"Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1098 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы N 1036 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.09 № 1036 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 338-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесінде:
      9-тармақта:
      12) тармақшадағы «(мәліметтер).» деген сөз «(мәліметтер);» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушылары «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының оң сараптамалық бағалауының көшірмесін ұсынады.»;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Грант берушінің сенімгер уәкілге инновациялық грант қаражатын аударуы үшін инновациялық грант туралы шарт негіздеме болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады