Байланыс формасы

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1329 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/897 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1329 қаулысымен 
бекітілген    

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін анықтайды.
      2. Пайдалану және орнын ауыстыру:
      1) тұқымдар мен отырғызу материалдарын - ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (ауыстыру шекарасы) регламенттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады;
      2) отандық тұқымдар мен отырғызу материалдары - карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады;
      3) импорттық тұқымдар мен отырғызу материалдары - фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Импорттық тұқымдар мен отырғызу материалы карантиндік объектілер және басқа да ерекше қауіпті зиянкес организмдермен жасырын залалдану нысанына интродукциялық-карантиндік тұқымбақтарда тексерілуге жатады.

2. Тұқымдарды пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

      4. Пайдалануға рұқсат етілген тұқымдар жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және олардың топырақтағы өнгіштігін арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.
      5. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: стратификация (қар шашу), тұқымдардың сыртқы жамылғысына механикалық, жылу және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен сәулелендіру, тұқымдарды дезинфекциялау және дезинцекциялау.
      6. Тұқымдарды себу алдында дайындаудың негізгі тәсілі стратификация болып табылады.
      7. Орман тұқымдарын стратификациялау арнайы үй-жайларда, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымының түріне байланысты +10 градустан +350С дейін, салқын стратификация 0 градустан +70С дейін, сирек +100С градус температура жағдайында жүргізіледі).
      8. Стратификациялаудың ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының терең сипат алуына, орман тұқымдарының өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың орын алуына байланысты.
      9. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте қабығы жарылған орман тұқымдарын сусымалы күйге жеткізіп кептіреді және елейді.
      10. Тұқымдарды себу алдында дайындау тәсілдерінің ерекшеліктері тұқымдылықтарға байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
      11. Тиеу, тасу және түсіру кезінде тұқымдар механикалық әсерлерге ұшырамауға және суланбауға тиіс.
      12. Тұқымдардың орнын ауыстыру (тасымалдау кезінде бүлінбеуі үшін оларды құрғақ күйге жеткізіп (12-15% ылғалдылық), кептіреді және нығыздап салмай бес қабатты қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдыстарға салады. Ыдысқа салынған тұқымның бір орнының массасы 50 килограммнан аспауға тиіс.
      13. Ыдыстың әрбір орны тұқымдардың түр атауы, массасы, күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.
      14. Себу орнына немесе көлік құралдарына жеткізілген тұқымдар оларды пайдалану немесе жөнелту сәтіне дейін лапас астында немесе жабық платформаларда сақталады.

3. Отырғызу материалдарын пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

      15. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде отырғызу материалдарды пайдалану мен олардың орын ауыстыруға отырғызу материалы өсірген орман тұқымбағының иесі беретін отырғызу материалдарының паспорты болған кезде рұқсат етіледі.
      16. Отырғызу материалының паспорты отырғызу материалдарын қабылдау актісінің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      17. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарының сапасы мен саны бойынша қабылдау орман иеленуші немесе орман пайдаланушы тұқымбағының барлық қазып алынатын алаңында жылына екі рет көктемгі және күзгі отырғызу материалдарын қазып алу алдында комиссия жүзеге асырады, оның құрамында:
      1) тұқымбақтың өкілдері (тұқымбақ бастығы немесе орман екпелерінің инженері);
      2) карантиндік қадағалау қызметінің өкілі;
      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілі болады.
      18. Отырғызылатын материал лекпен қабылданып алынады. Бірдей жағдайларда өсіріліп бір тұқымның жасы мен шығу тегі бір екпе көшеттердің, тікпе көшеттердің кез-келген мөлшері лек болып есептеледі.
      19. Орман иеленуші мен орман пайдаланушы ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін өсірген немесе сатып алған отырғызу материалы осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген талаптарына сай келуге тиіс.
      20. Тамыр жүйесі ашық екпе көшеттер, тікпе көшеттері және қысқы (сүректенген) қалемшелер көктемгі және күзгі кезеңдерде ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылады.
      21. Тамыр жүйесі жабық екпе көшеттер мен тікпе көшеттерді (топырақ кесегімен) тамыр жүйесі кеуіп қалудан сақталған жағдайда бүкіл жыл бойына отырғызуға болады.
      22. Отырғызу материалының орнын ауыстыру (тасымалдау) көліктің барлық түрімен жүзеге асырылады, оларда отырғызу материалының діңдері, бұтақтары және тамыр жүйесі бүлінбейтіндей етіп біркелкі орналастырылуы қамтамасыз етіледі.
      23. Отырғызу материалдарын тасымалдау кезінде:
      1) оларды бумалап байлап, саңылауы бар жәшіктерге, қаптарға және себеттерге салады;
      2) тамыр жүйесінің кеуіп, құрғап қалуына жол бермеу мақсатында олардың бетіне ылғалды ағаш ұнтақтары, қар, сабан немесе қамыс төсейді.
      24. Тиеу, тасу және түсіру кезінде отырғызу материалына механикалық зақым келмеуге тиіс.

Ормандарды молықтыру мен   
орман өсіру үшін тұқымдар мен 
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
1-қосымша         

Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдында өңдеудің ерекшеліктері

Р/с
N

Тегі

Тұқымды себуге дайындау тәсілдері

Тұқымдардың өсу қуатын және олардың жердегі өнгіштігін ынталандыру үшін дайындау әдістері

күзгі

көктемгі

1

2

3

4

5

1

Кәдімгі өрік

Тұрақты аяздарға екі ай қалғанда себілсе стратификацияланбайды. Күз аяғында себілсе, жиналған сәттен бастап жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

3-5оС температурада дымқыл құм салынған жәшіктерде 90-100 күн бойы немесе қыста тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды температурасы 35 0С суға жібітеді, Үшінші тәулікте Температурасы 16-18оС су құяды. Содан кейін температурасы 30-35оС үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды.
Қоспаны күніне 2-3 рет аударыстырып тұрады.
12-15-ші күні өсіп-өне бастайды.

2

Биік айлант

Дайындамайды

2-3 күн бойы суға жібітеді


3

Бұталы аморфа

Дайындамайды

24 сағат бойы суға жібітеді


4

Қара жемісті аронин

Дайындамайды

Марганец қышқылды калий ерітіндісінде (0,5 %) 2 сағат бойы жібітеді, содан кейін 60 күн Стратификациялайды


5

Салпыншақ қайың (қотыр)

Ерте жазда себілсе  алдын ала тұқымды жабыскақ күйге дейін жібітіп алады, күз аяғында және қыста себілсе, дайындамайды

Алдын ала ішінара жабысқақ күйге дейін жібітіп алады (2-3 тәулік) немесе құрғақ күйінде себеді

Алдын ала жібітілген тұқымды 2 тәулік бойы қарға аунатып, тоңазытып алады. Қарға аунату ұзақтығы - 30 күн. Температурасы төмен (0оС-қа жуық) үй ішінде құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды және ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді. Тұқымды 6 сағат бойы 0,005 % күкірт қышқылды кобальт ерітіндісімен (COS04) немесе 0.001 % молибден ерітіндісімен (NH4)2 Мо04 өңдейді. Марганец қышқылды калийдің 0,5 % ерітіндісімен 2 сағат дәрілейді

6

Түкті қайың

Талап етілмейді

Алдын ала 2 тәулік бойы жібітіп алады немесе құрғақ күйінде себеді

Қарға аунатып алады немесе төмен температурада (00С-қа жуык) алдын ала жібітілген тұқымды құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды. Алдын ала жібітілген тұқымды брезентке үйіп, жабысқақ күйге дейін жеткізеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.

7

Шығыс биотасы

Тәулік бойы жібітіп алады

Тәулік бойы жібітіп алады


8

Кәдімгі қынаағаш

Қыркүйектен кешіктірмей себілсе дайындамайды; одан кеш себілсе 30 күн стратификациялайды

80-90 күн бойы 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Тұқымды 500С температурадағы суда 2 тәулік бойы жібітеді

9

Тікенді (кәдімгі) долана

Сеппейді

12-24 сағат бойы 45 % күкірт қышқылы ерітіндісінде жібітеді, жуып-шаяды және температурасы 20-250 С үй-жайларда 180-240 күн стратификациялайды


10

Алқызыл долана

Сеппейді

Жинап алғаннан кейін бірден 5-100С температурада 160-260 күн бойы үнемі ылғалдандыра және араластыра отырып стратификациялайды


11

Бір аналық долана

Жинаған соң 1 жыл ішінде стратификациялап, келесі күзде себеді. Стратификация алдында 3-4 күн жібітеді

Сеппейді


12

Кәдімгі шие және дала шиесі

Жиналған сәттен бастап себуге дейін жаңа жиналған, кептірілмеген тұқымдарды жазғы траншеяларда немесе салкын үй ішінде стратификациялайды

Жинаған сәттен бастап 180 күн ішінде (дала шиесі үшін - 120-180 күн) үйжайда немесе тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды


13

Жылтыр шегіршін

Жинағаннан кейін бірден құрғақ күйінде себеді немесе 2 сағат суға жібітіп, кептіріп алады



14

Үш тікенекті (кәдімгі) қарамала

Тұқымды жинаған сәттен бастап себуге дейін жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Құрғақ тұқымды ерте көктемде себуге болады

Тұқымға қайнаған ыстық су (900С) құяды, содан соң салқындаған суда 10 сағат қалдырады. Су мен тұқымның арақатынасы 3:1. Ісінбеген тұқымды қайта өңдейді.

Ыстык су құюды 2 сағат бойы күкірт қышқылының концентратымен өңдеумен алмастыруға болады

15

Кәдімгі алмұрт

Аязға 1,5 ай қалғанда себер болса дайындамайды, одан кеш себетін болса жинаған сәттен бастап жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 2 тәулік бойы жібітілген тұкымды қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайда 0-50С температурада стратификациялайды. Стратификация мерзімі - құмда 90 күн, шымтезек Ұнтағында 75 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік бойы жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7 күннен кейін өсіп-өнеді. ТМТД-мен немесе фентеураммен дәрілейді

16.

Ақ дерен алқызыл дерен (свидина)

Жинаудан себуге дейін бірден жазғы траншеяларда стратификациялайды. Жинаған соң дайындықсыз бірден себуге болады.

Үй-жайларда құм салынған жәшіктерде 180 күн бойы немесе жинаған соң бірден жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 240-270 күн бойы стратификациялайды

Тұқымды 15 күн бойы қарға аунатып алады, содан кейін оны үйжайларда 90 күн бойы 5-60С температурада стратификациялайды

17

Өте әдемі емен

Дайындамайды

Қыста траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде сақталған соң дайындықты қажет етпейді


18

Кәдімгі шырша және сібір шыршасы

Дайындамайды

9-12 сағат суға жібітеді

Жібітілген тұқымды себу алдында 60-90 күн бойы қарға аунатып алады. Марганец қышкылды калийдің 0,5 % ерітіндісінде 2 сағат жібітеді. ТМТД-мен, фентиураммен, БМК-мен немесе фундазолмен дәрілейді. Мынадай микроэлементтердің су ерітінділерінде 12-18 сағат жібітеді: күкірт қышқылды кобальт (0,03 %), күкірт қышқылды мыс (0,03 %) немесе марганец қышқылды калийдің, бор қышкылының, күкірт қышқылды мыстың, мырыштың және кобальттің (0,002 %-тен) қоспасы

19

Шренк (тянь-шань) шыршасы

Сеппейді

Алдын ала бір тәулік суға жібітілген тұқым қарға аунатылады. Қарға аунату мерзімі 1-1,5 ай. Қарға аунатқаннан кейін 0,5% КМn04 ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды температурасы 35-40 С суға салып, 24 сағат ұстайды. Содан соң оны 0,5% КМn04 ерітіндісінде 30 минут дәрілеп, көлеңкеде әбден кептіріп алып себеді.

20

Кәдімгі ұшқат

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе үйжайларда 2-50С температурада 60-90 күн стратификациялайды


21

Татар ұшқаты

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы суық траншеяларда немесе үй-жайларда 2-5 С температурада 50-60 күн стратификациялайды

Себу алдында шағын қаптарға салып 1,5 ай бойы қар үстіне қойып қояды немесе 5-8 С температурада аптасына 2 рет ылғалдандыра және араластыра отырып ағаш үгінділерінде стратификациялайды. 18-20 күннен кейін тұқым өнеді

22

Кәдімгі шәңгіш

Жаңа жиналған тұқымды жазғы траншеяларда стратификациялағанда өскіндер бір жылдан кейін пайда болады.

Жинаған соң алдымен жазғы, одан кейін қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе алдымен үй-жайларда 15-180С температурада, содан соң қыста 50С дейін төмен температурада стратификациялайды



23

Ағаш тәріздес қараған (сарықараған )

Дайындауды қажет етпейді

Бөлме температурасындағы суда 5 сағат жібітеді

45 күн бойы қарға аунатады немесе 00С мұзда 30 күн бойы ұстайды


24


Ат талшын

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтау кезінде дайындайды

Сақтаудан кейін жылы жерде бірнеше күн ұстап, өнгенше, араластырып және ылғалдандырып тұрады

25

Ақ үйеңкі

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдымен үй-жайда 0-30С температурада 45 күн стратификациялайды, содан кейін 45 күн бойы қар астында ұстайды. Тұқымды 3 тәулік бойы жібітеді, содан соң алдымен 5-100С температурада үй-жайда 60 күн, одан кейін 00С-та 60 күн стратификациялайды

Қарда 45-60 күн стратификациялайды. Молибден аммонийдің 3% ерітіндісінде 24 сағат жібітеді, содан соң 8 күн бойы күніне 3 рет 4 минутка жылы суға (35-38Т) және суық суға (00С) салады

26

Сүйір жапырақты үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі)

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Үй-жайларда немесе қыскы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификациялау мерзімі 45-60 күн.

Қар араластыра отырып 45-60 күн стратификациялайды. Тұқымға жылы (40оС) су құйып, брезентпен жауып, 3 тәулік ұстайды. Содан кейін 300С жуық температурадағы үй-жайларда құм салынған жәшіктерде ұстап, күн сайын араластырып және ылғалдандырып тұрады. Тұқымдар 7-ші күні өнеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді

27

Дала үйеңкісі

Жиналғаннан кейін жазғы траншеяларда себуге дейін кемінде 45 күн стратификациялайды

Жинағаннан кейін алдымен жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 150-180 күн стратификациялайды

Тұкымды 3 күн жібітіп, алдымен үйжайларда 10-150С температурада 60 күн, содан кейін 00С температурада 30-60 күн стратификациялайды

28

Күміс үйеңкі

Сеппейді

Жинаған соң дайындықсыз бірден себіледі (мамырдың аяғы - маусымның басы)

Құрғақ ауа райында екпелерді суару міндетті

29

Татар үйеңкісі

Жиналғаннан себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Күзден бастап қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды құм салынған жәшіктерде 0-30С температурада әрбір 2-3 күн сайын ылғалдандыра және араластыра отырып страфикациялайды. 30 күннен соң ылғалдандыруды тоқтатады, температураны 00С дейін төмендетеді. 2-ші күні тұқымды қайта ылғалдандырып, температураны 50С дейін көтереді. Бұдан кейін тұқым 18-20-шы күні өнеді. Дайындықтың жалпы ұзақтығы 50 күн

30

Шаған жапырақты үйеңкі

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 30 күн стратификациялайды немесе 1 ай қар астында ұстайды


31

Ірі жапырақты жөке

Тұқымды жиналғаннан бастап жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде 90 күн бойы стратификациялайды

Алдымен жазғы Траншеяларда немесе үй-жайларда, ал содан кейін 0-50С температурада қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификация ұзақтығы - 180 күнге дейін


32

Ұсақ жапырақты жөке

Тұқымды жинағаннан соң себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды жазғы, содан соң қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды ауық-ауық ауыстырылып тұратын суда 10 күн жібітеді, содан соң 30 күн 15-250 С температурада және 90-120 күн 00С температурада стратификациялайды

33

Сібір балқарағайы

Дайындауды қажет етпейді

9-12 сағат суға жібітеді және 1-1,5 ай қарға аунатады; КМn04 0,5% ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды 3 тәулік марганец қышкылды калийдің 0,004 % ерітіндісінде +260С температурада жібітеді, содан кейін дәке дорбаларға салып, дымқыл ағаш үгінділерімен (1,5-2 см қабатпен) көміп, 2 тәулік ұстайды. Тұқымды 24 сағат бром калийінің 0,5 % ерітіндісінде немесе 0,05 % колхицин ерітіндісінде жібітеді. Тұқымды себуге 30 сағат қалғанда әлсіз әк ерітіндісінде (10 л суға 200-250гр әк) жібітеді.

34

Жіңішке жапырақты жиде

Ерте күзде сепкенде жинаудан кейін дайындамайды; кеш себілсе, жиналған кезден бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 4 тәулік жібітілген тұқымды қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе 16-200С температурада үй-жайлар ішінде стратификациялайды. Стратификациялау ұзақтығы - 90-120 күн

Тұқымға ыстық су (50-600С) құйып, бір тәулік жібітеді. Содан кейін температурасы 16-20 С үй-жайда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. 15-20-шы күні өне бастайды.

35

Кәдімгі бадам

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайларда немесе траншеяларда 30-60 күн стратификациялайды


36

Виргиния аршасы

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С темпратурада 120 күн стратификациялайды

Тұқымды 30-50 мин. мөлшерінде күкірт қышқылы концентратымен өңдейді, сумен шаяды, содан кейін 0-50С температурада 90-120 күн стратификациялайды

37

Кәдімгі арша

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда Себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 20-300С температурада 30 күн, 150С температурада 120 күн стратификациялайды


38

Түркістан аршасы

Жаңа жиналған Тұқымды дайындамай сол күйінде тамыз айы ішінде себеді

Өткен жылғы терең тыныштықтағы тұқымды жазда шілдеде - тамыздың бас кезінде себеді.


39

Жарты шар тәрізді арша

Бұл да қыркүйектің бірінші жартысында себіледі

Бұл да солай


40

Шырғанақ маймылжиде

Топырақ қатпай тұрып 1 айдан кешіктірмей себілсе, дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 90 күн стратификацияланады

3 тәулік суда жібітіп алып, үй-жайда 30 күн стратификациялайды

41

Грек жаңғағы

Дайындамайды

Үй-жайда құмда 0-50С температурада 30-45 күн стратификациялайды

Тұкымды көктемде себуге 5-7 күн қалғанда қапқа салынған күйінде тау өзенінің ағын суына малады.

42

Кәдімгі шабдалы

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада 100-120 күн стратификациялайды


43

Сібір самырсыны

Дайындауды қажет етпейді

Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Алдын-ала жібітілген тұқымды 30 күн қарға аунатады

44

Ақ қараған

Сеппейді

Тұқымды стратификациялайды немесе температурасы 80-850С су құйып, алғашкы 15-20 минут араластырып, суығанша қалдырады. Қажет болса ісінбеген тұқымдарды електен өткізіп алып, оларды өңдеуді қайталайды


45

Итмұрын итсиген

Шала піскен жемістер тұқымын сепкенде дайындауды қажет етпейді

Шала піскен жемістер тұқымын үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 210-240 күн стратификациялайды


46

Кәдімгі шетен

Жинап алғаннан бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда немесе үй-жайда стратификациялайды

Температурасы 0-50С үй-жайда дымкыл құмда 90-120 күн стратификациялайды, содан кейін қармен көмеді Стратификацияның жалпы ұзақтығы -150-180 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. 7 күннен кейін өнеді

47

Ақ сексеуіл және қара сексеуіл

Қыста сепкенде дайындауды қажет етпейді

Дайындауды қажет етпейді


48

Кәдімгі мамыргүл

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 45 күн стратификациялайды

10-15 сағат суда жібітеді, содан кейін дымқыл ағаш үгіндісінде немесе шымтезекте 2-8 күн ұстайды

49

Үй қара өрігі

Жазғы траншеяларда 90 күн стратификациялайды

Қыскы тоңазымайтын траншеяларда кемінде 150 күн стратификациялайды


50

Тікенді қараөрік (шомырт)

Ерте жазда, тамызда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді, кеш себілетін болса, жиналғаннан бастап себуге дейін (2 ай бойы) жазғы траншеяларда, өткен жылдың тұқымын - 80 күн стратификациялайды

Жинала салысымен үй-жайда 150-180 күн немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда 180-210 күн стратификациялайды


51

Алхоры өрік (алша)

Жинала салысымен себуге дейін жазғы Траншеяларда стратификациялайды. Өткен жылғы тұқымды 60-90 күн стратификациялайды

Жинала салысымен жазғы траншеяларда стратификациялайды, ал содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 120-170 күн немесе температурасы 3-50С үй-жайда 150 күн стратификациялайды


52

Қызыл күрең қаракат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды

Тұкымды бастапқы температурасы 50 С суда 24 сағат жібітеді. Содан кейін 12-150С температурада күн сайын араластырып, ылғалдандырып 30 күн стратификациялайды. Ауыспалы температурада (жылы және суық) стратификациялағанда тұқымды 30 күн дайындайды.

53

Қара каракат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды


54

Сібір самырсын қарағайы

Дайындамайды, тек марганец қышқылды калийдің 0,5 % ерітіндісінде жібітеді

Тұқымды алдын-ала 3 тәулік жібітеді, дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен немесе шымтезек ұнтағымен араластырып, жәшіктермен қар астына немесе салқын 00С үй-жайға себуге дейін 2-3 ай қойып қояды. Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтағанда да дайындалады

Құммен араластырылған тұқымды (2:1) қалыңдығы 20 см, 50% дейін толық ылғал сақтағанша сулап, 30-400С температурада 12 сағат бүркептіргішке қояды, содан кейін қарға көмеді. Бұдан кейін қайта сулап, бүркептіргіштерге қояды, содан соң қар астына қояды. Екі мәрте өңдеуден өткен тұқымды 10-11 күн стратификациялайды. ТМТД немесе фентиураммен дәрілейді.

55

Қырым қарағайы

Себілмейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді


56

Кәдімгі қарағай

Дайындауды қажет етпейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді. Дорбаларға салынған құрғақ немесе жібітілген тұкымды 1-2 ай қарға қояды.

Тұқымды жібітіп, өнгенше ылғалды күйінде ұстайды және 1-2 айға қар астына шығарып қояды. Микориз құрайтын майқұлақ саңырауқұлағының таза дақылымен тұқым микоризациясын жүргізеді. 24 сағат 0,02 % дейін күкірт қышқылды мырыш, күкірт қышқылды марганец (0,1 % және одан төмен), бор қышқылы (0,025%) және гетероауксин (0,01 % және одан төмен) ерітіндісінде жібітеді. Жиілігі 22,5кГц және қуаты 15 Вт ульртадыбыспен 10 минут өндейді.

57

Aқ терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



58

Қара терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



59

Батыс боз аршасы

Дайындауды қажет етпейді.

Жібітілген тұқымды бір ай бойы қарға аунатады


60

Нағыз пісте

Себілмейді.

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітіп, құм салынған жәшіктерде (1:3) немесе траншеяларда 30-40 күн стратификациялайды

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітіп, қаппен жылы жерге іліп қояды және өне бастағанша 9-12 күн анда-санда сулап тұрады

61

Кәдімгі мойыл

Дайындауды қажет етпейді.

Үй-жайда 0-50С температурада 150-180 күн стратификациялайды


62

Жабайы орман алмасы


Суда 2 тәулік жібітеді, содан кейін 0-50С температурада құмда, шымтезекте немесе ағаш үгіндісінде 75-105 күн стратификациялайды

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7-ші күні өнеді.

63

Кәдімгі шаған

Онша толыспаған тұқымды жазғы траншеяларда маусым айынан бастап себуге дейін стратификациялайды

Үй-жайда алдымен 18-200С температурада 2-3 ай, содан кейін 5-110С температурада стратификациялайды. Стратификациялаудың жалпы ұзақтығы 180-200 күн (шала піскен тұқымдар)


      Ескертпе:
      1. Тұқымдарды себуге стратификациялау ар-жайларда үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі.
      2. Тұқымды стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.

Ормандарды молықтыру мен  
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
2-қосымша         

Отырғызу материалдарына № ___ паспорт

"___"___________ 20__ жыл

_____________________________________________________________________
      (тұқымбақ, орман иеленуші, орман пайдаланушы,

_____________________________________________________________________
      заңды пошталық мекен-жайы)
өсірілген____________________________________________________________
      (отырғызу материалдардың түрі: екпе көшеттер, тікпе көшеттері,
_____________________________________________________________________
      соның ішінде тамыр топырағымен, тұқымы)

1. Сапа көрсеткіштері

Лек нөмірі

Екпелердің (тікекпелердің) стандарт талаптарына сәйкестігі

Жасы

Сорты

Мөлшері, дана











Қазылған уақыты _____ Қаттау уақыты _____ Жіберілген уақыты _____

Пайдалану мақсаты _______________________________________________
                   (дербес қажеттілік, өткізу, тасымалдау ауданы)

Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның берген
құжаты __________________________________________________________
              (отырғызу материалы карантин ауданынан басқа жерге
_________________________________________________________________
                      әкетілгенде толтырылады)

2. Тұқым материалдардың шығу тегі

Тұқым жиналған жер _______________________________________________
                   (облыс, аудан, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
__________________________________________________________________
                            орманшылық, орам)

Тұқымның сапасы туралы куәлік ____________________________________
                                 (№, қашан және кім берген)

Тұқымның селекциялық санаты ______________________________________
                              (сортты, жақсартылған, қалыпты)

3. Өсіру шарттары

Өсіру тәсілі _____________________________________________________
                   (ашық жер, бақылау жасалатын орта жағдайлары)
Топырақ жағдайлары, қолданылатын субстрат ________________________
Тыңайтқыш шашу, басқа агротехникалық іс-шаралар __________________
                                                  (атауы, доза,
__________________________________________________________________
                          кезеңділігі, т.б.)
Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу жөніндегі іс-шаралар _____________________________________________
                     (препараттың түрі, атауы, өңдеу мерзімі мен
__________________________________________________________________
                           кезеңділігі)
Орман иеленуші, орман пайдаланушы ________________________________
                                        (қолы, Т.А.Ә.)

М.О.

__________________________________________________________ тіркелді
(орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
__________________________________________________________________
         және орман өсіру саласындағы аумақтық орган)

№ ____ «____» 20 __ж.

Ормандарды молықтыру мен   
орман өсіру үшін тұқымдар мен 
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
3-қосымша        

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалына қойылатын талаптар

Р/с №

Тұқымдардың атауы

Жасы, жыл

Тамыр мойнындағы діннің жуандығы, (кем емес), мм

1.

Қылқан жапырақты тұқымдар:



1.1.

Шырша, самырсын, арша

3-5

2,0

1.2.

Қарағай, қызылқарағай

2-3

2,5

2.

Жапырақты тұқымдар (бұталардан басқа)

1-3

3,5

3.

Бұталар

1-3

2,5

      Ескертпе:
      1. Кестеде көрсетілген талаптар тамыр жүйесі ашық көшеттерге қатысты.
      2. Ағаштар мен бұталардың барлық тұқымдарының діңшесінің биіктігі 10 сантиметрден 60 сантиметрге дейінгі екпе көшеттері стандартты отырғызу материалы болып есептеледі. Бұл ретте стандартты отырғызу материалдарының тамыр жүйесінің ұзындығы мынадай болады:
      1) дала аймағы - 15-20 см;
      2) орманды дала аймағы - 20-30 см.
      3. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде тегіс діңшелері, толық сүректенген өркен ұштары, тыныштық жағдайындағы әбден қалыптасқан бүршіктері, сондай-ақ шашақты тамырларының мөлшері жеткілікті жақсы тармақталған сау тамыр жүйесі бар екпе көшеттер мен тікпе көшеттер пайдаланылады.
      4. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе көшеттер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

Ормандарды молықтыру мен  
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалдарын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
4-қосымша           

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалдарына (қалемшелерге) қойылатын талаптар

Р/с

Тұкымдардың атауы

Орман өсетін аймақтар

Жасы, жыл

Сорт

Тамыр мойнындағы діңнің жуандығы (кем емес), мм

Жердегі бөлігінің биіктігі (кем емес), см

1

2

3

4

5

6

7

1

Салпыншақ қайың (қотыр қайың)
Betula pendula Roth (В.veruco Ehrh.)

барлық аймақ

3-4

1
2

8
5

50
35

2

Кәдімгі қынаағаш
Ligustru vulgare L.

таулы аудандар

2-3

1
2

9
6

80
60

3

Жербауырлы шегіршін
Ulmus pinnato-ramosa Dieck.

орманды
дала,
дала

2-3

1
2

8
6

55
40

4

Кәдімгі алмұрт
Pirus communis L.

барлық аймақ

2-3

1
2

7
5

45
30

5

Өте әдемі емен
Quercus robur L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
6

45
30

6

Кәдімгі (еуропалық) шырша
Picea abies (L.) Karst.

барлық аймақ

5-6

1
2

5
4

20
15

7

Сібір шыршасы
Picea obovata Lebed.

орманды
дала

5-6

1
2

6
4

30
20

8

Шренк шыршасы
Picea Schrenki na Fischet Meg.

таулы аудандар

5-6

1
2

6
4

25
15

9

Ағаш тәріздес қараған (сары қараған)
Caragana arborescens Lam.

барлық аймақ

3-4

1
2

6
4

35
25

10

Еуропалық екпе талшыны
Castanea sativa Mill.

барлық аймақ

2-3

1
2

15
10

60
45

11

Ақ үйеңкі
Acer pseudoplatan sL.

барлық аймақ

2-3

1
2

10
6

55
40

12

Сүйір жапырақты
үйеңкі
(платан тәрізді үйеңкі)
Acer platanoides L.

барлық аймақ

3-4

1
2

8
6

35
25

13

Aт талшыны
Aesculus hippocastanum L.

барлық аймақ

2-3

1
2

15
10

40
25

14

Ұсақ жапырақты
жөке
Tilia cordata Mill.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
5

50
30

15

Сібір балқарағайы
Larix sibirica Ledeb.

орманды дала

3-4

1
2

9
5

40
25

16

Шырғанақ маймылжиде
Hippophae ramnoides L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

17

Грек жаңғағы
Juglans regia L.

барлық аймақ

3-4

1
2

20
10

60
40

18

Сібір самырсыны
Abies sibirica Ledeb.

таулы аудандар

6-8

1
2

6
4

25
15

19

Шығыс биотасы
Biota orientalis Endl

барлық аймақ

4

1
2

12
7

60
40

20

Ақ караған
Robinia pseudoacacia L.

барлық аймақ

1-2

81
12

8
6

70
50

21

Кәдімгі шетен
Sorbus aucuparica L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

22

Самырсын, сібір қарағай
Pinus sibirika Du Tour

барлық аймақ

6-7

1
2

10
6

30
20

23

Кәдімгі қарағай
Pinus silvestris L.

орманды дала

3-4

1
2

8
5

25
20

24

Ақ (күміс) терек
Populus alba L.

орманды дала

2-3

1
2

10
7

100
70

25

Қара терек
Populus nigra L.

орманды дала

2

1
2

7
6

80
60

26

Орман алмасы
Malus silvestris (L.) Mill.

барлык аймақ

2-3

1
2

8
6

45
30

27

Кәдімгі шаған
Flaxinus excelsio L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

      Ескертпе:
      1. Аумағы жағынан орман өсетін аймақтарға, қосымша аймақтарға және табиғи өңірлерге енетін әкімшілік аудандар:
      1) Орманды дала аймағы:
      Солтүстік Қазақстан облысы;
      Қостанай облысының солтүстік аудандары;
      Павлодар облысының солтүстік-шығыс аудандары.
      2) Дала аймағы:
      Қостанай облысы (солтүстік аудандардан басқа);
      Павлодар облысы (солтүстік-шығыс аудандардан басқа);
      Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары (таулы аудандардан басқа);
      Атырау және Ақтөбе облыстары;
      Қарағанды облысының солтүстік бөлігі.
      3) Таулы аудандар: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары
      2. Бұталарды қоспағанда, діңшелері қосарланған және басты өркені тармақталған, сондай-ақ әртүрлі зақымдары бар, соның ішінде зиянкестер мен аурулар бүлдірген отырғызу материалы стандартсыз материал болып есептеледі және ландшафтық-рекреациялық екпелер өсіру кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
      3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпе материалдар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады