"Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 754 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2017 № 179 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесінде, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыру және салу жобаларын келісу рәсімін мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, оларға жобалық құжаттама ұсынылғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс және басқа да жұмыстар шарттарын келісу рәсімін тиісті мемлекеттік органдар өтініш беруші оларға қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады