Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қыркүйектегі № 1011 Қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 207-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 1011 қаулысымен
бекітілген

Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын
өтеу мөлшерін айқындау қағидасы

      1. Осы Қағида "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 207-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Реквизицияланатын мүліктің құнын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындайды.

      3. Бағалаушыны реквизициялауды жүргізетін уәкілетті орган айқындайды.

      4. Бағалау жүргізу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бағалаушы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арасында жасалған бағалау жүргізуге арналған шарт болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      5. Бағалау нәтижелерін реквизициялауды жүргізу кезінде соғыс жағдайының қолданылу кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, соғыс уақытында - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы, ал жауынгерлік іс қимылдар жүргізген кездегі ерекше жағдайларда – реквизициялауды жүзеге асыратын әскери бөлімдердің командирлері бекітеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      6. Реквизицияланатын мүлікті бағалауды меншік иесі немесе оның уәкілетті өкілі сот тәртібімен даулауы мүмкін.

      7. Реквизицияланатын мүліктің құнын өтеу мөлшерін осы Қағидаға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы, жергілікті атқарушы органдар және әскери бөлімдердің командирлері айқындайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады