Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 98-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Біртұтас авиациялық іздеу-құтқару қызметі (БАІҚҚ) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 қарашадағы
№ 1296 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1353 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК), сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды қамтамасыз етудің іздестіру-құтқару қызметін бірлесіп құратын барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерінің, ӘК мен әуежайларды пайдаланушылардың арасында жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады және қамтамасыз етіледі. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық схемасы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      3. Осы Қағидаларда:

      1) авариялық хабардар ету тәртібі, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру схемасы;

      2) персоналға және әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарын, іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, әуе кемелері мен әуежайларды пайдаланушыларды қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақтандыруға қойылатын талаптар;

      3) іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) (бұдан әрі – ІҚО (Ж)) жүргізу жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі;

      4) барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, мемлекеттік органдардың іздестіру-құтқару командаларының, авариялық-құтқару қызметтерінің, ӘК және әуежайларды пайдаланушылардың арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті бөлу және іс-шараны ұйымдастыру;

      5) азаматтық авиация ұйымдары ІҚО (Ж) жүзеге асырған және оларды қамтамасыз етуге қатысқан жағдайда, олардың шығындарын өтеу тәртібі айқындалады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) авариялық кезең – әртүрлі жағдайлар кезіндегі айқынсыздық кезеңін, алаңдаушылық кезеңін немесе апат кезеңін білдіретін жалпы термин;

      2) авариялық жағдай – әуе кемесін мәжбүрлі түрде қондыру қажет болатын ұшудағы ерекше жағдай немесе апаттық жағдайға ұласып кетуді болғызбау үшін экипажға физикалық және психологиялық ауыртпалық түсіретін және одан жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін жағдай;

      3) алаңдаушылық кезеңі – оның кезінде әуе кемесі мен оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіп бар жағдай;

      4) апат кезеңі – әуе кемесіне және оның бортындағы адамдарға елеулі және тікелей қауіп төніп тұрғанына немесе жедел көмектің талап етілетіндігіне негізді сенімділіктің болуымен сипатталатын жағдай;

      5) айқынсыздық кезеңі – әуе кемесінің және оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігіне қатысты сенімсіздіктің болуымен сипатталатын жай-күй;

      6) галс – әуе кемесінің бұрылыстан бұрылысқа дейінгі жол сызығы;

      7) жердегі іздестіру-құтқару командасы (бұдан әрі – ЖІҚК) – арнайы оқытылған персоналдан тұратын және ІҚО (Ж) жүргізуге арналған жабдықтармен жарақталған команда;

      8) квадрат – іздестіру мен құтқару ауданының шекараларындағы төрт жағы бірдей тікбұрыш нысанындағы жер;

      9) қауіпті жүктер – денсаулық, қауіпсіздік, мүлік немесе қоршаған орта үшін қатер туғызуы мүмкін және "Қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтың", ИКАО, ДОС 9284 АN-905, қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;

      10) құтқару – апатқа ұшырау жағдайындағы адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық немесе өзге де көмек көрсету және оларды қауіпсіз орынға жеткізу мақсатындағы операция;

      11) парашюттік-десанттық құтқару тобы (бұдан әрі – ПДҚТ) – мемлекеттік авиацияның авиациялық құтқарушыларынан және/немесе ІҚО (Ж) жүргізуге арналған жарақтармен жасақталған, парашютпен секіруге дайындалған және іздестіру-құтқару ӘК бортындағы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының құтқарушыларынан тұратын топ;

      12) тіркеу мемлекеті – тізіміне ӘК енгізілген мемлекет;

      13) Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – іздестіру-құтқару қызметінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға жәрдем көрсету үшін, Қазақстан Республикасының іздестіру және құтқару аудандарының шегінде ІҚО (Ж) жүргізуді үйлестіру үшін жауапты орган;

      14) Щ-код – ӘК экипажы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) және әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – ӘҚБ) органдарының диспетчерлері арасындағы, сондай-ақ әуежайлар арасындағы байланыс үшін кодтық таңбалау мен қысқарту;

      15) іздестіру мен құтқарудың авиациялық күштері мен құралдары – экипаждары және құтқару мен тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар ӘК, авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтары, сондай-ақ апат орнына оларды қондыру құралдары (парашют жүйелері, құтқару контейнерлері, парашют тұғырнамалары) бар ПДҚТ және ЖІҚК;

      16) іздестіру мен құтқарудың қосалқы орталығы (бұдан әрі – Қосалқы орталық) – Үйлестіру орталығына бағынатын, соңғысын толықтыру үшін құрылған орган;

      17) іздестіру – әдетте Үйлестіру орталығы немесе Қосалқы орталық үйлестіретін, қолда бар персонал мен апатқа ұшырау жағдайындағы адамдардың орналасқан орнын анықтауға арналған құралдар пайдаланылатын операция;

      18) ІҚО (Ж) – апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      19) іздестіру-құтқару ӘК – ІҚО (Ж) жүргізу үшін арналған арнайы жабдықпен және арнайы мүлікпен жарақтандырылған кез келген ӘК, сондай-ақ арнайы жабдықтарсыз ІҚО (Ж) жүргізуге тартылатын ӘК;

      20) іздестіру-құтқару қызметі – авариялық мониторинг, байланыс, үйлестіру, іздестіру мен құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету немесе мемлекеттік және жеке меншік ресурстарды, оның ішінде өзара іс-қимыл жасайтын әуе, теңіз және басқа да кемелер мен қондырғыларды пайдалана отырып, медициналық себептер бойынша эвакуациялау функцияларын жүзеге асыру;

      21) іздестіру-құтқару күштері мен құралдары – олардың экипаждары, құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар іздестіру-құтқару әуе кемелерін, авариялық-құтқару мүлкі, оларды апат орнына жеткізу жарақтары мен құралдары бар ПДҚТ және ЖІҚК, байланыс, бақылау және басқару органдары мен пункттерін қамтитын ұғым;

      22) мемлекеттік авиация басқармасының пункті – мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

      23) іздестіру және құтқару ауданы (бұдан әрі – ІҚА) – оның шегінде ІҚО (Ж), сондай-ақ іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігі қамтамасыз етілетін айқындалған көлемдегі аймақ;

      24) NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсету мен қағидаларды қолданысқа енгізу, олардың жай-күйі немесе өзгерісі туралы ақпаратты немесе олар туралы уақтылы ескертудің ұшуларды орындауға байланысты персонал үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;

      25) ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы үйлестіруші – нақты бір ауданда ІҚО (Ж) үйлестіру үшін тағайындалған адам;

      26) ІҚО (Ж) үйлестіруші – нақты орын алған немесе болжамды авариялық жағдайға байланысты ден қою шараларын үйлестіру үшін уақытша тағайындалған лауазымды адам;

      27) ӘК үйлестіруші – ІҚО (Ж) үйлестірушіге және ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы үйлестірушіге қолдау көрсету мақсатында бірнеше ӘК-нің ІҚО (Ж) қатысуын үйлестіретін адам немесе адамдар тобы;

      28) КОСПАС-САРСАТ жүйесі – 406 МГц жиілігінде сигналдар тарататын авариялық маяктарды анықтау үшін арналған халықаралық спутниктік жүйе;

      29) кезекші іздестіру-құтқару ӘК – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіптік даярлығы және авиациялық іздестіру мен құтқаруды орындауға рұқсат берілген экипажы бар дайындалған іздестіру-құтқару ӘК.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Іздестіру және құтқару мыналарды қамтиды:

      1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған ӘК туралы іздестіру-құтқару қызметінің авариялық хабардар етуі;

      2) ІҚО (Ж) ұйымдастыру және жүргізу;

      3) іздестіру мен құтқарудың авиациялық күштері мен құралдарын басқару.

      6. Іздестіру және құтқару мақсаттары үшін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы органдар мен ұйымдардың іздестіру мен құтқаруды жүзеге асыру жүктелген басшылары ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:

      1) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру;

      2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын авариялық-құтқару мүлкімен және жарағымен жарақтандыру;

      3) ӘК және ұшқыштар құрамын құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру.

      8. ІҚО (Ж) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын құтқару мақсатында ұйымдастырылып, жүргізіледі.

      Олар мыналарды қамтиды:

      1) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ұшып шығуын (шығуын) ұйымдастыру;

      2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару, олардың өзара әрекет етуін ұйымдастыру және күшейту;

      3) апатқа ұшыраған ӘК-ні іздестіру;

      4) ӘК ішінен зардап шеккендерді шығару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету;

      5) адамдарды апат орнынан, соның ішінде медициналық мекемелерге эвакуациялау.

      9. Іздестіру мен құтқару Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұйымдастырылады, онда іздестіру мен құтқару аудандары белгіленеді. Іздестіру мен құтқару аудандарының шекаралары ұшу ақпаратындағы аудандармен не болмаса жергілікті диспетчерлік пункттердің не болмаса салалардың немесе іздестіру-құтқару ӘК іс-қимылдары радиустарының жауапкершілік аудандарына сәйкес келеді.

      10. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде авиация ұшуларын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      11. Шет мемлекеттердің ӘК ұшуын Қазақстан Республикасының аумағында іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ӘК тең негізде жүзеге асырылады.

2. Барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет
көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарының, іздестіру-құтқару
командаларының, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару
қызметтерінің, әуе кемелерін пайдаланушылар мен әуежайлардың
арасында іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету бойынша
жауапкершілікті бөлу және іс-шараларды ұйымдастыру

      12. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жалпы басшылықты Үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.

      Үйлестіру кеңесі консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен құрылады.

      Үйлестіру кеңесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі басқарады.

      Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін лауазымды адамдар іздестіру мен құтқаруды үйлестірушілер болып табылады, олар іздестіру-құтқару қызметін құру және оның жұмысын қамтамасыз ету және аталған қызметтің жұмысын жоспарлауды тиісті түрде үйлестіру үшін жауапты болады.

      Үйлестіру кеңесінің құрамы мен жұмыс тәртібі азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, құрамына авиациялық бөлімшелер кіретін басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен шешімімен айқындалады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2017 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Үйлестіру кеңесі мынадай функцияларды атқарады:

      1) министрліктердің, ведомстволардың, ӘК пайдаланушылардың авиациялық оқиға орын алған жағдайда іздестіру мен құтқаруды, апатқа ұшырау жағдайындағы адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерін үйлестіреді;

      2) Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласындағы авариялық-құтқару қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;

      3) шет мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтерімен бірлесіп, ІҚО (Ж) және іздестіру-эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге арналған келісімдер мен шарттарды қарайды;

      4) іздестіру, құтқару және эвакуациялаудың жаңа техникалық құралдарына тапсырыстарды әзірлеу, беру және оларды пайдалануға беру кезінде бірыңғай техникалық саясат жүргізеді, сондай-ақ іздестіру-құтқару техникасы мен жарақтарының жаңа үлгілерін сынақтан өткізуге қатысады;

      5) Қазақстан Республикасы авиациясының ұшуларын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды;

      6) іздестіру-құтқару ӘК экипаждарын, ПДҚТ, ЖІҚК персоналдарын даярлау бағдарламаларын (курстарын) қарайды;

      7) іздестіру мен құтқару аудандарының, мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға қатыстылығына қарай іздестіру-құтқару әуе кемелерінің, күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру аудандарының шекараларын белгілейді.

      14. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін жедел орган – Үйлестіру орталығы болып табылады. Апатқа ұшырау жағдайындағы (апатқа ұшыраған) мемлекеттік әуе кемелерінде ІҚО (Ж) жүргізу тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік авиацияның Қосалқы үйлестіру орталығы (бұдан әрі – мемлекеттік авиацияның ҚҮО) құрылады.

      15. Үйлестіру орталығы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетушінің (бұдан әрі – АНҚ көрсетуші) базасында құрылады және тәулік бойы жұмыс істейді.

      Мемлекеттік авиацияның ҚҮО мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен мемлекеттік авиацияның басқару пунктінің базасында құрылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Үйлестіру орталығы (не Үйлестіру орталығымен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның ҚҮО) мынадай функцияларды орындайды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпаратты қабылдайды және бұл туралы азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды хабардар етеді;

      2) авариялық жағдай кезінде және әзірліктер тексеру кезінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқарудың бастапқы жоспарын әзірлейді;

      4) ӘК-нің мемлекеттік тиістілігіне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған (апатқа ұшырау жағдайындағы) ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіреді;

      5) азаматтық авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар тағайындаған байланыс, іздестіру және құтқару пункттері арқылы халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінен (бұдан әрі – КОСПАС-САРСАТ) алынған апат сигналдары туралы ақпаратты қабылдайды және оны іздестіру және құтқару аудандарындағы кезекші іздестіру-құтқару күштерінің назарына жеткізеді;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары барысында апатқа ұшыраған ӘК экипаждарын іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының (бұдан әрі – Әуе кеңістігін пайдалану қағидасы) 100-тармағына сәйкес іздестіру-құтқару ӘК-нің тиісті іздестіру және құтқару ауданындағы кезекшілік жоспарына сәйкес кезекшілігін, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану жоспарына осындай әуе кемелерінің ұшу жоспарларын енгізуді бақылайды;

      8) азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды олардың сұрау салуы бойынша кезекші құралдар туралы хабардар етеді;

      9) шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарымен тұрақты негізде қажетті байланыс орнату және оны қолдау мақсатында ынтымақтастықты ұйымдастырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Үйлестіру орталығының:

      1) радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін білетін оқытылған авиация персоналы;

      2) тәулік бойғы жұмыс режимі;

      3) іздестіру және құтқару ауданына қатысты карталары;

      4) бағыттарды межелеу және орналасқан жерін белгілеу құралдары;

      5) барлық ӘК пайдаланушыларының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды орындайтын ресми өкілдерінің телеграфтық AFTN мекенжайлары мен телефон нөмірлері;

      6) іздестіру мен құтқарудың әрбір ауданы үшін ІҚО (Ж) жүргізуді ұйымдастыру жоспарлары;

      7) радиоарналарда және тыңдалатын жиіліктерде кезекшілікті жүзеге асыратын қызметтердің орналасқан орны мен жұмыс сағаттарына қатысты мәліметтерді қоса алғанда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының телефон және телеграфтық мекенжайлары;

      8) шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарының телефон және телеграфтық мекенжайлары;

      9) ӘК-ден түсірілетін авариялық-құтқару жарақтарының қоры сақталатын орындар туралы мәліметтер;

      10) бұрын авиациялық оқиғалар орын алған жерлердің координаттары бойынша мәліметтер бар.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Үйлестіру орталығы:

      1) ӘҚҚ органдарымен, мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен, іздестіру және құтқару аудандарында радиопеленгаторлық және радиолокациялық станциялары бар ұйымдармен (мұндайлар болған жағдайда);

      2) іздестіру және құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтарымен;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен;

      4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен немесе Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметпен (бұдан әрі – БКДҚ-112) және іздестіру-құтқару командаларымен;

      5) КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінің ақпарат қабылдау орталығымен;

      6) мемлекеттік авиацияның басқару пункттерімен;

      7) әуеайлақтық метеорологиялық органдармен;

      8) Үйлестіру кеңесінің тұрақты құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерімен;

      9) су үсті кемелерімен байланыс жүргізетін теңіз портын басқару пункттерімен жедел және тұрақты екі жақты байланыс құралдарымен жарақталады.

      Байланыс құралдары таратылатын хабарламаларды кейін талдау үшін дыбыс жазу аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19. Үйлестіру орталығы, мемлекеттік авиацияның ҚҮО өз қызметінде авиация саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның стандарттары мен ұсынымдарын, халықаралық авиациялық және теңіздегі іздестіру және құтқару жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – ХАТІҚН), азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдармен келісілген ережелерді басшылыққа алады.

      Үйлестіру орталығының мамандары өз жұмысында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Үйлестіру орталығы мамандарының лауазымдарына АНҚ көрсетуші белгілеген біліктілік талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Үйлестіру орталығы басшылығының шешімімен әрбір ІҚО (Ж)-ға:

      1) Үйлестіру орталығының немесе оған бағынысты органның не мемлекеттік авиацияның ҚҮО-ның құрамына кіретін персонал арасынан ІҚО (Ж) үйлестірушісі;

      2) тиісті құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша жедел штаб құрамына енгізілетін бірнеше іздестіру-құтқару ӘК пайдалануды үйлестіруді жүзеге асыратын ӘК үйлестірушісі (АНҚ көрсетушінің мамандары арасынан немесе іздестіру және құтқару ауданындағы мемлекеттік авиация өкілінен) тағайындалады.

      Жедел штаб құрамына енгізілген АНҚ көрсетушінің маманы өз функцияларын әуе қозғалысына қызмет көрсету маманының жұмыс орнынан (немесе байланыс құралдарымен жабдықталған орындардан) орындайды.

      Жедел штаб құрамына енгізілген мемлекеттік авиация өкілі өз функцияларын жедел штаб басшысымен келісілген жерде орындайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. ІҚО үйлестірушісінің міндеттері:

      1) авариялық жағдайға қатысты деректерді алу және жинау;

      2) нақты бір авариялық жағдайға қарай ІҚО (Ж)-ның бастапқы жоспарын әзірлеу;

      3) ІҚО (Ж) жүру барысына талдау жасау;

      4) қосымша іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын тарту мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен, мемлекеттік авиацияның ҚҮО, сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің Үйлестіру орталықтарымен іс-қимылдарды үйлестіру;

      6) ІҚО (Ж)-ға қатысты ақпаратты нақты және тұрақты түрде жаңартылған жазбасын хронологиялық тәртіппен жүргізу;

      7) авариялық кезеңді жариялау/жабу;

      8) функциясына авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру кіретін уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету;

      9) ІҚО (Ж) жүргізу барысы туралы қорытынды есеп беруді дайындау болып табылады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      22. ӘК үйлестірушісінің міндеттері:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

      ӘҚҚ органдарымен өзара іс-қимыл жасап, ӘК қауіпсіз эшелонда ұстау;

      ІҚО (Ж) үйлестірушісін ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы метеожағдай туралы хабардар ету;

      ӘК-нің аймаққа кіру және одан шығу нүктесін, сондай-ақ ұшудың абсолюттік биіктіктерін белгілеу;

      іздестіру-құтқару ӘК-ге жіберілетін және олардан келетін радиохабарламаларды фильтрлеу;

      ІҚО (Ж) кезінде бөлінген радиожиіліктерді қолдануды үйлестіру;

      ӘҚҚ-ның шектес органдарымен іс-қимылдарды үйлестіру;

      2) міндеттердің бірінші кезектілігін айқындау және оларды бөлу:

      іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының ІҚО (Ж)-ны орындаудың жалпы жоспары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      іздестіру және құтқару ауданын қамтуды бақылау және тиісті деректер ұсыну;

      іздестіру-құтқару ӘК-нің экипаждарына ІҚО (Ж) жүргізілетін жерде үйлестіруші қойған міндеттерді орындау жөнінде нұсқау беру;

      3) іздестіру ауданын қамтуды үйлестіру:

      ІҚО (Ж) шарттарының өзгеруіне ден қою және іздестірудің тиімділігін бақылау;

      ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушіге іздестіру-құтқару ӘК-нің үнемі даярлығын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар беру;

      4) Үйлестіру орталығына жиынтық ақпарат беру;

      5) ІҚО (Ж) басшысымен тұрақты өзара іс-қимыл жасау, оған іздестіру-құтқару ӘК пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші операция жүргізілетін жерде ІҚО (Ж) жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған жедел штабының бастығы болып табылады.

      ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушінің міндеттері:

      1) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі бөлінген күштер мен құралдарды басқару;

      2) Үйлестіру орталығымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен ІҚО (Ж) жүргізудің бастапқы жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау, кейіннен оны әзірлеу және нақтылау;

      3) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі байланыс орнату әдістерін айқындау;

      4) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылын бақылау;

      5) ІҚО (Ж) жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына күн сайын ІҚО (Ж) жүргізу нәтижелері туралы есеп беру;

      7) ІҚО (Ж) жүргізудің барлық жағдайларын тіркеу (іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі келу және осы ауданнан кету уақыты, тексерілген аудандар, іздестіру кезінде қолданылған жол желілері арасындағы аралық, табылған заттар мен белгілер, қолданылған іс-қимылдар, алынған нәтижелер);

      8) ІҚО (Ж) үйлестірушісіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына тартылған күштер мен құралдардың басшыларына қайта қажет болмайтын күштер мен құралдарды босату жөнінде ұсынымдар беру;

      9) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына тірі қалған адамдар саны мен олардың тегі туралы ақпарат беру;

      10) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына талап етілетін қосымша көмекке сұрау салу болып табылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Іздестіру мен құтқарудың әрбір ауданында кезекші іздестіру-құтқару ӘК тағайындалады. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК жауапкершілік аудандарын бөлу азаматтық, мемлекеттік және эксперименттік авиациядағы іздестіру-құтқару ӘК-нің қолда бар құрамына сүйене отырып, сондай-ақ іздестіру-құтқару ӘК-нің іс-қимылдары радиусымен әуе трассаларының, авиациялық жұмыстар жүзеге асырылатын аудандардың бағыттарын қамту шартымен Үйлестіру орталығының шешімімен жүзеге асырылады.

      Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні орналастыру олардың осы Қағидалардың 41-1-тармағында белгіленген мерзімдерде ұшуға әзірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әуеайлақтарда не қону алаңдарында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешімін азаматтық авиация қарамағына жатқызылған іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігін ұйымдастыру үшін АНҚ көрсетушіге жібереді.

      АНҚ көрсетуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ӘК пайдаланушылармен Үйлестіру орталығының шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарындағы іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігіне арналған шарт жасайды.

      Іздестіру-құтқару ӘК-нің кезекшілігі мыналарды:

      1) іздестіру-құтқару ӘК кезекші экипажының кезекшілік кезеңінде белгіленген мерзімде қызметтік міндеттерін (кәсіби қызметін) орындауға үнемі әзір болуы;

      2) іздестіру-құтқару ӘК-нің белгіленген мерзімдерде ұшуға үнемі әзір болуын;

      3) кезекші экипажды іздестіру және құтқару ауданына ұшу үшін іздестіру-құтқару ӘК-нің орналасқан жеріне жеткізуді қамтамасыз етуді қамтиды.

      Үйлестіру орталығының шешімі бойынша жағдайды нақтылау үшін ІҚО (Ж) орындау кезінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшуы, ІҚО (Ж) дайындау және орындау деңгейін ұстап тұру мақсатында жаттығу ұшуы және шартта көзделген ұшу сағаттары саны көлемінде ұшуды іздеу-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша оқытуды жүргізу іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігінің құнына қосымша кіреді.

      Аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымдарымен іздестіру-құтқару ӘК-нің іздестіру және құтқару аудандарында кезекшілікке арналған шарт жасасқан іздестіру-құтқару АНҚ көрсетуші экипаждың және ӘК-нің белгіленген мерзімде ұшып шығуға үнемі әзір болуын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт талаптарының орындамағаны үшін жауапты болады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Үйлестіру кеңесінің кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің жауапкершілік аудандарын белгілеу жөніндегі шешімінде мыналар көрсетіледі:

      1) іздестіру-құтқару ӘК-нің іздестіру және құтқару ауданындағы әрекетінің радиусі, ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптар;

      2) іздестіру және құтқару аудандарының шекаралары;

      3) іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігінің белгіленген мерзімдері (тәулік бойы немесе регламент бойынша, күнтізбелік кезең);

      4) кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің іздестіру және құтқару ауданындағы ұшу сағаттары көрсетілген оқу-жаттығу ұшулары;

      5) іздестіру-құтқару ӘК-нің жабдықталмаған қону алаңдарына қону қажеттігі туралы талаптар;

      6) экипаждың ІҚО (Ж)-ға қажетті рұқсатының болуы туралы мәліметтер;

      7) осы Қағидалардың 41-1-тармағында айқындалатын әзірлік дәрежесі;

      8) іздестіру және құтқару ауданының ерекше жағдайларына сүйене отырып, кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ге қойылатын қосымша талаптар.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. ӘК-нің барлық түрлерін іздестіру-құтқару мүлкімен, жарағымен жарақтандыруды, сондай-ақ іздестіру экипаждарын дайындауды иелігінде немесе меншігінде ӘК бар министрліктер мен ведомстволар, авиакомпаниялар (ӘК пайдаланушылар) жүзеге асырады.

      28. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж) үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын бөледі. Авариялық-құтқару қызметтері персоналының ЖІҚК мәртебесі бар. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының ІҚЖ үшін тартылған персоналының саны әрбір іздестіру және құтқару ауданы үшін ІҚО (Ж) жүргізуді ұйымдастыру жоспарында айқындалады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Мемлекеттік авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарына парашюттік қызметтің кезекші нұсқаушылары, құтқарушылар, медициналық және инженерлік-техникалық жұмыскерлер құрамынан құралатын ПДҚТ-ға мамандарын бөледі. ПДҚТ-ға тарту тәртібі ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында айқындалады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30. Теңіздердің акваториялары мен ішкі су айдындарында апатқа ұшыраған ӘК-нің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету үшін ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес теңіз және өзен кемелері тартылады.

      31. КОСПАС-САРСАТ жүйесінен апат туралы ақпарат қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен іздестірудің және құтқарудың байланыс пункттері тағайындалады (КОСПАС-САРСАТ жүйесінен ақпарат қабылдау үшін іздестіру және құтқарудың түйісу нүктелері).

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Авиациялық ІҚО (Ж) ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде бастапқы кезеңде, мүмкіндігінше іздестіру және құтқару ауданындағы ӘК экипажы тартылады.

      33. ІҚО (Ж) ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі ӘҚҚ органдарының негізгі міндеттері:

      1) әуе кемесіндегі апат кезеңі туралы ақпаратты өзара әрекет етуші ӘҚҚ пункттерінен және Үйлестіру орталығынан қабылдау және оларға тарату;

      2) іздестіру-құтқару ӘК-нің бірінші кезекте ұшып шығуын қамтамасыз ету;

      3) өздерінің іздестіру және құтқару аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      4) апат ауданындағы іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) ІҚО (Ж) жүргізу ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына (бұдан әрі – Әуе кеңістігін пайдалану қағидасы) сәйкес ӘҚБ органы арқылы әуе кеңістігін пайдаланудың тиісті режимдері мен шектеулерін қамтамасыз ету болып табылады.

      34. Әуежайларды (әуеайлақтарды) пайдаланушылар ІҚО (Ж) жүргізуде кез келген мүмкін болатын көмекті көрсетеді.

      Персоналға және әуежайларды (әуеайлақтарды) қажетті жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларымен айқындалады.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар ӘК-ні іздестіру мен құтқаруды жүргізу кезінде қолдан келетін кез келген көмекті көрсетеді және іздестіру-құтқару күштері мен құралдары келгенге дейін адамдарды құтқару, оларға медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ ӘК мен оның бортындағы құжаттаманы, жабдықтар мен мүлікті қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

      36. ӘК жолаушыларын, экипаждарының мүшелерін апат орнынан эвакуациялау апатқа ұшыраған әуе кемесін пайдаланушының күшімен және құралдарымен немесе шығыстарды кейіннен пайдаланушы өтеп беретін өзге де күштермен және құралдармен жүзеге асырылады.

      37. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-ге қажетті көмек көрсету үшін:

      1) басқа мемлекеттердің іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына;

      2) осы ӘК-нің иесі мен пайдаланушысына;

      3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК тіркелген мемлекет билігіне Қазақстан Республикасының аумағына кіруге рұқсат беріледі.

      Шетелдік іздестіру-құтқару ӘК-ге рұқсат беру тәртібі Әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.

      Шет мемлекеттердің ЖІҚК рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

3. Дайындық іс-шаралары

      1-параграф. ІҚО (Ж) өткізу жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту

      тәртібі

      38. Әрбір іздестіру және құтқару ауданына осы Қағидалардың 2-қосымшасында қамтылған іздестіру және құтқару ауданында (саласында) ІҚО (Ж) ұйымдастырудың және жүргізудің үлгілік жоспары негізінде іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізуді ұйымдастыру жоспары (бұдан әрі – ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспары) әзірленеді.

      Әзірленген ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын Үйлестіру кеңесінің басшысы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы және Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі бекітеді.

      Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

      Ұшуды іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етудің қолданыстағы жоспарлары туралы ақпаратқа қол жеткізуді арттыру мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары АНҚ көрсетушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2017 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      39. ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, пайдаланушылар мен басқа да ұйымдардың өкілдері бірлесіп әзірлейді.

      Жоспарлар ІҚО (Ж) үшін тағайындалған қолда бар күштер мен құралдардың мүмкіндігін ескеріп әзірленеді.

      ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары жауапкершілік аудандарын бөлу тұрғысынан, әуежай басшылары бекіткен әуежайларда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтармен үйлестіріледі.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2017 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2-параграф. Іздестіру-құтқару күштері, құралдарының және басқару

      органдарының кезекшілігін ұйымдастыру

      40. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету үшін мынадай кезекшіліктер ұйымдастырылады:

      1) іздестіру-құтқару ӘК мен экипаждардың;

      2) апат сигналдарын уақтылы қабылдау және тарату үшін ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының;

      3) ЖІҚК, авариялық-құтқару жасағы, құтқару жасағы, ПДҚТ және басқаларының;

      4) Үйлестіру орталығының және мемлекеттік авиацияның ҚҮО кезекші ауысымының;

      5) "КОСПАС-САРСАТ" халықаралық спутниктік жүйесінен ақпарат қабылдау пунктілерінің кезекші ауысымдарының кезекшілігі.

      41. Азаматтық авиацияда іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігі аэронавигациялық ұйымның азаматтық ӘК пайдаланушыларымен жасаған шарттарының негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік авиацияның кезекші іздестіру-құтқару ӘК бөлу тәртібін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Басқа іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын бөлу және олардың әзірлігін қамтамасыз ету тәртібі қарамағында осындай күштер мен құралдар бар уәкілетті орган басшысының шешімімен айқындалады.

      41-1. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің үш дәрежесі белгіленеді:

      1) № 1 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК дереу ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, электрмен қоректендірудің жерүсті көздері қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және дереу пайдалануға дайын;

      ұшу құрамы, ҚПДТ (бар болса) әуе кемесінің ішінде, ал техникалық құрам – әуе кемесінің жанында;

      экипаждарға тапсырма берілді және қажет болғанда ұшу кезінде радио бойынша нақтыланады, экипаж командирі ұшуды басқару пунктімен радиобайланыста болады;

      ЖІҚК тапсырмаларды орындау үшін дереу шығуға әзір тұрады;

      тікұшақтың ұшып шығуы және ЖІҚК шығуы 10 минуттан кешіктірілмейді;

      ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 15 минуттан соң;

      2) № 2 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, авариялық-құтқару мүлкі ӘК бортында және пайдалануға дайын;

      ұшу құрамы және техникалық құрам, ҚПДТ (бар болса) ӘК-ге жақын арнайы бөлінген жерде;

      экипаждарға ұшып шығуды ұйымдастыру және іздестіру тәсілі бойынша нұсқаулар берілді;

      іздестіру бойынша тапсырма ұшар алдында және қажет болғанда ұшу кезінде нақтыланады;

      ҚПДТ жеке құрамы бөлімше басшысы белгілейтін жерде болады, ҚПДТ мүлкі мен керек-жарақтары салынды және тапсырмаларды орындауға шығуға дайындалған көлік құралына тиелген, көлік құралдарының орналасқан орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген;

      тікұшақтың ұшуы және ҚПДТ шығуы команда берілгеннен кейін 20 минуттан кешіктірілмейді;

      ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 30 минуттан кешіктірілмейді;

      3) № 3 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК, автомобильдер және тағы басқа іздестіру-құтқару құралдары пайдалануға дайын және белгіленген жерлерде (әуеайлақтарда, тұрақтарда немесе гараждарда) тұрады;

      ұшу құрамы, техникалық құрам, ҚПДТ және ЖІҚК жеке құрамы сабақта, жұмыста және демалыста;

      мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста 45 минуттан кешіктірілмейді; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің іздестіру-құтқару ӘК-нің № 3 әзірліктен ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда 2 сағат 30 минутты және қыста 3 сағатты құрайды.

      Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен ұшып шығу уақыты команда берілген соң жазда 1 сағаттан және қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.

      Ескертпелер:

      1. Мемлекеттік авиация экипаждары үшін:

      1) № 3 әзірліктен № 2 әзірлікке өту уақыты – 10 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 10 минут);

      2) № 3 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 20 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 20 минут).

      3) № 2 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 10 минут.

      2. Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен № 1 және 2 әзірлікке өту уақыты жазда 1 сағаттан, қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.

      3. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының:

      № 1 әзірлікте болу уақыты 2 сағаттан аспайды;

      № 2 әзірлікте болу уақыты тәулік бойы (2 тәуліктен аспайды);

      кейіннен № 3 әзірлікке ауысып, кезекшілік атқарғанда ұшу кезінде ғана № 2 әзірлікте болу уақыты – 7 тәулік (мемлекеттік авиация экипаждары үшін);

      мемлекеттік авиация экипаждары мен азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірлікте (тұрақты орналау орындарынан тыс) болу уақыты 15 тәуліктен аспайды.

      Ескерту. Қағидалар 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, іздестіру-құтқару ӘК-нің кезекшілікті ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес атқаруын күн сайын бақылауды жүзеге асырады.

      АНҚ көрсетушімен шарт жасасқан кезекші іздестіру-құтқару ӘК-сін пайдаланушылар күн сайын Үйлестіру орталығына белгіленген уақытта кезекшілікке шыққан іздестіру-құтқару ӘК экипаждары туралы, іздестіру-құтқару ӘК-сінің ұшуды орындауға әзір екені туралы мәліметті баяндайды.

      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43. Іздестіру-құтқару экипажы кезекшілікке шығар алдында ӘК тиесілі авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінің басшысы (немесе оның орынбасары) (мемлекеттік авиацияда – тікелей бастық немесе оның орынбасары не құрылымдық бөлімшенің командирі) нұсқау береді. Нұсқау барысында іздестіру-құтқару экипажы:

      1) кезекшілікке тапсырма алады;

      2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды белгілейді;

      3) іздестіру және құтқару ауданының шекараларын, кезекшілік уақытына арналған ұшу жоспарын нақтылайды.

      Іздестіру-құтқару ӘК экипажы авиакомпанияның (пайдаланушының) тұрақты орналасу орнынан (мемлекеттік авиацияда – тұрақты орналасу пунктінен) тыс жерде болған жағдайда, нұсқауды байланыс құралдарын пайдалана отырып беруге рұқсат беріледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      44. Кезекшілікке түсер алдында іздестіру-құтқару экипажы:

      1) іздестіру-құтқару ӘК кезекші экипажының нұсқаулығын зерделейді;

      2) нормативтік құқықтық актілердің іздестіру және құтқару жөніндегі талаптарын зерделейді;

      3) іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшар алдындағы дайындығын өткізеді;

      4) іздестіру-құтқару ӘК-нің бортындағы авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтарының бар болуын және олардың жай-күйін тексереді;

      5) ауа райының іс жүзіндегі жай-күйін және болжамын зерделейді;

      6) байланыс арналарының жарамдылығын тексереді.

      45. Іздестіру-құтқару экипаждарының кезекшілік атқаруға әзірлігін бақылауды ӘК пайдаланушының ұшу қызметінің басшысы не оның орынбасары (мемлекеттік авиацияда – тікелей бастық не оның орынбасары) жүзеге асырады.

      46. Кезекшілікке бөлінген іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын іздестіру мен құтқару мақсаттарынан басқа, Әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 4-қосымшада көзделген шартты белгіленуі HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04 мақсаттарына, "ОК" литері және "ПК" литері, сәйкес ұшуды орындау үшін пайдалануға жол беріледі бұл ретте жауапкершілік аудандарын іздестіру мен құтқарудың іргелес аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қамтуы шарт.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Авиациялық іздестіру және құтқару күштері мен құралдарының құрамына кіретін ПДҚТ түрлі климаттық географиялық жағдайларда күндіз де, түнде де парашютпен секіруге әзір болуы тиіс.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. Мемлекеттік авиацияның ЖІҚК басшысы бұйрықпен тағайындалады, ол ауысымға түсер алдында:

      1) команданың жеке құраммен жасақталғанын;

      2) топ құрамының ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі өз міндеттерін білуін;

      3) қажетті жеке жарақпен жабдықталғандығын және олардың барын;

      4) көлік құралдарының даярлығын және автомобиль жолдары схемасының бар болуын;

      5) байланыс құралдарының жарамдылығын;

      6) авариялық-құтқару мүлкінің бар болуын және олардың жай-күйін тексереді.

      3-параграф. Іздестіру-құтқару экипажының персоналына және

      іздестіру-құтқару әуе кемесіне қойылатын талаптар

      49. Мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына жерүсті және ұшу дайындығынан өткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Авиациялық персоналға куәлік беру және жарамдылық мерзімін ұзарту қағидасына сәйкес алған арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы тағайындалады.

      Мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына әскер түрлерінің жауынгерлік даярлық курсына сәйкес алған арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы кіреді.

      50. Іздестіру-құтқару ӘК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құтқару мүлкімен және жарағымен жарақталады.

      4-параграф. ЖІҚК, ПДҚТ қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен

      жарақталуына қойылатын талаптар

      51. ПДҚТ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес техникалық құралдармен жарақталады.

      52. ЖІҚК осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық құралдармен жарақталады.

      53. ПДҚТ мен ЖІҚК жарақтандыру азаматтық қорғау саласындағы және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға көрсетілген мемлекеттік органдардың жеке құрамын жарақтандыруға және күтіп-ұстауға бөлінген бюджеттік қаражат шегінде жүзеге асыралады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5-параграф. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе

      кемелері туралы хабарламаларды қабылдауды және таратуды ұйымдастыру

      54. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын уақтылы табу және оларға көмек көрсету үшін "Апатқа ұшырадым" дегенді білдіретін "СОС" – телеграфтық бірыңғай халықаралық кодтық сигналы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы "SOS"), МЭЙДЕЙ – радиотелефондық (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы MAYDAY), сондай-ақ авиациялық Щ-кодта көрсетілген қауіп туралы шұғылдық және ескерту сигналдары орнатылған.

      55. Апат туралы хабарды қабылдау үшін әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында), ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарында 121,5 МГц жиілігінде авариялық арна ұйымдастырылады.

      56. Апат сигналдары әуе кемесінің бортындағы байланыс, хабар беру және пеленгация құралдарымен:

      1) аса жоғары толқынды (бұдан әрі – АЖТ) және қысқа толқынды (бұдан әрі – ҚТ) радиостанциялармен телефон режимінде;

      2) ҚТ радиостанциялар – телеграф режимінде (экипажда борт радист бар болған жағдайда);

      3) тану аппаратурасымен;

      4) қайталама радиолокация аппаратурасымен беріледі.

      57. Апат туралы сигнал беру осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ашық мәтінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      58. ӘК экипажынан апат туралы хабарлама алған барлық жерүсті радиостанциялары оған апат сигналын қабылдағаны туралы дереу растау жіберіп, онымен сенімді радиобайланыс орнату шараларын қабылдайды және сол жиілікте басқа радиостанциялармен радиоалмасуды тоқтатады.

      59. Апат сигналын қабылдаған ӘК экипажы апат сигналын қабылдағаны туралы растау таратады және бұл туралы дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды.

      60. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-мен радиобайланыс орнатқан ӘК экипажы сол экипаждан алған хабарламаны ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ретрансляция жасайды және оған өз әуе кемесінің ұшуы, жолаушылары мен экипажы үшін қатер төндірмей, қолдан келген көмегін көрсетеді.

      Апатты көзімен көрген ӘК экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына өзінің бақылауы және апат орын алған орынның координаттары туралы баяндайды, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған ӘК-мен байланыс орнатып, оның жай-күйін анықтайды және координаттарын нақтылайды, байланыстың мүмкін деген барлық құралдарын қолданып, бақылау нәтижелері туралы жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) пунктіне баяндайды.

      60-1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипажының әрекеті:

      1) ӘК командирі (бұдан әрі – ӘКК) ұшып келе жатқан ӘК бортындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

      2) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық авариялық жағдайларда ӘК экипажы апат сигналын береді. Сигнал беру тәртібі осы Қағидаларға 11-қосымшада айқындалған.

      Апат сигналдары апат уақытында қолданылып отырған ӘҚҰ (ӘҚБ) ұйымдарымен байланыс арнасының жұмыс істеу жиілігінде, сондай-ақ 121,5 МГц халықаралық авариялық жиілігінде (әуе кемесін басып алу кезінде де пайдаланылатын) радиотелефон режимінде немесе теңіз қызметтерінен көмек сұраған кезде 500 кГц немесе 2182 кГц және 8364 кГц жиіліктерінде радиотелефон режимінде беріледі;

      3) әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдау кезінде ӘКК экипаждың барлық мүшелері мен жолаушыларға бұл туралы ескертеді және олардың одан әрі іс-қимылдарының тәртібі туралы нұсқау береді;

      4) мәжбүрлі қону кезінде экипаж жерге қонуға (суға қонуға) дейін жер бетіндегі (кеме) радиостанциялармен радиобайланыс жүргізеді, ал үзілістерде хабар таратқыштарды қосылған күйінде (батырмасы қосылған) ұстайды.

      Пеленгілеу сигналдарын автоматты түрде беру құралдары да, егер олар болса тұрақты жұмыс режиміне қосылады.

      Ескерту. Қағидалар 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      60-2. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жүзеге асырған ӘК экипажы мына тәртіппен әрекет етеді:

      1) дереу жолаушыларды ӘК-ден қауіпсіз қашықтыққа шығарады;

      2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      3) өзінің орналасқан жерін анықтайды немесе нақтылайды;

      4) жақын арадағы әуеайлақпен, жердегі немесе ұшақ радиостанциясымен байланыс орнату бойынша шара қабылдайды;

      5) жақын арадағы әуеайлаққа немесе жергілікті атқарушы органдарға мәжбүрлі қону уақыты, орны және жолаушылар мен экипаждың, әуе кемесінің жай-күйі және қажетті көмек туралы хабарлайды;

      6) өрт болған жағдайда борттық және қолда бар өрт сөндіру құралдарының көмегімен мүмкіндігінше өртті сөндіреді.

      Әуе кемесі мәжбүрлі қонған жердегі барлық жұмыстарға ӘКК басшылық жасайды, егер ӘК ұшуға пайдалану жөніндегі басшылық (экипаж нұсқаулығы) өзгеше тәртіп белгілемеген болса, ӘК-ден соңғы болып кетеді.

      Мәжбүрлі қону аумағында қалу немесе кету туралы шешімді ӘКК қабылдайды.

      Ескерту. Қағидалар 60-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      60-3. Апатқа ұшыраған ӘК-нің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ӘКК кемені, жүкті, багажды, поштаны тасымалдау бойынша шаралар қабылдайды және басқа да қажетті шараларды жүргізеді.

      Ескерту. Қағидалар 60-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      60-4. ӘК суға мәжбүрлі қонған жағдайда одан тоқтағаннан кейін және ӘКК-нің бұйрығы бойынша шығу керек. Бұл ретте:

      1) экипаж мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін киюі және ӘК-ден шығар алдында газбен толтырылған жүйені қосуы;

      2) суға топтық құтқару су құралдарын жіберу;

      3) барлық адамдарды ӘК-ден салдарға жіберу қажет, жараланғандар мен балалар бірінші кезекте жіберіледі;

      4) жүзу құралдарына қолда бар азық-түлік, су және жарақтар қорын тиеу;

      5) ӘК-ден қауіпсіз арақашықтыққа ол суға батып кеткенше жүзіп кету қажет.

      Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге көмек көрсету үшін бағытталған авариялық-құтқару көлік құралдары су бетінде қозғалыстың барлық түрлері алдында басымдыққа ие.

      Ескерту. Қағидалар 60-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      61. Әуеайлақтан тыс жерге амалсыз қонғаннан кейін апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж авариялық радиоқұралдарды жұмысқа дайындайды. Бұл ретте байланыс апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипажда мүшелерінде бар авариялық-құтқару радиоқұралдарының түріне қарай 121,5 МГц (243 МГц), 2182 кГц жиілігінде немесе теңіз күштерінен көмек сұраған жағдайда 8364 КГц жиілігінде жүзеге асырылады.

      62. Іздестіру-құтқару ӘК-нің дыбысы пайда болған немесе оны көзбен шолып қадағалау кезінде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-нің экипажы апат туралы таратуы және онымен екі жақты радиобайланыс орнатуы керек, егер екі жақты байланыс орнату мүмкін болмаса, апат туралы хабар таратуды 1,5-2 минут ішінде келтіру үшін сигналдар таратумен ("Маяк" режимі) кезектестіреді; ӘК экипажымен екі жақты байланыс орнатылған кезде радиостанция жұмысының одан кейінгі тәртібін іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.

      63. Топтық пайдаланымдағы ҚТ-радиостанциясымен жұмыс кезінде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж мынадай тәртіппен әрекет етеді:

      1) құрлықта:

      мәжбүрлі қонғаннан кейін, радиостанция мен оның антенналарын өрістеткен соң апат туралы хабарлама әрбір таратқан сайын 3 минутқа қабылдау режиміне көше отырып, 8364 кГц жиілікте телеграф және телефон режимінде апат туралы хабарламаны үш реттік тарату жүргізіледі;

      мәжбүрлі қонғаннан кейін алғашқы тәуліктердің әрбір сағатының басында 10-12 минут ішінде "СОС" сигналын автоматты түрде тарату режимі іске қосылады, қалған уақытта радиостанция телеграф режимінде қабылдауға қосылады.

      Келесі тәуліктерде әрбір сағаттың басында радиостанция 5 минутқа "СОС" сигналын автоматты түрде тарату режиміне қосылады, одан кейін 5 минут телеграф режимінде қабылдау жүзеге асырылады. Қалған уақытта радиостанция өшіріледі.

      2) теңізде:

      мәжбүрлі қонғаннан (суға қонғаннан) кейін радиостанция мен оның антенналарын өрістеткен соң апат туралы хабарлама әрбір таратқан сайын 3 минутқа қабылдау режиміне көше отырып, 8364 кГц жиілікте телеграф және телефон режимінде апат туралы хабарламаны үш реттік тарату жүргізіледі;

      8364 кГц жиілікте апат туралы хабарлама берілгеннен кейін 2182кГЦ жиілігінде телефон режимінде апат туралы хабарламаны үш реттік тарату жүргізіледі;

      әрбір сағаттың келесі 1-минутынан 3-минутына дейін және 31-минутынан 33-минутына дейін әрбір берілген сайын қабылдау режиміне көше отырып, 2182 КГц жиілікте апат туралы хабарлама қайталанады.

      Екі жақты радиобайланыс орнатылған кезде кейінгі жұмыс қабылданған нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

      64. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажымен 121,5 МГц жиілігіндегі байланысты іздестіру ауданына бірінші болып жеткен ӘК немесе корабль (кеме) орнатады.

      Кейіннен апатқа ұшыраған экипажбен екі жақты байланыс тек ІҚО (Ж) басшысының нұсқауы бойынша 121,5 МГц жиілігінде жүзеге асырылады.

      ЖІҚК бағыттау ІҚО (Ж) басшысы көрсеткен арнада жүзеге асырылады, ал ЖІҚК және ПДҚТ-ның апатқа ұшырағандармен тікелей байланысқа шығуы 121,5 МГц арнасында жүзеге асырылады.

      65. ІҚО (Ж)-ге қатысатын ӘК, теңіз және өзен корабльдері өздерінің арасындағы өзара іс-қимыл мақсатында радиобайланысты 130 МГц жиілігінде жүзеге асырады.

      66. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару ІҚО (Ж) басшысы белгілеген арнада жүзеге асырылады:

      1) әуеайлақ ауданында ӘҚҚ, ӘҚБ органдарының жұмыс жиілігінде;

      2) авариялық жиілікте - 121,5 МГц;

      3) арнайы бөлінген жиілікте - 123,1 МГц.

      67. ПДҚТ өзінің шақыру белгісі ретінде 10-нан 19-ға дейінгі, ал ЖІҚК - 20-дан 29-ға дейінгі екі мәнді сандық индексті қоса отырып, тұрақты орналасатын әуеайлақтың трассалық шақыру белгісін пайдаланады.

      68. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін азаматтық авиацияда ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету АНҚ көрсетуші филиалының (өкілдігінің) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің басшысына (бұдан әрі – РТЖБП) жүктеледі.

      Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету үшін барлық байланыс құралдарын дереу қолдану және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету ұшу басшысының (ӘҚҚ аға диспетчерінің) немесе ӘҚБ органының лауазымды адамының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      69. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмек көрсету үшін телефон және телеграфтық байланыс арналарын ұсыну бірінші кезекте жүргізіледі.

      Апат туралы хабарлама – басқа хабарламаларға қарағанда басымдығы бар хабарлама.

      70. Экипаждың апаттың алдын алу үшін қолданған шаралары нәтижесінде әуеайлаққа дейін әрі қарай ұшудың қауіпсіздігіне сенімділік туындаса, дереу қауіптің жойылғаны туралы хабарлама тарату қажет.

4. Оқыту және оқу-жаттығулар

      1-параграф. Іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығының мамандарын,

      іздестіру-құтқару әуе кемелерінің үйлестірушілерін және

      іздестіру-құтқару операцияларының (жұмыстарының) үйлестірушілерін

      даярлау жөніндегі талаптар

      71. Үйлестіру орталығының мамандары оқудан, жұмыс орнында тағылымдамадан және біліктілігін тексеруден өтеді.

      Үйлестіру орталығының мамандарын оқыту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша даярлауды қамтиды.

      72. Оқыту аяқталғаннан кейін Үйлестіру орталығының мамандарына ІҚО (Ж) (SMC) үйлестірушісі біліктілігі беріледі.

      73. Үйлестіру орталығының мамандарын жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуді және біліктілігін тексеруді нұсқаушылар мен Үйлестіру орталығының бастығы жүргізеді.

      74. ӘК үйлестірушілерін даярлау және біліктіліктерін арттыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      Оқыту аяқталғаннан кейін АНҚ көрсетуші мамандарына ӘК үйлестірушісі біліктілігі беріледі.

      Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      75. Үйлестіру орталығы өз мамандарын даярлау, тағылымдамадан өткізу және қайта даярлау жоспарын бекітеді, сондай-ақ қайта даярлаудан уақтылы өткізуді есепке алуды жүргізеді.

      75-1. ІҚО (Ж) нұсқаушыларын даярлау және оқыту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен (келіскен) оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-параграф. ЖІҚК мен ПДҚТ даярлауға қойылатын талаптар

      76. ЖІҚК:

      1) арнайы даярлықтан;

      2) ІҚО (Ж)-ға алдын ала даярлықтан өтеді.

      77. ЖІҚК мыналарды атқара алуға тиіс:

      1) апат туралы хабарлама қабылдау және тарату;

      2) радиобайланыстың авариялық арналарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

      3) басқа іздестіру-құтқару командаларымен радиобайланыс жүргізу;

      4) борттық авариялық-құтқару мүлкін және авариялық құтқару құралдарын (мемлекеттік авиацияның ЖІҚК) қолдану;

      5) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын апат орнына бағыттауды жүзеге асыру;

      6) авариялық ӘК-ден зардап шеккендерді эвакуациялау және шығару, оларға дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен адамдарды апат орнынан эвакуациялау.

      78. ПДҚТ мыналарды атқара алуы керек:

      1) қиылысқан және жетуі қиын жерлерде жол көрсету, топографиялық картаны қолдану және азимут бойынша ауысу;

      2) ІҚО (Ж) жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, түрлі іздестіру тәсілдерін қолдану;

      3) апатқа ұшыраған ӘК-ден кемесіндегі зардап шеккендерді эвакуациялау және шығару, оларға дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсету;

      4) түрлі климаттық және физикалық-географиялық жағдайларда тірі қалу қағидаларын қолдану;

      5) әуе кемесіндегі өртті сөндіру тәсілдері мен құралдарын қолдану;

      6) іздестіру-құтқару ӘК-ні қондыру үшін алаң таңдау және таңбалау.

      79. ПДҚТ мүшелері түрлі климаттық және географиялық жағдайларда кез келген уақытта парашюттен секіруді орындауға даярлықтан өтеді.

      80. Медициналық қызметкер, егер ол ЖІҚК және ПДҚТ құрамында болса:

      1) тікелей апат орнында дәрігерге дейінгі көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

      2) эвакуациялау кезектілігін, тасымалдау түрін айқындау және апатқа ұшырағандарды медициналық мекемелерге уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз етуді атқара білуі керек.

      3-параграф. Оқу-жаттығулар өткізу

      81. ІҚО (Ж) тиімділігін арттыру үшін:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштерге оқу-жаттығу өткізу және құралдарды пайдалану;

      2) ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге қатысатын мамандардың және Үйлестіру орталығы персоналының басқа мемлекеттердің үйлестіру орталықтары мен іздеу және құтқарудың қосымша орталықтарына олармен байланыс орнату және сақтау мақсатында мерзімді баруы ұйымдастырылады.

      Оқу-жаттығулар ІҚО (Ж) жүргізу ықтималдығы елеусіз болған уақыт кезеңінде өткізіледі.

      Оқу-жаттығуға қатысушы мемлекеттердің ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жауапты уәкілетті органдары өздерінің іздестіру-құтқару қызметі органдарының және басқа мемлекеттердің осыған ұқсас іздестіру-құтқару органдарының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығуларын жүргізу іс-шараларын ұйымдастырады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      82. Оқу-жаттығулар:

      1) нақты авариялық жағдайда сенімділікті қамтамасыз ету үшін барлық іздестіру-құтқару күштері арасындағы орнатылған байланыс арналары мен құралдарын кезең-кезеңімен пайдалануға байланысты байланысқан оқу-жаттығулар;

      2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын ішінара өрістете отырып әзірленген жоспар-сценарийлер негізінде дағдарыс жағдайына ден қою шараларының имитациясын болжайтын үйлестіру оқу-жаттығулары;

      3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК имитацияланған объектіні іздестіру мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында көзделген іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын қатыстырып өткізілетін толық ауқымды (далалық) оқу-жаттығулар болып бөленеді.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      83. Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген оқу-жаттығуларды өткізу туралы шешімді (олардың мақсаты мен өткізу жоспарын әзірлеуді қоса алғанда) Үйлестіру кеңесінің басшысы қабылдайды.

5. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу тәртібі

      1-параграф. Авариялық хабардар ету

      84. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары, пайдаланушылар, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпарат алған кезде қажетті көмек көрсету бойынша мүмкін болатын барлық шараларды қолданады және ІҚО (Р) жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, ӘК пайдаланушыларын дереу хабардар етеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға хабарлайды.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      85. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар ӘК-нің апатқа ұшырауы жөнінде өздеріне белгілі болған барлық жағдайлар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлайды.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      86. ӘҚҚ органдарының диспетчерлері, ӘҚБ органдарының лауазымды адамдары ӘК апаты туралы хабарды алған кезде ӘК-ні табу, оның координаттарын айқындау, онымен радиобайланыс орнату, апаттың сипатын және ӘК командирінің одан кейінгі іс-қимылдар туралы шешімін анықтау үшін дереу шаралар қабылдайды. Қабылданған ақпаратты белгіленген схема бойынша хабарлауды жүргізетін ӘҚҚ органының ұшу басшысына (аға диспетчеріне) немесе ӘҚБ органы басшысына дереу баяндайды.

      87. Үйлестіру орталығы, ұшу басшысы, ӘҚҚ органдарының диспетчерлері апат туралы хабарды қабылдаған кезде ол туралы мемлекеттік авиация басқармасының пунктін хабардар етеді.

      88. Авариялық хабардар ету белгіленген схемалар бойынша жүргізіледі.

      2-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу

      кезінде шешім қабылдау және басқару жүйесі

      89. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде шешім қабылдау және басқару жүйесі мына деңгейлерге бөлінеді:

      1) ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңі;

      2) ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңі;

      3) ІҚО (Ж)-ның аяқталу (тоқтату) кезеңі.

      90. ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңінде іс-қимылды үйлестіру мен шешім қабылдауды Үйлестіру орталығы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келісу бойынша, қажет болған жағдайда мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңі уақыт бойынша қайсысының бұрын басталуына қарай, апаттық кезең басталған сәттен жедел штаб жұмысы басталғанға дейін немесе апаттық кезең жабылғанға дейін тарайды.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      91. ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңінде ІҚО (Ж) басшысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен және қажет болған жағдайда Үйлестіру орталығымен және мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

      ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңі жедел штаб жұмысы басталғаннан (оның алғашқы кеңесінен) бастап авариялық кезең жабылғанға дейін тарайды.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      92. ІҚО (Ж) аяқталу кезеңінде ІҚО (Ж) басшысы авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның басшысымен өзара іс-қимылда шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

      ІҚО (Ж) тоқтату және осындай тоқтатуға байланысты іс-қимылдар туралы шешім қабылдауды ӘК иесі мен жедел штаб басшысының ӘК-ні, оның жолаушылары мен экипажын іздестіруді тоқтату туралы келісімі бойынша авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның басшысы қабылдайды.

      3-параграф. Авариялық кезең уақытындағы

      Үйлестіру орталығы іс-қимылдарының тәртібі

      93. Авариялық кезеңдегі ӘК туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиация ҚҮО-мен бірлесіп:

      1) қабылданған ақпаратты бағалайды;

      2) талап етілетін операцияның ауқымын айқындайды және іс-қимылдардың бастапқы жоспарын әзірлейді;

      3) іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді.

      94. Іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда берген кезде мыналар ескеріледі:

      1) олардың орналасқан жерлерінің апат ауданынан алыстығы;

      2) метеорологиялық, климаттық жағдайларға, жергілікті жердің бедері мен ондағы кедергілердің болуына қарай авиациялық, жерүсті құралдарын қолдану мүмкіндіктері.

      95. ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдары ӘК-нің авариялық кезеңде екені нақтыланған кезде Үйлестіру орталығын, мемлекеттік авиация ҚҮО-ны хабарландырады.

      96. Егер авариялық кезеңдегі ӘК жөніндегі ақпарат ӘҚҚ органдарынан емес, басқа ақпарат көздерінен қабылданған болса, Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиация ҚҮО-мен бірлесіп, аталған жағдайдың авариялық кезеңнің қайсысына жататындығын айқындайды.

      97. Айқынсыздық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен бірлесіп, келіп түскен ақпаратты бағалайды.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      98. Алаңдаушылық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы бұл туралы дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосын хабардар етеді.

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы алаңдаушылық кезеңінің туындағаны туралы ІҚО (Ж) басшысын тағайындау үшін болжамды іздестіру мен құтқару ауданының өзінің аумақтық бөлімшесінің кезекші қызметін хабардар етеді.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      99. Апат кезеңі басталған кезде Үйлестіру орталығы:

      1) ӘК тұрған орынды анықтайды, оның тұрған орнын анықтау кезінде болуы мүмкін қатенің шамасын айқындайды және осы деректердің негізінде іздестіру аймағының көлемін айқындайды;

      2) Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен бірлесіп, болжамды іздестіру мен құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтар арқылы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын дереу әрекетке кірістіреді, сондай-ақ жағдайдың дамуын бағалау негізінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;

      3) апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысын хабардар етеді және операцияның барысы туралы ақпарат береді (ол туралы ақпарат бар болса);

      4) көмегі талап етілуі мүмкін немесе аталған операция оған қатысты болуы мүмкін шекаралас мемлекеттердің іргелес аумақтарының Үйлестіру орталығына (қажет болған кезде) хабарлайды;

      5) егер авариялық жағдай туралы ақпарат басқа дереккөзден қабылданған болса, тиісті ӘҚҚ органын хабарландырады;

      6) қолда бар ақпарат негізінде ІҚО (Ж) өткізу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын жасайды және оны мемлекеттік авиация ҚҮО-мен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келіседі;

      7) авиациялық оқиғаны тексеруді ұйымдастыру, ӘК тіркеу мемлекеті мен пайдаланушы мемлекеті үшін ақпарат ұсыну үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Ескерту. 99-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      99-1. Орналасқан жері туралы ешқандай мәліметтер жоқ және Қазақстан Республикасына жататын іздестіру және құтқару аудандарында және іргелес мемлекеттердің іздестіру және құтқару аудандарында болуы мүмкін ӘК-ге қатысты авариялық кезеңдерді жариялау кезінде одан әрі іс-қимылдарды және іздестіру-құтқару шараларын үйлестіру бойынша Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшаны басшылыққа алу қажет.

      Ескерту. Қағидалар 99-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      100. Апат кезеңі туралы хабарландырудан кейін Үйлестіру орталығы оған тартылған ІҚО (Ж)-ның қатыстырылған жедел штабтарына авариялық кезеңнің барлық жағдаяттары мен оқиғалардың әрі қарай дамуы туралы ақпараттандырады.

      101. Авариялық кезеңге қатысты кез келген ақпаратты алған ІҚО (Ж) жедел штабтары оларды Үйлестіру орталығына тапсырады.

      102. Үйлестіру орталығы жауапкершілік аймағында авариялық кезеңдегі ӘК бар ӘҚҚ органына оны осы ӘК-ге тапсыру үшін қабылданған іс-қимылдар туралы ақпаратты жолдайды.

      103. Айқынсыздық, алаңдаушылық және апат кезеңдері үшін Үйлестіру орталығы мамандары іс-қимылдарының бақылау тізбесі Осы Қағидаға 6-қосымшада белгіленген.

      4-параграф. Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіру мен құтқаруды

      ұйымдастыру кезінде іздестіру мен құтқару ауданының ІҚО (Ж) жедел

      штабы іс-қимылының тәртібі

      104. Іздестіру мен құтқару аудандарында ІҚО (Ж)-ны тікелей басқаруды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жанынан құрылған ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік аудандарының ІҚО (Ж) жедел штабтары (бұдан әрі – Жедел штаб) жүзеге асырады.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      105. Жедел штаб өзінің жауапкершілік ауданы шегінде ІҚО (Ж) жүргізу жоспарын әзірлейді. Штаб 1:1000000 (іздестіру ӘК-нің радиотехникалық іздестіруді жүргізуі үшін); 1:500000 (іздестіру ӘК-нің көзбен шолып іздестіруді жүргізуі үшін); 1:200000 (ЖІҚК-ның көзбен шолып іздестіруді жүргізуі үшін) масштабтағы жауапкершілік ауданы карталарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

      106. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару процесінде жедел штаб:

      1) зардап шеккендерді тез табу және дереу көмек көрсету мақсатында барлық бөлінген іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылдарын ұйымдастырады;

      2) іздестіру-құтқару ӘК-ні апат орнына бағыттайды;

      3) отын қорын, тәуліктің жарық уақытын, сондай-ақ, метеожағдайдың нашарлауы жағдайындағы іс-қимылды ескере отырып, әрбір іздестіру-құтқару экипажы үшін іздестіру ауданын айқындайды.

      107. ІҚО (Ж)-ны басқару кезінде ІҚО (Ж) бойынша жауапкершілік ауданының ІҚО (Ж) штабының негізгі міндеттері:

      1) іздестіру мен құтқару жүргізу кезінде әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылдарын тікелей басқару;

      2) іздестіру мен құтқаруға тартылған күштер мен құралдардың үйлескен іс-қимылдарын қамтамасыз ету;

      3) іздестіру мен құтқару процесінде күштер мен құралдарды өсіруді қамтамасыз ету болып табылады.

      108. ІҚО (Ж) өткізуді тікелей басқаратын жедел штабтар:

      1) өздеріне бағынысты органдарға нұсқау береді және осы нұсқаулар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына хабарлайды;

      2) Үйлестіру орталығын оқиғалардың дамуы туралы ақпараттандырады;

      3) қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы арқылы іздестіру мен құтқару үшін қосымша әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын сұратады;

      4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына және Үйлестіру орталығына күн сайын ІҚО (Ж)-ның орындалу барысы туралы есеп береді.

      Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

      109. Жедел штабтардың нұсқау беруі және ұшудағы іздестіру-құтқару ӘК-ден ақпарат қабылдауы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары немесе ӘК үйлестіруші арқылы жүзеге асырылады.

      5-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарды) орындау

      кезінде іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарының іс-қимылдары

      110. Іздестіру-құтқару ӘК экипажы ұшып шығуға команда алысымен дереу ұшу алдындағы дайындыққа кіріседі, оның процесінде:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды және ұшу карталарын алу және ресімдеу;

      2) ұшу ауданындағы метеожағдай мен ауа райы болжамы туралы ақпаратты алу;

      3) апатқа ұшыраған ӘК іздеу ауданын, үлгісі мен нөмірін нақтылау;

      4) радиобайланыс жүргізу тәртібін нақтылау;

      5) ӘК-нің іздестіру радиоаппаратурасының даярлығын, авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтарының бар болуы мен жай-күйін нақтылау;

      6) ПДҚТ міндеттерін және ПДҚТ-мен өзара іс-қимыл тәртібін және экипаждағы міндеттерді нақтылау;

      7) ұшып шығуға даярлығы туралы хабарлау қажет.

      111. Шұғыл түрде ұшып шығу кезінде кезекші іздестіру-құтқару экипаждары "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес ӘҚҚ органдарына ұшу жоспарын ұсынбай іздестіруге ұшып шығуы мүмкін. Бұл ретте іздестіру міндеттерін қою, апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК мен экипаж туралы, метеожағдай, ұшу бағыты мен биіктігі, әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштерімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы деректерді нақтылау және басқа ақпаратты тарату экипаж ұшып көтерілгеннен кейін радио арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      112. Іздестіру-құтқару экипаждарының бұдан кейінгі ұшып шығуын ұйымдастыру кезінде міндеттер қоюды, мүмкіндігінше, ұшып шығу алдында ӘК үйлестірушісі арқылы ІҚО (Ж) басшысы жүргізеді, ал ұшу алдындағы дайындық процесінде көзбен шолып іздестіру үшін іздестіру ауданын жан-жақты зерделей отырып, ұшу карталары қосымша дайындалады.

      113. Іздестіру-құтқару ӘК ұшуына диспетчерлік қызмет көрсетуді ӘК ұшып бара жатқан жауапкершілік ауданындағы ӘҚҚ органы жүзеге асырады, ал бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

      114. ӘҚҚ органы ІҚО (Ж) басшысын немесе ӘК үйлестірушісін іздестіру экипаждарының ұшып шығуы және жұмысы туралы хабардар етеді.

      115. Ұшып көтерілу және берілген биіктікке жеткеннен кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы:

      1) іздестіру аппаратурасының борттық кешенін іске қосады (бар болса);

      2) ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен радиобайланысты тоқтатпай тұрып, тыңдау үшін байланыстың авариялық арнасын іске қосады;

      3) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне нұсқаулықта айтылған уақыттық мерзімде, бірақ 15 минуттан сиретпей іздестіру нәтижелері туралы баяндайды.

      116. Іздестіру ауданына шығу барлық навигация құралдарын кешенді пайдалана отырып, сондай-ақ:

      1) авариялық радиостанцияның жұмысы кезінде – іздестірудің радиотехникалық құралдарының көмегімен;

      2) апатқа ұшырағандармен радиобайланыс бар болған кезде – олардың нұсқауы бойынша;

      3) апат орнында басқа ӘК бар болған кезде – оның нұсқауы бойынша;

      4) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының командалары бойынша жүзеге асырылады.

      117. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық құралдарды қолданумен іздестіру негізгі іздестіру әдісі болып табылады. Апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК-ні радиотехникалық іздестіруді орындау әдістемесі осы Қағидаларға 7-қосымшаның 2-бөлімінде келтіріледі.

      118. Іздестіру-құтқару ӘК-нің авариялық радиомаяктан (радиобуй) ұшып өту уақыты мен орны туралы экипаж өзі байланыста болған ӘҚҚ органына баяндайды және апатқа ұшырағандарды көзбен шолып табу үшін төмендеуге рұқсат беруді сұрайды.

      119. Егер радиотехникалық іздестіру нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, іздестіру-құтқару ӘК командирінің шешімі бойынша (қажет болған кезде ІҚО (Ж) басшысымен келісу бойынша) визуалды іздестіру жүргізіледі. Іздестірудің қолданылған әдісіне (радиотехникалық немесе визуалды) қарамастан, іздестірудің алғашқы екі күнінде ұшу борттық іздестіру аппаратурасының іске қосылған кешенімен (бар болса) орындалады.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      120. Көзбен шолып іздестіру көзбен шолып іздестіру палеткаларын пайдалана отырып, берілген квадраттар бойынша жүзеге асырылады. Іздестіру ауданын квадраттарға бөлуді ІҚО (Ж) басшысы немесе ӘК үйлестірушісі жүзеге асырады. Іздестіру ауданын квадрат бойынша зерттеудің кезектілігі іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажына ұшу алдында немесе ұшып шыққаннан кейін радиобайланыс арналары арқылы көрсетіледі.

      Көзбен шолып іздестіруді орындау әдістемесі осы Қағидаларға 7-қосымшаның 4-бөлімінде келтірілген.

      121. Көзбен шолып іздестіру кезінде экипаж құрамына бақылаушылар кіреді. Іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі әрбір экипаж мүшесі мен бақылаушыға ұшып өтетін жерді қарау секторларын айқындайды.

      122. Іздестіру-құтқару ӘК-нің радиотехникалық іздестіру кезіндегі ұшу биіктігі мынадай шектерде тағайындалады:

      1) В және С санатты ұшақтар үшін – 3000-8100 м.;

      2) А санатты тікұшақтар мен ұшақтар үшін – 1200-2100 м.

      123. Іздестіру-құтқару ӘК-нің көзбен шолып іздестіру кезіндегі ұшу биіктігі мынадай шектерде тағайындалады:

      1) В және С санатты ұшақтар үшін – жергілікті жер бедерінің үстінен 500-600 м.;

      2) А санатты тікұшақтар мен ұшақтар үшін – жергілікті жер бедерінің үстінен 100-300 м.

      124. Ашық ауа райы кезінде жергілікті жердегі объектілерді көзбен шолып табудың қашықтығы осы Қағидаларға 8-да келтірілген.

      125. Көзбен шолып іздестіру кезінде бүйірлік жолақтарды 25 % жаба отырып, берілген іздестіру ауданын тұтас қарап шығу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта галстардың арасында мынадай қашықтықты ұстану қажет:

      1) қиылысқан жергілікті жер үстінде - 0,5 шақырым;

      2) орман үстінде - 1 шақырым;

      3) қалың орман үстінде - 0,5 шақырым;

      4) ашық жер үстінде - 2 шақырым.

      Галстардың ұсынылатын ұзындығы - 10-20 шақырым.

      126. Қиылысқан жергілікті жер үстінен және қалың орманның үстінен көзбен шолып іздестіруді бастау алдында немесе радиоіздестіру процесінде өрт ошақтарын, түтіндерді немесе болуы мүмкін апат орнының басқа да белгілерін табу мақсатында іздестіру ауданын жалпы қарап шығуды қамтамасыз ететін жоғары биіктікте шолып ұшу орындалады.

      127. Тауда іздестіру ұшуын орындау кезінде шатқалдар, аңғарлар, тау өзендері қаралады. Тау шыңдары мен бөктерлерін қарау барлық жағынан (көлденеңінен) жүргізіледі.

      128. Апатқа ұшырағандармен байланыс орнатылған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы олардан апат орны мен сипаты, физикалық жай-күйі және қажетті көмек туралы сұрайды, сигналдық немесе қолда бар құралдармен өзі туралы белгі бере отырып, авариялық радиостанцияны "Маяк" режиміне қосуға команда береді.

      129. Апат орны анықталған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажына:

      1) апат орнының координаталарын айқындау және картаға түсіру;

      2) ӘК бортындағы құралдардың көмегімен апат орнын белгілеу (мүмкіндігінше);

      3) радиомен немесе ӘК-нің эволюцияларымен апатқа ұшырағандарға олардың табылғандығы туралы осы Қағидаларға 9-ға сәйкес хабарлау;

      4) апатқа ұшырағандарға жедел көмек қажет, ал қонуды орындау мүмкін болмаған жағдайда, ПДҚТ, авариялық-құтқару мүлкі мен жарақтарын түсіру;

      5) басқа іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын бағыттауды қамтамасыз ету;

      6) егер отын қоры мүмкіндік берсе, ауыстырғанға немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчері апат ауданынан кету туралы нұсқау бергенге дейін апат ауданының үстінен ұшуды жалғастыру қажет.

      130. Су бетінде апатқа ұшыраған жолаушылар немесе ӘК экипажын тапқан кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы түтін, суды бояйтын маркерлер, жүзіп жүрген белгілер немесе ӘК бортында бар басқа құралдардың көмегімен апат орнын белгілеуді жүргізеді.

      131. Іздестіру-құтқару ӘК-нің экипажы апат орнын тапқан кезде радиобайланыс арналары арқылы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне:

      1) UTC бойынша сағатта және минутта анықталған уақытты, апат ауданының координаталарын;

      2) ӘК-нің жай-күйі мен жағдайын, авариялық ӘК-ден эвакуцияланған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің болуын және көрінетін жағдайын;

      3) радиобайланыс арналары бойынша апатқа ұшырағандарға жіберілген ақпаратты;

      4) апат ауданындағы ауа райын;

      5) жергілікті жер бедерінің бағасын және апатқа ұшыраған ӘК мен адамдар тұрған жер (су) бетінің жай-күйін (теңіз толқынын, мұз жағдайын);

      6) қозғалу құралдарын (су, теміржол, автокөлік, жегін көлік) пайдалану мүмкіндігін;

      7) апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін қабылданған іс-қимылдарды хабарлайды.

      6-параграф. Іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарының апатқа

      ұшырағандарға көмек көрсету және эвакуациялау бойынша іс-қимылдары

      132. Іздестіру-құтқару ӘК экипажы қону үшін алаңды таңдап, оның координаттарын ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчеріне хабарлайды. Қонғаннан кейін ол туралы баяндайды және апатқа ұшырағандарды эвакуациялау бойынша өз іс-қимылдарын ІҚО (Ж) басшысымен келіседі.

      ІҚО (Ж) басшысымен радиобайланыс болмаған кезде ӘК командирі апатқа ұшырағандардың қону және эвакуациялау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық факторларды ескере отырып, апатқа ұшырағандарды эвакуациялау тәсілін дербес таңдайды.

      Қону үшін алаң таңдау және оны орындау Қазақтан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларының және ӘК-ні ұшу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қонуды орындау мүмкін болмаған кезде іздестіру-құтқару ӘК командирі ПДҚТ-ны парашюттік тәсілмен жерге түсіреді немесе оларды ілініп тұру режимінен түсіру құрылғысының немесе шығырдың көмегімен тікұшақтан түсіреді.

      133. Қонғаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК командирі бірінші кезекте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық көмек көрсетуді және оларды жақын әуежайға немесе медициналық мекемеге эвакуациялауды ұйымдастырады.

      Дәрігерге дейінгі немесе алғашқы медициналық көмек апат орнында өзіне-өзі және өзара көмек ретінде көрсетіледі. Дәрігерге дейінгі немесе алғашқы медициналық көмекті тікелей апат орнында ПДҚТ, ЖІҚК құрамына кіретін медициналық персонал көрсетеді, ал оны көрсету мүмкін болмаған жағдайда, жақын медициналық мекемелерде көрсетіледі.

      Зардап шеккендерді эвакуациялау кезектігі мен тасымалдау түрін апат орнында медициналық персонал айқындайды, бұл ретте радио арқылы мамандардан консультация алу мүмкіндігі қолданылады.

      134. Апатқа ұшыраған ӘК-де өрт болған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы қонғаннан кейін ПДҚТ-мен бірлесіп адамдарды, бірінші кезекте жарақат алғандарды ӘК-ден эвакуациялауға дереу кіріседі және бір уақытта өрттің алдын алу шараларын қабылдайды.

      ПДҚТ есебінің жетекшісі немесе іздестіру-құтқару ӘК-нің командирі экипаж мүшелері мен құтқарушылар арасында міндеттерді бөле отырып, эвакуацияны басқарады. Өртті сөндіру үшін іздестіру-құтқару ӘК бортындағы құралдарды, сондай-ақ қолда бар құралдарды (су, құм, топырақ және т с.с.) барынша қолдану қажет. Мүмкін болса, жергілікті тұрғындарды қатыстыру керек.

      135. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждары мен ПДҚТ, ЖІҚК мүшелері әуе кемесіндегі авариялық люктер мен шығатын жерлерді және фюзеляжды ашатын орынды білуі керек.

      136. Апатқа ұшырағандарды тікұшақ бортына тартып көтеру әдетте құтқарушының көмегімен ілініп тұру режимінде жүргізіледі.

      137. Суда апатқа ұшыраған ӘК экипажы немесе жолаушылары табылған кезде іздестіру-құтқару ӘК экипажы:

      1) қажет болған кезде, апатқа ұшырағандарға жүзетін апаттық-құтқару құралдары мен басқа мүлкі бар төсемді лақтырады;

      2) апатқа ұшырағандарды ӘК бортына көтеру және эвакуациялау мүмкіндігін бағалайды.

      138. Ұшақтардан жерге түсіру парашюттік тәсілін, ал тікұшақтан төмендегі тәсілдердің бірін қолданумен орындалады:

      1) парашюттік тәсілімен;

      2) парашютсіз жерге түсу;

      3) түсіру құрылғысының немесе электр шығырдың көмегімен тікұшақ тоқтап тұрған режимде.

      139. Адамдарды су бетінен тікұшақ бортына көтеру құтқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Суға құтқарушыларды түсіру мүмкін болмаған жағдайда тікұшақ командирі зардап шеккендерді орналастыру және әрі қарай бортқа көтеру үшін оларды шөміш-себет немесе басқа құрылғыны судағы немесе жақын жердегі адамдарға келтіру не жақындату тәсілімен көтеру туралы дербес шешім қабылдай алады.

      140. Тікұшақтағы құтқарушыларды суға түсіру алдында зардап шеккендерге жүзетін құралдар (үрмелі қайықтар, сал және т.б.) лақтырады, ал құтқарушылар гидрокостюм немесе құтқару белдіктерін киеді.

      141. Су үстінде тоқтата тұру үшін тоқтатуды орындауды гидрометеожағдайды ескере отырып және Тікұшақты ұшу кезінде пайдалану басшылығының ұсынымдарына сәйкес тікұшақ командирі жүзеге асырады.

      142. Зардап шеккендерді эвакуациялау кезектілігін ПДҚТ құрамындағы медицина қызметкерінің баяндауы бойынша ПДҚТ жетекшісі немесе іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.

      143. ПДҚТ-ны жерге түсіру, апатқа ұшырағандарды қону тәсілімен немесе ілініп тұру режимімен эвакуациялау мүмкін болмаған жағдайда, адамдардың тірі қалуын қамтамасыз ету үшін апаттық-құтқару жарақтары мен арнайы жүктері бар салынған төсемді лақтырады.

      144. Корабльдерді, кемелерді апат ауданына бағыттау радио арқылы, ал радиобайланыс жоқ кезде – орнатылған көзбен шолу сигналдары арқылы іздестіру-құтқару ӘК экипажы жүзеге асырады.

      145. Егер апатқа ұшыраған ӘК суға батып кеткен болса, онда іздестіру-құтқару ӘК командирі суға бату орнын белгілеу немесе осы жерді сипатты бағдармен байланыстыру (торауылдау) үшін барынша мүмкін болатын дәлдікпен буй, радио немесе радиолокациялық маяк немесе бортта бар басқа құралдарды тастайды.

      ӘК суға батқан және таңбалау құралдары тасталған орын туралы экипаж командирі ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчеріне хабарлайды және кейінгі іс-қимыл туралы нұсқау алғанға дейін объекті үстінен ұшуды жалғастырады.

      146. ІҚО (Ж) орындалғаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК командирі нәтижелер туралы ІҚЖ басшысына немесе ӘК үйлестірушісіне баяндайды.

      ІҚО (Ж) басшысының нұсқауы бойынша баяндама жазбаша нысанда беріледі.

      7-параграф. Апат туралы хабарламаны қабылдаған әуе кемесі

      командирінің әрекет ету тәртібі

      147. Егер ӘК командирі басқа ӘК-нің апатқа ұшырағанын анықтаса, ол (өзі басқарып отырған ӘК-нің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдайларды қоспағанда):

      1) оның әуе кемесі оқиға орнынан кетуге мәжбүр болғанша немесе Үйлестіру орталығының нұсқауына сәйкес ӘҚҚ органы оның қажеті жоқ екендігі туралы хабарлағанға дейін апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні бақылауды жүргізеді;

      2) апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нің орналасқан жерін анықтайды;

      3) мүмкіндігінше ӘҚҚ органына мына мәліметтерді хабарлайды:

      апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК үлгісін, тану белгілерін және жай-күйін;

      географиялық координаттарда немесе тор координаттарында немесе радионавигациялық құрал орналасқан жердегі белгілі болған жерүсті бағдары немесе пункттегі арақашықтық пен шынайы пеленгте көрсетілген оның орналасқан орнын;

      Дүниежүзілік үйлестірілген уақыттың (UTC) сағаты және минуттарымен көрсетілген бақылау уақыты;

      байқалған адамдардың саны;

      адамдардың апатқа ұшыру жағдайындағы әуе кемесінен кету фактісі;

      оқиға орнындағы метеожағдайлар;

      тірі қалғандардың сыртқы физикалық жай-күйі;

      оқиға орнына қолжетімділіктің оңтайлы, айқын жерүсті бағыты.

      148. Егер оқиға орнына іздестіруші-құтқарушы емес ӘК бірінші болып келсе, оқиға орнына алғашқы іздестіруші-құтқарушы ӘК келіп жеткенге дейін ол өзінен кейін келген барлық басқа ӘК-нің іс-қимылдарына басшылық жасауы керек. Егер осы кезеңде осындай ӘК ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс орната алмаса, ол өзара келісу негізінде, алғашқы іздестіруші-құтқарушы ӘК келіп жеткенге дейін іс-қимылдарды басқару жауапкершілігін осындай байланысты орната және жүргізе алатын басқа ӘК-ге тапсырады.

      149. Жерден сигнал берген кезде ӘК бұл сигналды түсінгендігін немесе түсінбегендігін осы Қағидалардың 152-тармағында көрсетілген құралдарды пайдаланып немесе егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болса, тиісті визуалды сигналдың көмегімен көрсетеді.

      Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      150. ӘК командирі апат туралы хабарды қабылдаған кезде мүмкіндігіне қарай:

      1) егер ол хабарланса, апат туралы хабарлама алғандығын растайды және апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нің орналасқан жерін белгілейді;

      2) мүмкін болса, таратушы радиостанцияның пеленгісін анықтайды;

      3) ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчеріне радиобайланыс арналары арқылы апат туралы хабардың қабылданғандығын айтады;

      4) өз әуе кемесінің жай-күйі мен отын қорын ескере отырып, апат туралы хабарламада көрсетілген жерге бағыт алады;

      5) барлық қабылданған мәліметтерді тарата отырып, ӘҚҚ (ӘҚБ) органын хабарламаны қабылданғаны туралы ақпараттандырады.

      Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      151. Су үстіндегі кемені апат орнына бағыттау қажет болған жағдайда, ӘК иелігінде бар кез келген құралдың көмегімен, қажет болған кезде, маневр қолдана отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нақты нұсқаулар береді.

      152. Әуе кемесі тірі қалғандарға немесе ЖІҚК-ге қандай да бір ақпаратты беру қажет болған жағдайда және бұл ретте екі жақты байланыс жоқ болса, іс жүзінде жүзеге асырылған жағдайда радиобайланыс орнату үшін авариялық радиостанцияларды лақтырады немесе осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ақпарат таратады.

      153. "Әуе - жер беті" және "жер беті - әуе" көзбен шолу сигналдарын қолдану кезінде сипаттамаға сәйкес мәні болады. Олар көрсетілген мақсаттар үшін ғана қолданылады және бұл ретте шатастыруы мүмкін басқа сигналдар қолданылмайды.

      154. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес сигналдар анықталған кезде ӘК осы қосымшада келтірілген сигналдардың мәніне сәйкес қажетті әрекет етеді.

      8-параграф. Қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара

      іс-қимыл жасау

      155. Апатқа ұшырау жағдайындағы (апатқа ұшыраған) ӘК жолаушылары және экипаж мүшелерінің туыстарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету үшін ІҚО (Ж) басшысы өкіл тағайындайды.

      156. Өкіл ІҚО (Ж) жүргізу барысы туралы мынадай ақпарат түрінде жүйелі түрде ақпараттандыруды қамтамасыз етеді:

      1) ІҚО (Ж) жүргізудің жалпы себептері;

      2) апатқа ұшыраған ӘК үлгісі;

      3) ӘК иесінің/пайдаланушысының атауы (тегі) (тек әуе кемесі иесі/пайдаланушысының ақпараттандыруынан және одан рұқсат алғаннан кейін ғана);

      4) рейстің нөмірі (тек әуе кемесі иесі/пайдаланушысының ақпараттандыруынан және одан рұқсат алғаннан кейін ғана);

      5) ӘК бортындағы адамдардың саны;

      6) іздестірудің жалпы ауданы;

      7) іздестіруге жұмылдырылған ӘК саны мен үлгісі, ұшу сағатының саны;

      8) жерүсті іздестіру жөніндегі іс-шаралар (қажет болған кезде);

      9) іздестіруге қатысып жатқан басқа уәкілетті органдар туралы толық мәлімет;

      10) жақын туыстары ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі;

      11) қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі;

      12) бұқаралық ақпарат құралдары үшін байланыс телефонының нөмірі.

      157. Өкіл келіп түскен ақпаратты жаңартып отыру үшін ІҚО (Ж) басшысымен және Үйлестіру орталығымен тікелей байланыста болуы қажет.

      158. Тексеру процесінде зиян келтіруге жол бермеу үшін тағайындалған өкіл бөгде адамдармен талқылаудан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары үшін сұхбат барысында оқиғалардың себептері немесе оның алдын алудың мүмкін әдістері туралы өз пікірін немесе болжамын білдіруден аулақ болуы керек.

      159. Азаматтық тұлғалардың арасынан қайтыс болғандардың тегі, оған туыстарының келісімі алынбағанға дейін жария етілмеуі керек.

      Туыстарына хабарлағанша қаза тапқан, тірі қалған және жарақат алғандар саны туралы мәліметтер ашылады. Әскери қызметшілер арасынан қаза тапқандардың тектері олар қарасты әскери бөлім басшысының нұсқауы бойынша ғана жарияланады.

      160. Тірі қалғандардың тектері оларды нақты сәйкестендіргенге дейін жарияланбауы керек.

6. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) аяқтау және
тоқтата тұру

      1-параграф. Жалпы ережелер

      161. ІҚО (Ж) мына жағдайларда аяқталған болып есептеледі:

      1) іздестіру-құтқару операцияларына байланысты ӘК немесе адамдардың енді апатқа ұшырау жағдайында еместігі туралы ақпарат келіп түскенде;

      2) іздестіріліп жатқан ӘК немесе адамдар табылған және тірі қалғандары құтқарылғанда;

      3) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабына сәйкес апат кезеңінде ӘК, оның жолаушылары мен экипажын іздестіруді тоқтату туралы шешім қабылданғанда.

      Іздестіру-құтқару ӘК, ЖІҚК және ПДҚТ ІҚО (Ж) жүргізгеннен кейін бастапқы орналасқан жерге қайтып келгенде ІҚО (Ж) толық аяқталды деп есептеледі.

      162. ІҚО (Ж) апатқа ұшыраған ӘК болуы мүмкін (ықтимал) орналасқан жері туралы жаңа деректер қабылданған жағдайда қайта басталады.

      2-параграф. Іздестіру-құтқару жұмыстарының аяқталуына байланысты

      іс-қимылдар

      163. ІҚО (Ж) аяқталуы туралы Үйлестіру орталығы дереу ІҚО (Ж)-ға қатыстырылған барлық органдарды, орталықтарды, қызметтерді немесе құралдарды хабардар етеді. Бастапқы хабарлама телефон (радио) арқылы, ал қорытынды хабарлама ІҚО (Ж) аяқталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.

      3-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларының (жұмыстарының)

      нәтижелері туралы есептілік және оны сақтауды ұйымдастыру

      164. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, жүргізілген ІҚО (Ж) нәтижелері туралы есепті бір ай мерзімде ресімдейді және оның көшірмелерін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Есептілік форматы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 164-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      165. Есептілікті сақтауды ІҚО (Ж) аяқталған күннен бастап бес жылдың ішінде Үйлестіру орталығы жүзеге асырады. Үйлестіру орталығы әрбір есептілікке сәйкестендіру нөмірін береді.

      4-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларының (жұмыстарының)

      шығыстарын өтеу тәртібі

      166. Әуе кемелері ІҚО (Ж)-ға қатысқан азаматтық авиация ұйымдарына іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда берілгеннен бастап ІҚО (Ж)-ны аяқтауға немесе тоқтата тұруға және тартылған ӘК-ні бастапқы орналасқан жеріне қайтаруға (орналастыруға дейінгі) кезеңде туындаған іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.

      167. Азаматтық авиация ұйымы ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бюджет есебінен шығындарды өтеу үшін ІҚО (Ж) аяқталғанын немесе тоқтатылғанын хабарлаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға дәйектемелер мен есептері бар мынадай материалдарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған және ұйымның басшысы мен ұйымның бас бухгалтері қол қойған келтірілген шығындарды өтеу туралы өтінішті (қаржы қаражатын бөлу үшін заңдық және банктік деректемелерді көрсете отырып (банктің атауы, оның БСК, банк ЖСК, ағымдағы және жинақ шотының нөмірін қоса алғанда);

      2) ұйым басшысы, ұйымның бас бухгалтері мен ІҚО (Ж) тартылған әуе кемесінің командирі растаған ұшу бағыттарын және ұшу уақытын көрсете отырып, ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезінде орындалған ұшу туралы мәліметтерді қамтитын ұшудың жұмыс жоспарларының көшірмелері;

      3) олардың бастапқы орналасқан жеріне қайта оралуын қоса алғанда, ІҚО (Ж) жүзеге асыру кезінде ұшудың нақты орындалуын растайтын АНҚ көрсетушіден алынған анықтама;

      4) осы ұшулардың жұмыс жоспарының негізінде авиаотын және басқа да жанар-жағармай материалдарының нақты шығысының мөлшері, сондай-ақ төлемге қойылған есеппен расталған оның құны туралы мәліметтер;

      5) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен субсидияланған бағыттарда ұшуды орындау кезінде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу жөніндегі нұсқаулықтың негізінде жүргізілген ӘК ұшу сағатының өзіндік құнының есептемесі.

      Ескерту. 167-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      168. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды өтеу туралы өтінішті тіркеу азаматтық авиация ұйымының өтінішті қабылдағаны туралы растау бере отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

      169. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетілген материалдарды тіркеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды тексереді және:

      1) дәйексіз немесе толық емес ақпарат анықталған жағдайда азаматтық авиация ұйымы ұсынған материалдарды қайтару себебін көрсете отырып қайтаруды;

      2) азаматтық авиация ұйымын хабардар ете отырып, шығындарды өтеу үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте одан әрі іс-қимылдарды жүзеге асырады.

      170. Осы Қағидалардың 167-тармағында көрсетілген материалдар қайтарылған жағдайда, Азаматтық авиация ұйымы оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою шартымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға көрсетілген материалдарды қайта ұсынады. Оларды қайта қарастыру тәртібі осы Қағидалардың 167169-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      171. Ұсынылған материалдардағы бұрын анықталған кемшіліктерді қайта жоймаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж)-ны жүзеге асыру кезіндегі шығыстарды өтеу үшін қарауға себебі көрсетілген бас тартуды өтініш берушіге жібереді.

      172. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстар өтелгеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары мен жасалған төлемдерге кеткен шығыстарды өтеуге арналған өтініштерді тіркеу журналында күні, төлем мөлшері және төлем құжатының нөмірі көрсетілген тиісті жазба жүргізіледі.

      173. Іздестіру-құтқару жұмыстарына кеткен шығыстарды мемлекеттік бюджет есебінен өтеуге үміткер азаматтық авиация ұйымы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арасындағы оның құнын өтеу себебі бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.

      174. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.

      5-параграф. Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) талқылау

      175. ІҚО (Ж)-ны аяқталғаннан кейін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар осындай операцияға қатыстырылған персоналдың, апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен тұлғалардың қатысуымен ІҚО (Ж)-ны талқылау ұйымдастырады.

      ІҚО (Ж) талқылау ІҚО (Ж) әдістерінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру мақсатында жүзеге асырылады.

      ІҚО (Ж) жүргізудің тиімсіздігі салдарынан адамдардың кінәлілігін белгілеу талқылау нысанасы болып табылмайды.

      Ескерту. 175-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      176. Талқылау қорытындылары бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді, таратады және олардың орындалуын бақылайды.

      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету схемасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



     

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

Іздестіру мен құтқару ауданында (облысында) іздестіру-құтқару
операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру мен жүргізудің үлгілік
жоспары

      Негізгі бөлім

      1. Оларға сәйкес жоспар жасалатын құжаттар.

      2. Облыс аумағында іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру және өткізу.

      3. Іздестіру-құтқару күштері және ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету құралдары кезекшілерінің жауапкершілік аудандары.

      4. ІҚО (Ж) жүргізу үшін бөлінген күштер мен құралдар.

      5. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының облыс аумағында шоғырлану орындары.

      6. Облыс аумағындағы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілерін хабардар ету тәртібі.

      7. Түрлі ведомстволар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

      8. ІҚО (Ж) жүргізу кезінде байланыс ұйымдастыру.

      9. Емдеу-эвакуациялау іс-шараларының жоспары.

      Қосымша

      1. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілерін және олардың өзара әрекет етуін ұйымдастыру схемасы.

      2. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының жауапкершілік ауданының картасы.

      3. ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі хабардар ету және жедел байланыс схемасы.

      4. Облыс аумағындағы климаттық-географиялық және гидрометеорологиялық жағдайлар.

      5. Облыс аумағында ІҚО (Ж) жүргізу кезіндегі жедел штабтың құрамы.

      6. Телефон анықтамалығы.

      Жоспар ІҚО (Ж)-ға тартылған мемлекеттік органдар мен тұлғалар қабылдаған іс-қимылдардың бөлшегін:

      1) іздестіру мен құтқару ауданында ІҚО (Ж) жүргізу тәсілдерін;

      2) қолда бар байланыс жүйелері мен құралдарын пайдалануды;

      3) басқа іздестіру және құтқару үйлестіру орталықтарымен бірлесіп қабылданған іс-қимылдарды;

      4) бағыт бойынша ұшып келе жатқан ӘК мен теңіздегі суүсті кемелерін авариялық хабардар ету әдістерін;

      5) ІҚО (Ж) жүргізу тапсырылған адамдардың міндеттері мен құқықтарын;

      6) метеорологиялық немесе басқа жағдайлардан туындаған құралдарды қайта орналастыру ықтималдығын;

      7) метеомәліметтер мен болжамдарды, NOTAM хабарламасын қабылдау әдістерін;

      8) суға қонуға мәжбүр болған ӘК-ні суүсті кемелері орналасқан аудаға бағыттау әдістерін;

      9) іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге бағыттау әдістерін;

      10) заңсыз қол сұғу объектісі екендігі белгілі болған немесе болжанған ӘК-ге қатысты көмек көрсету үшін ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен басқа мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылда қабылдануға жататын бірлескен шараларды;

      11) ІҚО (Ж) кезінде қолданылған ӘК мен суүсті кемелерін, сондай-ақ жерүсті көлік құралдарына мүмкін болатын шекте қызмет көрсету және отын құю жөніндегі шараларды қамтиды.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
3-қосымша

Іздестіру-құтқару ә әуе кемелерін мүлікпен және керек-жарақпен жарақтандыру

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Құтқару мүлкі мен керек-жарағының тізбесі (ең төменгі)


Р/с

Мүліктер мен керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Азық-түлік қоры (үш тәулікке): құрғақ азық (азық концентраттары жиынтығы немесе консервіленген азық-түлік тағамдары), қойытылған сүт, кофе, қант пен тұз, герметикалық түрде жабылған (алюминий фляга (тысталған) немесе бұралатын тығыны бар полиэтилен сыйымдылықтар) суы бар сыйымдылықтар

жиынтық

2

2.

Алюминий қазан

дана

2

3.

Мелалит саптыаяқ

дана

2

4.

Алюминий қасық

дана

2

5.

Термос (сыйымдылығы) 10 л, суы бар

дана

1

6.

Канистра (сыйымдылығы) 20 л

дана

1

7.

Портативті радиотаратқыш/қабылдағыш (авариялық радиостанция)

жиынтық

2

8.

Пиротехникалық сигнал беретін құралдар (түрлі-түсті түтін шығаратын шамдар немесе жарық беретін зымырандар) немесе басқа жарық сигналдарын беретін құралдар

дана

10

9.

Қосалқы батареялар жиынтығы бар қалта

жиынтық

2

1

2

3

4


электр қол шамы



10.

Компас

дана

1

11.

Дүрбі

дана

1

12.

Ысқырғыш

дана

2

13.

Сигнал беретін айна

дана

2

14.

Сигналдық кодтар кестесі, аман қалу әдістеріне қатысты ұсыныстары бар кітапша

дана

2

15.

Алғашқы медициналық көмек көрсету жиынтығы (қобдиша)

жиынтық

1

16.

Жылы киім-кешек (күрте, шалбар, жылы көксауыр етік, жүннен тоқылған шұлық, бас киім, қолғап) (ауа райы салқын аудандарда жүн, қалған жерлерде маусымдық)

жиынтық

2

17.

Ұйықтау қапшығы (ауа райы салқын аудандарда тері)

жиынтық 

2

18.

Шатыр

жиынтық 

1

19.

Ылғал мен желге төзімді сіріңке

қорап

4

20.

Құрғақ жанармай (таблетка түрінде)

таблетка

20

21.

От жағуға арналған лупа

дана

1

22.

Суды тазартатын таблеткалар (құралдар)

орам

4

23.

Пышақ-мачеті

дана

2

24.

Балта

дана 

2

25.

Сүймен

дана

1

26.

Ағаш кесетін қол ара  

дана 

1

27.

Металл кесетін қол ара (10 қосалқы төсемі бар) 

дана

1

28.

 Үшкір күрек

 дана

1

29.

Өрт сөндіргіш (көлемі 10 л кем емес)

дана

1

30.

Таяқтары бар шаңғы (қарлы аудандар үшін)

жұп

2

31.

Санитарлық зембілдер

дана

1

32.

Омыртқасы зақымданған адамдарды тасымалдауға арналған қалқан

дана

1

33.

СУ-Р (тікұшақтар үшін)

жиынтық 

2

34.

Батареялар жиынтығы бар электр мегафон (тікұшақтарға арналған)

жиынтық 

1

35.

Құтқару кеудешесі (белдігі) * (таулы аудандарға арналған)

дана

2

36.

Құтқару салдары (немесе қайық)*

дана

2

37.

Су айдындарын бояуға арналған құрал (бояғыш маркерлер) немесе қалқымалы түтіндік буй *

орам

4

1

2

3

4

38.

Халықаралық сигналдар жиынтығы*

дана

1

      * теңіз акваториясы аудандары үшін (үлкен су айдыңдары).

      2. 1-30 және 35-38-тармақтарда көрсетілген құтқару мүлкі мен керек-жарағы әуе кемесінен лақтыру үшін арнайы жұмсақ қаптарға (парашютті-десанттық қаптар) немесе контейнерлерге салынады. Мүлік (жүзу құралдарынан басқа) су өтпейтін қаптарға салынады.

      3. Құтқару кеудешелері (белдіктері), құтқару салдары (қайықтар) байламдардан алынады және олар үшін көзделген қолдануға дайындалған ораммен тиеледі.

      4. Құтқару мүлкі мен керек-жарағы бар қаптарда түрлі-түсті кодтың, ағылшын, орыс (және қазақ) тілдеріндегі жазулардың баспаханалық тәсілмен жазылған және түсініктемені талап етпейтін нышандардың көмегімен (контейнерлерде) олардың ішіндегісінің жалпы сипаттамасы белгіленуі тиіс.

      Қаптардың (контейнерлердің) сыртқы бетінде:

      1) жиынтықтың ішіндегіні белгілейтін ені 50 мм түрлі-түсті сақиналы жолақ немесе боялған жалаушалар түріндегі таңба бекітіледі:

      ҚЫЗЫЛ – дәрі-дәрмек пен медициналық көмек көрсету құралдары;

      КӨК – су және азық-түлік;

      САРЫ – киім-кешек, ұйықтау қапшықтары, шатыр;

      ҚАРА – радиостанциялар, сигнал құралдары, ыдыс-аяқ;

      2) ХАТІҚН сәйкес жарық қайтаратын материалдан жасалған тиісті пиктограммалары бар таспалар пайдаланылады.

      Барлық түсірілетін қаптарға (контейнерлерге) ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде басып шығарылған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар салынады және мүмкіндігінше, түсініктемелерді қажет етпейтін суреттермен және нышандармен толықтырылады.

      5. Жауапкершілік аймағының (ауданының) климаттық-географиялық және гидрометеорологиялық жағдайларына байланысты ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындау үшін кезекші іздестіру-құтқару ӘК пайдаланушылар осы Тізбені қосымша құтқару мүлкімен және жарақтармен толықтырады.


  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
4-қосымша

Жерүсті іздестіру-құтқару командаларын ЖІҚК техникалық
құралдармен жарақтандыру

      1. Жарақтандыру табелі:

Мүлік және керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Радиостанциялары бар жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашиналар

дана

1

2.

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралына орнатылған және дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған басқарудың жылжымалы командалық пункті

дана

1

3.

Тікұшақ үшін қону алаңын белгілеуге арналған ақ және қызыл түсті жалаушалар (әрбір түсте 8 данадан)

дана

16

4.

Қондыру шашкалары (түтінді)

дана

10

5.

Компас

дана

2

6.

Батареялар жиынтығы бар электр шамы

жиынтық

6

7.

Көзбен шолып іздестіру палеткасы бар 1:200000 масштабтағы жергілікті жердің топографиялық карталары

жиынтық

2

8.

Дүрбі

дана

2

9.

Қолғаптар (брезент)

жұп

6

10.

Металл кесуге арналған бензинді ара

дана

1

11.

Балта

дана

4

12.

Сүймен

дана

2

13.

Үшкір күрек

дана

4

14.

Бақан

дана

1

15.

Слесарь құралдары: шойбалға, кескіш, балға, қол ара

жиынтық

1

16.

Өрт сөндіргіш

дана

2

17.

Батареялар жиынтығы бар мегафон

жиынтық

2

18.

Фотоаппарат

дана

2

19.

Санитарлық зембілдер

дана

2

20.

Медикаменттер

жиынтық

2

21.

Пышақтар (ЖІҚК-нің әрбір мүшесіне)

дана

1

22.

Бензоплитка (Примус)

дана

1

23.

4 орындық палатка

дана

2

24.

Ішетін суы бар 12-20 литрлік термос

дана

1

25.

Саптыаяқ, қасықтар (ЖІҚК-нің әрбір мүшесіне)

дана

1-еуден

26

Азық-түлік (әрбір адамға, тәулікке)

жиынтық

1


      2. Техникалық құралдардың тізбесі іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық, басқа да жағдайларына және міндетті орындаудың ерекшеліктеріне байланысты нақтыланады және толықтырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
5-қосымша

Парашюттік-десанттық құтқару тобын (ПДҚТ) техникалық
құралдармен жарақтандыру

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.02.2015 № 100 қаулысымен.

      1. Жарақтандыру табелі:

Мүлік және керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Маусым бойынша ҚПДТ әрбір мүшесіне ұшу киім-кешегі

жиынтық

1

2.

ҚПДТ-ның әрбір мүшесіне арналған парашюттік жүйе (даярлық деңгейі бойынша)

дана

1

3.

ҚПДТ-ның әрбір мүшесіне запас парашюттік жүйесі

дана

1

4.

Сақтандыру аспабы (әрқайсысына)

дана

1

5.

Парашюттік биіктік өлшегіш (әрқайсысына)

дана

1

6.

Секундомер (әрқайсысына)

дана

1

7.

Парашютшінің қорғаныш шлемі (әрқайсысына)

дана

1

8.

Арқан пышағы (арқан кескіш) (әрқайсысына)

дана

1

9.

Құтқару кеудешесі (белдігі) (әрқайсысына)

дана

1

10.

Компас

дана

1

11.

Батареялар жиынтығы бар электр қалта шамы

жиынтық

1

12.

Қаптамадағы ішетін су құйылған фляга

жиынтық

1

13.

Су өтпейтін байламдағы желге төзімді сіріңкелер

қорап

1

14.

Пышақ-ара

дана

1

15.

Бес саусақты техникалық қолғаптар

жұп

1

16.

1 тәулікке арналған тамақ өнімдері (бұқтырылған ет, құрғақ нан, қоюлатылған сүт, шай, жарма) (әрқайсысына)

жиынтық

1

17.

Р-855УМ (Р-855А1) радиостанциясы

дана

1

18.

Оплеткасы бар 2 мл 5 % йод спирттік ерітінді ампуласы (пеналда)

дана

2

19.

Көлемі 5 м х 5 см лейкопластырь

дана

1

20.

Көлемі 7 м х 14 см тазартылған медициналық дәке бинті

дана

2

21.

2 орындық палатка

дана

1

22.

Р-855УМ радиостанциясына арналған пеленгациялық антенна

дана

1


      2. Техникалық құралдардың тізбесі іздестіру және құтқару ауданының климаттық, физикалық-географиялық, басқа да жағдайларына және міндетті орындаудың ерекшеліктеріне байланысты нақтыланады және толықтырылады.

      3. Көрсетілген техникалық құралдар ыдыстарға қатталады және парашютпен немесе парашютсіз лақтыра отырып, іздестіру-құтқару әуе кемелерімен оқиға орнына жеткізуіне дайындалады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 431 қаулысымен.

1. Айқынсыздық кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші
ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі

      Бастапқы іс-қимыл

      1. Іздестіру-құтқару операциясының (жұмысының) үйлестірушісін айқындау.

      2. ӘК-нің ұшуы барысында оның жіберілгені және белгіленген пунктіге келмеуі туралы соңғы деректерді тексеру.

      3. Осы қосымшаның 2-бөліміне сәйкес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына байланыс құралдарының көмегімен іздестіруді жүргізуге жәрдем көрсету.

      4. Осы қосымшаның 3-бөлімінде белгіленген формат бойынша метеорологиялық ақпаратты сұрату.

      5. Хабардар ету схемасы бойынша барлық мүдделі органдарды хабардар ету.

      6. Әуе кемесінің тұрған орны анықталған және ол қауіпсіздікте болғанда, белгісіздік кезеңін жабу және барлық мүдделі органдарға қажетті хабарландыруды жіберу.

      7. Егер байланыс құралдарының көмегімен алдын ала іздестіру кезінде кеменің орналасқан жері анықталмаған болса, алаңдаушылық кезеңін жариялау.

      Байланыс құралдарының көмегімен әуе кемесін іздестіру

      1. ӘК-нің келмегендігіне көз жеткізу үшін межелі әуежай және қосалқы әуежайлармен байланыс орнату. Барлық бақыланбайтын әуежайлар мен әуеайлақтардағы тұрақ алаңының физикалық тексерісін сұрату.

      2. Ұшып шығу және қайтып оралмау фактісін растау үшін ұшып шыққан әуежаймен байланысу. Ұшу жоспарының мәліметтерін тексеру.

      3. Із-түзсіз жоғалған ӘК-мен радиобайланыс орнатуға әрекет етуді өтініп, аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы немесе оған жақын орналасқан ӘК-ге шектес жатқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы хабарласу.

      4. Аталған ӘК ұшып өтуі мүмкін аудандардың шегінде орналасқан ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерін авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      Метеорологиялық ақпарат

      1. Көру деңгейі және оларды нашарлататын, мысалы, тұман, түтін немесе мұнар сияқты факторлар, сондай-ақ метеожағдайдағы соңғы өзгерістердің уақыты.

      2. Желдің бағыты мен жылдамдығы, сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерістер.

      3. Бұлттылық, бұлттардың төменгі шегі және т.б., сондай-ақ соңғы уақытта болған өзгерістер.

      4. Ауа температурасы.

      5. Барометрлік қысым.

      6. Жауын немесе қар жауып жатқаны немесе жауғаны туралы, сондай-ақ жауын-шашынның басталған немесе оның аяқталған уақыты.

      7. Найзағай, қар, бұршақ, мұз қиыршығы немесе көктайғақ сияқты қолайсыз құбылыстар болып жатқаны немесе болғаны туралы, сондай-ақ олардың басталу және аяқталу уақыты.

2. Алаңдаушылық кезеңі үшін Үйлестіру орталығы кезекші
ауысымының іс-қимылын бақылау тізбесі

      Бастапқы іс-қимыл

      Ескертпе: айқынсыздық кезеңі үшін бақылау тізбесінің пункттерін ескеру қажет.

      1. Көмек көрсету үшін кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда (командалар) беру.

      2. Схемаға сәйкес авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      3. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

      4. Егер авариялық ӘК-де қалыпты пайдалану режимі қалпына келтірілген болса, онда ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы оның қауіпсіздігі кепілдендірілген жағдайға дейін оның бақылауын жүзеге асыру қажет.

      5. Көмек көрсету аяқталған кезде, алаңдаушылық кезеңін жабу.

      6. Егер жағдай нашарласа және ӘК-ге маңызды және тікелей қауіп төніп тұрса, апат кезеңін жариялау.

      Әуе кемесі есепті уақытта келмеген жағдайға арналған қосымша бақылау

      тізбесі

      1. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      2. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен байланыс орнату өтінішімен ӘҚҚ органдарына хабарласу.

      3. Ұсынылған ұшу жоспарын талдау.

      4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын және ӘҚҚ әскерін авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      5. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындау жағдайындағы ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

      6. Белгіленген схема бойынша авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      7. Шектес үйлестіру орталығын авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).

      8. Іздестіруді жоспарлауға және ІҚҚ (Ж)-ның бастапқы жоспарын пысықтауға кірісу.

      9. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда (командалар) беру және оны бастапқы іздестіруді жүргізу үшін жіберу.

      10. Егер ӘК тұрған орын анықталса, барлық мүдделі тараптарды хабарландыру.

      11. Егер жағдай нашарласа және болжамдағандай ӘК-ге маңызды және тікелей қауіп төніп тұрса, апат кезеңін жариялау.

      Заңсыз араласу актілері болған жағдайдағы қосымша бақылау

      тізбесі

      1. Белгіленген схема бойынша авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      2. Іздестіру-құтқару ӘК-ні авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету.

      3. Шектес үйлестіру орталығын авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер авариялық ӘК ұшуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).

      4. Одан кейінгі іс-қимылдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының нұсқауына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      5. Егер ӘК құрлыққа немесе суға мәжбүрлі түрде қонуға ниет білдіру немесе қонуы мүмкін болмаса, апат кезеңін жариялау.

3. Апат кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымы
іс-қимылын бақылау тізбесі

      Ескертпе: айқынсыздық және алаңдаушылық кезеңдері үшін бақылау тізбелерінің пункттерін ескеру қажет.

      1. Шектес үйлестіру орталығына авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету (егер әуе кемесінің ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына жақын жүзеге асырылса).

      2. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда беру және оны апат орнына (егер ол белгілі болса) жіберу.

      3. Бастапқы іздестіру іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу.

      4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арқылы іздестіру-құтқару ӘК экипажына өткізілген операцияға қатысты ақпаратты ұсыну.

      5. ІҚО (Ж) жүргізу орнында үйлестіруші (ІҚО (Ж) басшысы) тағайындау туралы мәселені азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келісу.

      6. ІҚО (Ж) жүргізу орнында ӘК үйлестірушісін тағайындау.

      7. Тағайындалған ІҚО (Ж) басшысына іс-қимылдардың бастапқы жоспары туралы ақпаратты тапсыру.

      8. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК туралы соңғы радиолокациялық ақпарат туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мен ӘҚҚ әскерін сұрастыру.

      9. Оқиға куәгерлерімен байланысты ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына хабарлама мен байланыс телефонын беру.

      10. ӘҚҚ органы арқылы аталған бағыт бойынша ұшуды орындайтын ӘК тарапынан көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

      11. ӘҚҚ органы арқылы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні байланыс жасау.

      12. Қолданған шаралар туралы апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-мен ақпараттандыру.

      13. Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ні пайдаланушымен байланыс орнату және байланыс жасау.

      14. Деректерді тіркеу және іздестіру іс-қимылдары мен іздестіру тиімділігін бағалауға қатысты тиісті карталарды жүргізу.

      15. Сәтті іздестірген және құтқару операциясы аяқталған жағдайда, апаттық кезеңді жабу.

      16. Талап етілген қорытынды есептерді дайындау.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
7-қосымша

Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіруді жүргізу әдістемесі

      1. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын іздестіру ауданын

      анықтау әдістемесі

      Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда, жалпы көріністе іздестіру ауданы мынадай жағдайда айқындалуы мүмкін (1-сурет):

     


      1) жұмыс картасына апатқа ұшыраған ӘК-нің, ұшу кезінде онымен байланыс болған (А нүктесі) соңғы бақылау нүктесінен, ол келмеген немесе онымен байланыс орнатылмаған (В нүктесі) нүктеге дейінгі берілген ұшу бағытының учаскесі (АВ) енгізіледі;

      2) карта масштабында бағыт учаскесінің бойымен (АВ) А нүктесін ұшып өткен кезде ӘК орнын айқындаудың қателіктерінің мәніне тең, ені ±r болатын жолақ салынады (a, f, g, b жолақтары);

      3) В нүктесінен бағыт сызығына көлденең S жолын ұшып өту уақыты ішінде ӘК-нің L бүйірге ең үлкен ауытқуына тең Ве және Вd бөліктері қалады.

      Картада пайда болған пішін (а, d, е, b, с) апатқа ұшыраған ӘК ең ықтимал тұрған жердің ауданы болады.

      2. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық іздестіруді орындау

      әдістемесі

      Апатқа ұшыраған ӘК экипажын іздестіру-құтқару ӘК және радиоторауылдауыш аппаратураның ерекше жоғары жиілігінің (ЕЖЖ) және (ЖЖ) көмегімен іздестіру іздестірудің негізгі әдісі болып табылады.

     


      Апатқа ұшыраған ӘК орналасқан жері анықталған ауданға шыққаннан кейін іздестіру-құтқару ӘК экипажы авариялық радиостанция сигналын анықтағанға дейін іздестіруді жүзеге асырады.

      АРК–У2, АРК–УД, ЮР-26 радиокомпастарының көмегімен жұмыс істейтін авариялық радиостанция (радиомаяк) сигналы табылған кезде, ӘК, радиоторауылдауыш ЕЖЖ-ның курстық бұрыштарының көрсеткіштер индикациясының беріктігіне көз жеткізген соң, іздестіру-құтқару ӘК экипажы ӘК-ні көрсетілген радиостанцияға әкелуді жүзеге асырады.

      Радиокомпастың курстық көрсеткішінің (ККР) көрсету тілі 1800 градусқа бұрылуы бойынша айқындалатын авариялық радиостанция (радиомаяк) ұшып өткеннен кейін экипаж зардап шеккендерді көзбен шолып табуды қамтамасыз ететін ұшу биіктігінде оған қайта шығуды ескере отырып, маневр (2-сурет) орындайды.

      3. Іздестіру ауданын көзбен шолу үшін квадраттарға бөлу тәртібі

      Көзбен шолып тексеру кезінде іздестіру ауданы көзбен шолып іздестіру торы бар палеткаға сәйкес көлемі 20х20 шақырым болатын квадраттарға бөлінеді (3-сурет). Қажет болған жағдайда 20х20 шақырым квадрат палеткаға сәйкес 10х10 шақырым болатын 4 квадратқа бөлінеді. Ойлы-қырлы жерлері көп орманды жерді жан-жақты тексеру үшін жерүсті іздестіру-құтқару командасы 10х10 шақырым квадратты 5х5 шақырым болатын 4 квадратқа бөледі.

      ІҚЖ басшысы (үйлестірушісі) бірінші кезектегі тексерулердің квадратын және іздестіру бағытын айқындайды.

      Көзбен шолып іздестіру торы бар палетканы пайдаланған кезде:

      1) палетканың ортасын әуеайлақтың бақылау нүктесімен (ӘБН) сипатты бағдарымен немесе болжамды апат ауданының орталығымен біріктіру;

      2) палетканың көлденең осін шынайы меридианның солтүстік бағытымен немесе болжамды ұшу бағытының перпендикуляр осімен біріктіру;

      3) картада пайда болған квадраттарды палетка нөміріне сәйкес нөмірлеу.

      4. Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын көзбен шолып іздестіру

      тәсілдері

      Егер іздестіру ауданын радиотехникалық құралдар көмегімен іздестіру нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, ІҚО (Ж) басшысының (үйлестірушісінің) шешімімен "Гребенка", "Параллель галстау", "Кеңейтілетін квадрат және берілген бағыт" тәсілдерімен жүзеге асырылатын көзбен шолып іздестіру жүргізіледі:

      1) "Гребенка" тәсілімен іздестіру (4-сурет) әдетте аз уақытта үлкен ауданды қарау мақсатында және іздестіру-құтқару ӘК-нің саны жеткілікті болған жағдайда қолданылады.

      "Гребенка" тәсілі көзбен шолып көру мен іздестіру аппаратурасының іс-қимылының қашықтығы шамамен 75 % құрайтын аралықта параллель тік сызықты бағыттар бойынша бірлесіп ұшу арқылы ӘК тобымен іздестіру ауданын бір уақытта тексеру болып табылады.

      "Гребенка" тәсілі іздестіру-құтқару ӘК орналасу орнынан алыстаған кезде іздестіруді ұйымдастыру кезінде қолданылады.



      2) "Параллель галстау" тәсілімен іздестіру (5, 6-сурет) қолда бар іздестіру-құтқару ӘК саны жеткіліксіз болған жағдайда және ауқымды ауданды тексеру үшін қолданылады.

     


      Бұл әдіс кезінде іздестіру ауданы бір уақытта бірнеше бір ӘК-мен немесе дәйекті түрде бір ӘК-мен қарастырылатын бірнеше іздестіру учаскелеріне (жолақтарына) бөлінуі мүмкін.

      Іздестіру апатқа ұшыраған ӘК-нің тұрған жерінің ең ықтимал учаскесінен (жолағынан) басталуы керек.

      Галстар арасындағы қашықтық (25 % жабуды қамтамасыз еткен жағдайда) "Гребенка" тәсілімен іздестіру кезіндегі ӘК арасындағы аралық сияқты орнатылады. Тексеру жолақтары арасындағы интервал галстар арасындағы қашықтықтың жартысына тең етіп алынады. Айналымдар санын азайту үшін галстардың тік сызықты учаскелерін мақсатты түрде тексеру жолақтарының бойымен бағыттау.

      "Параллель галстау", "Кеңейтілетін квадрат және берілген бағыт" тәсілдерімен іздестіру кезінде галстардың арасындағы ұсынылатын қашықтық:

      1) қиылысқан жерде – 0,5 км;

      2) орманда – 1 км;

      3) қалың орманда – 0,5 км;

      4) ашық жерде – 2 км.

      Галстардың ұзындығы 10-20 км.

     


      3) "Кеңейтілетін квадрат" тәсілімен іздестіру (7-сурет) әдетте ӘК-нің апат орны туралы деректер болған кезде қолданылады.

      Іздестіру апатқа ұшыраған экипаждың тұруы болжалған белгілі нүктенің айналасындағы ауданды бір кісілік ӘК-мен тексеруден құралады.

      Маршруттың көршілес параллель учаскелерінің арасындағы қашықтық аймақты көруге кепілдік беруі керек.

     


      4) "Берілген маршрут" әдісімен іздестіру (8-сурет) апатқа ұшыраған ӘК маршрутының учаскесі бойымен өтетін берілген жол сызығы бойынша орындалады.

      Әдіс іздестіру ауданы іздестіру-құтқару ӘК-нің берілген ұшу биіктігінде іздестіру аппаратурасы іс-қимылының ені 0,5-0,7 қашықтықты құрайтын жолақты құрғанда ғана қолданылады.

     


  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
8-қосымша

Ауа райы ашық болғанда жергілікті жердегі объектілерді көзбен
шолып табу қашықтығы

Қадағалау объектісі

Жыл, тәулік уақыты

Ұшу биіктігі (метр)

Табу қашықтығы (шақырым)

1.

Бір адам (адамдар тобы)

қыс
жаз

200
200

1,6-1,8
1,0-1,4

2.

Әуе кемесі

қыс және жаз

200

2-4

3.

От

түн

300

8-12

4.

Жыпылықтаушы шам

түн

300

2-4

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
9-қосымша

Іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізу кезінде
қолданылатын сигналдар мен кодтар

      1. Апатқа ұшырағандарға таратылған көзбен шолу белгілері мен сигналдары 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте

Белгінің, сигналдың мәні

Апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшесі беретін белгі немесе сигнал

Адам пішінінің көмегімен

Парашюттің көмегімен

1.

Ұшу оқиғасы болды, зардап шеккендер бар

Жатқан адамның пішіні

Парашюттің күмбезі ортасында жатқан адамның пішіні бар шеңбер нысанында жерге төселген

2.

Азық-түлікке, суға, жылы киім-кешекке мұқтажбыз

Отырған адамның пішіні

Парашюттің күмбезі үшбұрыш болып жиналған

3.

Қандай бағытқа жүруді көрсетіңіз

Қолдары жоғары көтеріліп екі жаққа шамалы жайылған адамның пішіні

Парашюттің күмбезі ұзына бойы созылған

4.

Осы жерге қонуға болады

Екі қолын созып, тізерлеп отырған адамның пішіні

Парашюттің күмбезі шаршы түрінде жиналған

5.

Көрсетілген бағытта қонуға жақындаңыз

Қолдарын қонуға кіру бағытында алға қарай созып түрегеп тұрған адамның пішіні

Парашюттің күмбезі қону "Т" түрінде жиналған

6.

Бұл жерге қонуға болмайды

Қолдары жоғары көтеріліп крест түрінде көрсетілген адамның пішіні

Парашюттің күмбезі крест түрінде жиналған


      2. Іздестіру-құтқару ӘК тарататын көзбен шолу белгілері мен сигналдары 2-кестеде келтірілген.

      2-кесте.

Белгінің немесе сигналдың мәні

Іздестіру-құтқару ӘК экипажы беретін белгі немесе сигнал

ӘК эволюцияларымен

Зымырандардың көмегімен

1.

Сіздерді көріп тұрмын

Көлденең жазықтықтағы шұғыл бұрылыс (табылған адамдардың үстінен шеңбер жасау)

Жасыл зымыран

2.

Көмекті осы жерде күтіңіздер, сіздерге әуе кемесі келеді

Көлденең кеңістікте сегіздікпен ұшу

Қызыл зымыран

3.

Көрсетілген бағытта жүріңіздер

Ұшақтың апатқа ұшырағандардың үстімен қозғалыс курсы бағытында ұшуы

Сары зымыран

4.

Сіздерді түсіндім

Қанаттан қанатқа тербелу

Ақ зымыран

5.

Сіздерді түсінбедім

Батпырауықша ұшу

Екі қызыл зымыран

6.

Қону бағыты мен жерге жақындау орнын белгілеңіздер

Кейіннен бұрыла отырып төмен құлдилау

Екі жасыл зымыран


      3. Іздестіру мен құтқаруды жүргізу кезінде қолданылатын "Жер-әуе" халықаралық көзбен шолу белгілері 3-кестеде келтірілген.

      3-кесте

Белгінің мәні

Белгі

1.

Көмек талап етіледі

V

2.

Медициналық көмек талап етіледі

X

3.

Жоқ немесе теріс

N

4.

Иә немесе оң

Y

5.

Осы бағытта қозғаламыз

|

6.

Операциялар аяқталды

LLL

7.

Біз барлық адамдарды таптық

LL

8.

Біз бірнеше адамды ғана таптық

-|-|-

9.

Біздің іздестіруді жалғастыратын жағдайымыз жоқ және базаға ораламыз

XX

10.

Екі топқа бөлінді. Әрқайсысы көрсетілген бағытпен бара жатыр

/___/

11.

ӘК осы бағытта екендігі туралы мәліметтер алынды

-> ->

12.

Ештеңе табылмады. Іздестіруді жалғастырудамыз

NN


      4. Белгілердің көлемі 2,5 м. кем емес және оларды барынша дәрежеде көрінетіндей етіп жасау қажет.

      Белгілер мата жолағының, парашют материалының, ағаш, тастар кесектерінің көмегімен қойылады. Белгілерді жердің бетіне орналастыру топырақты таптау, бетін маймен сырлау жолымен жүзеге асырылады.

      Белгілерге сигналдық зымырандардың, түтіннің, шағылысқан жарықтың, радионың көмегімен назар аудартуға болады.

      5. Егер жерден берілетін белгілер ӘК экипажына түсінікті болса, онда ол мынадай сигналдар береді:

      1) күндізгі жарық кезінде - ӘК қанаттарымен шайқалу;

      2) қараңғылық түскен кезде - қону шамдарын екі рет жағу және өшіру, егер әуе кемесі олармен жабдықталмаса, аэронавигациялық оттарын екі рет жағу және өшіру.

      Жоғарыда көрсетілген сигналдардың болмауы жерден берілген белгінің түсінікті болмағанын білдіреді.

      6. ІҚО (Ж)-ны теңізде орындау кезінде мынадай сигналдар беріледі:

      1) егер ӘК экипажына суүсті кемесіне апатқа ұшырау жағдайындағы әуе немесе суүсті кемесіне бағыт алу өтінішін беру қажет болса, онда ӘК экипажы мынадай маневрлерді жүргізеді:

      суүсті кемесінің үстінен айналымдар орындайды;

      суүсті кемесінің тұмсық бөлігінің алдынан төменірек биіктікте кесіп өту және қанаттарымен шайқалуды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегінің қадамын өзгертуді жүзеге асырады;

      суүсті кемесі жүріп бара жатқан бағытқа шығады;

      2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сигнал арналған суүсті кемесінің көмегі одан әрі талап етілмесе, онда ӘК экипажы суүсті кемесінің артқы бөлігіне жақын жерден кильватер сызығын төмен биіктікте кесіп өтеді және қанаттарын шайқауды орындайды, жапқышын ашып-жабуды немесе ебелегінің қадамын өзгертуді жүзеге асырады;

      3) суүсті кемесінің экипажы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сигналдың алынғандығын растау үшін мынадай сигналдар береді:

      ақ және қызыл тік жолақтары бар кодтық жалаушаны барынша жоғары көтереді (бұл сигналдың түсінікті болғанын білдіреді);

      сигналдық шамның көмегімен Морзе коды бойынша "Т" әріптерінің қатарын таратады; бағытты өзгерту және ӘК соңынан жүру.

      7. Берілген нұсқауларды орындау мүмкін болмаған кезде суүсті кемесінің экипажы:

      1) "N" халықаралық туын (шахмат тақтасы түріндегі көк және ақ шаршылар) көтереді;

      2) сигналдық шамның көмегімен Морзе коды бойынша "N" әріптер қатарын таратады.

      8. Көзбен шолу сигналын беру құралдары пиротехникалық, жарық техникалық, дыбыстық және түстік болады:

      1) пиротехникалық құралдарға зымырандардың әр алуан түрлері және сигналдық патрондар жатады;

      2) жарық-техникалық құралдарға қол сұғылмайтын авариялық қорлар (бұдан әрі – ҚАҚ) мен үрлемелі құтқару құралдарының жиынтығына кіретін сигналдық айналар және қол шамдары мен сигналдық шырағдандардың әр алуан түрлері жатады;

      3) дыбыстық құралдарға дыбыстық зымырандар мен ысқырықтар жатады;

      4) түстік құралдарға қоршаған ортаны қарама-қарсы түстерге бояуға арналған химиялық заттар жатады.

      9. Түнгі және күндізгі әрекет ететін сигналдық патрон (бұдан әрі – ТКСП) тәуліктің кез келген уақытында қолданылады. Ол олардың біреуі – қызыл түсті отпен, ал екіншісі қызғылт-сары түтін бөліп жанатын екі бөліктен тұрады. Әрбір бөліктің жану уақыты 30 секундты құрайды. Түнде оттың және күндіз түтіннің көріну қашықтығы:

      1) 500 м биіктіктен - түнде 25-30 шақырымға және күндіз 8-10 шақырымға;

      2) су бетінде кемеден түнде 20 шақырымға және күндіз 6 шақырымға жетеді.

      Патрондарды іске қосу үшін қақпағын бұрап алу, бауды суыру және баудың ұшындағы сақинаны қолды созып тұрып күрт жұлқып қалу қажет.

      ТКСП-да патронның түнгі бөлігінің қақпағында ойық бар. Тұтанған патронды жел бағытында созылған қолмен 15-750 бұрышпен ұстау керек. Жүзу құралдарын ұшқынмен бүлдіруге жол бермеу үшін патронды судың үстінде ұстау керек.

      10. "РПСП - 40К" маркасындағы қызыл түсті патрон күндізгі және түңгі уақытта сигнал беру үшін қызмет етеді. Сигналдық патронды пайдалану қағидасы патронда көрсетілген.

      Атуға арналған құрылғысы бар қызыл түсті сигналдық патрон апатқа ұшырау жағдайындағы экипаждың тұрған орнын анықтау мақсатында іздестіру-құтқару ӘК-ге сигналдар беруге арналған.

      Атуға арналған құрылғы автоқалам түріндегі металлдан жасалған өзекті білдіреді, оның бір ұшында сигналдық патрондарды бұрап кіргізуге арналған бұрандалы тесігі бар, құрылғының корпусына соққылы әскери серіппе және көтеруге арналған құрылғы орнатылған.

      Атуға арналған құрылғы мен сигналдық патрондар қорапқа немесе қаптамаға жиналады.

      11. Сигналдық айна күн сәулелерімен шағылысқан (күн қояншасы түрінде) жарық сигналын беруге арналған. Айна әрленген тегіс бетті болаттан дайындалған. ҚАҚ жиынтығындағы айнамен берілген "сәулені" табу қашықтығы - 14 шақырым, топтық сал жиынтығындағымен - 37 шақырым.

      "Сәулені" ұшаққа дәлдеу айнаның сыртқы жағына жазылған нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Сигналдық бояғыш - әуеден жақсы көрінетін, суға түскен кезде күндіз сарғылт-жасыл, ал түнде ашық-жасыл флюоресценциялаушы үлкен дақ түзетін ұнтақ. Оның көмегімен қарды да бояуға болады, ол үшін ұнтақты қардың үстіне себу қажет. Бояғыштың көмегімен қар үстіне әртүрлі белгілер салуға болады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
10-қосымша

Жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы туралы есеп беру
форматы

      Іздестіру-құтқару операциясы туралы есеп

      (атауы, сәйкестендіру нөмірі)

      1-бөлім. Іздестіру объектісі туралы ақпарат (ӘК, рейс нөмірі, пайдаланушы, борттық жабдық, апат орны, мерзімдері көрсетілген болжамды бағыты, авариялық жағдайсың сипаты, метеожағдай).

      2-бөлім. Іздестіру-құтқару операциясы туралы ақпарат:

      1. Үйлестіру орталығының іс-қимылы

      1) Журналдағы жазбалар бойынша бастапқы әрекеттердің қысқаша сипаттамасы.

      2) Жұмылдырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдары, ден қою уақыты.

      3) Іздестіру объектісіне қатысты негізгі болжамдар.

      2. Іздестіру операциясы

      1) Іздестіру жоспарының негіздемесі.

      2) Іздестіру жоспарындағы кез келген өзгерістерді түсіндіру.

      3) Іздестіру ауданын, қатыстырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын және метеожағдайды қоса, күнделікті іздестіру операцияларын қысқаша сипаттау.

      4) Іздестіру объектісін анықтаған жағдайда, іздестіру және құтқару объектісінің тұрған орны, тірілердің болуы, қаза болғандар саны, іздестіру-құтқару құралдарынан объектіні табу қашықтығы, іздестіру әдісі, уақыты, іздестіру шарттары туралы ақпаратты, авариялық радиомаяктар туралы мәліметті және іздестіру объектісіне жататын басқа да ақпаратты беру.

      5) Іздестіру объектісі табылмаған жағдайда, себебін көрсету (жалпы түрде).

      3. Құтқару операциясы

      1) Тірі қалғандардың жай-күйі.

      2) Жұмылдырылған іздестіру-құтқару күштері мен құралдары.

      3) Эвакуация туралы толық ақпарат.

      4) Туындаған мәселелер, егер ондайлар орын алған болса.

      3-бөлім. ІҚО тоқтату/тоқтата тұру:

      1. Іздестіру объектісі табылды (күні/уақыты, тұрған орны, тірі қалғандар, зардап шеккендер, із-түссіз жоғалғандар және т.б.).

      2. Іздестіру уақытша тоқтатылды (іздестіруді тоқтата тұруға берілген рұқсат, тірі қалғандар, зардап шеккендер, із-түссіз жоғалғандар және т.б.).

      4-бөлім. Қорытындылар/ұсыныстар:

      1. ІҚО үйлестірушісінің қорытындылары.

      2. Келешекте осыған ұқсас жағдайлар мен оқиғаларға жол бермеуге жәрдем көрсету үшін ІҚО үйлестірушісінің ұсыныстары.

      3. Үйлестіру орталығы басшысының ескертулері.

      4. Іздестіру және құтқару үйлестірушісінің ескертулері.

      Қосымша:

      1. Метеорологиялық мәліметтер.

      2. Көзбен шолып бақылауды жүзеге асырған тұлғалардың хабарламалары.

      3. ІҚО карталары.

      4. Іздестіру-құтқару құралдарын пайдалану (ұшу сағаттары).

      5. Табылған заттар тізбесі.

      6. Фотосуреттер (егер ондайлар болса).

      7. Тарату тізімі.

  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
11-қосымша

Әуе кемелерінің апат және шұғыл сигналдары

      Ескерту. Қағидалар 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2017 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Апат сигналдары

      1. Бір мезгілде немесе бөлек-бөлек берілетін апат сигналдары әуе кемесіне үлкен, тікелей қауіп төніп тұрғандығын және оның дереу көмек көрсетуге мұқтаж екендігін білдіреді.

      2. Ұшып келе жатқан кезде апат туралы хабарламалар ашық мәтінде, бірінші кезекте:

      1) радиотелефонмен:

      апатқа ұшыраудамын – үш рет (халықаралық ұшу кезінде "МЭЙДЭЙ");

      мен – бір рет;

      апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің шақыру белгісі – үш рет;

      апат орнының координаттары – екі рет беріледі;

      2) радиотелеграфпен:

      радиотелеграф бойынша берілетін сигнал мынадай топтан тұрады:

      "SOS" (...- - -...) үш рет қайталанатын, "ДЕШ" (-) – бір рет

      thisis (зис из) тіркесі (халықаралық ұшулар кезінде);

      апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің шақыру белгісі – үш рет;

      апат орнының координаттары – екі рет;

      қысқа уақыт аралығында бір-бірден жіберілетін, қызыл түсті от шығаратын зымырандар;

      3) радиотелефон және радиотелеграфпен:

      ұшу бағыты;

      ұшу жылдамдығы;

      ұшу биіктігі (эшелоны);

      апаттың сипаты мен қажетті көмек;

      ӘКК шешімі және іздестіру мен құтқаруға ықпал ететін басқа мәліметтер беріледі.

      Бір уақытта "SOS" немесе "Апатқа ұшыраудамын" сигналдарын таратқан кезде, тану аппаратурасының "Апат" сигналы және екінші реттік радиолокация жүйесінің ӘҚБ борттық жауап бергішінде "Авария" (7700 коды) сигналы қосылады.

      3. Мүмкіндік болса, апат сигналынан кейін бірден мыналарды көрсету арқылы апат туралы хабарлама беріледі:

      1) жердің ендігі – екі рет;

      2) жердің ұзақтығы – екі рет;

      3) дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) – екі рет;

      4) зақымдану және қажетті көмек түрі – бір рет;

      5) ӘКК қабылдаған шешім және іздестіру мен құтқаруға әсер ететін басқа да мәліметтер – бір рет;

      6) "Қабылда" сөзі.

      Апат туралы әр хабарламаны бергеннен кейін радиоэфирді тыңдау үшін 1-2 минутқа қабылдауға көшу керек.

      4. Авариялық-құтқару ӨЖЖ-радиостанциялармен жұмыс істеген кезде, апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажы қонғаннан кейін "КОСПАС-САРСАТ" спутник жүйесінің пеленгациясын қамтамасыз ету үшін дереу радиостанцияны ("Маяк" режимін) тоналдық тарату режиміне қосады, бұл режимде 3 сағат бойы жұмыс істеп, содан кейін қабылдау режиміне көшеді.

      5. Апатқа ұшыраған ӘК экипажында "Комар" типті автоматты радиомаягы болған жағдайда, парашютпен түскеннен кейін бірден таратқыш жұмысы тоналдық дыбыстарды тыңдау арқылы тексеріледі. Бұл режимде таратқыштың жұмысы 3 сағат бойы жалғасады. Содан кейін қабылдау-таратқышты радиомаяктың үрлемелі баллонынан алып, антеннаны орнату және қабылдау режиміне қосу керек.

      6. Бірінші тәуліктерде әрбір сағаттың басында қонғаннан кейін әрбір таратудан кейін 3 минутқа қабылдау режиміне көшу арқылы апат туралы хабарламаны үш рет беру жүргізіледі, қалған уақытта радиостанция қабылдау режимінде тұруға тиіс. Келесі тәуліктерде әрбір сағаттың басында әрбір таратудан кейін 3 минутқа қабылдау режиміне көшу арқылы апат туралы хабарламаны үш рет беру жүргізіледі, қалған уақытта радиостанция өшіріліп тұрады.

      7. Жерге қонғаннан кейін берілетін апат туралы хабарлама ауада берілетін апат туралы хабарламаға ұқсас. Іздестіру-құтқару ӘК-сінің (ұшақтың немесе тікұшақтың) дыбысы пайда болған немесе оны визуалды көрген кезде апат туралы хабарлама беру және онымен екіжақты радиобайланыс орнатуы керек; егер екіжақты байланыс орнату мүмкін болмаса, апат туралы хабарлама беруді 1,5-2 минут ішінде келтіру үшін сигналдар таратумен ("Маяк" режимі) кезектестіреді; ӘК экипажымен екіжақты байланыс орнатылған кезде радиостанциямен одан кейінгі жұмыс тәртібін іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.

      8. Апатқа ұшыраған ӘК командирінің (экипажының) өзара радиокедерілерді болдырмау үшін бір жерде бір уақытта тарату үшін бірнеше авариялық-құтқару ӨЖЖ-радиостанцияларын қосуына тыйым салынады.

      Осы бөлімнің бірде-бір ережесі апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажына назар аудару, өзінің орналасқан жері туралы хабарлау және көмек алу үшін өз қарамағындағы кез келген құралдарды пайдалануға тыйым салмайды.

      Электр байланыс арналары бойынша апаттық және шұғыл сигналдарын таратудың толық қағидалары Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Авиациялық электр байланыс" деген 10-қосымшада көрсетілген.

2. Шұғыл сигналдар

      9. Шұғыл сигналдар ӘК экипажы оны амалсыз қонуға мәжбүрлейтін, бірақ дереу көмек көрсетуді қажет етпейтін қиыншылықтарға тап болғанын көрсетеді және:

      1) қондыру фараларының қайта-қайта жанып-сөнуі;

      2) импульсті аэронавигациялық оттардың жыпылықтауынан ерекшеленетін аэронавигациялық оттардың қайта-қайта жанып-сөнуі арқылы беріледі.

      10. ӘК және ондағы жолаушылар мен экипаж үшін төнуі мүмкін қауіп жағдайларында берілетін халықаралық шұғыл сигналдар:

      1) радиотелеграф арқылы "ЬЬЬ" – үш рет;

      2) радиотелефон арқылы "ПАН ПАН" (PAN PAN) – үш рет беріледі.

      11. Бірге немесе бөлек берілетін төмендегі сигналдар ӘК-нің қауіпсіздігіне немесе бортта немесе оның көру шегінде қандай да бір адамның бар болуына қатысты шұғыл түрде таратылатын хабарламасы бар екенін білдіреді:

      1) радиотелеграф арқылы немесе таратылатын XXX тобынан тұратын және сигналдарды берудің қандай да бір басқа әдісінің көмегімен тарату арқылы берілетін сигнал;

      2) дауыстап айтылатын PAN, PAN, PAN сөздерінен тұратын радиотелефондық шұғыл сигнал;

      3) деректерді тарату желісі арқылы жіберілген және PAN PAN сөздерінің мағынасын беретін шұғыл хабарлама.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады