"Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1385 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2012 № 1641 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
      Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады