Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" және "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 757 Қаулысы

      Бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту үшін 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындардың тиісті саласының уәкілетті органы;
      2) кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 757 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-10, 15-11-жолдармен толықтырылсын:
      «15-10. «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-11. «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады