Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы

      Ескерту. 1-тармақты қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып, таратылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Агенттік туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен.
      3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) діни қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөр мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Агенттіктің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс.
      9. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Агенттіктің миссиясы діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Агенттікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) дiни ахуалдың дамуына, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      7) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      9) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      10) заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
      11) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      12) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және салааралық бағдарламаларды әзірлейді;
      14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіреді;
      15) діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      16) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
      17) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ діни қызмет саласындағы келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, соның ішінде халықаралық құжаттарды әзірлейді және жасайды;
      18) өз құзыретi шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      19) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      20) өз құзыреті шегінде Агенттіктің мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағыштарда қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      3) Агенттікке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      17. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      18. Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Агенттік төрағасының өкілеттігі:
      1) Агенттіктің атынан Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда өкілдік етеді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      3) Агенттікте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      21. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      22. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Агенттіктің мүлкі

      23. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      Ескерту. Бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.02.2013 № 99 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
      5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Тiл комитетi.»;
      13-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;»;
      14-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты салаларында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;»;
      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;»;
      15-тармақтың 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалары алынып тасталсын;
      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану, тiл саясаты салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;».
      2. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.07 № 209 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат; 2011 ж., № 13, 161-құжат):
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      «Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы» мемлекеттiк мекемесі».
      5. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      реттік нөмірі 1-жолда: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
      3-бағанда:
      «1344» және «1155» деген сандар тиісінше «1191» және «1075» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы 30», «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 50» деген жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі-24 жолмен толықтырылсын:
      «

24.

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

206

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

60

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

30

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы

30

                                                                ».
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 50-жолдың 4-бағанындағы «ММ» деген аббревиатура «ДІА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ДІА – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі».
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.07 № 211 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады