Байланыс формасы

Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 322 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары;
      2) Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 27 қаулысы;
      2) «Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 31 қаулысы.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1211 қаулысымен  
бекітілген    

Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес әзiрлендi және тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға субсидиялар бөлу тәртiбiн айқындайды.
      2. Бюджеттiк субсидиялар тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты мемлекеттiк театр, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын пайыздық өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

2. Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу тәртiбi

      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық, жергілікті уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді.
      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды  - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарына бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.
      6. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатқа сай жұмсалады.
      7. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджет бағдарлама әкiмшiсiне:
      1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн;
      2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерiн бередi.
      8. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      9. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары есептердiң дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
      10. Мемлекеттiк театрларға, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарына бюджеттiк субсидияларға бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жауапты болады.

Тұрғындар үшін театр,      
мәдени-демалыс және концерт    
іс-шараларына қол жетімділікті  
қамтамасыз ету жөніндегі     
қызметтерді көрсетуге, классикалық,
халықтық, музыкалық және      
хореографиялық өнерді насихаттауға
байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидаларына   
1-қосымша            

_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы
кiрiс жоспары

Р/с

Спектакльдердiң, концерттердiң саны (дана)

Көрермендердiң саны
(мың адам)

Кiрiстер
(мың теңге)

Ескертпе

Билет сатудан

Жалға беруден

Өзге де

1

2

3

4

5

6

7








Тұрғындар үшін театр,      
мәдени-демалыс және концерт    
іс-шараларына қол жетімділікті  
қамтамасыз ету жөніндегі     
қызметтерді көрсетуге, классикалық,
халықтық, музыкалық және      
хореографиялық өнерді насихаттауға
байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидаларына   
2-қосымша            

_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы
шығыс жоспары

мың теңге

Р/с

Көрсеткiштердiң атауы

Сомасы

Ескертпе

1

2

3

4





Тұрғындар үшін театр,      
мәдени-демалыс және концерт    
іс-шараларына қол жетімділікті  
қамтамасыз ету жөніндегі     
қызметтерді көрсетуге, классикалық,
халықтық, музыкалық және      
хореографиялық өнерді насихаттауға
байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидаларына   
3-қосымша           

____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20___жылғы ____ айындағы
мемлекеттiк театрлардың, концерт және
мәдени-демалыс ұйымдарының шығындарын жабу есебi

мың теңге

Өткізілетін қызметтердiң құны

Меншiктi кiрiстердiң
сомасы

Субсидиялардың сомасы

1

2

3




Тұрғындар үшiн театр, мәдени-  
демалыс және концерт iс-шараларына
қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметтердi көрсетуге,
классикалық, халықтық, музыкалық
және хореографиялық өнердi  
насихаттауға байланысты залалды 
жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу
қағидаларына           
4-қосымша             

Республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың
тізбесі

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.

Р/с

Ұйымдар атауы

Республикалық бюджеттен субсидия %

1

2

3

1

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КАҚ

80 %

2

«Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры» РМҚК

90 %

3

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры» РМҚК

85 %

4

«М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры» РМҚК

85 %

5

«М. Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры» РМҚК

80 %

6

«Ғ. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК

85 %

7

«Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК

90 %

8

«Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры» РМҚК

95 %

9

«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК

95 %

10

«Республикалық немiс драма театры» РМҚК

95 %

11

«Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттiк би ансамблi» РМҚК

90 %

12

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры» РМҚК

95 %

13

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясы» РМҚК

90 %

14

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК

90 %

15

«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» РМҚК

95 %

16

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

95 %

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      КАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы
      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1211 қаулысымен  
бекітілген    

Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидалары (бұдан әрi –  Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы  № 220 қаулысына сәйкес әзiрленді және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға субсидиялар бөлу тәртiбiн айқындайды.
      2. Субсидиялар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк мұражайлардың залалын пайыздық өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

2. Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк мұражайлардың залалын жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу тәртiбi

      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың залалын өтеуге бөлінеді.
      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк мұражайларға бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.
      6. Мемлекеттiк мұражайлар алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатқа сай жұмсалады.
      7. Мемлекеттiк мұражайлар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне:
      1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн;
      2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерiн бередi.
      8. Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен.
      9. Мемлекеттiк мұражайлар есептердің дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
      10. Мемлекеттiк мұражайларға бюджеттік субсидияларға бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жауапты болады.

Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және     
реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты залалды 
жабуға бюджеттік субсидиялар
бөлу қағидаларына    
1-қосымша        

_________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
кiрiс жоспары

Р/с

Көрмелер
саны

Экскурсиялар
саны

Келушiлер
саны
(мың адам)

Кiрiстер (мың теңге)

Ескертпе

Билет
сатудан

Жалға
беруден

Өзгелер

1

2

3

4

5

6

7

8









Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және     
реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты залалды 
жабуға бюджеттік субсидиялар
бөлу қағидаларына    
2-қосымша        

___________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
шығыс жоспары

мың теңге

Р/с

Көрсеткiштердiң атауы

Сомасы

Ескертпе

1

2

3

4





Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және     
реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты залалды 
жабуға бюджеттік субсидиялар
бөлу қағидаларына    
3-қосымша        

(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_____ айына
мемлекеттiк мұражайлардың залалдарын жабу есептемесi

мың теңге

Сатылатын
қызметтердiң өзiндiк құны

Меншiктi кiрiстер сомасы

Субсидиялар сомасы

1

2

3




Тарихи-мәдени құндылықтардың 
сақталуын, есепке алынуын,  
жинақталуын және        
реставрациялануын қамтамасыз етуге
байланысты залалды жабуға   
бюджеттiк субсидиялар     
бөлу қағидаларына       
4-қосымша           

Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың
тізбесі

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1467 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

Р/с

Ұйымдар атауы

Республикалық бюджеттен субсидия %

1.

2

3

1.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы» РМҚК

90 %

2.

«Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер мұражайы» РМҚК

90 %

3.

«Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттiк коллекциясы» РМҚК

92 %

4.

«Республикалық кiтап мұражайы» РМҚК

98 %

5.

«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК

98 %

6.

«Берел» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

98 %

7.

«Есiк» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

98 %

8.

«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК

90 %

9.

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК

95 %

10.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

80 %

11.

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» РМҚК

95 %

12.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

95 %

13.

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК

97 %

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады