Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1333 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 12 қарашадағы
№ 1333 қаулысымен
бекітілген 

Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

2. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі

      2. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау бойынша штемпель-граверлік кәсіпорындарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары берген рұқсаттар бойынша заңды және жеке тұлғалар ашады.
      3. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар:
      1) қарамағында штемпель-граверлік кәсіпорын бар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы қол қойған, сақтау шарттары қысқаша сипатталған рұқсат берілгені туралы қолдаухат;
      2) штемпель-граверлік өндіріске жауапты және жұмысқа рұқсаты бар адамға сауалнама;
      3) қысқаша түсіндірме жазбасы бар штемпель-граверлік кәсіпорынның цехтары мен қызметтерінің орналасу, оның ішінде үй-жайдың техникалық нығайтылуы, күзет сигнализациясының болуы, өткізу режимінің жүзеге асырылуы, полиграфтық жабдықты, баспа машиналары үшін қаріп пен матрицаларды есепке алу және сақтау жағдайлары туралы жоспарды ұсынады.
      4. Ішкі істер органдары:
      1) заңды тұлғаның жүгінуі кезінде, оны қарау үшін олардан өзге де субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды не тексерілетін орынға шығуды талап етпегенде - күнтізбелік он бес күн;
      2) заңды тұлғаның жүгінуі кезінде, оны қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды не тексерілетін орынға шығуды талап еткенде - күнтізбелік отыз күн ішінде рұқсат береді.
      Штемпель-граверлік кәсіпорынның мекенжайы ауысқан, жауапты адамы ауысқан, өндіріс қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда штемпель-граверлік кәсіпорынның жұмыс істеуіне рұқсат берген ішкі істер органына бір тәулік ішінде хабарланады.
      5. Егер осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса, рұқсат беруден бас тартылады.
      6. Штемпель-граверлік кәсіпорындар жабдықтың, шикізаттың, штемпель-граверлік өндірістің дайын бұйымдарының сақталуын қамтамасыз ететін және өндірістік цехтарға бөгде адамдардың кіруіне мүмкіндік бермейтін күзетілетін, оқшауланған үй-жайларда орналасуы тиіс.
      Жұмыс күні аяқталған соң өндірістік цехтар, қоймалар, тапсырыстарды қабылдауға және дайын бұйымдарды беруге арналған үй-жайлар жабылады және мөрленеді. Цокольдық және бірінші қабаттардың терезелері темір торлармен жабдықталады.
      7. Штемпель-граверлік кәсіпорындар мөрлері мен мөртабандары қолдан жасаудан міндетті түрде қорғауға жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, азаматтардың қатынас қағазына немесе өтінішіне үлгілерді (эскиздерді) міндетті түрде қоса бере отырып, мекемелерден, кәсіпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан тапсырыстар қабылдайды.
      8. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ал жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін куәландыратын құжат негіз болып табылады. Мөрлер мен мөртабандардың эскиздері таза және анық орындалуы тиіс. Түзетулер енгізілген мөрлер мен мөртабандардың эскиздері қабылданбайды.
      9. Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға арналған тапсырыстар тапсырыстарды қабылдау және дайын бұйымдарды беру жөніндегі қызметкерге тапсырылады, қызметкерлер тапсырыс берушілер ұсынған құжаттарды мұқият тексереді. Қабылданған тапсырыстар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабында (бұдан әрі – Кітап) тіркеледі.
      10. Цехтардан қабылданған дайын мөрлер мен мөртабандар Кітапта тіркеледі.
      11. Дайындалған мөрлер мен мөртабандар тапсырыс берушілерге немесе тапсырыс берушілердің өкілдеріне жеке куәлігін ұсынған кезде сенімхат бойынша беріледі. Тапсырыс беруші немесе тапсырыс берушінің өкілі Кітапта қол қояды және жеке куәлігінің сериясын, нөмірін, кім және қашан бергенін көрсетеді. Содан кейін мөрлер мен мөртабандарды бақылау бедерін түсіру жүргізіледі.
      12. Орындалған және тапсырылған тапсырыстарға жататын барлық құжаттар тапсырыстарды қабылдауға және дайын бұйымдарды беруге арналған үй-жайларда хронологиялық тәртіппен арнайы істе екі жыл бойы сақталады, содан кейін акт толтырыла отырып, ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен жойылады.
      13. Дайындалған мөрлер мен мөртабандар штемпель-граверлік кәсіпорында темір жәшіктерде (шкафтарда) сақталады.
      14. Ақауы бар мөрлер мен мөртабандар (өндірістік ақау) ақау анықталған күннен бастап бір апта мерзімде ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен комиссиялық түрде жойылады.
      Каучуктан жасалған ақауы бар бұйымдар кішкентай бөліктерге бөлінеді немесе өртеп жіберіледі, металдан жасалған бұйымдар ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен екі қиылысқан сызықпен арамен кесіледі. Ақаудың жойылғаны туралы жойылған мөрлер мен мөртабандардың үлгісімен бірге акт толтырылады, ол штемпель-граверлік кәсіпорында сақталады.
      15. Тапсырыс беруші алмаған мөрлер мен мөртабандар дайындалған күннен бастап үш ай бойы сақталады, содан кейін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәртіппен жойылады.

Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу
және олардың жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша           

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
___________________________________

№___ рұқсат түбіртегі

20 __ жылғы «____»_____________

________________________________
(кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның тегі,

________________________________аты-жөні, мекенжайы және қызметтік немесе үй телефоны)
 
________________________________
(объект, заттардың, аппараттардың саны, сақтауға рұқсат етілетін

________________________________
жабдықтардың бірлігі көрсетіледі)

________________________________
ашу, жұмыс істеу, сақтау құқығына________________________________________________________
жауапты адамның тегі, аты-жөні, қызметтік телефоны,
________________________________
жауапты адам ретінде тағайындау туралы бұйрықтың №, күні

______дербес жауапкершілігімен берілді

20__ ж. «__»____ дейін жарамды.

Бастық_________________________
              (қолы)

Ескерту. Жабдықтар атауының саны көп болған жағдайда қосымша қоса беріледі, ол осы рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

№___ рұқсат

20 __ жылғы «____»_____________

_____________________________
(кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның

_______________________________
тегі, аты-жөні, мекенжайы және қызметтік немесе үй телефоны)

_____________________________
(объект, нәрселердің, аппараттардың саны, сақтауға рұқсат етілетін

_____________________________
жабдықтардың бірлігі көрсетіледі)

_____________________________
ашу, жұмыс істеу, сақтау құқығына

_______________________________
жауапты адамның тегі, аты-жөні, қызметтік телефоны,

_____________________________
жауапты адам ретінде тағайындау туралы бұйрықтың №, күні

___ дербес жауапкершілігімен берілді

20__ ж. «__»____ дейін жарамды.

Бастық___________________
           (қолы)

Ескерту. Жабдықтар атауының саны көп болған жағдайда қосымша қоса беріледі, ол осы рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Штемпель-граверлік кәсіпорындарды
ашу және олардың жұмыс істеу 
қағидаларына         
2-қосымша          

Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабы

Р/С

Тапсырыстың қабылданған күні

Тапсырыс беруші ұйымның атауы

Бұйымдар саны

Тапсырысты орындау мерзімі

Дайын өнімді алғаны туралы тапсырыс берушінің қолы, жеке куәлігінің, сенімхаттың нөмірлері




мөр

мөртабан



1

2

3

4

5

6

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады