Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 Қаулысы.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 03.09.2019 № 654 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;

      2) тапсырыс беруші – ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;

      3) ұйымдастырушы – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;

      4) баға негізділігін бағалау бойынша сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген, сұрау салынған соманың негізділігіне баға беру бойынша сараптамалық қорытынды беретін жеке тұлға (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын сарапшының экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет);

      5) шетелдік сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс өтілі және жетекші әлемдік ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары, Web of science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы бес жылда рецензияланған ғылыми журналдар бойынша кемінде бес Хирш индексі бар Қазақстан Республикасының азаматы.

      Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;

      6) қазақстандық сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар МҒТС үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жүрген академиялық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар, Web of Science және (немесе) Scopus деректерінің халықаралық базасына сәйкес кемінде екі Хирш индексі бар сарапшы.

      Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға кемінде екі Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;

      7) сараптамалық қорытынды – сарапшы жасайтын және ол жүргізген сараптама нәтижелері, алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындылары, МҒТС объектісінің объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделеріне тәуелсіз талдамалық бағалау туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      8) кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;

      9) комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;

      10) МҒТС қорытындысы – ұйымдастырушының МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасаған ресми қорытындысы;

      11) ғылыми этиканың бұзылу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, қаржыландырудың бір көзінің шеңберінде өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны түрлі бағыттарға жолдауы, МҒТС объектісін өтінім берушінің қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;

      12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беруші ұсынған МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі (ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушылар объектілерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркейді);

      13) шекті балл – ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыланыру шеңберінде өтінімдер үшін кемінде 21 балды құрайтын МҒТС балы.

      3. МҒТС сараптамалық қорытындылардың тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дұрыстығы, толықтығы және негізділігі қағидаттарында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың талдамалық бағасын дайындау мақсатында жүзеге асырылады.

      4. МҒТС объектілері:

      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар;

      2) ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары;

      3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер;

      4) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер болып табылады.

      5. Ұйымдастырушы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша МҒТС-ның өзге де объектілеріне МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

      6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС құзыретті шетелдік және (немесе) қазақстандық сарапшылар жүргізеді.

      7. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері сараптамасының нәтижелері әкімшілендірілуінің, тәуелсіздігінің, айқындылығының және жариялылығының біртұтастығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      8. Мыналар МҒТС-ның негізгі міндеттері болып табылады:

      1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;

      2) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;

      3) ғылыми зерттеулерді жүргізуді мазмұндық, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;

      4) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;

      5) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін өтінім беруші сұрау салған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау.

      9. Мыналар МҒТС жүргізу қағидаттары болып табылады:

      1) сарапшылардың тәуелсіздігі, анонимділігі және құзыреттілігі;

      2) МҒТС объектілерін зерттеудің ғылыми тәсілі, жан-жақтылығы, объективтілігі;

      3) сараптамалық қорытындылардың толықтығы мен негізділігі;

      4) МҒТС нәтижелерінің жариялылығы.

2-тарау. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      10. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және өзге де МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізу үшін конкурсқа өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтінім береді. Тапсырыс беруші сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мониторингінің индикаторлары мен жетекші сұрақтарын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.

      Тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап ұйымдастырушы өтінімдерді мынадай талаптардың сақталуы тұрғысынан тексереді:

      1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісінде ЖТН болуы;

      2) өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі;

      3) талап етілген құжаттардың толық көлемде конкурстық құжаттама қосымшаларына сәйкес ұсынылуы;

      4) плагиат, МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-ға бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы;

      5) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігінің болуы;

      6) этика және биоэтика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болуы;

      7) ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі.

      Ұйымдастырушы өтінімдер келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін МҒТС объектілерін тапсырыс берушіге МҒТС жүргізбей қайтарады.

      Тапсырыс беруші МҒТС объектілерін өтінім берушіге қайтарады және ұйымдастырушы қайтарған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылған МҒТС объектілерінің тізбесін өз интернет-ресурсында жариялайды.

      Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін МҒТС объектілері тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң МҒТС жүргізуге жатады.

      11. Ұйымдастырушы:

      1) МҒТС жүргізу жөніндегі жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін кемінде үш сарапшыға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы не МҒТС объектісіне байланысты комиссиялық (кешенді) сараптама жүргізу арқылы ұйымдастырады;

      2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;

      3) мыналарды:

      3-1) конкурс шеңберінде және конкурстан тыс рәсімдерде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін екі шетелдік сарапшыны және бір қазақстандық сарапшыны іріктейді (МҒТС объектісін зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық сарапшылар дәлелді себеппен болмаған жағдайда, үшінші шетелдік сарапшы тартылады);

      3-2) ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде жобаның (жобалардың) қорытынды есебіне (есептеріне), бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың аралық және қорытынды есептеріне МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы жүргізеді (есептерді зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір не екі не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір не екі не үш шетелдік сарапшы тартылады);

      3-3) ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді (ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір не екі не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір не екі не үш шетелдік сарапшы тартылады);

      3-4) мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі (сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілместен, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады);

      3-5) ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін үш қазақстандық сарапшыны іріктейді не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы жүргізіледі;

      3-6) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны іріктейді;

      4) МҒТС объектілерінің электронды нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған, МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен МҒТС объектілері бойынша деректер базасын қалыптастырады;

      5) МҒТС-ны әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер базаларын құру және МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы сарапшылармен шарт жасасу арқылы қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Шетелдік сарапшылардың дерекқорын құру үшін сарапшыларды іріктеу жетекші әлемдік библиометрикалық дерекқорларды пайдалану арқылы немесе жетекші әлемдік университеттер мен ғылыми ұйымдардың немесе МҒТС объектісінің тақырыбына сәйкес келетін ғылыми зерттеулер бойынша әлемдік жетекші ғылыми журналдарда жарияланымдары бар сарапшылардың ұсынымдары бойынша жүргізіледі.

      Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы туралы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтау шарттарын қамтуы және сарапшы туралы мәліметтің құпиялылығына кепілдік беруі тиіс.

      Шарттың сарапшының бастамасымен дәлелді себептерсіз бұзылғаны туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі.

      Сарапшы шарт талаптарын және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген МҒТС жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайда, ұйымдастырушы оны автоматтандырылған дерекқордан шығарады.

      12. МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – он бес жұмыс күнінен аспайды;

      2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен аспайды;

      3) сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін он екі жұмыс күнінен аспайды.

      Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілместен, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады.

      13. Өтінімдер бойынша сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау балл қоймастан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      МҒТС объектісі бойынша сараптамалық қорытынды МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.

      Сараптамалық қорытындыда сарапшы осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген бағалау жүйесіне сәйкес әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балл қояды. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша қосымша бағалау өлшемшарттарын тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша ұйымдастырушы белгілейді.

      МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сараптамалық топ құрылады. Сараптамалық топ мүшелерінің арасынан төраға сайланады және сараптамалық топ отырысының хатшысы анықталады. Сараптамалық топтың отырысы күндізгі нысанда және (немесе) онлайн-конференция арқылы өткізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдардың көлеміне байланысты кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен өткізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 5 немесе 6-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.

      14. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің МҒТС нәтижесі МҒТС қорытындылары болып табылады.

      Ұйымдастырушы мәлімделген қаржыландыру сомасын көрсете отырып, МҒТС нәтижелерінің негізінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімі бойынша конкурстық рәсімдерден тыс ұсынылған өтінімдердің сараланған тізімін ерікті нысанда жасайды.

      Ұйымдастырушы МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша өтініш берушілерге (ғылыми жетекшілерге) МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) қайтарады.

      МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау нәтижелері МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) екі жұмыс күні ішінде жолданады.

      ҰҒК өтінімдерді қарауды аяқтағаннан кейін ұйымдастырушы әрбір өтінім үшін МҒТС қорытындысына сәйкес балл мен ҰҒК айқындаған бағалау парағының балын қосу арқылы жалпы балды айқындайды.

      Ұйымдастырушы әрбір басым бағыт бойынша ең жоғары балдан бастап "жоғарыдан төмен" өтінімдердің сараланған тізімін жасайды және оны екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.

      Ұйымдастырушы МҒТС нәтижелерін ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыс берушіге жолдайды.

      Ұйымдастырушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер және гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС нәтижелерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.

      15. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:

      1) ЖТН-ны, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде МҒТС өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен аталған конкурс аясында МҒТС-ның шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;

      2) мемлекеттік құпиялар қамтылған және қызмет бабында пайдалану үшін объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша Хирштің орташа индексін көрсете отырып, МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдауды жариялайды.

      16. Ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым не өзге де ықпал көрсетуіне жол берілмейді.

      17. МҒТС объектісі МҒТС-ға ұсынылған сәттен бастап ҰҒК қарағанға дейін өтініш берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:

      1) ғылыми этиканың, биоэтика нормаларының (адамдарды және жануарларды биомедициналық зерттеу үшін) бұзылу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу шараларын қабылдайды;

      2) объективті, толық және нақтыланған мәліметтерді ұсынады;

      3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;

      4) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе басқа да ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.

      Сарапшы мынадай жағдайларда:

      1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болғанда;

      2) соңғы үш жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы үш жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болғанда;

      3) соңғы үш жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік жасағанда, оған бағынысты болғанда немесе консультациялық қызметтер көрсеткенде;

      4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысымен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туысы болып табылғанда;

      5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының (зайыбының) жақын туысы болып табылғанда;

      6) ҰҒК мүшесі болып табылғанда, нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген ғылыми этиканы бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми этиканы бұзу фактілері болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс.

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Орташа балл
(0-ден 9-ға дейін)

Барлық сарапшылардың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері

1-сарапшы

2-сарапшы

3-сарапшы

1.






2.






3.






4.






5.






МҒТС орташа балы:

  Ұйымдастырушы ____________
  ҰҒК-ға беру күні _____________
 
  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының қорытындысы, теңге ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)

Р/с

 
Шығыс бабының атауы

 
Сұрау салынған сома

МҒТС сарапшыларының позициясы негізіндегі шығыстардың құны

Соманың негізділігі бойынша сарапшының пікірі (100-150 сөз)

1-сарапшы*

2-сарапшы*

3-сарапшы*

1

2

3

4

5

6

7

1

Еңбекақы төлеу**






2

Қызметтік іссапарлар **






3

Өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар**






4

Материалдар сатып алу**






5

Құрал-жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алу (заңды тұлғалар үшін)**






6

Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу**






7

Үй-жайларды жалға алу**






8

Құрал-жабдық пен техниканы жалға алу**






9

Құрал-жабдық пен техниканы пайдалану шығыстары**






10

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер**






11

Сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшы ұсынатын жобаларды немесе бағдарламаларды қаржыландыруға қорытынды сома






      Сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________

      * - 4, 5, 6-бағандар осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес МҒТС сараптамалық қорытындыларында келтірілген МҒТС сарапшылар позициясының негізінде толтырылады.

      ** - баға негізіндегі шығыстар құны (бағалау жүргізу сәтінде)

  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сараптамалық қорытынды ______________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Сарапшының бағасы

Сарапшының жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері

Өлшем-шарт бойынша балл

1.

Зерттеу жоспарының инновациялылығы
(0-ден 9 балға дейін)


(150 сөзден артық емес)
Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының инновациялылығын негіздеуге арналған ақпарат осы өлшемшарт бойынша өтінімді бағалау үшін жеткілікті ме?
Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы дәлелдері қаншалықты негізделген әрі сенімді?
Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы негіздемесінің сапасы туралы сарапшының басқа да түсініктемелері

(0-ден 3 балға дейін)

(300 сөзден артық емес)
Зерттеуден күтілетін нәтижелер қаншалықты жаңа болып табылады? Жоба шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады?
Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім берушінің қолданатын әдістері мен тәсілдері қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады?
Зерттеуден күтілетін нәтижелер жаһандық және салалық аспектілерде қаншалықты маңызды болып табылады?
Сарапшының зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы басқа да түсініктемелері.

(0-ден 6 балға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды/бағдарламаларды іске асырудың салдарын/нәтижелерін болжау сапасы
(0-ден 9 балға дейін)


(150 сөзден артық емес)
Зерттеу проблемасы қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсатын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдарын қаншалықты түсінікті жасаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми болып табыла ма?

(0-ден 3 балға дейін)

(250 сөзден артық емес)
Зерттеуде қолданылған әдістер қаншалықты негізделген?
Пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер алға қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау тәсілдері және олардың дереккөздері қаншалықты нақты? Өтінім берушінің зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасында келісім бар ма? Алынған деректерді кейіннен статистикалық өңдеуге арналған эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?
Өтінім беруші плагиатқа, деректердің ойдан шығарылуы мен бұрмалануына, жалған тең авторлыққа және нәтижелерді иемденіп алуға жол бермеуге қатысты мәселелерді қаншалықты тиімді шешетін болады?
Өтінім беруші адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды сапалы деңгейде қаншалықты сақтаған?
Сарапшының зерттеулерге ұсынылған әдістер мен тәсілдерінің сапасы және олардың мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі, жалпы алғанда сапасы мен зерттеу жоспарына байланысты басқа да түсініктемелері.

(0-ден 3 балға дейін)




(250 сөзден артық емес)
Зерттеу жоспарының мақсаттары, гипотезалары мен күтілетін нәтижелері қаншалықты шынайы? Орындалатын жұмыстың ресурстары, орындалу мерзімі және мазмұны қаншалықты зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне, әдіснамалары мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес келеді?
Зерттеуді табысты аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай, өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтаған?
Жобаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының баламалы нұсқалармен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?
Өтінім берушінің жариялауды жоспарлап отырған мақалаларының саны қаншалықты негізделген болып табылады? Библиографиялық қорлардың бірінші квартильдеріндегі жетекші ғылыми журналдарға зерттеулер нәтижелерін жариялау қаншалықты мүмкін?
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды іске асырудың салдарын/нәтижелерін болжау. Жобаларды іске асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық салдары/нәтижелері. Серпінді ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелерге қол жеткізу үшін мүмкіндіктері. Осы саланы қозғайтын жобалар үшін экологиялық таза, қауіпсіз технологиялар негізінде экологиялық жағдайды жақсартып, экологиялық проблемаларды шешу үшін негіз қалыптастыру.
Сарапшының зерттеу жоспарының іске асырылуы туралы басқа түсініктемелері.

(0-ден 3 балға дейін)

3.

Күтілетін нәтижелердің маңызы мен қолайлылығы
(0-ден 9 балға дейін)


(150 сөзден артық емес)
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы пікірі қаншалықты нақты және негізделген болып табылады?

(0-ден 3 балға дейін)




(300 сөзден артық емес)
Зерттеуден күтілетін нәтижелерді қай салада қолдануға болады? Олардың көмегімен шешілетін міндеттердің сипаттамасы және ауқымы қандай?
Күтілетін нәтижелер қолда бар ұқсастықтармен (ұқсастық болмаған кезде – ұқсас міндеттердің қолда бар шешімдерімен салыстырғанда) салыстырғанда бәсекеге қабілетті болып табыла ма?
Жобаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге әсері қаншалықты негізделген? Зерттеудің нәтижелері Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді?
Зерттеулерден күтілетін нәтижелерді пайдаланудың жолдары қандай? Олар практикалық қолданысқа қаншалықты дайын? Оларды қолдану үшін қандай шектеулер болады?
Зерттеулерден күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы сарапшының басқа түсініктемелері.

(0-ден 6 балға дейін)

4.

Өтінім берушінің біліктілігі және зерттеу ортасының сапасы
(0-ден 9 балға дейін)


(150 сөзден артық емес)
Зерттеу тобы және зерттеу ортасы қаншалықты толық әрі сапалы сипатталған? Олардың сипаттамасы зерттеу жоспарына сәйкестігін бағалауға қаншалықты мүмкіндік береді?

(0-ден 3 балға дейін)

(300 сөзден артық емес)
Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген?
Зерттеулерде зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының рөлі қаншалықты түсінікті негізделген? Олардың үлестері белгіленген мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеуді аяқтауға қаншалықты қажет?

(0-ден 3 балға дейін)




Зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі зерттеудің талаптары мен бейініне қаншалықты сәйкес келеді? Жетекші негізгі автор ретінде, оның ішінде жобаның бағыты бойынша халықаралық рецензияланған жетекші ғылыми журналдарға мақалаларды үнемі, жеткілікті жариялап отыра ма?
40 жасқа (қоса алғанда) дейінгі ғалымдардың, студенттердің, магистранттар мен PhD докторлардың зерттеудегі рөлдері олардың зерттеушілер ретіндегі дайындықтарына қаншалықты ықпал етеді? Олардың рөлі зерттеу жоспарына сәйкес қаншалықты негізделген?
Сарапшының зерттеу тобы мен оның зерттеу талаптарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері.


(300 сөзден артық емес)
Өтінім берушінің билігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің билігіндегі зерттеу жабдығы мен басқа құрал- саймандары зерттеулердің ұсынылған тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Бөгде ұйымдардың инфрақұрылымдарын жобада қолдану қаншалықты негізделген?
Жобаның мақсаты, міндеті мен ауқымы тұрғысынан жоба шеңберінде жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген болып табылады?
Өтінім берушінің жоба шеңберінде сатып алған материалдары зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?
Жоба қатысушыларының сатып алған жабдықта жұмыс істеуі үшін біліктілігі жеткілікті ме? Жоба қатысушылары сатып алған жабдықты оның ішінде жоба аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалана ала ма?

(0-ден 3 балға дейін)




Жобаны іске асыруда бірлесіп орындаушыны тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өз бетінше орындай ала ма?
Жобаға шетелдік ғалымдар қатысқан жағдайда, олардың жобаға қатысуы жобаның мақсатына, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан негізделген бе? Шетелдік сарапшылардың біліктілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының қажеттіліктерімен сәйкес келе ме?
Зерттеу Қазақстанның әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына қаншалықты ықпал етеді?
Жоба шеңберінде ғылыми іссапарлар қаншалықты маңызды болып табылады? Олар зерттеуден күтілетін нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізуге қаншалықты ықпал етеді?
Сарапшының зерттеу ортасының және оның зерттеу жоспарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері.


5.

Зерттеудің пәнаралылығы
(0-ден 2 балға дейін)


(100 сөзден артық емес)
2 балл – егер жоба ауқымды ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету бөлігінде пәнаралық болып табылса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті болса.
1 балл – егер жоба пәнаралық болса, бірақ өтінімдегі тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе жобаның мақсатына толығымен жауап бере алмаса немесе пәнаралық тәсіл шағын ғылыми бағыттар арасындағы өзара қарым-қатынас бөлігінде болжанса.
0 балл – егер жоба пәнаралық болып табылмаса немесе өтінімдегі тәсіл негізделмесе және жобаның мақсатына сай болмаса.
Сарапшының пікірін қысқаша негіздеу.

Қорытынды балл


Жоғарыда көрсетілген бағалардың өлшемшарттары бойынша ортақ балдың қосындысы

Сұрау салынған қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден артық емес)
Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілердің санын, сатып алынған материалдар мен жабдықтардың көлемін, іссапарлар санын т.б.), өтінім берушінің сұрау салған қаржыландыру (ресурсты өлшеудің ақшалай және/немесе заттай бірліктері) сомасы жобаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау.
Түзетулер қажет болған жағдайда, нақты қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде (сандық) жобаның мақсаттарына қол жеткізуге залал келтірмейтіндей түзетулер енгізу қажеттілігін көрсету.

Басым бағытына сәйкестігі

(100 сөзден артық емес)
Өтінімнің басым бағытқа және оның берілген маманданған ғылыми бағытына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшының пікірін қысқаша негіздеу.

Мықты тұстары

(150 сөзден артық емес)
Жобаның мәлімделген мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін зерттеудің негізгі ерекшеліктері мен оның сипаттамасына қысқаша тоқталу.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден артық емес)
Зерттеудің негізгі кемшіліктеріне және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге олардың әсеріне қысқаша тоқталу. Жобаны іске асыруда сыни маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді жекелей бөліп көрсету.

      Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда)_____________________________

  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы өтінімге сараптамалық қорытынды ______________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Жалпы балл

Сарапшының жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері

1.

Зерттеу жоспарының инновациялылығы


(150 сөзден артық емес)
Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының инновациялылығын негіздеуге арналған ақпарат осы өлшемшарт бойынша өтінімді бағалауға жеткілікті ме?
Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы дәлелдері қаншалықты негізделген әрі сенімді? Еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында анықталған стратегиялық басымдықтарға мақсаттары мен міндеттері қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы негіздемесінің сапасы туралы сарапшының басқа да түсініктемелері.

(0-ден
3 балға дейін)

(300 сөзден артық емес)
Зерттеуден күтілетін нәтижелер қаншалықты жаңа болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады?
Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім берушінің қолданатын әдістері мен тәсілдері қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады?
Зерттеуден күтілетін нәтижелер жаһандық және салалық аспектілерде қаншалықты маңызды болып табылады?
Сарапшының зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы басқа да түсініктемелері.

(0-ден
6 балға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы


(150 сөзден артық емес)
Зерттеу проблемасы қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсатын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдарын қаншалықты түсінікті жасаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми болып табыла ма?
Зерттеулерді орындауға арналған ғылыми-техникалық тапсырмалардың міндеттері қаншалықты шешілуі мүмкін? Ғылыми-техникалық тапсырмалардың нәтижелеріне қаншалықты қол жеткізуге болады?

(0-ден
3 балға дейін)

(250 сөзден артық емес)
Зерттеуде қолданылған әдістер қаншалықты негізделген?
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер алға қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау тәсілдері және олардың дереккөздері қаншалықты нақты? Өтінім берушінің зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасында келісім бар ма? Алынған деректерді кейіннен статистикалық өңдеуге арналған эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?
Өтінім беруші плагиатқа, деректердің ойдан шығарылуы мен бұрмалануына, жалған тең авторлыққа және нәтижелерді иемденіп алуға жол бермеуге қатысты мәселелерді қаншалықты тиімді шешетін болады?
Өтінім берші адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды сапалы деңгейде қаншалықты сақтаған?
Сарапшының зерттеулерге ұсынылған әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі, жалпы алғанда сапасы мен зерттеу жоспарына байланысты басқа да түсініктемелері.

(0-ден
3 балға дейін)

(250 сөзден артық емес)
Зерттеу жоспарының мақсаттары, гипотезалары мен күтілетін нәтижелері қаншалықты шынайы? Орындалатын жұмыстың ресурстары, орындалу мерзімі және мазмұны қаншалықты зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне, әдістері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес келеді?

(0-ден 3 балға дейін)




Зерттеуді табысты аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай, өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтаған?
Бағдарламаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының баламалы нұсқалармен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?
Өтінім берушінің жариялауға беруді жоспарлап отырған мақалаларының саны қаншалықты негізделген болып табылады? Библиографиялық қорлардың бірінші квартильдеріндегі жетекші ғылыми журналдарға зерттеулер нәтижелерін жариялау қаншалықты мүмкін?
Зерттеу жоспарының іске асырылуы туралы сарапшының басқа түсініктемелері.


3.

Күтілетін нәтижелердің маңызы мен қолайлылығы


(150 сөзден артық емес)
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелер туралы пікірі қаншалықты нақты және негізделген болып табылады?

(0-ден
3 балға дейін)

(300 сөзден аспауы тиіс)
Зерттеуден күтілетін нәтижелерді қай салада қолдануға болады? Олардың көмегімен шешілетін міндеттердің сипаттамасы және ауқымы қандай?
Күтілетін нәтижелер қолда бар ұқсастықтармен (ұқсастық болмаған кезде – ұқсас міндеттердің қолда бар шешімдерімен салыстырғанда) салыстырғанда бәсекеге қабілетті болып табыла ма?
Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге әсері қаншалықты негізделген? Зерттеудің нәтижелері Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді?
Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуден басқа, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері өндіріс, ғылым, білім салаларындағы жағдайды едәуір өзгертуге табысты ықпал ете алады ма? Алынған нәтижелер стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді дамытуға қаншалықты ықпал етеді?

(0-ден
6 балға дейін)




Бағдарлама коммерцияландыруға енгізуге, өнімді жасауға едәуір әлеуеті бар нәтижелер алуды болжайды ма? Әлеуметтік сипаттағы бағдарлама үшін бағдарлама нәтижелерін енгізу барысында (пайдалану) әлеуетті игіліктерді алушылар (өмір сүру, еңбек жағдайын т.б. жақсарту) айтарлықтай қамтылған ба? Бағдарламаның күтілетін нәтижелері экологиялық, энерготиімді, бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды іске асыру салдарын/нәтижелерін болжау қолжетімді болып табыла ма? Бағдарламаларды іске асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық (қажет болған жағдайда) салдарына/нәтижелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіле ме?
Зерттеулерден күтілетін нәтижелерді пайдаланудың жолдары қандай? Олар практикалық қолданысқа қаншалықты дайын? Оларды қолдану үшін қандай шектеулер болады?

Зерттеулерден күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы сарапшының басқа түсініктемелері.

4

Өтінім берушінің құзыреттілігі және зерттеу ортасының сапасы


(150 сөзден артық емес)
Зерттеу тобы және зерттеу ортасы қаншалықты толық әрі сапалы сипатталған? Олардың сипаттамасы зерттеу жоспарына сәйкестігін бағалауға қаншалықты мүмкіндік береді?

(0-ден
2 балға дейін)

(300 сөзден аспауы тиіс)
Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген?
Зерттеулерде зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының рөлі қаншалықты түсінікті негізделген? Олардың үлестері алға қойылған мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеуді аяқтауға қаншалықты қажет?
Зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі зерттеудің талаптары мен бейініне қаншалықты сәйкес келеді? Жетекші басты автор ретінде, оның ішінде бағдарламаның бағыты бойынша халықаралық рецензияланған жетекші ғылыми журналдарға мақалаларды үнемі, жеткілікті жариялап отыра ма?
40 жасқа (қоса алғанда) дейінгі ғалымдардың, студенттердің, магистранттар мен PhD докторлардың зерттеудегі рөлдері олардың зерттеушілер ретіндегі дайындықтарына қаншалықты ықпал етеді? Олардың рөлі зерттеу жоспарына сәйкес қаншалықты негізделген?
Сарапшының зерттеу тобы мен оның зерттеу талаптарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері.

(0-ден
3 балға дейін)


(300 сөзден артық емес)
Өтінім берушінің билігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің билігіндегі зерттеу жабдығы мен басқа құрал-саймандары зерттеулердің ұсынылған тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Бөгде ұйымдардың инфрақұрылымдарын жобада қолдану қаншалықты негізделген болып табылады?
Бағдарламаның мақсаты, міндеті мен ауқымы тұрғысынан алғанда жоба шеңберінде жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген болып табылады?
Өтінім берушінің бағдарлама аясында сатып алған материалдары зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?
Жоба қатысушыларының сатып алған жабдықта жұмыс істеуі үшін біліктілігі жеткілікті ме? Бағдарлама қатысушылары сатып алған жабдықты оның ішінде бағдарлама аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалана ала ма?
Бағдарламаны іске асыруда бірлесіп орындаушыны тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өз бетінше орындай ала ма?
Зерттеу Қазақстанның әлемдік ғылыми қауымдастыққа ықпалдасуына қаншалықты септігін тигізеді?
Бағдарлама аясындағы ғылыми іссапарлар қаншалықты маңызды? Зерттеуден күтілетін нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін олар қаншалықты ықпал етеді?
Сарапшының зерттеу ортасының және оның зерттеу жоспарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері.

(0-ден 3 балға дейін)

(50 сөзге дейін, кем дегенде 10 Хирш индексі бар шетелдік ғалымдар ғана ескеріледі)
1 балл – егер шетелдік ғалымдардың қатысуы мен олардың зерттеудегі рөлі толық негізделген болса, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының талаптарына толық сай келсе және олардың бағдарламаның іске асырылуына қосқан үлесі мақсатқа қол жеткізуге қажет болса.
0,5 балл – егер шетелдік ғалымдардың қатысуы, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның қажеттіліктеріне сай болса, олардың рөлі мен қосқан үлесі зерттеудің мақсатына қол жеткізуге оң әсерін тигізсе, бірақ зерттеудің табысты аяқталуы олардың қатысуынсыз да мүмкін болса.
0 балл – егер шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы негізсіз болса және (немесе) олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның талаптарына сай келмесе және (немесе) олардың бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі елеусіз болса немесе шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы көзделмесе.

(0-ден 1 балға дейін)

5.

Зерттеудің пәнаралылығы


(100 сөзге дейін)
2 балл – егер бағдарлама ауқымды ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету жағынан пәнаралық болып табылса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті болса.
1 балл – егер бағдарлама пәнаралық болса, бірақ өтінімдегі тәсіл толық негізделмесе немесе бағдарламаның мақсатына толығымен жауап бере алмаса немесе пәнаралық тәсілі шағын ғылыми бағыттар арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде ғана болса.
0 балл – егер бағдарлама пәнаралық болып табылмаса немесе өтінімдегі тәсілі негізделмесе және бағдарламаның мақсатына сай болмаса.
Сарапшының пікірін қысқаша негіздеу.


Қорытынды балл

Жоғарыда көрсетілген бағалардың өлшемшарттары бойынша ортақ балдың қосындысы

Сұрау салынған қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден артық емес)
Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілердің санын, сатып алынған материалдар мен жабдықтардың көлемін, іссапарлар санын т.б.), өтінім берушінің сұрау салған қаржыландыру сомасы бағдарламаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне сәйкестігін бағалау.
Түзетулер қажет болған жағдайда, қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмейтіндей түзетулер енгізу қажеттілігін көрсету.

Басым бағытына сәйкестігі

(100 сөзден артық емес)
Өтінімнің басым бағытқа және оның берілген маманданған ғылыми бағытына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшының пікірін қысқаша түсіндіру.

Мықты тұстары

(150 сөзден артық емес)
Бағдарламаның мәлімделген мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін зерттеудің негізгі ерекшеліктері мен оның сипаттамасына қысқаша тоқталу.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден артық емес)
Зерттеудің негізгі кемшіліктеріне және олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпалының дәрежесіне қысқаша тоқталу. Бағдарламаны іске асыруда сыни маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді жекелей бөліп көрсету.

      Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________________________________

  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық (жылдық) есеп бойынша сараптамалық қорытынды _______________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балл
(0-ден 9-ға дейін)

Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері

1.

Бағдарламаны басқарудың сапасы


Бағдарламаның міндеттерін шешу үшін зерттеу тобының құрамы саны және құзыреттілігі бойынша негізделген болып табыла ма? Сатып алынған жабдық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланыла ма? Өтінімде жоспарланғандай, бағдарламаны орындауға жас зерттеушілер тартыла ма? Зерттеулердің нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар қаншалықты ғылыми дәлелденген және негізделген? Олар халықаралық жетекші ғылыми журналдарда мақалалар түрінде кейіннен жариялауға немесе басқа нысанда қолдану үшін жаңа әрі маңызды болып табыла ма?

2.

Ғылыми зерттеулерге қолданылатын әдіснаманың сапасын бағалау


Қолданылатын әдіснаманың ғылыми негізділігін және зерттеулердің ерекшелігіне сәйкестігін бағалаңыз. Қолданылатын әдістер бағдарламаның мақсатына жетуге және ұсынылған гипотезаларды тексеруге мүмкіндік бере ме? Олар неғұрлым тиімді ме, нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік бере ме? Эксперименттер стандарттық ауытқушылықтар, нөлдік гипотеза дәлдігінің ықтималдығы т.б. есептерін қамтитын деректерді кейіннен статистикалық өңдеу арқылы қатар салыстырыла жүргізіле ме? Эксперименталды алынған кестелердегі олқылықтардың планкасы кейінге қалдырылған ба? Қолданылатын әдістер ғылыми этиканың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келе ме?

3.


Бағдарламада қойылған міндеттердің жетістіктерін бағалау

Жобаның/бағдарламаның міндеттерін іске асыру бұған дейін бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіле ме? (озыңқы негізделген өзгерістермен, жоспардан негізсіз ауытқуды). Бағдарлама алдына қойған мақсатына жете алмайды деген күдік бар ма? Осыған байланысты оны тоқтату қажет пе?

Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы)



Мықты тұстары



Әлсіз тұстары



      Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________

      Кешенді/комиссиялық сараптама үшін

      Сараптамалық топтың төрағасы _____________________

      Сараптамалық топтың хатшысы_____________________

      Сараптамалық топтың мүшелері_____________________

  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан

Ғылыми зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есеп бойынша сараптамалық қорытынды _______________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балл
(0-ден 9-ға дейін)

Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері

1.

Алынған нәтижелердің жаңашылдығы


(7-9 балл)
Түбегейлі жаңа нәтижелер, жаңа теория алынды, жаңа заңдылық ашылды; феномен жаңаша немесе алғаш рет зерделенді: мазмұн құрылымы, оның мәні ашылды. Нәтижелердің жаңашылдығы библиографиялық базалардың бірінші квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсету арқылы) кемінде бір мақаламен расталды. Түбегейлі жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін түбегейлі жаңа құрылғы, тәсіл ойлап шығарылды. Өнертабыс патенттелген немесе патенттеуге мүмкіндігі бар.

(4-6 балл)
Кейбір жалпы заңдылықтар, әдістер алынды, белгілі фактілер арасында жаңа байланыс табылды, бар білімнің белгісіздігін айтарлықтай азайтқан жаңа ақпарат алынды, жаңа объектілерге белгілі ережелерді тарату нәтижесінде тиімді шешім табылды. Процесті, әдісті және (немесе) әзірлемені айтарлықтай түбегейлі жетілдіру жүргізілді, ішінара ұтымды түрлендіру (жаңашылдық белгілерімен) жүргізілді. Нәтижелердің жаңашылдығы библиографиялық базаларды алғашқы үш квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсету арқылы) кемінде бір мақаламен расталды.

(0-3 балл)
Нәтиже қарапайым жалпылау, факторлардың байланысын талдау, жаңа объектілерге белгілі қағидаттарды тарату негізінде алынды. Жеке факторларға, бұрын алынған нәтижелердің таралуына, реферативтік шолуға сипаттама берілді.

2.

Ғылыми пысықтау деңгейі


(7-9 балл)
Күрделі теориялық есептеулерді орындау, кейіннен статистикалық өңдеу арқылы бірнеше параллельдерде үлкен көлемде эксперименттік деректерді тексеру.

(4-6 балл)
Есептеулердің күрделілігі жоғары емес, аз көлемде эксперименттік деректерді тексеру.

(0-3 балл)
Теориялық есептеулер қарапайым, эксперимент жүргізілген жоқ.

3.

Нәтижелерді қолданудың перспективасы


(7-9 балл)
Жоба нәтижелері библиографиялық базалардың бірінші квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсету арқылы), кемінде бір мақаламен расталған көптеген ғылыми бағыттарда қолданыс таба алады, әлемдік ғылым үшін өте маңызды. Коммерциялық әлеуеті бар: нәтижелерді коммерцияландырған жағдайда бәсекеге қабілетті тауар өнімінің, процестердің немесе қызметтердің шығарылуы мүмкін.

(4-6 балл)
Қазақстанның басым ғылыми бағыттары үшін маңызды алынған нәтижелер библиографиялық базалардың алғашқы үш квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсету арқылы) кемінде бір мақаламен расталған. Нәтижелері жаңа техникалық шешімдерді әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін, Қазақстанда практикаға, өндіріске енгізу үшін әлеуетке ие.

(0-3 балл)
Нәтижелері келесі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.

4.


Нәтижелердің аяқталуы

(7-9 балл)
Зерттеу нәтижелері халықаралық жетекші дәйексөз алу жүйелерінде (библиографиялық базаларда) индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдарда жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсету арқылы жарияланды. Мақалалардың саны мен журналдардың деңгейі өтінімдегі жоспарланған жобаға сәйкес келеді. Нәтижелер зияткерлік меншік құқығымен қорғалған.

(0-3 балла)
Ақпаратқа шолу, жинақтау жүргізілген. Жетекші библиографиялық қорлардың бірінде индекстелетін шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланбаған.

Қорытынды балл (бағалау өлшемшарт-тары бойынша балдардың жиынтығы)


Мықты тұстары


Әлсіз тұстары


      Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________________________

      Кешенді/комиссиялық сараптама үшін

      Сараптамалық топтың төрағасы _____________________

      Сараптамалық топтың хатшысы_____________________

      Сараптамалық топтың мүшелері_____________________

      Толтырылған күні _____________________________________

  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  7-қосымша
  Нысан

Ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыс бойынша сараптамалық қорытынды ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балл
(1-ден 9-ға дейін)

Сарапшы/сараптамалық топ түсініктемелері

1

Алынған әлемдік деңгейдегі нәтижелердің ғылыми жаңашылдық дәрежесі, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі



2

Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау



3

Зерттеудің негізгі нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау



4

Жұмыстың ғылым мен техниканың дамуына қосар үлесін бағалау



5

Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балл сомасы)



Мықты тұстары



Әлсіз тұстары



      Сарапшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________________________

  Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  8-қосымша
  Нысан

МҒТС объектісін сараптамалық бағалау жүйесі

Шекті баға

Балл

Баға

Мықты және әлсіз тұстарын көрсете отырып бағалауды сипаттау

Жоғары

9

Ерекше

Әлсіз тұстары жоқ


8

Көрнекті

Әлсіз тұстарын ескермеуге болады


7

Үздік

Кейбір елеусіз әлсіз тұстары бар

Орташа

6

Өте жақсы

Көптеген елеусіз әлсіз тұстары бар


5

Жақсы

Кейбір мықты тұстары және бірқалыпты әлсіз тұстары бар


4

Қанағаттанарлық

Кейбір мықты тұстары, бірақ айтарлықтай бір әлсіз тұсы бар

Төмен

3

Әлсіз

Елеусіз күшті тұстары және көптеген әлсіз тұстары бар


2

Қанағаттанғысыз

Мықты тұстары жоқ және айтарлықтай әлсіз тұстары бар


1

Мүлдем қанағаттанғысыз

Мықты тұстары жоқ


0


Жоқ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады