"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1387 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

ЖОБА  

Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру
енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегерi болады.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады