Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 957 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі - Мекеме) мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 484,0 гектар жер учаскесі орман қоры жерлерінің санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
      2. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарының республикалық бюджеттің кірісіне өтелуін қамтамасыз етсін және алынған сүректі Мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 957 қаулысына 
қосымша     

Елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын орман қоры
жерлерінің экспликациясы

Р/с



Оның ішінде:

Жер
пайдаланушылардың
атауы

Жалпы
ауданы,
гектар

орман
көмкерген

алаң-
қайлар

жайы-
лымдар

құрылыс
салынған

жолдар

басқа
жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

«Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сырдария ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»

484,0

353,9

5,4

100,6

15,2

1,0

7,9


ЖИЫНЫ

484,0

353,9

5,4

100,6

15,2

1,0

7,9

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады