарланған 3,9 млн ш.м. құрайды.

      Бас жоспармен қарастырылған бір адамға жалпы алаңы 18,44 ш.м.- дан 30 ш.м.-ға дейін қамтамасыз ету қарастырылған. Тұрғын үй қоры есептік мерзіммен 6821,66 ш.м. артуымен құрайды.

      Бір қабаттық орташа үйлерге құрылыстарды 2035 жылға дейін пайдалануға 2600,0 га тәртібімен қарастырылады, орта есептік қабатты құрылыс 390,0 гектарға құрайды.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу нысандарында қаланың тұтынушылығы есептік жылдың соңына дейін 18,27 мың орынға дейін өседі. Қалада жалпы сыйымдылығы 2,35 мың орындық мектепке дейінгі мекемелер салу бірінші кезекте жоспарлануда. Есепті кезеңнің соңында жобада мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы 14,06 мың орынға қарастырылуда. Жобада жалпы білім беретін мекемелердің желісін толық емес орта біліммен қамту және бір ауысымда оқитын орта білім беру мекемелеріндегі балаларды қамту 75 пайызға дейін кеңейтіру қарастырылған. Қала аумағында есептің мерзім кезеңінде жалпы білім беретін мекемелерді 43,32 мың орынға дейін ұлғайту қажет. Бас жоспардың жалпы есептік кезеңінде 18,46 мың орынды мектеп салу соның ішінде 1 кезекте 4,50 мың орындық құрылыс салу қарастырылды. Қала бойынша тұтастай алғанда барлық жобалық кезеңінде медициналық мекемелердің, жетекші дәрігерлік қабылдау ауысымына 4980 келушіге артады, соның ішінде бірінші кезекте - ауысымына 2100 келуші қабылданды. Стационарлық мекемелердің сыйымдылығы 1 койка, соның ішінде бірінші кезекте 650 койкаға артады.

      Бас жоспармен сондай-ақ, тұрғындарды жедел медициналық көмекпен нормативті, сүт асханасымен және сүт беру пунктерімен қамтамасыз етіледі.

      Әрбір жоспарланған ауданға сауда, ойын-сауық, спорттық және мәдени орталықтар құрылысын салу көзделген.

      Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту еңбек жұмсау орындарында жасауға мүмкіндік беруге, тұрғындардың аумақтық инвестициялық қабілеттіліктерін көтеру, қала бюджетін толықтыру, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруді жасауға мүмкіндік береді.

5. Көліктік инфрақұрылымы

      Қала көшелері мен магистральды жолдарымен болашақ жүйесі, қаланың аудандарымен сыртқы жолдарға шығудың арасындағы, сондай-ақ қаланың автожолдық кіруін жасау ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транзиттік дәлізінің шеңберінде өзімен бірге Түркістан қаласына кіру учаскесін қосатын және транзиттік жүк автокөлігінің қозғалысы үшін тағайындалуын қосатын, онда жобаланған 2 көліктік түрлі деңгейлерде, бірінші кезекте, үш жер асты жолдарының өту және жеті есептік мерзім жобаланған).

      Алыс болашақта халықаралық дәлізден қаланың ішінен және Түркістан қаласы Айналмалы жолының төңірегінен құрылыс салу (екі деңгейдегі 11 шешілуі);

      Қаланың тарихи орталығының аралаудағы көліктік жүйені қалыптастыру;

      Жаңа автовокзал мен автостанцияның құрылысы.

      Қаланың жол көлік желісін дамытумен жетілдіру үшін болашақ құрылыстардың ауданынан жаңа магистральдық көшелер құрылысы және бұрынғы бар көшелердің құрылыстық шешілуі қайта құрылуы қарастырылды.

6. Инженерлік инфрақұрылымының дамуы
Сумен жабдықтау

      Халықты, сондай-ақ өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтау мыналардың есебінен жүзеге асырылады:

      1) "Қарашық" скважиналық су қоймасының жер асты сулары;

      2) Темір жол станциясындағы су қоймасы;

      3) Жекелеген скважиналардың жерасты сулары, сондай-ақ жоғарғы су жеткізетін су құбырларын, шахталық құдықтарды пайдалану есебінен жер асты сулары;

      4) Кентау-Түркістан топтық су құбыры.

      Кентау-Түркістан топтық су құбырын сумен жабдықтау көзі Біресек-Қантағы жер асты су орындарын пайдалану болып табылады.

      Кентау-Түркістан топтық су құбырының су құбырлары желісінің құрылысынан ұзындығы 9,1 шақырым су жүйелері бойынша су өзінен өзі ағып Түркістан қаласы су құбырлары желісіне құйылады.

Сарқынды сумен жабдықтау

      Қаланы сарқынды су жүйелерімен 25-30% қамтамасыз етілген, ағынды суларды тазарту құрылысы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр. Бас жоспарда сарқынды су тазалау құрылыстарын жүргізу және сарқынды суды тазалауға дейінгі қолданылып жүрген жүйені кеңейту және қайта қалпына келтіру қарастырылған.

Санитарлық тазалау

      Аумақты санитарлық тазалау қазіргі кезде тапсырысты жүйемен жүргізілуде, жобада қаланың жоспарлы-реттеулі тазалауды жүзеге асыру көзделуде.

Жылумен жабдықтау

      Жылумен жабдықтауды орталықтандыру және қоршаған ортаның тазалығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық және сәулет-құрылыс талаптарын ескере отырып, қалада солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймағында коммуналдық жылу қазандығы іске қосылды.

      Қазандық тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылумен және ыстық сумен жабдықтау үшін тағайындалған. Қазандықтың бекітілген қуаты-40 Гкал/с тәулік жылудың жылдық шығарылуы 90200 Гкал-ды құрайды деп болжамдалуда, соның ішінде:

      - жылытуға - 32650 Гкал;

      - ыстық сумен жабдықтауға - 52170 Гкал;

      - қазандықтың өз қажеттеріне - 5380 Гкал;

      Түркістан қаласында жылумен жабдықтау жүйесін одан ары дамыту қолда бар коммуналдық қазандық және жылумен жабдықтаудың дербес жүйелері базасында қарастырылады.

Газбен жабдықтау

      Қаланы газбен жабдықтау үшін, Шымкент қаласындағы ГНС-тан жеткізілетін сұйытылған газ пайдаланылуда.

      Бас жоспарда көзделген Монтайтас-Арыс-Шәуілдір-Түркістан-Кентау трассасы бойынша "Газли-Шымкент" магистральді газ құбырының қаланы газбен жабдықтау іске асырылмаған.

      Бірінші кезекте, қаланы газбен жабдықтаудың қолданылып жүрген жүйесі Бейнеу-Бозай-Самсоновка магистральды газ құбырынан бөлінген құрылыстың есебінен өзгереді.

Электрмен жабдықтау

      Қазіргі таңда қалада тұтынушыларды электрмен жабдықтауды "Оңтүстік-Жарық" ЖШС учаскесі мен "Оңтүстік-Жарық Транзит" ЖШС учаскесі жүзеге асыруда.

      Бас жоспарда электрмен жабдықтауда мыналар қарастырылады.

      1) 35/10 кв "Новая" жаңа подстанциясын құру.

      2) "ЖБИ" подстанциясын демонтаждау;

      3) қаланың даму жоспарларымен байланыстыру және тұрғын үй құрылысы аудандарында санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру мақсатында 110 және 35 кВ электр желілері өтетін трассаларды ретке келтіру.

Телефонмен жабдықтау

      Түркістан қаласы аумағында сегіз телефон станциялары іске қосылған.

      АД-2 жаңа сандық станциясы салынған. Қаланың орталық бөлігінде АД-1 және АД-3 сандық станция салынған. Одан басқа, ұялы байланыста үш оператор жұмыс істейді.

      Спутниктік және кабельдік телевидияның қызметі жеке инвесторлармен ұсынылады.

Көгалдандыру

      Бас жоспармен Түркістан қаласын көгалдандырудың негізгі принциптері анықталған. Жасыл көшеттер мыналарға жобалануы тиіс:

      1) жергілікті табиғи жағдайларды ескере отырып мақсатты өзара байланысты жүйе түрінде;

      2) қаланың сәулет-жоспарлау құрылымына сәйкес және тұрғындарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

      Жасыл көшеттер қаланың тұрғын үй және өнеркәсіптік аудандарының орталықтарының сәулеттік ансамблдерінің кеңістіктік компазицияларының құрамдас бөлігі болып табылады.

      Бұл принциптерді табысты жүзеге асыру тұрғындардың өмір сүруі үшін көгалдандырып қолайлы жағдай тудыруларына мүмкіндік береді.

      Тұрғындарға кері әсер жасайтын факторлардың қатарына мыналар жатады: автокөліктің зиянды қалдықтар төгуінен ауа бассейннің ластануы, қалалық шу, әсіресе, көлік магистральдарында, ауыр микроклиматтық жағдайларда, жазғы және қысқы уақыттарда және тағы басқаларда.

      Аталған қолайсыз факторлар қаланы көгалдандыру жолымен едәуір әлсірейтін болады.

      Бульварлар мен аллеялар, саябақтар, гүлзарлар, дендросаябақтар жүйесін қалыптастыру ойластырылады.

      Көгалдандырудың басты міндеті қаланың әуе бассейнін жақсарту, микроклиматын жақсарту және оның сыртқы келбетін байыту, тұрғындардың жаппай демалысын ұйымдастыру болып табылады.

7. Аумақты қорғау мен қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің іс-шаралары

      1. Бас жоспар аумақтың қызметтік аймақтарын тәртіпке келтіру, қаланың жоспарлану құрылымын барынша тұтас ету, рекреациялық жүйені қалыптастыру, өнеркәсіп-өндірістік және коммуналдық нысандардың санитарлық-қорғау аймағын (СҚА) ұйымдастыру бойынша жоспарлау іс-шараларының кешенін қарастырады.

      2. Түркістан қаласының қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:

      1) өмір сүретін ортаның, соның ішінде аумақты көгалдандыру, қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймағында микроклиматтық жағдайды жақсарту жолымен жайлылықты арттыру;

      2) ТЭК полигоны, мал көметін шұңқыр құрылысы есебінен жерді ластауға тойтарыс беру;

      3) санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерді жою бойынша іс жүргізу есебінен қатты тұрмыстық қалдықтармен жерді ластауды төмендету, бұзылған жерлерді жоспарлы түрде рекультивация жүргізу;

      4) орман дақылдарының алаңын кеңейту мен қалпына келтіру, орман мелиоративті жұмыстарын дамыту, ағаш-бұта, сәндік, қылқан жапырақты тұқымдас ағаштарды отырғызу материалдарын өсіру үшін тұрақты тәлімбақтар салу;

      5) қаланың барынша тұтас қызметтік-жоспарлау құрылымы;

      6) өнеркәсіптік және өндірістік нысандарда санитарлық-қорғау аймағын (СҚА) ұйымдастыру;

      7) суды сақтау аймағын және Қарашық өзенін бойлай жолақтарда;

      8) ұйымдастыру су бөгеттері мен тоғандарынан санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру;

      9) темір жол бұрылысын бойлай 100 метрлік санитарлық-қорғау жолағын ұйымдастыру;

      10) қаланың тазалау құрылысынан санитарлық-тазалау аймағын ұйымдастыру;

      11) жаңа аумақтан мамандандырылған мал көметін шұңқырға аумақ бөлу және оның құрылысы қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге қатаң сай келуі керек және 1000 м. санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру;

      12) қаланың шеткі бөлігіндегі желдетілген батыс және оңтүстік-батыс жағынан бірыңғай өндірістік аймақ құру, онда барлық жаңа өнеркәсіп орындары орналастырылып, технологиялық өндірістік бағыт бойынша олар жекелеген блоктарға топтастырылған. Жаңа өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыруды 2005 жылғы 8 шілдедегі № 334 "Өндірістік-нысандарды жобалаудағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" ҚНжЕ талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысына дейін санитарлық-қорғау аймағын сақтауды ескеру ұсынылады.

      3. Қызметі технологиялық үдерістерге байланысты қоршаған ортаға және адамның денсаулығына теріс әсер етудің көздері болып табылатын өнеркәсіп орындары айналасынан санитарлық-қорғау аймағын құру қажет.

      1) қаланың түрлі бөліктеріндегі тұрғын үй құрылысының ортасында орналасқан кәсіпорындарды, сондай-ақ қоныстану аумағының экологиялық жағдайына қолайсыздық тудыратын, санитарлық-қорғау аймағы нормативтік өлшемдеріне сай келмейтін кәсіпорындарды да жаңадан жобаланатын өнеркәсіптік аумаққа шығару;

      2) барлық жылу жинақтайтын қондырғыларды экологиялық таза отын – гахға көшіру;

      3) қазіргі мейлінше тиімді шаң ұстайтын агрегаттар және отын мен материалдардың жабық қоймалар құрылысын орнату;

      4) жол-көше желісін одан ары дамыту және соның негізінде тұрақты қызмет ететін жалпы қалалық желі жасау;

      5) жер үсті суын бұрып ағызатын аумақ құрылысын салу;

      6) жер асты суларын төмендету үшін қолданылып жүргенін реконструкциялау және дренаждың жаңа жүйесінің құрылысы;

      7) апатты учаскелерін алмастырып су құбырын жөндеу, сонымен бірге жыл сайын дезинфекциялау және желілерді жуу;

      8) су құбырларын тазалау құрылыстарын реконструкциялау, суды залалсыздандырмау бойынша жаңа қондырғыны салу;

      9) жаңа канализациялық тазалау құрылысын салу;

      10) толық биологиялық тазалығымен канализациялық тазалау құрылысын және санитарлық - қорғау аймағын сақтай отырып тазалаудың ішкі технологиясын құру;

      11) насос басатын станциялар мен тұрмыстық канализацияның өзінен-өзі ағатын желісін жөндеу мен реконструкциялау;

      12) қазіргі технологияларды пайдаланып және жер асты суларының ластануын бақылайтын скважинаның құрылысын қоса отырып, барлық табиғат қорғау талаптарын сақтап қаланың қатты - тұрмыстық қалдықтары полигонының құрылысын салу;

      13) ені 100 м. сыртқы шаң-желден қорғау белдеуін жасау;

8. Табиғи және техногендік құбылыстар мен үдерістердің қауіпті әсерінен аумақты қорғау бойынша іс-шаралары

      1. Түркістан қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жол бермеу немесе олардың зардаптарын барынша төмендетуді қысқарту мақсатында алдын-ала мына инженерлік-техникалық іс-шараларды орындауды қарастыру.

      1) аумақты жоспарлау;

      2) жер үсті ағыстарын тәртіпке келтіру;

      3) іргетасты гидроизоляциялау, свайлық іргетасты немесе жасанды негіздерді құру;

      4) тұрақты дренаждың бар болуымен жер асты суларының деңгейін төмендету;

      2. Құрылыс салуда 6 баллдық жер сілкінісінің күшті ошағының пайда болуында құрылыстың беріктігі мен тұрақтылығы талаптарын сақтау қажет.

      Тұрғын үй құрылысына дейін өртке қарсы ажырау тәртібін сақтау үшін бас жоспарда келесі аймақтар бөлінген:

      1) қала шегінен тыс және қала маңындағы оның бөлігі орналасқан ауыл шаруашылығына арналған аймақ;

      2) айрықша күзетілетін аумақ аймағы - бұл мәдениет, сәулет және дін ескерткіштерінің айналасындағы жасыл белдеу;

      3) санитарлық-қорғау жолақтарымен инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймағы.

      3. Төтенше оқиғалардың зардаптарынан тұрғындарды, аумақты қорғау бойынша негізгі іс-шаралар және зақымданудың қазіргі құралдарын қолдану бас жоспарда төмендегідей қарастырылған:

      1) басқару жүйесінің, хабарласу мен байланыстың тұрақты әзірлігін ұйымдастыру, дамыту мен қолдау;

      2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, олардың белгіленген іс әрекеттердің тұрақты әзірлігіне даярлау мен қолдау;

      3) жергілікті әкімдіктердің қызметкерлер құрамын даярлау, тұрғындарды оқыту;

      4) салалар мен ұйымдардың қызмет етуінің тұрақтылығын көтеру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

      5) қорғау құрылыстарының қажетті қорын жеке қорғау құралдарының қаржылық запастарын және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүліктерін жинақтау және әзірлігін қолдау;

      6) қалыптасқан жағдайда іс-әрекет тәртібін, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатері туралы тұрғындарға, жергілікті әкімдіктерге хабарлау;

      7) зардап шеккен тұрғындардың өмірлік қауіпсіздігін ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан эвакуациялауда құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

      8) азық-түлікті, су көздерін, тамақтық шикі-заттарды, мал жемін, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зардап шегуден қорғау.

9. Қала құрылысын аймақтандыру және Түркістан қаласы құрылысын салудың ережелері

      Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының қала құрылысын аймақтандыру аумағы "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен құрылысын салу" 3.01.01.-2008 ҚНжЕ-не сәйкес белгіленеді. Бас жоспар аумақ деңгейінде көшелер мен жолдардың қызыл сызықтарын ескере отырып аумақтық бірліктерін қызметтік пайдалану (қызметтік белгіленуі) талаптарын белгілейді.

      Қатаң, орташа және жұмсақ деңгейдегі тәртіппен аумақты қызметтік аймақтандыруды белгілеу Түркістан қаласының қала құрылысын дамытудың мақсаттарына, талаптары мен негізгі бағыттарына сәйкес қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда қала аумағын пайдалануды қамтамасыз етудің заңды құралы болып табылады.

      Қатаң, орташа және жұмсақ деңгейдегі тәртіппен аумақты қызметтік аймақтандыруды белгілеу қала құрылысы және жер учаскелерін пайдалану салаларында шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға міндетті болып табылады. Аумақты қызметтік аймақтандыруды белгілеуде қарама-қайшы келетін қала құрылысының қызметі "Қала құрылысы. Қалалар мен ауылдардағы елді мекендердегі жоспарлау мен құрылыс салу" 3.01.01-2008 ҚНжЕ-мен тыйым салынады.

      Бас жоспар шеңберінде аумақтық бірліктерді қызметтік белгілеу Түркістан қаласын дамытудың және "Қала құрылысын аймақтандыру және Түркістан қаласының құрылыс ережелері" тарауының басты схемаларымен бекітіледі.

      Қаланы дамытудың басты схемасы Түркістан қаласы қала құрылысының негізгі бағыттарымен және бірінші кезектегі қала құрылысының іс-шаралар бағдарламасымен қарастырылған қала аумағын пайдаланудағы өзгерістерді заңды түрде бекітеді.

      Жергілікті нақты жағдайды ескере отырып тараудың құрамында әрбір жоспарлау аймақтар (жоспарлануы шектеулі аймақтарды қоса) бойынша тізім мен сипаттама, бұл аймақтар үшін белгіленген қала құрылысының жазбасы, жер учаскелерін, ғимараттар мен құрылыстары рұқсат етілген пайдалану параметрлері келтірілді.

      Құрылыс салу мен жер учаскелерін пайдалану бойынша шешім қала құрылысы тәртібі негізінде қабылданады, оның қызмет ету салалары қаланың елді мекенінің аумағын құқықтық аймақтандыру картасында, экологиялық жағдайлар бойынша іс-қимылы шектеулі аймақтар картасында және сейсмикалық жағдайлары бойынша іс-қимылы шектеулі аймақтар картасында, селдік қауіптілік, техногендік апаттар қатері және төтенше оқиғалардың пайда болуының басқа факторларында белгіленеді.

      Аймақтандыру картасында белгіленген қала құрылысы тәртібі жылжымайтын мүлікті рұқсатпен пайдалану түрлері мен параметрлері бойынша бөлінеді.

      Картада көрсетілген аймақтар қала сызығында қолданылатын шекте қаланың барлық аумағын жабады. Аймақтардың шекаралары магистралдар, көшелер мен өткелдерді бөлудің орталық жүйесі, қызыл сызық; жер учаскелерінің шекаралары мен коммуникациялар үшін бұрып жіберу шекаралары және остерімен; әкімшілік шекараларымен; табиғи нысандардың табиғи шекараларымен; басқа шекаралары бойынша белгіленеді. Аймақтандыру картасы аумақтық аймақтың әлеуметтік-қызметтік келесі санаттарын ендіреді: орталық қоғамдық-іскерлік аймағы; тұрғын үй аймағы; коммуналдық кәсіпорындар, көлік, қоймалық және ұсақ өндірістік аймақтар; өнеркәсіптік аймақтар; рекреациялық аймақтар; ауыл шаруашылығына пайдаланатын аймақтар; арнайы аймақтар.

      Жылжымайтын мүлікті рұқсатпен пайдалану түрлері мен параметрлері бойынша қала құрылысының тәртібі негізгі және жалғаспалы нысандар тізімімен анықталады, олардың құрылысына әрбір аумақтық аймақтығы үшін жол беріледі.

10. Бас жоспардың жобасын іске асыру және мониторинг

      Түркістан қаласының бас жоспарын іске асыру және мониторингі Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.

      Түркістан қалалық әкімдігі бас жоспарды жүзеге асыру жөнінде қала тұрғындарына тұрақты мәлімет беріп отырады.

Түркістан қаласы бас жоспары жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2004 жылдың бас жоспары бойынша (2015 жылға)

Бастапқы жыл

Бірінші кезек (2014 жыл)

Есеп мерзімі (2025 жыл)

1

2

3

4

5

6

А.  Қоныстану аумағы






1

2

3

4

5

6

1. Тұрғын үй құрылысы – барлығы,

га

4929,0

3846,47

5164,47

6821,66

оның ішінде:






- бір қабатты үйлер салу

га

3803,4

3705,23

4930,53

6431,23

- 2-5 қабатты үйлер салу

га

188,2

52,19

52,19

143,19

- мектептер, балабақшалар

га

113,6

89,05

181,75

247,24

2. Қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының телімдері

га

823,8

454,05

673,94

920,20

3. Жоғары және орта оқу орындары

га

118,91

118,91

118,91

122,29

4. Діни құрылыстар аумақтары

га

7,69

7,69

9,69

9,69

5. Кешенді кесене аумағы

га

80,0

80,00

80,00

80,00

6. Зират орындары

га

42,8

51,47

-

-

7. Жалпы пайданымдағы жас ағаш егістері (саябақтар, скверлер, гүлзарлар)

га

856,0

35,00

273,00

330,00

8. Зират басын көгаландыру

га

-

-

34,43

110,43

9. Рекреациялық аймақ

га

-

-

144,62

545,77

10. Көшелер, жолдар, өткел, алаңдар, автомобиль тұрағы, тротуарлар

га

1342,5

124,30

503,20

707,93

11. Өнеркәсіптік аумақтар

га

292,5

141,22

153,60

153,60

12. Коммуналдық аумақтар

га

71,7

40,58

41,12

41,12

13. Көлік аумақтары

га

78,2

59,70

73,11

98,38

14. Су айдыны

га

113,3

82,45

88,52

99,53

15. Су емханасының аумағы

га

15,1

15,09

189,15

189,15

16. Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің аумағы

га

-

-

-

16,95

17. Теміржолға бөлінетін аумақтар

га

225,9

138,62

138,62

138,62

18. ХҚТУ жанындағы ботаника бағы аумағы

га

120,0

120,00

120,00

120,00

19. Дендрология бағы аумағы

га

30,0

30,00

30,00

30,00

20. Үйінді аумағы

га

30,0

30,00

-

-

21. Бос аумақ резерві



825,0

13674,58

11213,75

8514,81

А. бөлімі бойынша жиынтығы

га

10002,4

19050,13

19050,13

19050,13

Ә. Өнеркәсіптік аумақтар






22. Өнеркәсіптік аумақтар

га

37,69

37,69

37,69

75,01

23. Көлік аумақтары

га

6,8

-

14,00

37,00

24. Көшелер, жолдар, өткел, тротуарлар

га

-

-

-

2,50

25. Санитарлық қорғау аймағы

га

378,3

-

17,67

41,02

26. Қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының телімдері

га

-

-

-

7,61

27. Канализациялық тазарту құрылыстары

га

40,22

40,22

-

-

28. Бос аумақ резерві

га

78,59

498,96

507,51

413,73

Ә бөлімі бойынша жиынтығы

га

541,6

576,87

576,87

576,87

Қаланың жобаланған шекарасы шегіндегі жиынтығы

га

10544,0

19627,00

19627,00

19627,00

2. Халық

мың адам

135,0

119,2

140,0

170,0

2.1. Халық тығыздығы






- қалалық аумақ шегінде

адам/га

12,8

6,1

7,1

8,7

2.2. Халықтың жас құрылымы:

мың адам

135,0

119,2

140,0

170,0

2.2.1. 15 жасқа дейінгі балалар

мың адам

51,3

43,5

52,1

64,2

2.2.2. Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар (ерлер (15-63 жас), әйелдер (15-58 жас)

мың адам


76,3

69,1

80,1

96,1

2.2.3. Еңбекке қабілетті жастан жоғары жастағы тұрғындар

мың адам

7,4

6,6

7,8

9,7

2.3. Экономика саласында жұмыспен қамтылған халық саны

мың адам

44,9

42,4

49,2

58,4

3. Тұрғын үй құрылысы






3.1. Тұрғын үй қоры

мың м2

3375,0

2198,5

3080,0

4420,0

3.2. Жалпы қор ішінде:






3.2.1. Көп пәтерлі үйлерде

мың м2

618,8

179,2

179,2

449,4

3.2.2. Үй-жайлық үлгідегі үйлерде

мың м2

2756,2

2019,3

2900,8

3970,6

3.3. Тозығы 60%-дан асатын тұрғын үй қоры

мың м2

-

66,2

66,2

55,2

3.4. Сақталатын тұрғын үй қоры

мың м2

1583,5

2198,5

2198,5

2187,5

3.5. Қабаттығына қарай тұрғын үй қорын бөлу:



3375,0

2198,5

3080,0

4420,0

3.5.1. Үй-жайлық (коттедж тұрпатында)

мың м2

2756,2

2019,3

2900,8

3970,6

3.5.2. Шағын қабатты (2 қабатты көп пәтерлі)

мың м2

337,4

32,4

32,4

167,5

3.5.3. Орташа қабатты (4-5 қабатты көп пәтерлі)

мың м2

281,4

146,8

146,8

281,9

3.6. Халықтың жалпы алаңмен орташа қамтамасыз етілгендігі

мың м2

25,0

18,44

22,0

26,0

3.7. Жаңа тұрғын үй құрылысы - барлығы,

мың м2

780,4

-

881,5

1351,0

оның ішінде мыналардың есебінен:

мың м2





3.7.1. Мемлекеттік қаражат

мың м2

195,1

-

-

270,2

3.7.2. Халықтың өзіндік қаражаты

мың м2

585,3

-

881,5

1080,8

3.8. Қабаттылығы бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының арасалмағы:

мың м2

780,4

-

881,5

1351,0

3.8.1. Үй-жайлық (коттедж тұрпатында)

мың м2

544,8

-

881,5

1080,8

3.8.2. Шағын қабатты (2 қабатты көп пәтерлі)

мың м2

157,0

-

-

135,1

3.8.3. 3.5.3. Орташа қабатты (4-5 қабатты көп пәтерлі)

мың м2

78,6

-

-

135,1

4. Мәдени-ойын-сауық және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер






4.1. Мектепке дейінгі балалар мекемелері

орын

7300

1858

4208

18270

4.2. Жалпы білім беру мекемелері

орын

34700

27912

32412

43320

4.3. Емханалар

Аусымда келушілер саны

4725

970

3070

5950

4.4. Ауруханалар

төсек-орын

1965

950

1600

2220

4.5. Қарттарға арналған интернат үйлері

орын

126

-

-

462

4.6. Дене бұзылысы бар ересек мүгедектерге арналған интернат үйлері

орын

1240

-

-

4420

4.7. Балалар интернат үйлері

орын

56

-

80

480

4.8. Дене шынықтыру-спорт құрылыстары

га

54

4,0

38,0

136,0

4.9. Ойын-сауық-мәдени мекемелер:






4.9.1. Киноқұрылғылары бар әмбебап залдар

орын

1890

200

1400

5100

4.9.2. Мәдениет үйлері

орын

4050

970

2170

5100

4.9.3. Мұражай

нысан

3

3

5

5

4.9.4. Кітапханалар

сақталатын мың бірлік

994,5

302,9

757,9

731,0

4.10. Сауда кәсіпорындары

сауда алаңы м2

37800

13850

22200

47600

4.11. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары

отыратын орындар

5400

7980

8580

6800

4.12. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары

жұмыс орындары

1215

812

970

1530

4.13. Өрт депосы

өрт депосысаны автом. саны

3

21

1

5

4

1х5+3х6


6

2х8+3х6+1х4

4.14. Қонақ үйлер

орын

810

643

893

1020

4.15. Ұзақ демалуға арналған мекемелер






4.15.1. Шипажайлар

орын

405

-

420

510

4.15.2. Ересектерге және балаларымен бірге отбасыларға арналған демалыс үйлері

орын

1485

-

1540

1870

4.15.3. Мектеп оқушыларына арналған сауықтыру лагерлері

орын

5400

180

1400

6800

4.16. Аралас демалыс мекемелері:






4.16.1.Мотельдер

орын

405

-

280

510

4.16.2. Пансионаттар, қала сыртындағы қонақ үйлер

орын

1350

-

700

1700

4.17. Қысқа мерзімді демалыс мекемелері:






4.17.1. Демалыс үйлері мен демалыс күндері қабылдайтын профилакториялар

орын

405

-

280

510

5. Көлікпен қамтамасыз ету






5.1. Жолаушылар қоғамдық көлігі желісінің ұзындығы, барлығы

км

342,58

338,0

405,0

470,0

оның ішінде: автобус

км

342,58

338,0

405,0

470,0

5.2. Магистралдық көшелер мен жолдар, барлығы

км

539,3

109,90

282,40

352,17

оның ішінде:






5.2.1. Жалпы қалалық маңызы бар магистральдар:

км

165,11

52,5

86,2

97,83

- үзіліссіз қозғалыс желісі;

км

112,61

-

19,27

19,27

- реттелетін қозғалыс желісі

км

52,5

52,50

66,93

78,56

5.2.2. Аудандық маңызы бар магистральдар

км

87,64

57,40

196,20

254,34

5.3. Теміржол көлігі






5.3.1. Жолаушыларды тасымалдау

мың жолаушы

206,2

10,50

12,30

14,80

5.3.2. Жүк тасымалдау

млн.тн.

286,1

31,91

41,48

47,86

5.4. Автомобиль тасымалы

мың жолаушы

4927,5

850,0

950,0

1270,0

оның ішінде:






- жолаушыларды тасымалдау

мың жолаушы

4927,5

850,0

950,0

1270,0

5.5. Көше-жол желісінің тығыздығы






- қалалық құрылыстар салу шегінде

км/км2

4,49

0,48

1,40

1,77

6. Инженерлік жабдық






6.1. Сумен жабдықтау






6.1.1. Су тұтынудың жиынтығы:

тәулігіне мың м3

57,9

1,898

43,49

60,95

- шаруашылық-ауыз су

тәулігіне мың м3

31,9

1,285

39,60

56,05

- техникалық сапа суы

тәулігіне мың м3

-

-

3,89

4,90

- халық мұқтажына қажетті шаруашылық-ауыз су

тәулігіне мың м3

30,9

1,285

38,25

50,16

Өнеркәсіп қажеттеріне арналған:






- шаруашылық-ауыз су

тәулігіне мың м3

12,77

0,613

1,35

5,89

- техникалық сапа суы

тәулігіне мың м3

5,65

-

3,89

4,90

6.1.2. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету көздері

1. "Қарашық" ұңғымалы суағар

2. Кентау-Түркістан топтық су құбыры

6.1.3. Су құбыры бас құрылыстарының қуаты:

тәулігіне мың м3

28,8

28,8

28,8

28,8

6.1.4. 1 адамға шаққандағы тәуліктік су тұтыну үлесі – барлығы,

л.

42,9

16,0

310,0

358,5

оның ішінде:






- халықтың шаруашылық-тұрмыстық қажеттері

л.

173,0

11,0

273,0

295,1

6.2. Су бөлу – барлығы,

тәулігіне мың м3

36,76

2,162

22,7

36,5

Оның ішінде:






- тұрғындарға

тәулігіне мың м3

20,44

1,584

20,6

30,1

6.2.1. 1 адамға шаққандағы тәуліктік су бөлу үлесі – барлығы,

л.

-

18,14

162,0

214,7

оның ішінде:






- тұрғындардың шаруашылық-тұрмыстық қажеттері үшін су ағызу

л.

-

13,3

147,1

177,1

6.3. Электрмен қамтамасыз ету






6.3.1. Электр қуатын тұтыну жиынтығы – барлығы,

млн.кВтч

103,1

60,2

212,5

351,5

оның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыстық қажеттер үшін

млн.кВтч

88,7

43,6

157,0

250,0

- өндірістік қажеттер үшін

млн.кВтч

14,4

16,6

52,5

80,0

6.3.2. Орта есеппен 1 адамға шаққанда жылына тұтынатын электр қуаты - барлығы,

кВтч

657,0

520,0

1500,0

2000,0

Оның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыстық қажеттер үшін

кВтч

106,0

365,0

1100,0

1400,0

6.4. Жылумен қамтамасыз ету






6.4.1. Жылу жүктелімдерінің жиынтығы – барлығы,

Гкал/ч

840,0

515,1

818,8

1161,3

оның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыстық қажеттер үшін

Гкал/ч

713,0

498,1

745,7

1043,8

- өндірістік қажеттер үшін

Гкал/ч

127,0

17,0

73,1

117,5

6.4.2. Орталықтандырылған көздер қуаты – барлығы,

Гкал/ч

386,0


110,0

150,0

оның ішінде:






- өнеркәсіптік қазандықтар

Гкал/ч

110,0


70,0

110,0

- коммуналдық қазандықтар

Гкал/ч

276,0


40,0

40,0

6.4.3. Жергілікті көздер қуатының жиынтығы

Гкал/ч

-


708,8

1011,3

6.5. Газбен жабдықтау






6.5.1. Сұйытылған газды тұтыну – барлығы,

жылына мың тонна

-


13,7

-

оның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыстық қажеттер үшін

жылына мың тонна

-


13,7

-

- өндірістік қажеттер үшін

жылына мың тонна

-


-

-

6.5.1. Табиғи газды тұтыну – барлығы,

млн.м3/жылына

280,0


145,0

188,5

оның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыстық қажеттер үшін

млн.м3/ жылына

145,4


137,1

180,5

- өндірістік қажеттер үшін

млн.м3/ жылына

134,6


7,92

7,92

6.6. Телефондандыру






6.6.1. Іске қосылған телефон саны

нөмір

3240

11960

24150

35190

7. Аумақты инженерлік дайындау






7.1. Желілердің ұзындығы:






7.1.1. Ашық арық желілері

км

60,0

26,0

50,0

65,0

7.1.2. Құрғататын кәріз коллекторлары

км

210,0

-

40,0

215,0

7.1.3. Ашық кәріз коллекторларын қайта жаңғырту:

км





- Түркістан

км

4,3

-

2,5

4,3

- Борисов

км

1,5

-

1,5

2,0

7.2. Инженерлік құрылыстар






- жауынды суларға арналған модульді қондырғы

дана


-

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады