"Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1716 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 қарашадағы 
№ 1391 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 551 қаулысымен  
бекітілген     

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ақшалай лотереялар - тек ақша түріндегі ұтысы бар лотереялар;
      2) ақшалай-заттай лотереялар - лотереялардың нұсқаулық және әдістемелік материалдарда ақшалай баламада тіркелген ақша және/немесе мүлік (ақшадан басқа) түріндегі ұтысы бар лотереялар;
      3) бір сәттік лотерея - ұтыс нәтижесі билет сатып алынғаннан кейін оны дереу тексеру жолымен айқындалатын лотерея;
      4) заттай лотерея - лотереялардың нұсқаулық және әдістеме материалдарында ақшалай баламада тіркелген мүлік (ақшадан басқа) түрінде ұтысы бар лотерея;
      5) лотерея - оның барысында лотереяны ұйымдастырушы лотерея билеттерінің меншік иелері арасында лотереяның жүлде қорына ұтыс ойының өткізетін ойын, бұл ретте ұтысты лотерея билеттерін айқындау лотерея қызметінің субъектілерінің еркі мен әрекеттеріне тәуелді болмауға тиіс және сәттің кездейсоқтығы болып табылады;
      6) лотерея билеті - лотереядағы ұтыстың оған түсу немесе түспеу фактісінің дұрыстығын кәміл айқындау үшін қажетті және лотерея ұйымдастырушының нұсқаулық және әдістеме материалының талаптарына сәйкес келетін ақпаратты қағаз тасығыш, SМS-лотереялар үшін кері SMS-хабарлама лотерея билеті болып табылады;
      7) лотерея билеттерін сатуға арналған жабдық - құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетілген сипаттамаларын растайтын, лотерея билеттерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 90-тарауына сәйкес фискалды режимде тираждық лотереяға қатысушыларға өткізетін жабдық;
      8) лотерея жабдығы - құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетілген сипаттамаларын растайтын тираждық лотереяда ұтыс ойынын өткізуге арналған жабдық;
      9) ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;
      10) лотерея қызметінің субъектілері - лотерея ұйымдастырушы, оған қатысушы, оның агенті;
      11) лотереяда ұтыстарды төлеуге арналған жабдық - құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетілген сипаттамаларын растайтын, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуды есепке ала отырып, тираждық лотерея бойынша ұтыстарды төлеуді жүргізетін жабдық;
      12) қатысушы — жүлде қорының ұтыс ойынына қатысуға құқық беретін лотерея билетіне ие ұйымдастырушының құрылтайшысы немесе қызметкері болып табылмайтын жеке тұлға немесе SМS-лотереяға қатысу үшін сандарды және (немесе) әріптерді, сандардың және (немесе) әріптердің комбинацияларын сатып алатын жеке тұлға;
      13) агент - лотереяларды ұйымдастырушымен жасасқан шарттың негізінде лотерея билеттерін таратуды (сатуды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға (SМS-лотереялар үшін - ұялы байланыс операторлары);
      14) жүлде қоры - лотереяны өткізу бойынша нұсқаулық және әдістемелік материалдарға сәйкес ұйымдастырушы қалыптастыратын және қатысушылар арасына тарататын, құны кемінде лотерея билеттерінің шығарылымын, сандарды және (немесе) әріптерді, сандардың және (немесе) әріптердің комбинацияларын өткізуден алынған қаражаттарының 50 % құрайтын мүліктер жиынтығы;
      15) ұтыс - лотерея билетіне лотереяның барлық (немесе бір бөлігінің) жүлде қорының түсу фактісі;
      16) ұтыс ойыны - оның барысында ұтыс билеттері айқындалатын лотереялар рәсімі;
      17) тираждық лотереялар - өткізу процестері билеттерді сатуға шығарудан бастап лотерея жабдығын пайдалана отырып, жалпы ұтыс ойынын өткізгенге дейін және тираж бойынша ұтыстарды бергенге дейінгі циклдарға бөлінетін теледидардың тікелей эфирінде өткізілетін лотереялар;
      18) SМS-лотереялар - лотереяға қатысушы ұтыс ойынында тіркелу және қатысу үшін лотерея ұйымдастырушыға ұялы байланыс операторлары арқылы сандардан және (немесе) әріптерден, сандар және (немесе) әріптер комбинацияларынан (SМS) тұратын қысқа хабарлама жіберу жолымен лотереяға қатысу үшін ставкалардың әралуан түрін жүзеге асыратын тираждық лотереялар. Қатысу кері SМS-хабарламаны (лотерея билеті) жіберумен расталады.
      2. Өтініш берушіге қойылатын бүкіл ұтыс ойыны бойы өзгермейтін біліктілік талаптары:
      1) мынадай:
      лотереялардың түрі;
      лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
      лотереяның жүлде қорын қалыптастыру мен бөлу тәртібі;
      ұтыс ойындарының саны;
      сериясы мен нөмірлері көрсетіле отырып (SМS-лотереяларда ұтыс ойынының саны көрсетіледі), әрбір ұтыс ойынындағы лотерея билеттерінің саны;
      бір лотерея билетінің (SМS-лотерея үшін - SМS-хабарламаның) құны;
      жүлде қорының мүліктерінің атаулары, саны мен құны;
      ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдері мен нәтижелерін көрсете отырып, ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
      ұтыстарды (оның ішінде ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсете отырып, заттай ұтыстарды) алу тәртібі мен мерзімдері;
      ұтыс ойынын өткізу мүмкін болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға лотерея билеттерінің (бір сәттік лотереялардан басқа) толық құнын қайтару тәртібі;
      лотереялардың (бір сәттік лотереялардан басқа) ұтыс ойынын өткізу күні мен орны;
      алынбаған ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
      сатуға шығарылатын, сатылған және сатылмаған билеттердің есебін жүргізу, сондай-ақ ұтыс ойынында ұрланған билеттердің қатысуын болдырмау тәртібі;
      сатылмаған билеттерді жою тәртібі;
      алынбаған ұтыстарды сақтау тәртібі және ұтыстарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды талап ету тәртібі;
      лотерея билеттерін есепке алу және сақтау тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдардың болуы:
      "2) Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және қабылданған ішкі бақылау қағидаларының болуы;
      3) өтініш берушіде лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге;
      ұтыс ойынының өзін (бір сәттік лотереяларды қоспағанда) өткізуге қажетті материалдық-техникалық базасының;
      лотерея билеттерін, лотереяның ақша қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ұйымдастырушыға тиесілі ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы;
      меншік құқығында болатын, лотерея билеттерін сатуға арналған жабдықтың (тек лотерея билеттерін аталған жабдық арқылы өткізу кезінде);
      меншік құқығында болатын, лотереядағы ұтыстарды төлеуге арналған жабдықтың (тек ұтыстарды жабдық арқылы беру кезінде);
      ұтыс ойының болжамды өткізу уақыты мен күні көрсетіле отырып, теледидарда тікелей трансляциялау туралы шарттың (бір сәттік лотереяларды қоспағанда);
      лотерея билеттерін сату агенттерімен жасасқан үлгілік шарттың (SМS-лотереяларды қоспағанда) болуы;
      4) қолдан жасаудан (SМS-лотереяларды қоспағанда) қорғау дәрежесін аша отырып, лотерея билеттерінің үлгілері болуы, онда мемлекеттік және орыс тілдерінде:
      лотерея билетінің құны туралы;
      лотерея өткізу шарттары туралы;
      тікелей трансляциялау мерзімі мен орны туралы (бір сәттік лотереяларды қоспағанда);
      ұтыстарды алу мерзімдері мен орындары туралы;
      лотерея билетінің сериясы мен нөмірі туралы;
      жүлделердің атаулары және саны туралы;
      лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты туралы ақпарат қамтылады;
      5) лотереяға қатысушыларға кері SМS-хабарламаны жіберу жөніндегі міндеттемені көздейтін SМS-лотереяларды өткізуге (тек SМS-лотереялар үшін) ұялы байланыс операторларымен жасасқан шарттың болуы, онда:
      хабарламаның тіркеу нөмірі (лотерея билетінің) нөмірі туралы;
      тікелей трансляциялаудың мерзімдері мен орны туралы;
      ұтыстарды алу мерзімдері мен орны туралы;
      лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты туралы;
      тегін Саll-орталығы телефонының нөмірі туралы мәліметтерді қамтиды;
      6) лотерея билеттерін (SМS-хабарламаларын) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 551 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных (национальных) в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1391. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 1716

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.12.2012 № 1716 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 551 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных (национальных) в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 22, ст. 282) следующие изменения:
      1) заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении квалификационных требований к деятельности по организации и проведению лотерей";
      2) пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования к деятельности по организации и проведению лотерей.";
      3) квалификационные требования, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 30 января 2012 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 30 ноября 2011 года № 1391

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 июня 2007 года № 551 

Квалификационные требования к деятельности
по организации и проведению лотерей

      1. Основные понятия, используемые в настоящих Квалификационных требованиях:
      1) денежная лотерея - лотерея с выигрышами исключительно в виде денег;
      2) денежно-вещевая лотерея - лотерея с выигрышами в виде денег и/или имущества (кроме денег), зафиксированными в инструктивных и методических материалах лотереи в денежном эквиваленте;
      3) мгновенная лотерея - лотерея, в которой выигрыш определяется путем моментальной проверки лотерейного билета после его покупки;
      4) вещевая лотерея - лотерея с выигрышем в виде имущества (кроме денег), зафиксированным в инструктивных и методических материалах лотереи в денежном эквиваленте;
      5) лотерея - игра, в ходе которой ее организатор проводит между собственниками лотерейных билетов розыгрыш призового фонда лотереи, при этом определение выигрышных лотерейных билетов не должно зависеть от воли и действий субъектов лотерейной деятельности и является исключительно делом случая;
      6) лотерейный билет - бумажный носитель информации, необходимой для установления с абсолютной степенью достоверности факта выпадения или невыпадения на него выигрыша в лотерее, и соответствующий требованиям инструктивного и методического материала организатора лотереи, для SMS-лотереи лотерейным билетом признается обратное SMS-сообщение;
      7) оборудование, предназначенное для продажи лотерейного билета - оборудование, реализующее лотерейный билет участнику тиражной лотереи, в фискальном режиме в соответствии с главой 90 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), документация по которому подтверждает указанные характеристики завода-изготовителя, с переводом на государственном и русском языках;
      8) лотерейное оборудование - оборудование, предназначенное для проведения розыгрыша в тиражной лотерее, документация которого подтверждает указанные характеристики завода-изготовителя, с переводом на государственном и русском языках;
      9) организатор - юридическое лицо, обладающее лицензией на осуществление деятельности по организации и проведению лотерей в Республике Казахстан;
      10) субъект лотерейной деятельности - организатор, участник, агент лотереи;
      11) оборудование, предназначенное для выплаты выигрыша в лотерее - оборудование, производящее выплаты выигрышей по тиражной лотерее, с учетом удержания индивидуального подоходного налога у источника выплаты, документация которого подтверждает указанные характеристики завода-изготовителя, с переводом на государственном и русском языках;
      12) участник - физическое лицо, не являющееся, учредителем, сотрудником или организатором лотереи, владеющее лотерейным билетом, дающим право на участие в розыгрыше призового фонда, или физическое лицо, выкупающее цифры и (или) буквы, комбинации цифр и (или) букв для участия в SMS-лотерее;
      13) агент - физическое и юридическое лицо, осуществляющее распространение (реализацию) лотерейных билетов (для SMS-лотереи операторы сотовой связи) на основании заключенного с организатором лотереи договора;
      14) призовой фонд - совокупность имущества, формируемого в соответствии с инструктивными и методическими материалами по проведению лотереи организатором и распределяемого между участниками, посредством проведения розыгрыша, стоимость которого составляет не менее 50 % от средств, полученных от реализации выпуска лотерейных билетов, цифр и (или) букв, комбинации цифр и (или) букв;
      15) выигрыш - факт выпадения на лотерейный билет всего (или части) призового фонда лотереи;
      16) розыгрыш - процедура лотереи, в ходе которой определяются выигрышные билеты;
      17) тиражная лотерея - лотерея, проводимая в прямом эфире телевидения, процессы проведения которой делится на циклы от выпуска в продажу билета, до проведения общего розыгрыша, с использованием лотерейного оборудования и выдачи выигрышей по тиражу;
      18) SMS-лотерея - тиражная лотерея, при которой участник лотереи осуществляет различного вида ставки для участия в лотерее путем отправки короткого сообщения содержащего из цифр и (или) букв, комбинации цифр и (или) букв (SMS) через операторов сотовой связи организатору лотереи для регистрации и участия в розыгрыше. Участие подтверждается направлением обратного SMS-сообщения (лотерейный билет).
      2. Квалификационные требования, неизменные на протяжении всего розыгрыша, предъявляемые к заявителю:
      1) наличие инструктивного и методического материала по организации и проведению лотереи, который содержит сведения о:
      виде лотереи;
      технологии организации лотереи;
      порядке формирования и распределения призового фонда лотереи;
      количестве розыгрышей;
      количестве лотерейных билетов в каждом розыгрыше, с указанием серии и номеров (в SMS-лотереях указывается количество розыгрышей);
      стоимости лотерейного билета (для SMS-лотереи - SMS-сообщение);
      наименовании, количестве и стоимости имущества призового фонда;
      порядке информирования участников лотереи об основных правилах участия в розыгрыше, получения выигрышей с указанием сроков и результатов;
      порядке и сроках получения выигрышей (в том числе с указанием возможности получения вещевых выигрышей в денежном эквиваленте);
      порядке возврата полной стоимости лотерейных билетов участникам лотереи в случае невозможности проведения розыгрыша (кроме мгновенных лотерей);
      месте и дате проведения розыгрыша лотереи (кроме мгновенной лотереи);
      сроках хранения невостребованных выигрышей (не менее 3-месяцев с момента розыгрыша);
      порядке учета билетов, выпускаемых в продажу, реализованных и нереализованных, а также исключения из участия в розыгрыше похищенных билетов;
      порядке утилизации непроданных билетов;
      порядке хранения невостребованных выигрышей и их востребования по истечению сроков получения выигрышей;
      порядке учета, и хранения лотерейных билетов;
      2) наличие правил внутреннего контроля, разработанных и принятых в соответствии с пунктом 3 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма";
      3) наличие у заявителя материально-технической базы, необходимой для организации и проведения лотереи:
      для проведения самого розыгрыша (кроме мгновенной лотереи) принадлежащее организатору на праве собственности здание (часть здания, помещение), для хранения лотерейных билетов, денежных средств и призового фонда лотереи;
      оборудование, принадлежащее на праве собственности, предназначенное для продажи лотерейных билетов (только при реализации лотерейных билетов через указанное оборудование);
      оборудование, принадлежащее на праве собственности, предназначенное для выплаты выигрышей в лотерее (только при выдаче выигрышей через оборудование);
      договора о прямой трансляции на телевидении с указанием предполагаемого эфирного времени и даты проведения розыгрыша (за исключением мгновенной лотереи);
      типового договора с агентами продаж лотерейных билетов (кроме SMS-лотереи);
      4) наличие образцов лотерейных билетов, с раскрытием степеней защиты от подделок (за исключением SMS-лотереи), в которых содержится информация на государственном и русском языках:
      о стоимости лотерейного билета;
      об условиях проведения лотереи;
      о сроке и месте прямой трансляции (за исключением мгновенной лотереи);
      о сроках и местах получения выигрышей;
      о серии и номере лотерейного билета;
      о наименовании и количестве призов;
      об адресе, телефоне, сайте организатора лотереи;
      5) наличие договора с операторами сотовой связи (только для SMS-лотереи) на проведение SMS-лотереи, предусматривающего обязательство по направлению обратного SMS-сообщения участникам лотереи, где содержатся сведения:
      о регистрационном номере сообщения (номер лотерейного билета);
      о сроках и местах прямой трансляции;
      о сроках и местах получения выигрышей;
      об адресе, телефоне, сайте организатора лотереи;
      о номере телефона бесплатного Call-центра;
      6) наличие договора с субъектами предпринимательства, осуществляющими охрану и транспортировку лотерейных билетов (SMS-сообщений), денежных средств.