Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 541 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 541 қаулысымен.

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 831 Қаулысымен.
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1386 қаулысына  
қосымша     

Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
      «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының атқарушы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Металлургия және тау-кен ісі

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
      «Қазмырыш» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Энергетика

      «ENRC Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің операциялық қызмет бойынша вице-президенті (келісім бойынша)
      «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Агроөнеркәсіптік кешен

      «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Акпараттық-коммуникациялық технологиялар

      «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Атом энергетикасы

      «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Мұнай және газ

      «Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)
      «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В» компаниясының басқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

Химия және фармацевтика

      «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
      «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
      «Біріккен химия компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

Машина жасау

      «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы — президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)
      «Белкамит» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)
      Қазақстан машина жасаушылар одағының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 29 қарашадағы 
№ 1386 қаулысымен      
бекітілген     

Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
      2. Кеңес мемлекетті технологиялық дамыту басымдықтарын, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік  құқықтық актілерін  және осы ережені басшылыққа алады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 831 Қаулысымен.

2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
      2) салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды және әзірлеуге ұсынылатын нысаналы технологиялық бағдарламалар тізбесін бекіту және өзектілендіру, сондай-ақ оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;
      3) инновациялық қызметті ынталандыру;
      4) инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 831 Қаулысымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 831 Қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 831 Қаулысымен.
      7. Кеңес өз қызметін жүзеге асыру үшін:
      орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
      орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың өкілдерін шақыртуға және тыңдауға;
      Қазақстан Республикасының аумағында жаңа өндірістерді орналастыру орындылығының сараптамасын және консультациялар жүргізу үшін қажетті болған жағдайда белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, шетелдік мамандарды тартуға;
      жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.

3. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      8. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      9. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның функциялары Кеңес төрағасының орынбасарына жүктеледі.
      10. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      Жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      11. Жұмыс органы Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
      2) Кеңестің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      12. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      13. Отырыс қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды болып саналады.
      14. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

4. Кеңес қызметінің тоқтатылуы

       16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады