"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің XIII съезінің барысында жарияланған тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1027 қаулысымен   
бекітілген      

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша «халық», «халықтың», «халқының», «халыққа» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының азаматтары», «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен.

Мазмұны

1.

Бағдарламаның паспорты

2.

Кіріспе

3.

Ағымдағы жағдайды талдау

4.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары

5.

«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру кезеңдері. Компаниялардың акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығару

6.

Негізгі тәуекелдер және оларды басқару жөніндегі шаралар

7.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

8.

Қажетті ресурстар

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен.

Бағдарламаның атауы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ съезінің барысында берген тапсырмалары

Әзірлеуші

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірге Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету және қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ету

Міндеттері

Қазақстан Республикасының азаматтарына елдің аса ірі кәсіпорындарының акцияларын иелену мүмкіндіктерін беру;
Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақтарын инвестициялау мен көбейтудің жаңа құралын жасау;
бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту;
инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатында компаниялардың қосымша қаржыландыруын тарту.

Іске асыру мерзімі

2011 - 2022 жылдар

Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының өз қаражаты.
Мемлекеттік органдарға өздерінің бағалы қағаздары нарығының инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған қызметін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығын арттыруға бөлінетін республикалық бюджет қаражаты

Мақсатты индикаторлар

1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен.
2) Қазақстан Республикасының азаматтары - кемінде 160 000 жеке тұлғаны бағдарламаға қатысуға тарту;
3) Қазақстан қор биржасының акциялары нарығының көлемін (капиталдандыруды) 2022 жылға қарай 2011 жылдың орташа көрсеткішінен кемінде 15-20% арттыру;
4) 2022 жылға дейін Қор компанияларының акцияларын орналастыру шеңберінде кемінде 500 млн. АҚШ долларын тарту.

2. Кіріспе

      2011 жылы Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтеді. Бүкіл осы кезең ішіндегі мемлекеттің негізгі басымдығы ел азаматтарының әлеуметтік және экономикалық әл-ауқаты болып қала береді.
      Мемлекет басшысының 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ съезінің барысында берген тапсырмаларын орындау үшін әзірленген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын (бұдан әрі – IPO1) бағалы қағаздар нарығына бастапқы орналастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама немесе «Халықтық ІРО» бағдарламасы), ол тапсырмалар бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор немесе «Самұрық-Қазына» АҚ) басқа мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, оларға сәйкес осы Бағдарламаны әзірлеуі және іске асыруы қажет.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерінде әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталады, оларды сатып ала отырып, қазақстандықтар олардың тең иелеріне айналады және елдің экономикалық өсуіне өзінің қатысу мүмкіндігін алады.
      Бұл бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақтарын капитал нарығына тарту, Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржылық сауаттылығын арттыру мен мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың кең шеңберін қор нарығына шығару үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын және тұтастай ел экономикасын дамытуға ықпал ететін болады.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасы айқындық, ашықтық, әділдік және барлық қазақстандықтар үшін тең қол жетімділік қағидаттарында өткізілетін болады. Бағдарламаны іске асыру кезінде Қазақстан азаматтарының «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуға басым құқығы қамтамасыз етілетін болады.
      Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысынан табысты шықты, бұл Қазақстанның экономикасы мен ұлттық компаниялардың алдына одан әрі өсудің оң перспективаларын ашады. Бағдарламаға қатысатын қазақстандықтар аса ірі компаниялардың акцияларын сатып ала отырып, ұзақ мерзімді перспективада пайдадан кіріс ала алады.
      Бағдарламаны іске асыру дәйекті және кешенді негізде жүзеге асырылатын болады, бағдарлама компаниялардың әзірлігіне қарай акцияларды бастапқы орналастыру сериясын жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру барысында мемлекеттік компаниялардың ІРО әзірлік жұмыстарымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар ІРО табысты өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілерге талап етілетін өзгерістерді уақтылы енгізу жөнінде бірлескен жұмыс жүргізеді.
      Бағдарламаны іске асыру барысында «Халықтық ІРО» қатысуға кандидат компаниялар (бұдан әрі – Кандидат компаниялар) басшылықтың барынша тиімді үлгісін қабылдай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге, ақпараттық ашықтықты жақсартуға тиіс болады. Осылайша, аса ірі компаниялар – Қазақстан экономикасының көшбасшылары озық формат беретін, елде корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ өз қызметі туралы қоғамды хабардар етуді қамтамасыз етеді.
      Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен, сондай-ақ Кандидат компанияларды Бағдарламаға қатысуға дайындаумен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарының Бағдарлама туралы барынша хабардар болуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған толық ауқымды ақпараттық-білім беру бағдарламасы іске асырылатын болады.
_______________
1 ағыл. Initial public offering

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Қазақстандағы бөлшек инвестициялау нарығын талдау
Бөлшек сұранысты шолу

      Қазақстандағы бөлшек инвестициялаудың нарықтағы үлесі өте аз және инвесторлардың аздаған санын қамтиды. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның ішкі деректеріне сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша брокерлік ұйымдар жеке тұлғалардың атынан шамамен 10 мың2 қосалқы шоттар ашты. 2011 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жеке тұлғалар 80 млрд. теңгеге жуық сомаға мемлекеттік емес эмитенттердің акцияларын және облигацияларын немесе мемлекеттік емес эмитенттердің акциялары мен облигацияларының жалпы сомасының 0,65%-ын иеленді.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының инвестициялық белсенділігінің осындай төмен болуының негізгі себептері мыналар болып табылады:
      жоғарғы класты эмитенттердің шектеулі санына, төменгі өтімділік деңгейіне байланысты қазақстандық акциялар нарығының дамымауы, бұл сұраныстың жылжымайтын мүлік және банк салымдары сияқты инвестициялау мен жинақтың неғұрлым қарапайым құралдарына қарай ығысуына әкелді;
      бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу тетіктері, акциялар құнының бағасы туралы ақпараттандырудың төменгі деңгейі, акциялар бағаларының өзгермелілігіне байланысты жоғары тәуекелдер себебі және басқа да факторлар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қызығушылығының төмендігі.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының бағалы қағаздар нарығына жанама қатысуы шамамен 8 млн. адамның зейнетақы жинақтарын басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорларындағы шоттар арқылы да жүреді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынындағы жинақтардың бір бөлігі (шамамен 7,2%) жалпы құны 172 млрд. теңгеге жуық акцияларға орналастырылған. Акцияларға орналастырудың ең көп үлесі жалпы инвестициялық қоржынның 20%-ын құрайды, алайда бұл көрсеткішке жоғары класты эмитенттердің жеткілікті санының және зейнетақы қорларына капиталдың жеткіліктілігі жөніндегі талаптардың болмауына байланысты қол жеткізілмейді.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының тарапынан «теориялық» ықтимал сұранысты есептеу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары иеленетін таза кіріс3, екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріндегі қаражат және ұзақ мерзімді мүмкіншілікпен жинақтауды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының ескерілмеген жеке жинақтары сияқты акцияларды сатып алуға арналған қаражаттың көздері бойынша бірқатар жорамалдар пайдаланылды. Негізгі көздер есебінен сұраныстың ең көп көлемін алдын ала бағалау мынаны құрайды:
      иеліктегі таза кірістен 240 - 1 100 млн. АҚШ доллары;
      екінші деңгейдегі банктердің депозиттерінен – 730 - 1 300 млн. АҚШ доллары;
      ескерілмеген жеке жинақтардан – 900 - 1 700 млн. АҚШ доллары.
      Стратегиялық және саяси зерттеулер орталығы мен АЕ демократияны дамыту қоры жүргізген әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша Қазақстан Республикасы ересек азаматтарының 20%-ын ғана «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларға инвестиция салуға дайын. Осы зерттеуге сәйкес теориялық жағынан алғашқы ІРО үшін қол жетімді ақша қаражаты 110 млн-нан 230 млн. дейінгі АҚШ долларын құрауы мүмкін.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасына Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақы жинақтарын басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорлары да қатысады деп күтілуде. Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақы жинақтарын Кандидат компаниялардың акцияларына инвестициялау Қазақстан Республикасы азаматтарының «Халықтық ІРО» бағдарламасына аз шығынмен тартылуын жанама түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы өтімділікті қолдау арқылы акциялардың бағасына оң әсер ететін болады. Бұдан басқа, инвестициялаудың ұзақ мерзімді мүмкіндігімен қазақстандық бағалы қағаздар нарығындағы аса ірі институционалдық инвесторлардың бірі болып табыла отырып, жинақтаушы зейнетақы қорлары орналастырылғаннан кейін акциялардың әділ нарықтық құнын белгілеуге ықпал етеді және акция бағаларының өзгермелілігін азайтуға ықпал ететін болады.
      Алғашқы ІРО өткізу кезінде Қазақстанның аса ірі жинақтаушы зейнетақы қорларының тарапынан Кандидат компанияның акцияларына инвестиция салудың күтілетін көлемі 150 - 300 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл болжам негізінен ІРО үдерісін өткізу кезінде қалыптасатын нарықтық жағдайларға, өтімділік позициясына және әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі инвестициялық лимиттеріне және ІРО-ға шығатын Кандидат компанияның сапасына тәуелді болады.
________________
2 "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-та ашылған жеке тұлғалардың қосалқы шоттары туралы деректер бойынша
3 Қазақстан Республикасы азаматтарының бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын шығыстардан кейінгі қалған қаражаты

Жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымды шолу

      «Халықтық ІРО» бағдарламасы Қазақстан Республикасы азаматтарын Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыруға тең қол жетімділікпен қамтамасыз етуді болжайды және демек, бірінші ІРО өткізу сәтінде бағалы қағаздар нарығы мен оған қатысушылардың инфрақұрылымы ықтимал инвесторлардың ең көп санын қамтуға және орналастыру кезінде уақтылы қызмет көрсетуге дайын болуға тиіс.
      Алғашқы ІРО-ға инфрақұрылымдары толық дайындыққа келтірілуге тиіс бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – ҚҚБ немесе Биржа), брокерлік компаниялар, трансфер-агенттер, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – ОД) және тіркеушілер болып табылады:
      1) акцияларды бастапқы орналастыру үдерісінде негізгі рөлді сауда алаңы – ҚҚБ атқарады, ол капиталдың әртүрлі нарықтарына, корпоративтік және үкіметтік облигацияларға, шетелдік валютаға, фьючерстік келісім-шарттарға, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздары бар тікелей және автоматты репоға қызмет көрсетеді.
      Қазіргі кезде ҚҚБ ресми тізіміне 337 бағалы қағаз енгізілген, олардың ішінде 92 бағалы қағаз 66 эмитенттің акциялары болып табылады. 66 эмитенттің 9-ы бірінші санатқа және 16-ы екінші санатқа енгізілген, осы санаттардағы эмитенттерге қойылатын негізгі талаптар (2011 жылғы маусымдағы жағдай бойынша) мыналар болып табылады:
      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша жасалған аудиттелген қаржы есептілігінің болуы;
      бірінші және екінші санаттағы эмитенттердің жеке меншік капиталының шамасы тиісінше кемінде 12 943 млн. теңге және 259 млн. теңгені құрауға тиіс;
      бірінші санаттағы эмитенттер таза пайдасының шамасы соңғы үш жылдың әрқайсысында кемінде 129 млн. теңгені құрайды, екінші санат үшін бұл шама белгіленбеген.
      2) брокерлік компаниялардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы клиенттің нұсқаулықтарына сәйкес Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру, сондай-ақ оларды кейіннен сату барысында оларды сатып алуды қамтамасыз ету болып табылады. Ресми деректерге сәйкес 2011 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша 71 ұйым Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны иеленеді (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер – 24; жинақтаушы зейнетақы қорлары – 6, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар – 2). Бұл ретте брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Астана қаласында орналасқан, бұл елдің барлық өңірлерінің Қазақстан Республикасы азаматтарын қамту бойынша қиындықтар туғызады.
      3) трансфер-агенттік қызметтер көрсететін компаниялар брокерлермен трансфер-агенттік қызметтер көрсетуге шарттар жасасу жолымен елдің барлық өңірлерін брокерлермен қамтудың жеткіліксіздігі проблемасын шешуге арналған. Осы шартқа сәйкес трансфер-агенттік қызметтер көрсететін компания клиенттерден брокерлерге құжаттарды (ақпаратты) қабылдап алу және беру жөніндегі қызметтерді көрсететін болады.
      Қазақстанда трансфер-агенттік қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар 3 компания жұмыс істейді – «Қазпочта» АҚ, «Қазақстанның халық банкі» АҚ және «ДОС Қаржы» ЖШС.
      4) «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберіндегі ОД-ның негізгі рөлі акцияларды номиналды ұстау қызметтерін көрсету және акциялармен жасалатын мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру болып табылады, осыған байланысты ОД деректерді өңдеу мүмкіндіктерін кеңейту талап етіледі, өйткені ІРО барысында және олардың акцияларымен кейінгі мәмілелер кезінде Кандидат компаниялары мәмілелерінің саны айтарлықтай артады.
      5) тіркеушілер бағалы қағаздарды тіркеуді және клиенттердің бағалы қағаздарды сақтау жөніндегі жеке шоттарын жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстанда 10 тіркеуші өз қызметін жүзеге асырады. Кандидат компаниялар тіркеушіні таңдау кезінде тіркеушінің филиал желісінің кең болуына және тіркеушілік қызметті сапалы әрі уақтылы көрсету үшін техникалық әзірлік дәрежесіне назар аударатын болады.
      Қорыта келгенде, бағалы қағаздар нарығы мен оған қатысушылардың қазіргі инфрақұрылымының техникалық мүмкіндіктері бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығындағы сауда қызметінің әдеттегі деңгейін және халықаралық мәмілелер бойынша сауда-саттықтардың бар көлемін игеру үшін жеткілікті болып табылады, алайда жүйенің сенімділігі және өсіп отырған тапсырыстар пакетін қысқа уақыт аралығы ішінде өңдеуге қатысты тиімділік белгісіз болып табылады.
      Бағдарламаны іске асыруға инфрақұрылымның әзірлігі бөлігіндегі негізгі проблемалар мыналар болып табылады:
      ОД-ның ағымдағы білікті персоналының штаты «Халықтық ІРО» бағдарламасы іске асыру барысында болжанатын жеке тұлғалардан түсетін шоттар ашу жөніндегі бұйрықтардың үлкен көлемін қысқа мерзімде өңдеу мүмкіндігінде шектеулі;
      Қазақстан брокерлерінің негізгі персоналы негізінен Алматы қаласында шоғырланған, бұл инвестициялық шешім кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қалың жігіне білікті көмек көрсетуге мүмкіндік бермейді;
      Қазақстанның аумағы бойынша тіркеушілердің нашар дамыған желісі, сондай-ақ тапсырыстардың көп саны кезінде бар қызмет көрсету жүйелері сенімділігінің төмен дәрежесі;
      электрондық тапсырыстарды жүзеге асыру мен оларды тіркеушілерде өңдеудің автоматтандырылған жүйелері мүмкіндіктерінің болмауы.
      ҚҚБ деректері бойынша қазір бар сауда жүйесі өзінің толық қуатының 1%-ын ғана пайдаланады. ҚҚБ қолда бар жеке серверді инвесторлардың «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды сатып алуға арналған өтінімдерін өңдеу үшін пайдалануды жоспарлап отыр. Алайда, ең көп қуат сұраулар мен сауда жүйесінің қуатын бағалауды модельдей отырып, одан әрі эксперименттік тексеруді талап етеді. «Халықтық ІРО» бағдарламасын озық халықаралық практика мен стандарттар бойынша іске асырудың негізгі кедергілері мыналар болып табылады:
      1. Қолданыстағы сауда әдістері тапсырыстар кітабын4 (бук-билдинг) қалыптастырудың халықаралық үдерісін жүргізуді көздемейді. Бұл проблеманы шешу үшін ҚҚБ арқылы акцияларға жазылу жүргізуге және сауда жүйесі мен ілеспе жүйелерді пысықтауға арналған құжаттар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде алғашқы орналастыруды жүргізу сәтіне қарай көрсетілген жұмыс аяқталады деп күтілуде.
      2. Қазір бар сауда жүйесі «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру барысында сенімді және кідіріссіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында одан арғы инвестицияларды талап етуі мүмкін.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүргізу кезінде ҚҚБ инфрақұрылымын пайдалану өтінімдерді жинау мен өңдеу, сондай-ақ есептер жүргізу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік беретіндігін назарға алу қажет. Қазіргі кезде ҚҚБ жекелеген қажетті технологияларды иеленбейтіндігіне қарамастан, «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде алғашқы орналастыруды жүргізу сәтіне қарай ҚҚБ өзінің рәсімдерін және техникалық жүйелерін оларды «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүргізу кезінде пайдалану үшін дайындауды аяқтауды жоспарлап отыр.
      Осылайша, елдің барлық өңірлерінің ықтимал бөлшек инвесторларын қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚҚБ мен нарыққа басқа қатысушылардың инфрақұрылымын келтіру Бағдарламаны іске асыру барысындағы қауырт міндеттер болып табылады, оларды шешу Бағдарлама шеңберіндегі алғашқы ІРО өткізу сәтінде – 2012 жылдың 1-2-тоқсанында аяқталуға тиіс.
_______________
4 Тапсырыстар кітабы орналастырылатын акцияларды сатып алуға арналған барлық тапсырыстарды жинау үшін бөлінген шектеулі уақыт кезеңі ішінде қалыптастырылады

«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың бағалы қағаздар нарығына шығу перспективалары

      «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін жағдайлар жасауға және Қазақстан Республикасы азаматтарына рентабельділік деңгейі жоғары, тұрақты және қызметінің нәтижелері болжанатын неғұрлым ірі компаниялардың акцияларын ұсынуға бағытталған.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының көпшілік бөлігінің акцияларға инвестиция салуға тән тәуекелдер туралы хабардарлығының төмендігіне байланысты «Халықтық ІРО» бағдарламасы операциялық қызмет нәтижелерінің тұрақтылық деңгейіне және олардың нарықтық конъюнктураға тәуелділігіне ерекше назар аудара отырып, акцияларды бастапқы орналастыру жүргізуге кандидаттарды талдауға салмақты тәсіл қолдануды болжайды.
      Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына шамамен 400 еншілес және тәуелді ұйымдар (бұдан әрі – ЕТҰ) кіреді, олардың қызметі Қазақстан экономикасының қомақты бөлігін құрайды. Осы ЕТҰ экономиканың әр түрлі, оның ішінде елдің болашақтағы экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар секторларында қызметін жүзеге асырады.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасы қызметі әлемдік шикізат нарықтарындағы конъюнктураға тәуелділік дәрежесі мейлінше төмен компаниялардың акцияларын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынуға бағытталатындықтан, Бағдарламада қарастыру үшін ықтимал кандидат ретіндегілер мыналар болып табылады:
      1) «KEGOC» АҚ – диспетчерлеу функцияларын да орындайтын электр энергиясын магистралдық беру саласындағы монополист;
      2) «Air Astana» АҚ – аса ірі қазақстандық авиатасымалдаушы;
      3) «Самұрық-Энерго» АҚ – өзінің құрылымында электр энергиясын өндіру және бөлу жөніндегі, тас көмір өндіру жөніндегі активтері бар холдингтік компания;
      4) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ – темір жол тасымалдарымен байланысты қызметтердің барлық түрлері бойынша үстем жағдайды иеленетін компания.
      Бұл ретте қандай да бір еншілес немесе тәуелді ұйымдардың қатысу мүмкіндігін бағалау «Самұрық-Қазына» АҚ үшін бақылауды сақтауды қамтамасыз ететін болады.
      Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобында өндірілетін шикізаттың бағасынан түсетін кірістерге тәуелділігіне байланысты кәсіби емес бөлшек инвесторлардың қалың жігіне ұсыну үшін лайықсыз кандидаттар болып табылатын өндіру секторының компаниялары да бар.
      Сонымен бірге, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуына қарай өндіру компанияларының ІРО өткізілуі мүмкін, алайда кәсіби емес бөлшек инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында олардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы акцияларды жинақтаушы зейнетақы қорларының арасында орналастыру есебінен ғана, не бөлшек инвесторлар арасында тек артықшылық берілген акцияларды орналастырумен шектеліп жүзеге асырылуға тиіс.
      «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ірі өндіруші ЕТҰ-сына мынадай ұлттық компаниялар жатады:
      1) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, сондай-ақ мұнай өнімдерін кейіннен өңдеу және сату саласындағы аса ірі ұлттық компания;
      2) «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ – тігінен интеграцияланған ядролық отын циклы бар уран кенін өндіру бойынша әлемдегі аса ірі компаниялардың бірі.
      Өндіру секторындағы ұлттық компаниялардың құрамында қызметі шикізат нарықтарының конъюнктурасына тікелей тәуелді емес еншілес компаниялардың да бар екенін атап айту қажет, демек олардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы ықтимал болып табылады, атап айтқанда олар «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКК» АҚ.
      Осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ барлық ЕТҰ ішінен акцияларын жария орналастыруды «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (2006 ж.), «Қазақтелеком» АҚ (2006 ж.) және «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ (2008 ж.) өткізді. ЕТҰ тарапынан акцияларын бағалы қағаздар нарығына шамалы көлемін жария орналастырудың негізгі себептері мыналар болып табылды:
      стратегиялық объектілерге жататын бірқатар компанияларда қатысу үлестері мен акцияларды орналастыруға немесе сатуға арналған заңнамалық кедергілер;
      компанияның акционерлік капиталында иелену үлесінің акциялардың бақылау пакетінен төмендеуі қаупі;
      жекелеген салаларда тарифтік реттеудің жетілмегендігі;
      дамыған бағалы қағаздар нарығының болмауы және қаржылық жағынан сауатты инвесторлардың салыстырмалы шағын базасы;
      жаһандық экономиканың белсенді түрде өсуі барысында қол жетімді болған халықаралық нарықтардан тартылатын қарыз капиталы түріндегі салыстырмалы барынша арзан қаржыландыру;
      қаржы-шаруашылық қызметінің теріс нәтижелері;
      активтерге ауқымы ірі қайта құрылымдау жүргізу қажеттілігі немесе компанияны стратегиялық дамытуды түбегейлі өзгерту;
      бірқатар компаниялардың салыстырмалы шағын мөлшері, бұл ықтимал инвесторлар үшін тартымдылыққа теріс әсер етеді.
      Акцияларды жария орналастыруды жүзеге асыруға сыртқы кедергілердің болуын назарға ала отырып, компаниялардың бағалы қағаздар нарықтарына шығуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған бірыңғай шаралар кешенін қабылдау қажеттілігі туындайды. Бұл «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық акциялар нарығын дамытуды, оның ішінде кәсіби емес инвестор – Қазақстан Республикасы азаматтары үшін барынша қолайлы ЕТҰ акцияларын дәйекті түрде орналастыруды жүргізуге арналған жағдайларды қалыптастыру жолымен дамытуды мемлекеттің мақсатты бағытталған қолдауы қажеттілігін ескертеді.

Акцияларды бағалы қағаздар нарығына орналастыруға құқықтық кедергілерді талдау

      Қазіргі кезде Қазақстанда негізінен ІРО іске асыруға арналған қажетті нормативтік құқықтық база жасалды. Акционерлік қоғамдардың қызметін жақсартуға бағытталған бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, заңнамалық түзетулер бағалы қағаздар нарығын, базалық институционалдық инфрақұрылымды, эмитенттер мен инвесторларды қалыптастыруға оң әсер етті. Алайда Кандидат компаниялар мен өзге де мүдделі компаниялардың ІРО табысты іске асырудың қажетті шарттарын жасау үшін акцияларды орналастыру рәсімін қозғайтын ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде қосымша шаралар қабылдау талап етіледі.
      Жедел заңнамалық реттеуді талап ететін басым мәселелер жаңа акционерлердің пайда болуына кедергі келтіретін кейбір Кандидат компаниялардың жалғыз акционері ретіндегі ұлттық басқарушы холдинг туралы шектеулі ережемен байланысты.
      Сонымен қатар таяудағы перспективада ІРО саласында құқықтық және реттегіш реформалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні акцияларды орналастыру мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы әлемдік озық практикаға сәйкес келтіру мақсатында оны жетілдіруге ықпал ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар пакеті қалыптастырылды.

Мемлекеттік реттеу

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне қадағалау және реттеу функцияларының берілуі фактісін, сондай-ақ тарифтердің, кеден баждары мен салық жинаудың әр алуан түрлерін белгілейтінін назарға алғанда, компаниялардың рентабельділік деңгейі мен нарықтық құны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдары қабылдайтын шешімдерге байланысты елеулі дәрежеде өзгеруі мүмкін.
      Тарифтер көрсетілетін қызметтері реттелетін қызметтер тізбесіне енгізілген компаниялардың кірістілігіне елеулі әсер етеді. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында Қордың мынадай компаниялары өз қызметін жүзеге асырады – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпочта» АҚ, сондай-ақ мынадай компаниялардың еншілес және тәуелді ұйымдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ: мысалы, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және басқалар.
      Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі әдісі тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін бекіту арқылы бағалық реттеу болып табылады. Тарифті мемлекеттік реттеудің негізін мынадай қағидаттар құрайды:
      уәкілетті орган бекітетін табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтер (алымдардың бағалары, ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстарды өндіру) көрсету үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауы тиіс;
      табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алу мүмкіндігі.
      Тарифтік реттеу мәселесі өзектілігінің негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларды іске асыру қажеттілігі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен ағымдағы операциялық шығындарды бір мезгілде қысқартып және инвестициялық міндеттемелердің орындалуына бақылауды күшейте отырып, инвестициялар салуды ынталандыру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізудің орындылығы мәселесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді. Заңнамаға енгізілетін өзгерістердің орындылығын қарау ақылға қонымды мерзімде инвестициялардың ақталуы, сондай-ақ компаниялардың тұрақты дамуының сақталуы қағидаттарын ескере отырып, жүзеге асырылатын болады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтары мүдделерінің теңгерімін, табиғи монополиялар мен реттелетін компаниялардың, сондай-ақ тұтастай алғанда елдегі барлық бизнес қауымдастықтардың әртүрлі деңгейдегі бюджеттерін қамтамасыз ететін болады.
      Бұдан өзге, ұзақ мерзімді тарифтердің немесе оларды есептеу мен бекітуге ашық тәсілдің болуы Кандидат компанияларға неғұрлым жоғары сенімділік дәрежесі бар кірістерді болжауға мүмкіндік береді, бұл акциялардың құнына оң әсер ететін болады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының Үкіметі тарифтерді (бағаларды) белгіленген тәртіппен бекіту және белгілеу, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды көрсетілген нарық субъектілерімен олардың инвестициялық тартымдылығын күшейту жөніндегі жұмысқа тарту арқылы инвестициялық ортаны жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.
      Кандидат компаниялардың нарықтық құнына теріс әсер етуі мүмкін мемлекеттік реттеудің өзге де әрекеттері мен шешімдері бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі басқа факторлардан өзге қабылданатын әрекеттер мен шешімдердің Кандидат компаниялардың нарықтық құнына ықтимал әсерін назарға алатын болады.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары

      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен.

      «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асырудың түпкі мақсаты кешенді нәтиже алу болып табылады, ол мынадай әлеуметтік-экономикалық бағыттарды біріктіреді:
      Қазақстан Республикасы азаматтарына аса ірі отандық компаниялардың акцияларын иелену, сондай-ақ бағалы қағаздарға инвестиция салу жолымен жинақтарын әртараптандыру және көбейту мүмкіндіктерін беру;
      бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту;
      бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мәдениетін қалыптастыру;
      Қазақстанның аса ірі компанияларының ашықтығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      Осы Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында бағалы қағаздар нарығына орналастырудың тең қол жетімді, ашық және әділ үдерісін болжайды.
      Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) Қазақстан азаматтарының мүмкіндігінше барынша көп санын ашықтық, әділдік және тең қол жетімділік қағидаттарында Бағдарламаға қатысуға тарту;
      2) Қор компанияларын корпоративтік басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде әлемдік практикаға сәйкес келтіру;
      3) инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдерді азайту жөнінде тетіктер жасау;
      4) бағалы қағаздар нарығына инвестиция салу үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      5) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жаңғырту;
      6) құқықтық кедергілерді жою және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      7) компанияларды мемлекеттік реттеудің тәсілдерін жетілдіру.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасын ойдағыдай іске асыру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытуға, сондай-ақ ел тұрғындарының инвестициялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беруі қажет.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай негізгі түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу көзделеді:
      Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларынан кемінде 160 000 адамды Бағдарламаға қатысуға тарту;
      Қазақстан қор биржасы акциялар нарығын (капиталдандыру) көлемін 2011 жылғы орташа көрсеткіштен 2022 жылға қарай кемінде 15 – 20 %-ға өсіру;
      Қор компанияларының акцияларын орналастыру шеңберінде 2022 жылға дейін кемінде 500 млн. АҚШ долларын тарту.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасын ойдағыдай іске асыру Қазақстан Республикасының азаматтарына жинақ ақшаны инвестициялауға және көбейтуге, ал Қордың еншілес және тәуелді компанияларына акционерлік капиталға қаражат тарту есебінен өз дамуын қаржыландыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстанның ірі компанияларының IPO жүргізуі инвестициялау құралы ретінде акциялар нарығының тартымдылығын арттырады, ол басқа компаниялардың акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығаруына мүмкіндік береді.
      Бағдарламаны іске асыру жүйені жетілдіру, корпоративтік басқару, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару есебінен Қор тобының компанияларын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

5. «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру кезеңдері. Акцияларды бағалы қағаздар нарығына шығару

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен.

      «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдар бойы тізбекті кезеңдермен жүзеге асырылатын болады және көптеген компанияларда іске қосылады. «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды орналастырудың нысаналы индикативтік үлесі дауыс беретін акциялардың жалпы санының 5 %-ынан бастап 25 %-ына дейін минус бір акцияны құрайды, Бағдарлама шеңберіндегі артықшылығы бар акцияларды орналастыру үлесі Кандидат компаниялар үшін жеке белгіленетін болады. Бұл ретте акциялардың дәл санын ІРО-ға дайындық кезінде компаниялардың негізделген ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесі ұсынады және Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.
      Инвесторлардың әр түрлері үлгілері арасында орналастыру құрылымы (бөлшек және институционалдық) әрбір нақты жағдайда айқындалатын және кандидат-компаниялардың негізделген ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесі бекітетін болады.
      Бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын акциялар үлесін айқындау кезінде компаниялардың әрқайсысы мынадай негізгі факторларды ескеретін болады:
      талап етілетін күрделі салымдар шамасын;
      бақылаушы акционердің ағымдағы үлесін және акционерлердің нысаналы құрылымын;
      бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын акциялар санын және орналастырғаннан кейін олардың өтімділік дәрежесі бойынша күтілуін;
      болашақта акциялардың құнын елеулі түрде арттыруға мүмкіндік беретін және тиісінше акцияларды қосымша орналастыруды5 жүргізетін факторлардың болуы.
      Бағдарлама артықшылық берілген акцияларды капитал тартудың қосымша құралы ретінде пайдалану мүмкіндігімен:
      тұрақты дивидендтер алуға мүдделі инвесторлардың сұранысын қанағаттандыру;
      жай акциялардың елеулі үлесі орналастырылған немесе сатылған жағдайда заңды және операциялық бақылауды сақтау мақсатында Кандидат-компаниялардың жай акцияларын орналастыруды немесе сатуды болжайды.
_______________
5 Акцияларды қосымша орналастыру - IPO өткізген және (немесе) акцияларды биржада айналымда жүрген компанияның адамдардың қалың жігіне сатуға компанияның акцияларын жария ұсынуы

Компанияларды іріктеу үдерісі

      «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу үшін Кандидат компанияларды іріктеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылды, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ тобынан барынша қолайлы компанияларды тиімді іріктеуге мүмкіндік береді.
      Іріктеу әдіснамасы олардың негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың ІРО-ға дайындығы айқындалатын объективті өлшемдерді анықтайды. Бұл өлшемдерді компаниялардың оларға дайындық прогресін анықтау және болашақтағы ІРО үшін Кандидат компанияларды айқындау үшін тұрақты негізде бағалауға болады.
      Бірінші кезең сандық көрсеткіштер негізінде іріктеуді білдіреді, бұл кейіннен барынша егжей-тегжейлі талдау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін 400 еншілес және тәуелді ұйымдардың ішінен оңтайлы деңгейге дейін қолайлы Кандидат компаниялар санын азайтуға мүмкіндік береді. Осы кезеңде іріктеу өлшемдері ретінде 2010 жыл ішіндегі «түсім» және «EBITDA»6 көрсеткіштері таңдап алынды, олардың шамасы тиісінше 500 млн. АҚШ долларынан және 50 млн. АҚШ долларынан аспауы тиіс. Кейіннен Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту шарасы бойынша іріктеудің сандық өлшемдері түзетілуі мүмкін.
      Екінші кезең бағалы қағаздар нарығына акцияларды шығару қатынасы бойынша күшті және әлсіз жақтарын айқындау мақсатында ағымдағы қызметті және даму перспективаларын зерделеуді болжайды. Осы кезең шеңберінде холдингтік компаниялар деңгейінде де, сондай-ақ орташа компаниялар деңгейінде де сандық және сапалық талдау жүргізілді. Осы талдау «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының бизнес-жоспарларын, қаржылық жағдайын, даму жоспарларын, корпоративтік басқару жай-күйін, стратегиялық анықтығы мен техникалық дайындығын талдауды қамтыды. Осы кезеңде мыналарға:
      анық және теңгерімделген даму стратегиясына;
      тұрақты және оң рентабельді перспективаларға;
      қор биржасында листингтің болмауына;
      ең үздік әлемдік практикаға сәйкес корпоративтік басқарудың жеткілікті деңгейіне7 ие компаниялар іріктелініп алынды.
      Кандидат компанияларды іріктеу үдерісінің қорытынды кезеңі жекелеген компаниялар қызметін егжей-тегжейлі талдау болып табылады. Кандидат компаниялардан әрқайсысын толық талдау ІРО жүргізуге дайын барынша қолайлы кандидаттарды айқындауға мүмкіндік береді.
      Кандидат компанияларды бағалау жүйесі барлық компанияларға келісілген тәсілде қолданылатын объективті өлшемдерге негізделген. Балл белгіленген өлшемдерге жауап беретін компаниялардың дайындық дәрежесіне сәйкес бөлінеді:
      1. Стратегиялық анықтығы – қалыптасқан әрі анық даму стратегиясының, компанияның айқын және түсінікті тарихы мен инвестициялық тартымдылығының болуы, ағымдағы сәтте бизнесті қайта құрылымдау үдерісінің болмауы.
      2. Қаржылық жағдайы – қаржылық қызметке тарихи шолу, пайдалы операциялар тәжірибесі, қызметтің болжанатын нәтижелеріне шолу, компания болашақта ашықтықтың жоғары дәрежесі мен шығындардың шектелген тәуекеліне оң болжамға және оның ІРО-дағы инвестициялық тарихын («equity story») растайтын дербес өсуінің перспективаларына ие бола ма.
      3. IPO жүргізгеннен кейін тұрақты жағдай – компаниялардың олардың қаржылық қызметімен және олардың акцияларының болашақтағы бағасымен байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, кандидаттарға сыртқы факторлардың әсер етуін бағалау.
      4. Мәміле мөлшері – мүмкін болатын қаржыландыруды, компанияның қаржыландыру жөніндегі талабын және бизнес-стратегияның сәйкестігін, сондай-ақ Кандидат-компания капиталының құрылымына ІРО-ның әсер етуін есепке ала отырып, ІРО мәмілесінің әлеуетті мөлшерінің барабарлығын бағалау.
      5. Орналастыруға (листингке) қойылатын талаптар Кандидат компаниялардың ҚҚБ талаптарына сәйкестігін талдау.
      6. Техникалық дайындығы (құқықтық жағы/корпоративтік басқару) ІРО табысты жүргізу үшін кез келген маңызды кедергілерді айқындауға арналған құқықтық, қаржылық және басқарушылық тексеру, сондай-ақ ағымдағы қаржылық есептілік, корпоративтік басқару, инвесторлармен қарым-қатынас және жария компаниялардың мәртебесімен байланысты міндеттемелерді сақтау бөлігінде Кандидат компаниялардың техникалық дайындығын бағалау.
      Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын орналастыруға Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысу нәтижелері тұтастай алғанда Бағдарламаға қатынасын анықтайтын және болашақта бағалы қағаздар нарығына Қазақстан Республикасы азаматтарының сеніміне әсер ететінін атап өткен жөн. Соның салдарынан Кандидат компанияларды іріктеу кезінде негізгі өлшем өндіруші сектор Кандидат компанияларының операциялық қызметіне шикізаттық нарықтар конъюнктурасының әсері нәтижесінде компаниялар акцияларының өзгермелілік тәуекелі болып табылады.
      Кандидат компанияларға сипатталған өлшемдерді есепке ала отырып, «ІРО дайындығы» өлшемдеріне сәйкестендіру дәрежесі бойынша балл береді және олардың деңгейіне сәйкес дайындық тобына орналастырады. Уақыт өте келе, компаниялар, егер олардың дайындық деңгейі жақсартылса, орналасуына қарай жоғарыға жылжуы мүмкін. Баллдық жүйенің өзі мынадай мәндерді қамтиды:
      2 балл: Кандидат компания толығымен өлшемдерге сәйкес келеді;
      1 балл: Қазіргі уақытта кандидат компания шешілуі мүмкін белгілі бір проблемаларға байланысты өлшемдерге сәйкес келмейді және шешу үшін іс-қимыл жоспары бар.
      0 балл: Кандидат компания қазіргі уақытта өлшемдерге сәйкес келмейді және бұл мәселенің шешілуі уақытты талап етеді.
      Төмендегі кестеде іріктеудің барлық үш кезеңінен өткен Кандидат компаниялардың талдауы көрсетілген.
      Іріктеу өлшемдеріне сәйкес Кандидат компаниялардың баллдарын бағалау түйіні

Кандидат компания

Страте-гиялық анықтығы

Қаржылық жағдайы

ІРО-дан кейінгі тұрақтылығы

IPO мөлшері

Листинг талап-
тары

Техн. дайындығы

Баллдың жалпы саны

тарих.

болашақ

Air-Astana

2

2

2

1

2

2

2/2

15

ҚТО

2

2

2

2

2

2

1/2

15

КЕГОК

2

1

2

2

2

2

1/1

13

ҚТГ

1

2

2

2

1

2

1/1

12

ҚТКФ

2

2

2

1

1

1

2/1

12

Самұрық-Энерго

2

1

2

1

1

2

1/1

11

ҚМГ ҰК

1

2

2

0

0

2

1/1

9

ҚАӨ ҰАК

1

1

1

0

0

2

1/1

7

ҚТТ

1

2

1

1

1

2

0

8

ҚТЖ

1

2

1

1

0

2

0

7

      Кандидат компаниялардың ІРО-ға дайындығына ұсынылған бағалауды негізге ала отырып компаниялар бөлінісінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен ІРО-ға барынша дайын компаниялар бойынша мыналарды атап өту қажет:
      «Қазтрансойл» АҚ, оның үлесіне тасымалдаудың елдегі мұнай өндірудің жылдық көлемінің шамамен 60%-ы тиесілі Қазақстандағы мұнай құбырларының ірі операторы. «Қазтрансойл» АҚ-ның, егер нормативтік-құқықтық базасы неғұрлым ашық болған және нарықтық рентабельділікке бағдарланған жағдайда қаржылық көрсеткіштерді жақсартудың әлеуетін иеленетін тұрақты бизнесі бар;
      «КЕГОК» АҚ электр желілерін басқарудағы негізгі қызметтерді, Қазақстанның ішкі экономикасының өсуімен байланысты бірқатар артықшылықтары бар ашық әрі түсінікті бизнесті ұсынады. Бұдан басқа, капитал салымдарындағы қажеттілік акциялардың бастапқы шығарылымы үшін негіз болып табылады;
      «Air-Astana» АҚ желіні кеңейтудің ойластырылған жоспарымен қолдау көрсетілетін ТМД өңірінің тез өсіп келе жатқан нарығында көшбасшылық ұстанымдарды иеленіп отыр, бұдан басқа ұшақтардың қазіргі заманғы паркі, сондай-ақ жоғарғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері бар, бұл компанияны барынша инвестициялық тартымды компанияларға жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, «Air-Astana» АҚ акционерлік капиталының ағымдағы құрылымымен байланысты бастапқы орналастыруды жүргізу шартын екінші акционермен келісу қажет, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан компанияның үстінен бақылауды сақтау қамтамасыз етілетін болады.
      Сонымен бір мезгілде «Кандидат компаниялардың акцияларының өзгермелілігі салдары» жекелеген факторын талдай келіп, өндіруші компаниялардың операциялық қызметіне нарық конъюнктурасының әсер етуін есепке ала отырып, Кандидат компанияларда макроэкономикалық тәуекелдердің жоғарғы екенін атап көрсету қажет. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, сондай-ақ басқа да өндіруші активтер шикізатқа бағалар өзгермелілігінің әлеуетті тәуекеліне ие болады, бұл өз кезегінде бизнестің өндіруші сегментінің қызмет нәтижесіне әсерін тигізеді. Осының салдарынан, кәсіптік емес бөлшек инвесторлардың елеулі санының мүдделерін қорғау, «Халықтық ІРО» бағдарламасында өндіруші Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру мақсатында институционалдық инвесторлар үшін жүзеге асырылатын, не айрықша артықшылықты акцияларды орналастыру жолымен шектелетін болады.
      Іріктеудің қорытынды кезеңінің қорытындылары бойынша Кандидат компаниялардың тізімі ІРО-ға шығуға дайындық дәрежесі бойынша компаниялардың біртекті тобына қатысты біріктірілген компаниялар топтарын (эшелондарын) көрсетеді.
      Компаниялардың I эшелоны (2012 жылдың 4-тоқсаны):
      «ҚазТрансОйл» АҚ;
      «Компаниялардың ІІ эшелоны (2014 – 2015 жылдар):
      1) «KEGOC» АҚ;
      2) «Самұрық-Энерго» АҚ.»;
      «Компаниялардың ІІІ эшелоны (2014 - 2015 жылдар):
      1) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен;
      Акцияларының құбылмалылық тәуекелі жоғары компаниялар тобы (2015 жылдан кейін):
      1) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ;
      2) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
      3) басқа да компаниялар.
      Іріктелген кандидат компаниялардың дайындық дәрежесінің әртүрлігіне қарай, компаниялардың әрқайсысының ІРО-ға шығу мерзімі ІРО-ға дайындық бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілу қарқынына байланысты болады. Осыған байланысты, іріктелген кандидат компанияларға ІРО-ға шығудың көрсетілген мерзімдеріне сәйкес ІРО-ға дайындалу және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасының кейінгі кезеңдері ІРО-ға қосымша Кандидат компанияларды шығарады, сондай-ақ капиталдың жергілікті нарығы деңгейін халықаралық деңгейге дейін арттыру мақсатында құқықтық, нормативтік және құрылымдық реформаларды біртіндеп енгізуге алып келеді, сондай-ақ инвесторлардың ұзақ мерзімді дамуына және белсенді қатысуына жәрдемдесетін болады, бұл Қазақстанның капитал нарықтарын дамытуға көмектеседі және Қазақстанда листинг үшін Қазақстан Республикасы азаматтары тарапынан да, сондай-ақ жергілікті компаниялар тарапынан да үлкен қызығушылық тудырады.
_______________
6 Борышқа, салықтарға, амортизацияға қызмет көрсету бойынша шығыстарды шегергенге дейінгі пайда (ағылш. Earnings before interest tax depreciation and amortization)
7 Осы өлшем бойынша іріктеу Ұлыбритания Корпоративтік басқару кодексінің талаптарын ескере отырып жүргізілді

IPO-ға дайындалу процесі

      IPO-ға дайындалу компаниялардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің үйлестірілген жұмысын талап ететін, жалғастыратын үдеріс болып табылады, осыған байланысты Кандидат компаниялар ІРО дайындау және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейтін болады. Осы үдеріс іс-шаралардың мынадай үш негізгі блоктарынан тұрады және «ІРО жүргізу кезеңдері» 1-қосымшасында ұсынылады.
      Төменде үш эшелонның Кандидат компанияларына арналған дайындалу үдерісі келтірілген.
      Алдын ала дайындалу
      Кандидат компаниялардың жария мәртебесі компания туралы жан-жақты объективті ұсынымды қалыптастыруды көздейді, бұл ІРО-ны табысты жүргізудің қажетті шарты. Бұл ретте әлеуетті эмитенттер оларды сыртқы инвесторлар үшін түсінікті пішімге және оларды стандартқа келтіру үшін өздерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді немесе енгізеді.
      Объективті ұсынымды қалыптастыру рәсімі үш эшелонның Кандидат компаниялары тарапынан бірқатар іс-шараларды жүргізуді талап етеді, олардың арасында:
      қаржылық есептілікті дайындау және оның аудиті (басқарушылық есептілікті талдау және жоспарлау үдерісін формалды етуді қоса алғанда);
      корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйелерін диагностикалау және жетілдіру;
      ішкі бақылау және аудит жүйесін диагностикалау;
      стратегияны және бизнес-жоспарды әзірлеу жүйесін талдау;
      Кандидат компаниялардың заңдық сараптамасын жүргізу;
      технологиялық және кадрлық әлеуетті бағалау;
      қызметті маркетингтік талдау.
      Сонымен бір мезгілде Кандидат компаниялар акциялардың бағалы қағаздар нарығында болашақтағы ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі рәсімдерге бастамашылық жасауы қажет. Осы мақсаттар үшін Кандидат компаниялар ұсыныстың құрылымын (бағалы қағаздар түрін, орналастыру мөлшерін, орналастыру кезеңін, нысаналы инвесторларды, опциондарды пайдалану мүмкіндігін және т.б.), сұраныстың бастапқы бағасын анықтауға, компанияның тарихын баяндайтын («equity story») ақпараттық анықтаманы дайындауға, сондай-ақ қор биржасымен және реттеуші органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүргізуге көмектесетін тәуелсіз консультанттарды тартуы мүмкін.
      Акцияларды орналастыруға дайындалу
      Кандидат компаниялар жұмыстарының елеулі көлемі қор биржасында листингке дайындалу кезінде жүргізілетін болады. Орналастыру сәтінде үш эшелонның Кандидат компаниялары мынадай іс-шараларды аяқтауы қажет:
      кешенді тексеріс жүргізу («due diligence»);
      андеррайтингті және қызметтердің құнын түпкілікті айқындау;
      заңдық сүйемелдеу (эмиссия проспектісін және басқа да ілеспе заңды құжаттарды дайындау);
      бизнеске бағалау жүргізу;
      маркетингтік стратегияны әзірлеу. Бір акцияның әділ нарықтық құнын анықтау мақсатында жүргізілетін Кандидат компаниялардың бизнесі мен акционерлік капиталының құнын бағалауға ерекше назар аударылатын болады. Әділ нарықтық құнды бағалауға қатысты ортақ қабылданған тәсілдер - кіріс және нарықтық тәсілдер негізінде айқындалатын болады. Бағалауға қатысты осы тәсілдер әлеуетті сатып алушылар немесе инвесторлар қандай да болмасын активтің құнын анықтау кезінде неғұрлым көп тараған болып табылады.
      Бір акцияның әділ құнын бағалау нәтижелері, өз кезегінде инвесторлардың бірнеше түрлері арасында (бөлшек, институционалды, компания қызметкері және т.б.) акциялардың (жай немесе артықшылығы бар) әр алуан түрлері орналастырылатын болса, орналастыру бағасы, орналастырылатын акциялар пакетінің шамасы, сондай-ақ орналастырудың нысаналы құрылымы туралы шешім қабылдауға әсерін тигізеді.
      Акцияларды орналастыру сәтіне қарай Кандидат компаниялар да талдамалық есептерді қалыптастыру және шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратқа тәуелсіз талдаушылар мен инвесторлардың тиісті және уақтылы қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
      Орналастыруға дайындау жөніндегі фазаны аяқтау І эшелонның кандидат компаниялары үшін 2012 жылғы сәуір-тамызға қарай, ІІ эшелонның кандидат компаниялары үшін 2015 жылғы төртінші тоқсанының соңына дейін іске асырылатын болады.
      Акциялардың орналастырылуын жүргізу
      Орналастыру сәтіне дейін дайындау жұмыстарының елеулі көлемі әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимылға бөлінетін болады. Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыруды жүргізу кезеңі үш эшелонның Кандидат компаниялары тарапынан бірқатар мынадай іс-шараларды орындауды талап етеді:
      инвесторларды оқыту (ақпараттық меморандумды дайындау, инвестициялық меморандумды дайындау, PR - сүйемелдеу және т.б.);
      өтінімдерді жинау (алдын ала проспектіні жариялау, «road show» басшылығының көшпелі тұсаукесерлерін өткізу, сұранысты талдау, бағаны белгілеу және бөлу);
      орналастыруды жүргізгеннен кейін қайталама нарықтағы іс-шаралар (акцияларды ұйымдасқан нарықта қолдау).
      Үш эшелонның Кандидат компаниялары талдаушылар есептерінің уақытылы релизін қамтамасыз етеді, акциялардың алдағы орналастырылуының ақпараттық науқанын жүзеге асырады, инвесторлардың нысаналы аудиториясына және олардың оқуына ерекше назар аударылатын болады. Кандидат компания тәуелсіз консультанттармен бірлесіп негізгі инвесторларда бар мәселені зерттейді және осы мәселелерге жауап беретін ақпаратты ұсынады. Бұдан басқа, орналастыру ұсынысы, бағасының мөлшерін түзету және т.б. мақсатында нарықтың конъюнктурасына, әлеуетті инвесторлардың пікірлеріне талдау жүргізуі қажет.
      Орналастыруға арналған өтінімдерді жинау басталған сәтке қарай Кандидат компания эмиссияның проспектісін жариялауды, басшылықтың көшпелі тұсаукесерін («roadshow») өткізуді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде өтінімдерді жинауды жүргізгеннен кейін сұраныс талданатын және орналастыру бағасы мен құрылымы белгіленетін болады.
      Акцияларға арналған бағалардың артық немесе ұтымды емес өзгермелілігін болдырмау үшін Кандидат компаниялар акцияларды орналастырғаннан кейін бағаны тұрақтандыру тетіктерін алдын ала айқындайды.
      Компанияның жариялылығы оған ақпаратты ашу жөнінде белгілі бір міндеттемелерді жүктейді. Бұл ретте компанияларды капиталдандыру инвесторлардың сеніміне байланысты, өйткені инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін арнайы қызметтер (IR-бөлімдер) құру қажет.
      Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыру фазасын жүргізу І эшелонның кандидат компаниялары үшін 2012 жылғы төртінші тоқсанның соңына дейін, ІІ эшелонның кандидат компаниялары үшін 2015 жылғы төртінші тоқсанның соңына дейін іске асырылатын болады.

Инвесторлар арасында акцияларды орналастыру тетіктері

      «Халықтық IPO» бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарына компаниялардың акцияларындағы өз жинақтарын инвестициялау мүмкіндігін беру акцияларды тікелей сатып алу арқылы немесе зейнетақы жинақтарында тұрған зейнетақы қорлары арқылы жанама түрде жүзеге асырылатын болады, бұл ретте басымдылық бөлшек инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандыруға берілетін болады.
      «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде зейнетақы қорлары мен бөлшек инвесторлар арасында акцияларды орналастыру құрылымы қалыптасқан сұраныс пен ұсынысқа, сондай-ақ Кандидат компанияның операциялық қызметінен нәтижелердің тұрақтылық дәрежесіне және олардың әлемдік шикізаттық нарықтарда бағалардан тәуелділігіне байланысты әрбір жекелеген орналастырумен анықталатын болады.
      Кандидат компаниялардың акцияларын орналастырудың бағасы, саны мен құрылымы туралы шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі мақұлдайтын және кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітетін болады.
      «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтары арасында акцияларды орналастыру үдерісі ҚҚБ-да жазылу әдісімен (бук-билдинг)8 жүзеге асырылатын болады, оны жүргізу тәртібі ҚҚБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады. Бұл Қазақстанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығын дамыту үшін оң қарқын береді. Бұдан өзге, орналастыруды жазылу әдісімен жүргізу эмитентке орналастыру құрылымы (орналастыру көлемі, инвесторлар мен басқа түрлерінің арасындағы бөлініс) үстінен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және бір тұлғаның бірнеше рет (қайталама) өтінімдер беруін болдырмауға (әртүрлі делдалдар арқылы бірнеше өтінімдер беруге болатын мамандандырылған сауда-саттықтармен салыстырғанда) мүмкіндік береді. ІРО кезінде бук-булдинг үдерісі орналастыру уақытында өтінімдерді сұрыптау және бөлу, сондай-ақ бір тұлғаның бірнеше рет (қайталама) өтінімдер беруінің тиімді мониторингісі мақсатында инвестордың тұлғасын ашып көрсетуді талап етеді. Өтінімдерді іріктеу өлшемдерін эмитент ҚҚБ-да листинг үшін құжаттар пакетінде ұсынатын эмитенттің ішкі құжаттарымен айқындалатын болады.
      Жеке тұлғалардың өтінімдерін жинау үдерісі әлеуетті инвесторларға өтінімдерді беруге жеткілікті уақыт беру мақсатында кемінде 15 күнтізбелік күн және 45 күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімде жүргізілетін болады. Кандидат компаниялардың акцияларын сатып алуға тең және әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жазылымды жүргізу барысында жеке тұлғалардың өтінімдері сатып алынатын акциялардың барынша көп саны бойынша шектелетін болады, бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының барынша қамтамасыз етілген жіктерінің акцияларды шамадан тыс сатып алуын болдырмауға мүмкіндік береді.
      «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін бөлшек инвесторы:
      егер бөлшек инвестор бұрын мұндай шарт жасамаған жағдайда, брокерлік немесе дилерлік ұйыммен тікелей немесе трансфер-агент арқылы (мысалы, «Қазпочта» АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы) брокерлік шарт жасасуы;
      акцияларды сатып алуға клиенттік тапсырысты брокерлік және дилерлік ұйым толтыруы және беруі;
      есеп айырысуды жүргізу сәтінде төлемсіздік тәуекелін болдырмау үшін ақша қаражатының уақытылы болуын қамтамасыз етуі қажет.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық жіктеріне тең және әділ қолжетімділікті беру маңыздылығын назарға ала отырып, жеке тұлғаларға шот ашу, сондай-ақ Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру сәтінде жүзеге асырылатын акцияларды сатып алу бойынша брокерлік және дилерлік ұйымдардың жеңілдікпен немесе тегін қызметтер көрсету тетігі пысықталатын болады.
      Акцияларды жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлу ҚҚБ-ға брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы өтінімдер беру жолымен жүзеге асырылатын болады. «Халықтық ІРО» бағдарламасына жинақтаушы зейнетақы қорларының қатысу артықшылығы мейлінше аз шығындар болған кезде нарықтың кәсіптік қатысушыларының қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының елеулі үлесіне акциялардағы өз жинақталымдарының бөлігін инвестициялауға мүмкіндік беру болып табылады.
_______________
8 Қазіргі уақытта Биржада қолданылатын сауда-саттық әдістері жазылым жүргізуді көздемейді. Биржа және Орталық Депозитарий ішкі қағидалардың өзгерісі үстінен жұмыс істеуді және жазылымды енгізуді жүргізеді.

6. Негізгі тәуекелдер және оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар

      Әрбір Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру жүргізуді іске асыру табыстылығы ішкі де, сондай-ақ сыртқы да факторлар санының көп болуына байланысты болады. «Халықтық ІРО» бағдарламасы мынадай негізгі тәуекелдерді, оны іске асыруға ілесушілерді және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды ескереді.
      1. Акциялар бағаларын елеулі төмендету тәуекелдері
      Акциялар бағаларының шамадан тыс өзгермелілігі9 және елеулі түрде құлдырау кәсіптік емес бөлшек инвестор үшін шығындарға қатысты тәуекелдің негізгі көздері болып табылады.
      Бағдарламаға қатысу үшін операциялық қызметтен барынша тұрақты және болжанатын ақша ағындары бар компаниялар ғана қабылданатын болады. Осындай іріктеу әлемдік нарықтарда жоғары өзгермелілік кезеңінде бағалар елеулі түрде құлдырағаннан кейін акцияларды сату үрдісі бар кәсіптік емес бөлшек инвесторлардың біршама шығындарының тәуекелін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.
      Акциялар бағаларының жоғарғы түрде өсу кезеңінде қосымша өтімділікті және оларды негізсіз төмендету кезінде жеткілікті сұранысты қамтамасыз ететін инвестициялаудың ұзақ мерзімді деңгей жиегі бар ірі институционалды инвесторлар болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорлары акциялар бағаларының өзгермелілігін төмендету бойынша ерекше рөл атқаратын болады.
      2. Қажетті реформаларды іске асыруды кейінге қалдыру тәуекелі
      Бағалы қағаздар нарығында «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының акцияларын орналастыру мерзімі Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік және құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу мерзімдеріне, бірақ олармен шектемей, оның ішінде тарифтік реттеуге, өзгерістер мен толықтыруларға, сондай-ақ инфрақұрылымды жетілдіруге байланысты болады. Осыған орай, осыған ұқсас реформаларды іске асыру біршама уақыт алады, оларды орындау қысқа мерзімде болуы мүмкін.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің және барлық мүдделі министрліктердің, ведомстволар мен басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан қажетті реформаларға мерзімді және басым мәртебе беру туралы шешім қабылданатын болады. Кандидат компаниялар мен Қор тарапынан ІРО дайындау және жүзеге асыру үшін қажетті персонал бөлінетін болады.
      3. Инвесторлардың шектелген тобы арасында акцияларды орналастырудың шоғырландыру тәуекелі
      Акциялардың орналастырылуын жүзеге асыру кезінде «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының тең және әділ қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.
      Тең қолжетімділік брокер және бүкіл ел бойынша бөлімшелердің тарамдалған желісі бар брокерлік қызметтердің трансфер-агенті ретінде «Қазпочта» АҚ-ны тарту есебінен елдің барлық өңірлерін қамту арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру барысында жеке тұлғалардың шотын ашуға арналған брокерлердің тарифі және акцияларды сатып алу бойынша транзакция бөлігін өтеу тетігі пысықталатын болады, Бағдарламаға қатысу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық жіктеріне тартымды әрі тең жағдайлар жасалады.
      Жеке тұлға сатып алуы мүмкін акциялардың барынша көп саны бойынша шектің болуы табыстың және әл-ауқаттың әртүрлі деңгейі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдағы жинаған инвестициялауға әділ мүмкіндік береді.
      4. Қолайсыз нарықтық конъюнктура тәуекелі
      ІРО жүргізу сәтінде әлемдік және өңірлік қаржылық нарықтар жағдайының маңыздылығын назарға ала отырып, орналастырудың нақты мерзімдері жоспарланатын мерзімдерден ерекшеленетінін ескеру қажет.
      «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесі Қордың еншілес ұйымдарының ұсынысы бойынша әлеуетті инвесторлар тарапынан орналастырудың қолайлы бағасын алуды және жеткілікті сұранысын ескере отырып, акцияларды орналастыру үшін «терезе» таңдайтын болады.
      5. Қаржылық сауаттылықтың және инвестиция беру жариялылығының жеткіліксіз деңгейінің тәуекелі
      Қаржылық сауаттылық пен бағалы қағаздар нарығының, транзакциялық шығындар және салықтық салдарлардың жұмыс істеуі туралы жариялылықтың төменгі деңгейі Қазақстан Республикасы азаматтары тарапынан жеткіліксіз сұраныс түрінде жағымсыз нәтижелерге немесе білікті емес шешімдерді қабылдау нәтижесінде елеулі шығындарға алып келуі мүмкін.
      Бағдарламаның білім беру бөлімі әлеуетті инвесторлардың барынша көп санын қамтиды, бұл ретте инвестор көтеретін барлық тәуекелдер мен салықтық салдарлар туралы ақпаратты қамтитын болады. Білім беру науқанының басы Қазақстан Республикасы азаматтарын инвестициялық қызмет туралы дағды мен білімге оқыту үшін жеткілікті уақытпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылғы 4-тоқсанның басында берілетін болады.
_______________
9 Өзгермелілік - белгілі ір уақыт кезеңі ішінде оның орташа мәніне салыстырмалы түрде бағалы қағаз бағасының өзгергіштік дәрежесі

7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

      «Халықтық IPO» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі ел тұрғындары үшін жинақ ақшаны инвестициялау мен әртараптандырудың қосымша құралын құру болып табылады. Негізгі әлеуметтік-экономикалық аспектілердің арасында осы міндетті мыналарға бөлуге болады:
      бөлшек инвесторлардың кең шеңберін тарту;
      Кандидат компаниялардың акцияларына бағаның жоғары ауытқуын болдырмау;
      бөлшек инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығында инфрақұрылымдық және заңнамалық шарттар жасау;
      Жоғарыда көрсетілген факторларды назарға ала отырып, бөлшек инвесторлар тарапынан сұранысты ынталандыруға, ІРО жүргізгеннен кейін Кандидат компаниялардың акцияларына бағаның ауытқуын азайтуға, инфрақұрылымды қайта құруға және «Іс-шаралар жоспарының» 2-қосымшасында көрсетілген заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылдау қажет.

Бөлшек сұранысты ынталандыру

      Қазақстан Республикасы азаматтарын «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру үдерісіне тартудың негізгі тетігі Кандидат компаниялардың акцияларын сатып алу кезінде ынталандыру және көтермелеу жүйесін бөлшек инвесторлар үшін құру болжанып отыр.
      Бөлшек инвесторларды көтермелеудің мынадай әдістері болуы мүмкін:
      а. Акцияларды сатып алуды көтермелеуге және бөлшек инвесторлардың кең шеңберін қамтуға бағытталған тетіктер:
      1. Егер акцияға сұраныс ұсыныс көлемінен асып кеткен жағдайда, акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастырғанға дейін алдын ала тіркеу бойынша өтінім берген инвесторлардың пайдасына орналастыру кезінде акцияларды басымдықпен бөлу;
      2. Инвесторлардың әртүрлі топтары арасында акцияларды қайта бөлу мүмкіндігі, яғни инвесторлар топтары бірінің тарапынан акцияға жоғары сұраныс болған жағдайда, акциялардың қосымша саны белгіленген мерзімнен кейін инвесторлардың басқа топтары үшін ұсыныстар қайта бөлінуі мүмкін. Осы шара акцияларды орналастыру кезінде инвесторлардың кейбір топтарында сұраныс пен ұсынысты реттеуге мүмкіндік береді.
      3. Акцияларды бірінші орналастыру жүргізу кезінде бөлшек инвесторлар үшін брокерлік қызмет көрсетуге жеңілдікті тарифтер (мұндай жеңілдіктерді беруге келіскен брокерлік компанияларда);
      4. Бір инвестордың қолында акциялардың үлкен пакеті шоғырлануын болдырмау мақсатында, әрбір бөлшек инвестор үшін Кандидат компаниялар акцияларының барынша ықтимал пакетін сатып алу бойынша шектеулер.
      б. Акциялар ұстауды көтермелеуге бағытталған тетік:
      1. Бұрын белгіленген тіркелген кірісті (дивидендті) мерзімді төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды пайдалану. Бұл тетікті Кандидат компаниялардың ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесі мақұлдайды.
      Көтермелеу әдісін анықтаған кезде нарықты алдын ала зерттеудің маңызды рөлін атап өткен жөн. Зерттеу мақсаты, бұдан басқа, кірістіліктің күтілген деңгейі, көтермелеу әдісі, әлеуеті жоғары сұраныс топтарының демографиялық, географиялық және экономикалық сипаттамасы болуы мүмкін.
      Бұдан өзге, көтермелеу әдістері мен көлемін таңдау кезінде құқықтық және нормативтік, оның ішінде салық салу саласындағы мәселелерді назарға алу қажет, өйткені осы аспектілер нақты көтермелеу әдісін іске асыруға, сондай-ақ таңдалған әдісті басқаруға акционерлер мен Кандидат компаниялардың дайындық деңгейіне әсер етеді. Осыған байланысты, көтермелеу мен ынталандырудың нақты түрлерін таңдау акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыруға дайындық кезінде әрбір Компания үшін дербес анықталатын болады.

Инфрақұрылымдық қайта құрулар

      Бағалы қағаздар нарығының қолданыстағы инфрақұрылымы білікті қызметкерді, тиісті жүйелердің болуын қоса алғанда қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет, ол клиенттік бұйрықтардың дәл әрі уақытында орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық талаптарға жауап беретін болады.
      Атап айтқанда, орталық депозитарий, брокерлер, тіркеушілер, трансфер-агенттер инфрақұрылымы мен нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі шаралар қатарын жүзеге асыруы қажет.
      Орталық депозитарий
      Орталық депозитарий ұсынатын қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезекті іс-шаралар мынаны қамтиды:
      1) инвесторларға берілетін деректерді өңдеу үдерісін жеделдету мақсатында бағдарламалық шешімдерді енгізу арқылы деректерді енгізу бойынша қолмен атқарылатын жұмыстар көлемін қысқарту;
      2) клиенттерге шоттарды ашу үдерісін жылдамдату және деректерді өңдеу көлемін ұлғайту мақсатында орталық депозитарийдің жұмыс істеп тұрған жүйесін дербес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімімен біріктірудің орындылығын қарау;
      3) бағалы қағаздар аударымдарын тиімді тіркеу, ақпаратты уақытылы беру, қателікті азайту және т.б. үшін бұйрықтарды өңдеу қызметін автоматтандыру;
      4) жұмыс істеп тұрған жүйелердің сенімділігін арттыру;
      5) кітаптарды қалыптастыру үдерісін («бук-билдинг») ҚҚБ-ға енгізу барысында орталық депозитарийдің ҚҚБ сауда жүйесі мен есеп жүйесі арасындағы өзара іс-әрекетті жолға қою және тексеру.
      Кейіннен шетелдік инвесторлар тарапынан мүдденің өсуі және капитал нарықтарында белсенділікті арттыру пайымдауларына негізделген жүйені одан әрі жетілдіру шаралары қаралуы қажет. Атап айтқанда, орта мерзімді перспективада халықаралық клирингтік және есеп айырысу ұйымдарымен (мысалы Еuroclear және Clearstream) ынтымақтастық орнауы қажет, ол халықаралық қатысушылар үшін ынтымақтастықтың ыңғайлы платформасын қамтамасыз етуге көмектеседі.
      Брокерлік компаниялар, трансфер-агенттер
      Қазақстандық брокерлердің белсенді қатысуы бөлшек сұранысын нығайту үшін қажет болды, оның нәтижесінде бөлшек инвесторлар брокерлік компаниялар арқылы өз тапсырыстарын орналастыратын болады. Бұдан басқа, «Халықтық ІРО» бағдарламаны бірігіп іске асыруға мүдделі брокерлік компанияларды тарту арқылы Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру кезінде бөлшек инвесторлар үшін жеңілдікті брокерлік қызмет көрсету мүмкіндігін беру қажет.
      Негізінен брокерлік компаниялар өз қызметін Алматы қаласында жүзеге асыратынын және Қазақстан Республикасы азаматтарын кеңінен қамту үшін филиалдарының өңірлік желісінің болмауын ескере отырып, трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын және өңірлерде тармақталған филиалдық желісі бар компанияларды тарту қажет.
      Атап айтқанда, брокерлік және трансфер-агенттік қызметтер көрсету лицензиясы, сондай-ақ бүкіл елде 306 бөлімшеден тұратын тармақталған өңірлік желісі бар «Қазпочта» АҚ акцияларды таратудың әлеуетті арнасы ретінде қаралуы мүмкін. Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ-да көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында автоматтандыру үдерісін, ішкі бақылауды, жүйелердің сенімділігін, қызметкердің біліктілігін жақсарту және басқалар жөнінде жұмыстар жүргізілуі қажет.
      Тіркеушілер
      Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығында акциялардың айналымы кезінде бөлшек инвесторлар иелік етуі ОД мен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы қағаздарын есепке алу жүйелерімен ғана шектемей оларға тиесілі акцияларға, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін жүргізу жүйесінде мәмілелерді тіркеу жолымен тіркеуші арқылы акциялар бойынша мәміле жүргізуі мүмкін.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды бірінші орналастыру сәтіне акцияға меншік құқығын тіркейтін және эмитент акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқық беретін құжаттың бірыңғай пішімін әзірлеу және енгізу қажет.
      Сонымен қатар, тіркеушілер қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында шотты ашу рәсімдерін қайта қарау және оңайлату, бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізу, сондай-ақ қолмен істелетін жұмыстарды азайту жөнінде жұмыстар жүргізілуі тиіс.
      Қазақстандық қор биржасы
      Қысқа мерзімді перспективада қабылданатын шаралар, бірінші кезекте, сауда-саттық және өтімділік көлемін, сауда жүйесінің сапасын арттыруға, құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіруге байланысты ҚҚБ мәселелерін шешуге бағытталуы қажет. Атап айтқанда, мыналарды қабылдау қажет:
      1) «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды енгізу бойынша кешенді шаралармен қатар ҚҚБ-да листинг өткізуге қазақстандық эмитенттерді ынталандыру мақсатында құқықтық талаптардың жаңа қағидасын әзірлеу;
      2) «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде мәмілелерге қызмет көрсету үшін бөлек сервер ашу;
      3) бөлшек инвесторлар арасында орналастыру үдерісін тиімді жүргізу шеңберінде, өтінімдер кітабын (бук-билдинг) қалыптастыру тәртібімен сауда-саттықты ұйымдастыру қағидасын толықтыру.
      Қысқа мерзімді міндеттерді іске асыру бағалы қағаздар нарығында Кандидат компаниялардың шығу сәтіне, яғни 2012 жылғы 1-тоқсанда аяқталуы қажет.
      Биржалық инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі орта мерзімді шараларды іске асыру шеңберінде жұмыс мынадай бағыттарға шоғырланатын болады:
      1) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тікелей қатысуынсыз ҚҚБ сауда-саттық жүйесіне тікелей қол жеткізу жүйесін одан әрі жетілдіру;
      2) нарық қажеттіліктеріне сүйене және қабылданатын инвестициялық шешімнің салымдары мөлшері мен тиімділігін ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада халықаралық тәжірибеге сәйкес сауда-саттық жүйесін жаңғырту;
      3) жиілігі жоғары трейдингтің10 пайда болуына қарай инфрақұрылымды дайындау.
_______________
10 Уақыт бірлігінде бағалы қағаздармен барынша көп мәмілелер жүзеге асырылатын биржадағы сауда-саттық тәсілі

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу

      3.3-тармақта айтылған құқықтық тосқауылдарды болдырмау мақсатында мынадай саланы реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады: жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланутемір жол көлігіэлектр энергетикасыкөлікстратегиялық объектілерҰлттық әл-ауқат қорының құқықтық ережелері.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуын ынталандыру мақсатында мына салаларды реттейтін заңнамаға да өзгерістер енгізілетін болады: бағалы қағаздар нарығы, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын сатып алуға шетелдік жеке тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтарын шектеу жөнінде, акционерлік қоғамдардың қызметімемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
      Акцияларды орналастыру мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жеке және институционалдық инвесторларға жағымды әсер еткендіктен, ірі отандық компаниялардың транспаренттілігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, оларды енгізу үдерісі 2011 жылғы қарашаның ортасынан кешіктірілмей аяқталатын болады.

Ақпараттық-түсіндіру науқаны

      «Халықтық ІРО» бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу болып табылады.
      Осы науқанның мақсаты – Бағдарламаны Қазақстан Республикасы азаматтарына жеткізу және мақсатын, оны іске асыру тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығын арттыру.
      Міндеттері:
      1. Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу қағидаттарын, үлестік қаржы құралдарына инвестициялау пайдасы мен тәуекелін қазақстандық қоғамда түсінуге қол жеткізу;
      2. «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде оған қоғамда оң көзқарасты ынталандыру және қолдау;
      3. Әлеуетті бөлшек инвесторлардың барынша кең тобын бағдарламаға қатысуға (акцияларды сатып алуға) тарту.
      Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін екі дербес бағыт ретінде Ақпараттық-білім беру және Маркетингтік науқан іске асырылатын болады.
      1. Ақпараттық-білім беру науқаны.
      Осы науқан шеңберіндегі жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығы деңгейін арттыру, бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қатысуға азаматтардың көпшілік мүддесін ояту, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын Халықтық ІРО бағдарламасының мақсатын түсіндіру болып табылады.
      Білім беру науқанын іске асыру 2011 жылғы 4-тоқсаннан басталады және Бағдарламаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жалғастырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы азаматтарын жалпы қаржылық сауаттылыққа оқытуды жүзеге асыратын болады.
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Халықтық ІРО» бағдарламасында ұсынылатын мүмкіндіктерді түсіндіру бөлігінде ақпараттық науқанды жүрізетін болады.
      Ақпарттық-білім беру науқаны шеңберінде республикалық және жергілікті теледидар пен радио арналарда ақпараттық-білім беру фильмдерін, аудио- және бейнероликтерді прокаты, сыртқы, баспасөз жарнамаларын орналастыру, брошюралар, буклеттер мен басқа да баспасөз өнімдерін таратуды жүзеге асыру көзделуде. Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы (бұдан әрі – БАҚ) медиа-жоспарлар негізінде эфирге ақпараттық және талдамалық материалдар, жаңалық сюжеттері, білім беру мақалалары, сұхбаттар жарияланатын, шығатын болады. Теледидар арналарында бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу қағидаттарын, акцияларды иелену пайдалары мен тәуекелдерін түсіндіруге арналған арнайы телехабарлар мен айдарлар ұйымдастырылатын болады.
      Бағдарламаны алға жылжыту үшін «Халықтық ІРО» арнайы веб-беті құрылатын болады. Ақпарат интернет-ресурстарында, оның ішінде ақпараттық және мамандандырылған онлайн-басылымдарда, сондай-ақ «Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы жаңалықтар мен пікірлерді ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде де таратылады.
      Ақпараттық-білім беру орталықтарында, оқу орындарында инвестициялық-қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер оқылатын, семинарлар өткізілетін болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына консультациялық ақпарат беру үшін «қауырт желі» (call-center) жұмыс істейтін болады.
      Ақпараттық-білім беру жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін социологиялық зертеу жүргізіледі, ол ақпараттық-білім беру науқаны шеңберінде қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді, қажет болған жағдайда оның мазмұнына түзетулер енгізілетін болады.
      2. Маркетингтік науқан.
      Осы науқанның шеңберіндегі жұмыс мақсаты «Халықтық ІРО» бағдарламасына қызығушылықты ынталандыру және акцияларды сатып алуға Қазақстан Республикасы азаматтарын тарту болып табылады. Маркетингтік науқан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және оның еншілес компанияларымен олардың ІРО-ға шығу қажеттілігіне қарай іске асырылатын болады.
      1-эшелондағы (2011 жылғы 4-тоқсан) Кандидат компаниялар хабарланған сәттен бастап Ақпараттық-білім беру науқанымен қатар Бағдарламаға Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысу талаптары мен тәртібін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Маркетингілік науқан БАҚ-та эмитент компаниялар туралы ақпараттық материалдарды орналастыруды, ІРО акциялары шеңберінде ұсынылатын жарнамаларды тарату, баспасөз маркетингілік өнімдерін шығару, БАҚ үшін брифингтер, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, промо-акциялар және басқаларды өткізуді қамтитын болады.
      Акцияларды елдің барлық өңірлерінде ұсыну кезеңінде «Халықтық ІРО» тұжырымдамасын түсіндіру, бөлшек инвесторлар мен кәсіптік қаржылық қауымдастық тарапынан Бағдарламаға қатысуға қызығушылықты ынталандыру мақсатында роуд-шоу жүргізіледі. Акцияларды және роуд-шоуды ұсыну жөніндегі іс-шаралар 1, 2 және 3-эшелонның эмитент компаниялары іске асыратын болады.
      «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберіндегі ақпараттық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жұртшылықпен байланыс және БАҚ-қа жауап беретін бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың оқу бағдарламасын іске асыратын болады.
      Ақпараттық-білім беру және маркетингтік науқандар шеңберінде «Халықтық ІРО» бірыңғай нышаны қолданылады, осыған сәйкес ортақ жарнамалық тұжырым және бренд-бук әзірленіп қабылданатын болады.

8. Қажетті ресурстар

      Қойылған міндеттерді орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларының меншік қаражаты, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бөлінген Республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат пайдаланылатын болады.
      Қордың еншілес компанияларын шығару үдерісін қаржыландыру шеңберінде компанияның өз қаражатынан бірінші кезекті және кейінгі іс-шараларды өткізуге арналған бюджеттер әзірленетін болады. Осы қаражат консультанттардың қызметін төлеуге, акцияларды орналастыру үшін қажетті құжаттар дайындауға, roadshow өткізуге және басқаларға бағытталатын болады. Осы мақсатқа Қор компанияларының бюджетінен 750-1 500 млн. жуық теңге жіберілетін болады.
      Халықпен ақпараттық-білім беру жұмыстарын іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен жұмыс жоспарланып отыр, ол Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді де жоспарлайды. Мемлекеттік органдармен және Ұлттық банкпен заңнама мен олардың қызметін қамтамасыз етуге арналған бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бөлігінде бірлескен үйлестірілген жұмыс та жоспарланып отыр. Осы іс-шаралар шеңберінде бюджетте осы мақсатты іске асыру үшін қажетті қаражат көзделеді, ол бюджетті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарда үш жылдық орта мерзімді даму жоспарларының шегінде нақтыланатын болады.

"Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін
бағалы қағаз нарығына шығару бағдарламасына   
1-қосымша              

ІРО бағдарламасын өткізу

Алдын ала дайындау

Орналастыруга дайындау

Жобаны іске асыру кезеңі

Компания шеңберінде
дайындау

Ұсыныстың үдерісін дайындау

Қор биржасында

Бағалау нәтижелері

Талдаушылардың тұсаукесерлері

Инвесторларды оқыту

Өтінімдерді жинау

Қайталама нарық

- Бизнес-жоспар және стратегия
- Қаржылық есептілік/қызмет туралы мәліметтердің есебін жүргізу/ұсыну
- Капиталдың құрылымы/дивидендтер бойынша саясат
- Ұйымдық құрылым/басқару
-  Басшылықтың уәждемесі
- Ішкі бақылау/ жүйесі

Консульттанттарды тағайындау/ұйымдық кездесу
- Компанияның тарихын баяндау
- Ұсыныстың құрылымы
- Типі және мөлшері
- Уақыт шеңбері
- Мақсатты инвесторлар
- Синдикат құрылымы
- Компанияның пайдаларындағы қызметкерлердің қатысу бағдарламасы бойынша мүмкіндіктері (ESOP)
-
Сұранысты бастапқы бағалау
- Қор биржасымен және реттеуші органдармен өзара іс-қимыл

- Тиісті тексеру

-Эмиссия проспектісін және басқа да заңды құжаттарды дайындау

-Проспектіге қосу үшін дайындалған қаржылық есептілік

-Компанияның бизнес-жоспарын/стратегиясын/тарихын дайындауды аяқтау

-Маркетингілік стратегияны әзірлеу

- Акционерлердің бағалар, мөлшері, құрылым туралы пікірі

- Талдаушылардың кездесуі
-Талдаушылармен зерттеу туралы есептерді дайындау

- Талдаушылар есептерінің релизі
-Ақпараттандыру жөніндегі науқан
-Инвесторлардың мақсатты аудиториясына және олардың оқуына айрықша назар аударылуы тиіс
-Негізгі инвесторлардың пікірі/міндеттер/ проблемалар мәселелерін тексеру
-Нарыққа шолу
-Әлеуетті инвесторлардың пікірлерін талдау
-Ұсыныстар көлемін, орналастыру бағасын т.б. түзету

- Инвестициялық меморандумның жарияланымы
- Басшылықтың көшпелі тұсаукесері
- Сұранысты талдау
- Бағаларды белгілеу және бөлу

- Тұрақ-
тандыру
- Орналас-
тырылғанға дейінгі опцион
- Ұйымдас-
қан нарықта акциялардың баға кесулерін қолдау

Шешім қабылдауға       1
арналған       - Барлық талаптар
негізгі шарттар   олардың дайын
                екендігіне және
                мақсаттармен
                келіскендігіне
                сенімді болуы
                тиіс

          2
- Барлық тараптар
жобаны одан әрі
жүзеге асыруға
араласатын қандай да
болмасын шешілмеген
мәселелердің жоқ
екендігіне сенімді
болуы тиіс

    3
Барлық
тараптар
акцияларды
жария
ұсынуға
дайын
болуы тиіс

    4
Инвесторларды оқыту нәтижелері және бағалар диапазоны барлық тараптардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс

    5
Түпкілікті
баға
келісілуі
тиіс

Қысқа мерзімде

шамамен 12-18 апта

Шамамен 6 апта

Қайталама нарық

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін
бағалы қағаз нарығына шығару бағдарламасына   
2-қосымша              

«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.10.2014 № 1084 қаулысымен.

Р/с №

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімі

Іске асыруға жауаптылар

1

2

3

4

5

1. І-эшелонның. Кандидат компанияларын ІРО-ға дайындау

1

ІРО-ға дайындау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту

Консультанттардың қызметтерін керсету туралы шарттары

2011 жылғы қыркүйек

«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ

2

Аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті дайындау

Аудиторлық жылдық есеп

2012 жылғы сәуір

«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ

3

Корпоративтік басқару жүйесін және тәуекелдерді басқару жүйесін диагностикалау және жетілдіру жүргізу

Өзгертілген редакциядағы ішкі құжаттар

2011 жылғы 3-4 тоқсан

«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ

4

Кандидат компанияларға заң сараптамасын жүргізу

Есеп

2012 жылғы сәуір

«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ

5

Бағалы қағаздар нарығында I эшелонның кандидат компанияларының акцияларын бастапқы орналастыруларын жүргізу

Акцияларды орналастыру

2012 жылғы 2-3 тоқсан

«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ

2. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

2.1. Трансфер-агенттік қызметтерді ұйымдастыру

6

Трансфер-агенттік қызметтерді көрсету үшін жағдайлар жасау

«Қазпочта» АҚ мен брокерлер арасындағы шарттар

2011 жылғы қазан -қараша

«Қазпочта» АҚ

7

«Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде брокерлік және трансфер-агенттік қызметтерді көрсету мақсаты үшін «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту

Бүкіл өңірлердегі «Халықтық ІРО» бағдарламасы мәселелерін реттейтін «Қазпочта» АҚ-ның білікті мамандарын тағайындау

2011 жылғы қыркүйек -қараша

«Қазпочта» АҚ

2.2. Бөлшек сұранысты ынталандыру

8

Бөлшек инвесторлардың акцияларды сатып алуы мен ұстауын ынталандыру әдістерін анықтау

Ынталандыру түрлері бойынша шешім

2012 жылдың 1-тоқсаны

«Самұрык-Қазына» АҚ және ЕТҰ

3. Инфрақұрылымдық қайта құрулар

3.1. KASE

9

Өтінімдер кітабын (бук-билдинг) қалыптастыру тәртібін көздейтін KASE қағидасына өзгерістер/толықтырулар енгізу

Бук-билдинг туралы ережелер ескерілген KASE қағидаға өзгерістер/толықтырулар

2011 жылғы қазан-желтоқсан

ҰБ, КASE

3.2. Орталық депозитарий

10

ЖСН ұлттық тізіліміне қол жеткізу

Тізілімге қол жеткізу

2011 жылғы қараша

Әділетмині, ҰБ

11

Орталық депозитарийдің фронт-офисін ұлғайту

Қосымша қызметкерлерді тартуға арналған шарттар

2011 жылғы желтоқсан - 2012 жылғы қаңтары

ҰБ

4. Заңнамалық және нормативтік құқықтық реформалар

12

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу

Заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы қыркүйек - қараша

ЭДСМ

5. Ақпараттық-білім беру науқаны

13

Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы қаржылық сауаттылығы бойынша ақпараттық-білім беру науқанын жүргізу

БАҚ-тағы хабарлар мен жарияланымдар, сондай-ақ қаржы-инвестициялық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру семинарлары

2011 жылғы қазаны-2015 жылғы желтоқсаны

ҰБ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

14

«Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы азаматтары ақпараттандыру

Халықтық ІРО бағдарламасындағы қатысу талаптары мен тәртібін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар кешені

2011 ж. қазаны -2015 ж. желтоқсаны

ЭДСМ, БАМ

6. Маркетингтік науқан

15

Роуд-шоу, акцияларды бөлшек ұсыну жөніндегі іс-шаралар

Роуд-шоу, тұсаукесерлер, БАҚ-та ақпараттық материалдарды орналастыру, визуалды жарнамалар

2012-2022 жылдар, ІРО-ға компаниялардың шығу тәртібіне сәйкес

«Самұрык-Қазына» АҚ және ЕТҰ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

16

Шетелдік БАҚ-та «Халықтық ІРО» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Шетелдік БАҚ-тағы жарияланымдар

2011 жылғы қазан-2022 жылғы желтоқсан

«Самұрық-Қазына» АҚ

      Ескертпе: аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
      «Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      ЕТҰ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары
      KASE - «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамы
      ОД - «Бағалы қағаздардың орталық депозитарий» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады