Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 784 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
      3) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы 783 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Шардарбеков         - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік
Еркін Шәріпбекұлы     қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                      бойынша),

Қалибеков           - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік
Бекжан Жантөреұлы     қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                      бойынша),

Рау                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
Альберт Павлович      технологиялар бірінші вице-министрі,

Ырсалиев            - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы        вице-министрі,

Төлебаев            - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Еркінұлы        вице-министрі;

      мына:

"Ибрагимова         - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік
Ләззат Еркенқызы      қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары
                      (келісім бойынша)"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ибрагимова         - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Ләззат Еркенқызы      акционерлік қоғамының Басқарма
                      төрайымы, төрағаның орынбасары (келісім
                      бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Марат Әбілахатұлы Оразаев, Берік Сайлауұлы Камалиев, Махаметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков және Болат Тельманұлы Мұқышев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады