Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 Қаулысы

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 4) тармақшасына, 69-бабының 6) тармақшасына және 75-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 8 қарашадағы
№ 1309 қаулысымен 
бекітілген 

Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі

      1. Жеке тұлғаның тұрақты психотикалық симптомдық және айналасындағылар үшін зардап шегушімен бірге тұру мүмкін болмайтын жеке басының айқын өзгерістері бар психикалық аурулары.
      2. Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы.
      3. Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус.
      4. Жиі ұстамасы III дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым.
      5. Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясының ауыр нысандары.
      6. I типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады