"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1403 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы; 2011 жылғы 6 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы; 2011 жылғы 15 қазандағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы):
      1) 206-бапта:
      бірінші бөлімінің бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Импорттаушы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы табыс етуге тиіс өтінішті қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастырылған, акцияларының бақылаушы пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың акциялары құнының өсімінен кіріс алған жеке тұлғадан басқа, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -»;
      мынадай редакциядағы 1-1 бөлімімен толықтырылсын:
      «1-1. Акцияларының бақылаушы пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастырылған ұйымдардың акциялары құнының өсімінен кіріс алған салық төлеуші – жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, –
      бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      2. 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 01-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2,3- құжаттар; № 5, 43-құжат, № 12, 111-құжат):
      3-баптың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Магистральдық теміржол желiсi – жекешелендіруге жатпайтын және заңнамамен белгіленген тәртіппен кейіннен ұлттық темір жол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке берілетін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпы пайдаланудағы темір жол көлігі объектісі.».
      3. 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2,3-құжаттар, № 5, 43-құжат, № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 65) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «65) Ұлттық темір жол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi бойынша құрылған, магистральдық темір жол желісін күтiп-ұстауды, пайдалануды жаңғыртуды және тасымалдау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі қызметтерiн көрсететiн, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам;».
      2) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Магистралдық темір жол желісі – жекешелендіруге жатпайтын және заңнамамен белгіленген тәртіппен кейіннен ұлттық темір жол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке берілетін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпы пайдаланудағы темір жол көлігі объектісі.».
      4. 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
      4-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ұлттық басқарушы холдингтің өзін қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке кіретін ұйымды жария компания деп тану үшін осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.».
      5. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-15, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы):
      1) 22-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлімімен толықтырылсын:
      «Акцияларының бақылау пакеті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитент Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылған кезде акцияларды шетелдiк жеке және/немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сату құқығы жоқ.»;
      2) 114-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағы екінші бөлімінің ережелері 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданады.».
      6. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) Осы Заңның 10-бап 3-тармағының 13-1)-тармақшасына сәйкес қабылданған Қордың Директорлар кеңесінің шешімді бекіту»;
      2) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылатын, Қордың тобына кіретін ұйымдар акцияларының бағасы, саны, оларды орналастыру құрылымы туралы шешімді қабылдау;»;
      3) 19-бап жаңа редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасын және 9-баптың 3-тармағының 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 9-бабы 3-тармағы 8-1)-тармақшасының және 10-бабы 3-тармағы 13-1)-тармақшасының ережелері 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданады.».
      7. 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі – ұлттық компания) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросу развития фондового рынка в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1403

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросу развития фондового рынка в Республике Казахстан».

         Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

проект     

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросу развития фондового рынка в
Республике Казахстан

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 13-14, ст. 62, 63; № 15-16, ст. 70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст. 79, 80, 82; № 18, ст.84, 86; № 19, ст.88; № 23, ст. 97, 115, 117; № 24; ст.121, 122, 125, 129, 130, 133, 134; 2010 г., № 1-2, ст.1, 4, 5, № 5, ст.23; № 7, ст. 28, 32; № 8, ст. 41; № 9, ст.44; № 11, ст. 58; № 13, ст. 67; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112, 114; № 20-21, ст. 119; № 22, ст. 128, 130; № 24, ст. 146, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3, 7, 9; № 2, ст. 19, 25, 26, 28; № 3, ст. 32; № 6, ст. 50; № 8, ст. 64; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 115, 116; № 14, ст. 117; Закон Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миграции населения», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 6 августа 2011 г.; Закон Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищных отношений», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 6 августа 2011 г.; Закон Республики Казахстан от 11 октября 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам религиозной деятельности и религиозных объединений», опубликованный в газете «Казахстанская правда» 15 октября 2011 г.):
      1) в статье 206:
      абзац первый части первой изложить в следующей редакции:
      «1. Непредставление налогоплательщиком, кроме физического лица, получившего доход от прироста стоимости акций организаций, контрольный пакет акций которых принадлежит национальному управляющему холдингу, размещенных на организованном рынке ценных бумаг в целях реализации решений Правительства Республики Казахстан, в налоговый орган налоговой отчетности, за исключением подлежащего представлению импортером заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов, в срок, установленный законодательными актами Республики Казахстан,-»;
      дополнить частью 1-1 в следующей редакции:
      «1-1. Непредставление в налоговый орган налоговой отчетности налогоплательщиком – физическим лицом, получившим доход от прироста стоимости акций организаций, контрольный пакет акций которых принадлежит национальному управляющему холдингу и размещенных на организованном рынке ценных бумаг в целях реализации решений Правительства Республики Казахстан, в срок, установленный законодательными актами Республики Казахстан, -
      влечет штраф в размере одного месячного расчетного показателя.».
      2. В Закон Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года «О транспорте в Республике Казахстан» (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 15, ст. 201; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 186; 1998 г., № 24, ст. 447; 2001 г., № 23, ст. 309, 321; № 24, ст. 338; 2003 г., № 10, ст. 54; 2004 г., № 18, ст. 110; № 23, ст. 142; 2005 г., № 15, ст. 63; 2006 г., № 3, ст. 22; № 14, ст. 89; № 24, ст. 148; 2009 г., № 18, ст. 84; 2010 г., № 17-18, ст. 114; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 5, ст. 43; № 12, ст. 111):
      часть третью статьи 3 изложить в следующей редакции:
      «Магистральная железнодорожная сеть – объект железнодорожного транспорта общего пользования на всей территории Республики Казахстан, не подлежащий приватизации и передаваемый национальному управляющему холдингу на условиях и в порядке, устанавливаемых Правительством Республики Казахстан, для последующей передачи в установленном законодательством порядке национальной железнодорожной компании.»;
      3. В Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 23, ст. 315; 2003 г., № 10, ст. 54; 2004 г., № 18, ст. 110; № 23, ст. 142; 2006 г., № 3, ст. 22; № 13, ст. 87; № 14, ст. 89; № 16, ст. 99; № 24, ст. 148; 2007 г., № 9, ст. 67; № 19, ст. 148; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 24, ст. 129; 2009 г., № 2-3, ст. 18; № 18, ст. 84; 2010 г., № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3,; № 5, ст. 43; № 12, ст. 111):
      1) подпункт 65) статьи 1 изложить в следующей редакции:
      «65) Национальная железнодорожная компания – созданное по решению Правительства Республики Казахстан акционерное общество, контрольный пакет акций которого принадлежит государству или национальному управляющему холдингу, осуществляющее содержание, эксплуатацию, модернизацию магистральной железнодорожной сети и управление перевозочным процессом, а также оказывающее услуги магистральной железнодорожной сети;».
      2) пункт 1 статьи 5 изложить в следующей редакции:
      «1. Магистральная железнодорожная сеть – объект железнодорожного транспорта общего пользования на всей территории Республики Казахстан, не подлежащий приватизации и передаваемый национальному управляющему холдингу на условиях и в порядке, устанавливаемых Правительством Республики Казахстан, для последующей передачи в установленном законодательством порядке Национальной железнодорожной компании.».
      4. В Закон Республики Казахстан от 13 мая 2003 года «Об акционерных обществах» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 10, ст.55; № 21-22, ст.160; 2004 г., № 23, ст.140; 2005 г., № 14, ст.58; 2006 г., № 10, ст.52; № 16, ст.99; 2007 г., № 4, ст.28, 33; № 9, ст.67; № 20, ст. 153; 2008 г., № 13-14, ст.56; № 17-18, ст.72; № 21, ст.97; 2009 г., № 2-3, ст. 18; № 17, ст.81; № 24, ст.133; 2010 г., № 5, ст.23; 2011 г., № 2, ст. 21; № 3, ст. 32; № 5, ст. 43; № 6, ст. 50; № 11, ст. 102):
      статью 4-1 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      «1-1. Для признания публичной компанией общества, контрольный пакет акций которого прямо или косвенно принадлежит национальному управляющему холдингу, положения подпунктов 1) и 2) пункта 1 настоящей статьи не применяются.».
      5. В Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года «О рынке ценных бумаг» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 14, ст. 119; 2004 г., № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 7-8, ст. 24; № 14, ст. 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; 2007 г., № 2, ст. 18; № 4, ст. 28; № 9, ст. 67; № 17, ст. 141; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 17-18, ст. 72; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 28; № 17-18, ст. 111; 2011 г., № 3, ст.32; № 5, ст.43; № 11, ст. 102; Закон Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам организации исламского финансирования», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 6 августа 2011 г.):
      1) пункт 1 статьи 22 дополнить частью второй следующего содержания:
      «Эмитент, контрольный пакет акций которого прямо или косвенно принадлежит национальному управляющему холдингу, при размещении акций на организованном рынке ценных бумаг в целях реализации решения Правительства Республики Казахстан не вправе продавать акции иностранным гражданам и/или юридическим лицам, а также лицам без гражданства.»;
      2) статью 114 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      «1-1. Положение части второй пункта 1 статьи 22 настоящего Закона действует до 1 января 2016 года.».
      6. В Закон Казахстан от 13 февраля 2009 года «О Фонде национального благосостояния» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2009 г., № 2-3, ст. 17; № 24, ст. 133; 2011 г., № 5, ст.43):
      1) пункт 3 статьи 9 дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:
      «8-1) утверждение решения Совета директоров Фонда, принятого в соответствии с подпунктом 13-1) пункта 3 статьи 10 настоящего Закона;».
      2) пункт 3 статьи 10 дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:
      «13-1) принятие решения о цене, количестве, структуре размещения акций организаций, входящих в группу Фонда, размещаемых на организованном рынке ценных бумаг в целях реализации решения Правительства Республики Казахстан;»;
      3) статью 19 изложить в новой редакции:
      «Статья 19. Порядок введения в действие настоящего Закона
      1. Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 3) пункта 1 статьи 6 и подпункта 15) пункта 3 статьи 9, которые вводятся в действие с 1 января 2009 года.
      2. Положения подпункта 8-1) пункта 3 статьи 9 и подпункта 13-1) пункта 3 статьи 10 настоящего Закона действуют до 1 января 2016 года.».
      7. В Закон Республики Казахстан от 24 июня 2010 года «О недрах и недропользовании» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2010 г., № 12, ст. 60; 2011 г., № 1, ст. 2;.№ 11, ст. 102; № 12, ст. 111):
      1) подпункт 21) статьи 1 изложить в следующей редакции:
      «21) национальная компания по недропользованию (далее - национальная компания) – акционерное общество, созданное по решению Правительства Республики Казахстан или местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, контрольный пакет акций которого принадлежит государству, национальному управляющему холдингу или национальному холдингу, осуществляющее деятельность в определенных сферах недропользования на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан;».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

            Президент
      Республики Казахстан