Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1537 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба  

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары
мен иммунитеттерi туралы конвенция

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру процесінің және өзiнiң мiндеттерiнің тиiмдi орындалуы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт), ЕурАзЭҚ шеңберiнде қолданыстағы осы және өзге де халықаралық шарттарда көзделген функцияларды орындау және мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi артықшылықтар мен иммунитеттердi Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғаларының пайдаланатындығына сәйкес жөніндегі 16-бабының ережелерін ескере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
      «болу мемлекетi» – аумағында ЕурАзЭҚ органы немесе Интеграциялық Комитеттің өкілдігі, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің Тұрақты өкiлдiгi орналасатын Тарап;
      «ЕурАзЭҚ органдары» – Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес), Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея, ЕурАзЭҚ Соты;
      «Бас хатшы» – Қоғамдастықтың жоғары әкiмшiлiк лауазымды тұлғасы;
      «лауазымды тұлғалар» – Тараптардың ұсынуы бойынша ЕурАзЭҚ органдары бекітетін тұлғалар;
      «қызметшiлер» – ЕурАзЭҚ органдарында олармен жасасқан келiсiм-шарттар негiзiнде мамандар ретiнде жұмыс iстейтiн тұлғалар;
      «ЕурАзЭҚ өкiлдiгі» – Тараптар аумағында орналасқан Интеграциялық Комитеттің өкiлдiгi;
      «ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл (Тұрақты өкiл)» – жiберушi мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда және халықаралық құқық нормаларына сәйкес Қоғамдастық мәселелері жөніндегі қызмет үшін және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың 6-бабының 2-тармағына сәйкес құрылған ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдер комиссиясындағы жұмысы бойынша өкілеттіктер берілетін ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің басшысы тағайындайтын өкіл;
      «ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдік (Тұрақты өкілдік)» – Тарап ЕурАзЭҚ-та оның мүдделерін білдіру үшін жіберген ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкіл басқаратын бірқалыпты сипаттағы миссия;
      «Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерi» – ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкіл және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдік персоналының мүшелері (Тұрақты өкілдік аппараты);
      «ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдік персоналының мүшелері» (Тұрақты өкілдік аппараты)» – Тұрақты өкілдіктің дипломатиялық персоналының, әкімшілік-техникалық персоналының және қызмет көрсетуші персоналының мүшелері;
      «дипломатиялық персонал мүшелері» – дипломатиялық рангі бар ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдік (Тұрақты өкілдік аппараты) персоналының мүшелері;
      «әкімшілік-техникалық персонал мүшелері» – Тұрақты өкілдіктің әкімшілік-техникалық қызмет көрсетуін жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдік (Тұрақты өкілдік аппараты) персоналының мүшелері;
      «қызмет көрсетуші персонал мүшелері» – тұрақты өкілдіктің қызмет көрсетуі бойынша міндеттерін орындайтын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдік (Тұрақты өкілдік аппараты) персоналының мүшелері;
      «Тараптардың өкiлдерi» – ЕурАзЭҚ органдарында Тараптардың өкiлдерi, осы органдардың мәжілістеріне және Қоғамдастық шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларға Тараптар жiберетiн делегациялардың басшылары және мүшелерi;
      «ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары» – ЕурАзЭҚ-тың ресми мақсаттары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы мен лауазымды тұлғалары тұруы үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөлiктepi;
      «Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайлары» – Тұрақты өкiлдiктiң ресми мақсаттары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдің және Тұрақты өкілдік қызметкерлерiнiң тұруы үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөлiктерi;
      «отбасы мүшелерi» – Бас хатшының, Жауапты хатшының, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң, Тұрақты өкілдік қызметкерлерiнiң ерi (зайыбы), олардың асырауындағы кәмелетке толмаған балалар мен тұлғалар.

2-бап

      1. ЕурАзЭҚ Бас хатшысы, оның органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi халықаралық қызметшілер болып табылады. Қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде олар Тараптардың билік органдарынан немесе ресми тұлғаларынан, сондай-ақ Қоғамдастық үшiн бөгде билеушілерден нұсқаулар сұратуға немесе алуға тиiстi емес.
      2. Әрбір Тарап ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi функцияларының халықаралық сипатын бұлжытпай құрметтеуге және олардың өз қызметтік мiндеттерiн орындауы кезiнде ықпал жасамауға мiндеттенедi.

1. ЕурАзЭҚ артықшылықтары мен иммунитеттерi  3-бап

      1. ЕурАзЭҚ органдарының мүлкi мен активтерi Қоғамдастықтың өзi иммунитеттен бас тартатын жағдайларды қоспағанда, кез келген нысандағы әкiмшiлiк немесе соттық араласудан иммунитеттi пайдаланады.
      2. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары, сондай-ақ олардың мұрағаттары мен құжаттары, оның iшiнде қызметтік хат-хабарлары олардың тұрған жеріне қарамастан, тiнтуден, реквизициялаудан, тәркiленуден немесе оның бірқалыпты қызметiне кедергi келтiретiн араласудың кез келген нысанынан босатылады.
      3. Болу мемлекетiнiң тиiстi билiк және басқару органдарының өкiлдерi өрттi немесе кейінге қалдырылмайтын қорғау шараларын талап ететiн басқа да жағдайларды қоспағанда, Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органы басшысының немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалардың келiсiмiнсiз және олар мақұлдаған шарттарсыз ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайларына кiре алмайды.
      4. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайларында болу мемлекетiнiң тиiстi билiк және басқару органдарының шешiмi бойынша кез келген iс-әрекеттi орындау Бас хатшының немесе міндетін атқарушы тұлғалардың келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.
      5. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары кез келген Тараптың заңдары бойынша қудаланатын немесе мүше мемлекетке не үшiншi мемлекетке берiлуге тиiс адамдар үшiн баспана бола алмайды.
      6. ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайларына қолсұқпаушылық оларды ЕурАзЭҚ-тың функцияларына немесе мiндеттерiне сәйкеспейтін немесе Тараптардың қауiпсiздiгiне залал, олардың жеке немесе заңды тұлғаларының мүдделерiне зиян келтiретiн мақсаттарда пайдалануына құқық бермейдi.
      7. Болу мемлекетi ЕурАзЭҚ үй жайларын кез келген басып кiруден немесе зиян келтiруден қорғау үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. 

4-бап

      1. ЕурАзЭҚ органдары мен ЕурАзЭҚ өкілдіктері қызмет көрсетудiң (қызметтердiң) нақты түрлерi бойынша төлемдерді және осы Конвенцияның 46-47-баптарына сәйкес төленетін төлемдерді (аударымдар мен жарналар) қоспағанда, болу мемлекетiнiң аумағында алынатын салықтар, алымдардан, баждардан және басқа да төлемдерден босатылады.
      2. ЕурАзЭҚ органдарының және олардың өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктер Тараптар аумағында кедендiк баждардан, салықтар мен кеден алымдарынан босатылады.

5-бап

      ЕурАзЭҚ органдары мен олардың өкiлдiктерi өздерiнiң ресми байланыс құралдарына қатысты болу мемлекетiнің дипломатиялық өкілдіктерге ұсынатыннан қолайлылығы кем емес жағдайларды пайдаланады. 

6-бап

      ЕурАзЭҚ органдары өздерiнің тұрған үй-жайларында және өздерiне тиесiлi автокөлiк құралдарында Қоғамдастықтың жалауын, эмблемасын немесе басқа да рәмiздерiн орналастыра алады.

7-бап

      Тараптардың заңнамаларын сақтаған жағдайда, Қоғамдастық өзiнiң мақсаттары мен функцияларына сәйкес жариялымы ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерiмен көзделген баспа өнiмдерiн шығарып, тарата алады.

8-бап

      Болу мемлекетi ЕурАзЭҚ-қа Қоғамдастыққа оның функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi үй-жайларды сатып алуға немесе алуға көмек көрсетедi. 

9-бап

      ЕурАзЭҚ сот әдiлдiгiн тиiстi түрде іскe асыру және құқық қорғау органдарының ұйғарымдарын орындау, сондай-ақ осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты кез келген теріс пайдаланушылықтың алдын алу мақсатында Тараптардың тиiстi билік органдарымен және басқармаларымен ынтымақтасады.

2. Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi 10-бап

      Бас хатшы және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық агент үшiн 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады. 

11-бап

      1. ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары және олармен болу мемлекетінде бiрге тұратын отбасы мүшелерi:
      1) олардың лауазымды тұлғалар ретiнде айтқан немесе жазған және жасаған барлық iс-әрекеттерi үшiн қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды;
      2) ЕурАзЭҚ органдары төлейтiн еңбекақысы мен өзге де сыйақыларына салық салудан босатылады;
      3) мемлекеттiк борыштан босатылады;
      4) болу мемлекетіне кіру және одан шығу, шетелдiктер ретiнде тiркелуден және уақытша тұруға рұқсат алу бойынша шектеулерден босатылады;
      5) Қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде алғашқы орналасуға арналған заттары мен өзге де мүлкi кедендiк баждарды, салықтар мен кеден алымдарын төлеуден босатылады;
      6) халықаралық дағдарыстар кезiнде репатриация бойынша дипломатиялық өкiлдiктерге арналған жеңiлдiктердi пайдаланады.
      2. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты тұратын лауазымды тұлғаларға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне осы баптың 1-тармағының «2», «4», «5» және «6» тармақшалары қолданылмайды.
      3. Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ олармен бірге болу мемлекетінде тұратын отбасы мүшелері аккредиттелуге тиіс. 

12-бап

      Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдарында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтердi қоспағанда, жеке пайда немесе өзге тұлғалардың пайдасы мүддесiнде кәсіпкерлік немесе кез келген басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      Ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтерден табыс алған жағдайда, бұл табыстарға салық салынады. 

13-бап

      Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары және олардың отбасы мүшелері кез келген көлiк құралдарын пайдалануға байланысты үшiншi адамдарға келтiрiлуi мүмкiн залалдан сақтандырылуға қатысты болу мемлекетiнiң заңнамасында көзделген талаптарды сақтауы тиiс.

14-бап

      1. ЕурАзЭҚ органдарының қызметкерлері өздерiнiң қызметтік функцияларын тікелей орындау кезінде жасалатын іс-әрекеттеріне қатысты:
      1) оларға тиесiлi не олар жүргізетін көлiк құралы арқылы болған жол-көлiк оқиғасына байланысты залалды өтеу туралы талаптарды;
      2) олардың iс-әрекеттері нәтижесінде болған өлім немесе дене жарақатына байланысты талаптар қоюды қоспағанда, болу елiндегi сот немесе әкiмшiлiк органдарының қарауына жатпайды.
      2. ЕурАзЭҚ органдарының қызметкерлерi болу мемлекетіне кіру және одан шығу бойынша шектеулерден, шетелдiктер ретiнде тiркелуден және уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
      3. Осы баптың ережелері сол мемлекеттің азаматтығы бар ЕурАзЭҚ органдары қызметкерлері мен мемлекет биліктері арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды. 

15-бап

      Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер олардың жеке пайдасына емес, ЕурАзЭҚ мүдделері үшін ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз орындау үшiн берiледi. 

16-бап

      1. Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерi белгіленген жерге бара жатқан кезде болу мемлекетiнiң аумағына келген сәтінен бастап немесе егер олар осы аумақта болған болса, Бас хатшы немесе лауазымды тұлғалар өздерiнiң мiндеттерiн орындауға кiрiскен сәтінен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      2. Бас хатшының немесе лауазымды тұлғаның функциялары тоқтатылған кезде олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi, әдетте, осындай тұлғаның болу мемлекетiн қалдырған сәтінен немесе оны iстеу үшiн саналы мерзімнің өтуіне қарай, осы сәттердің қайсысы мерзімінен бұрын басталатынына байланысты тоқтатылады. Отбасы мүшелерiне қатысты олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi, олар Бас хатшының немесе лауазымды тұлғаның отбасы мүшелерi ретінде болуы біткен кезде тоқтатылады, алайда, егер осындай тұлғалар болу мемлекетiн саналы мерзiм iшiнде қалдыруға ниеттенiп отырса, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi олар кететiн кезге дейiн сақталатындығы ескерiледi.
      3. Бас хатшы немесе лауазымды тұлға қайтыс болған жағдайда, олардың бiрге тұрған отбасы мүшелерi болу мемлекетiн қалдыру сәтіне дейiн немесе осы сәттердің қайсысы мерзімінен бұрын басталатынына байланысты болу мемлекетiн қалдырудың саналы мерзiмі өткенге дейiн, өздерiне берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануды жалғастырады. 

17-бап

      Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланып отырған барлық тұлғалар, өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрілместен болу мемлекетінің заңнамасын құрметтеуге мiндеттi. Олар, сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi. 

18-бап

      1. Қоғамдастық иммунитет сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiредi және одан бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деп тапқан жағдайда, Бас хатшының және лауазымды тұлғаның иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн. Бас хатшыға, лауазымды тұлғаларға қатысты иммунитеттен бас тарту құқығына Мемлекетаралық кеңес ие болады.
      2. ЕурАзЭҚ органдарының қызметкерлеріне қатысты иммунитеттен бас тарту құқығына Бас хатшы ие болады.
      3. Иммунитеттен бас тарту айқын бiлдiрiлуi тиiс.

3. Мүше мемлекеттер өкiлдерiнiң артықшылықтары мен
иммунитеттерi  19-бап

      Тараптардың өкiлдерi ресми iс-әрекеттердi атқаруы кезiнде және Тараптар аумағында Қоғамдастық ұйымдастыратын iс-шаралардың өткiзiлу орындарына бара жатқан кезiнде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады:
      1) осындай тұлғалар ретінде жасауы мүмкiн барлық iс-әрекеттерге қатысты жеке басын қамауға алынудан немесе ұсталудан, сондай-ақ сот және әкiмшiлiк билiктердiң қарауынан иммунитетi болады;
      2) тұрғын үйiне қол сұғылмайды;
      3) егер ресми немесе жеке пайдалануға арналмаған заттар мен өзге де мүлкі бap деп болжамдауға маңызды негiздер болмаса, іс-шара өткізілетін аумақтың Тарабы заңнамасымен шектелген немесе шеттен әкелу не әкетуге тыйым салынған заттар мен өзге де мүлкі болмаса, бiрге алып жүретін багаж бен қол жүгi кедендiк тексеруден босатылады;
      4) болу мемлекетіне кіру және одан шығу бойынша шектеулерден, шетелдiктер ретiнде тiркелуден және уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.
      2. Осы баптың ережелері өкілдік пен азаматы немесе өкілі болып табылатын не болған Тараптың билеушілері арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды. 

20-бап

      Тараптар өкiлдерiнiң пайдаланатын артықшылықтары мен иммунитеттерi олардың жеке пайдасына емес, өз Тарапының мүдделері үшін ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз түрде орындау үшiн берiледi.

21-бап

      Тараптардың өкiлдерi тұрып жатқан тұрғын жайлары, үй жиhаздары мен басқа да мүлкi, сондай-ақ олардың қызметтік қажеттiлiктерi үшiн пайдаланатын көлiк құралдары тiнтуден, реквизициялаудан, тыйым салудан және атқарушылық ic-әрекеттерден иммунитеттi пайдаланады. 

22-бап

      Тарап өкiлдерiнiң мұрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта ақпарат көздерiне және олардың орналасу жерiне қарамастан қол сұғылмайды. 

23-бап

      Болу мемлекетi егер келу тыйым салынған немесе ол мемлекеттiк қауiпсiздiк мақсатында реттелетiн аймақтар туралы заңнамаға қайшы келмесе, өз аумағында барлық Тараптардың өкiлдерiне функцияларын орындауға қажетті мөлшерде жүрiп-тұру және сапарлар жасау еркiндiгiн қамтамасыз етедi.

4. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктердiң және олардың
қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi 24-бап

      1. Тараптар болу мемлекетінің аумағында ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктерді құра алады.
      Тұрақты өкілдік болу мемлекетінің аумағында заңды тұлғаның құқығын пайдаланады және өз мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін, оның ішінде:
      шарт жасасуға;
      жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жалға алуға, иелігінен шығаруға және оларға иелік етуге;
      кез келген валютада банктік шотқа ие болуға;
      өзінің ақшалай қаражатын шет мемлекетке аударуға және шет мемлекетінен ақшалай аударымдарды алуға;
      сотта талапкер немесе жауапкер, сондай-ақ үшінші тарап ретінде болуға құқылы.
      Айтылған құқық болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы бапта көзделген құқықтарды Тұрақты өкілдіктің атынан ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл не оны алмастырушы тұлға жүзеге асырады. 

25-бап

      Тұрақты өкiлдiкке оның басшысы мiндетiн жүзеге асыратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлден басқа ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері де кіреді.

26-бап

      1. Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайына, соның iшiнде Тұрақты өкiлдiң жеке резиденциясына қол сұғылмайды.
      2. Болу мемлекетінің басқарушылары бұл үй-жайларға өрттi немесе кейінге қалдырылмайтын қорғау шараларын талап ететiн басқа да жағдайларды қоспағанда, Тұрақты өкiлдiң келiсiмiмен ғана кiре алады.
      3. Тұрақты өкiлдіктiң үй-жайы, сондай-ақ Тұрақты өкiлдiктiң қозғалыс құралдары тiнтуден, реквизициялаудан, тыйым салудан және атқарушылық iс-әрекеттерден иммунитеттi пайдаланады.

27-бап

      Тұрақты өкiлдiктiң мұрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта ақпараттың көздерiне және олардың орналасқан жерiне қарамастан қол сұғылмайды.

28-бап

      Тұрақты өкілдiктiң өз үй-жайларына жiберушi мемлекеттiң жалауы мен эмблемасын орналастыру құқығы бар.

29-бап

      Болу мемлекетi жiберушi мемлекеттiң Тұрақты өкiлдiк үшiн қажеттi үй-жайларды алуына немесе сатып алуына көмек көрсетедi. 

30-бап

      Тұрақты өкiлдiк өзiнің ресми байланыс құралдарына қатысты болу мемлекетi дипломатиялық өкілдіктерге ұсынатынынан да кем емес қолайлы жағдайларды пайдаланады. 

31-бап

      Тұрақты өкiлдiк, коммуналдық төлемдер табылатындарды және қызмет көрсетудің өзге де түрлерiн қоспағанда, болу мемлекетiнiң аумағында өз мақсаттары мен міндеттерін орындауға байланысты алынатын барлық салықтар мен алымдардан, баждардан және басқа да төлемдерден босатылады.

32-бап

      ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдіктер, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдер, дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналдың мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері және қызмет көрсетуші персоналдың мүшелері болу мемлекетінің азаматы болып табылмаған жағдайда, 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне, дипломатиялық агенттеріне және әкімшілік-техникалық персоналға, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктерге қызмет көрсетуші персоналға берілетін көлемде артықшылықтарды, иммунитеттер мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      Осы баптың қолданысы болу мемлекетінің ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдігіне таралмайды.

33-бап

      ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса немесе онда тұрақты тұрмайтын болса, болу мемлекетiндегi мемлекеттiк борыштардан босатылады.

34-бап

      Болу Тарапының заңнамасында көзделген жағдайда ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері кеден баждарын, салықтарды және осыған байланысты алымдарды төлеуден босатыла отырып, мынадай:
      1) Тұрақты өкiлдiктiң ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктерді;
      2) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiң және Тұрақты өкiлдiктің персоналы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктерді әкелуіне рұқсат беріледі.
      ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерінің өздерiмен бiрге алып жүретiн багаж бен қол жүгi, егер олардың ішінде осы баптың 1-абзацында көрсетiлген алынуға жатпайтын заттар мен өзге де мүлiктер немесе әкелiнуi мен әкетiлуi болу мемлекетiнiң заңымен тыйым салынған немесе заңнамасымен реттелетiн заттар мен өзге де мүлiктер бар деп болжамдауға маңызды негiздер болмаса, кедендiк тексеруден босатылады. Мұндай жағдайларда тексеру одан босатылуға жататын тұлғаның немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен ғана жүргiзiледi.
      Осы баптың қолданысы егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылса немесе онда тұрақты тұратын болса, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлге және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелеріне қатысты таралмайды. 

35-бап

      ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері болу мемлекетiнде ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтердi қоспағанда, жеке пайдасы үшiн кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметпен айналыспауы тиiс.
      Ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтерден табыс алған жағдайда, бұл табыстарға болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес салық салынады.

36-бап

      Жiберушi мемлекет дипломатиялық немесе өзге де келісілген жолдары бойынша Интеграциялық Комитет пен болу мемлекетiн:
      1) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдің, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктің персоналы мүшелерінің тағайындалғаны туралы, олардың лауазымы мен атағы, олардың келуi мен біржолата кетуi туралы немесе олардың Тұрақты өкілдікте функцияларын тоқтатуы туралы, сондай-ақ Тұрақты өкiлдiктегi қызметi кезiнде олардың мәртебесiне өзінің әсерін тигізуі мүмкiн басқа да өзгерiстер туралы;
      2) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесінің отбасы мүшесi болып табылатын және онымен бiрге тұратын кез келген тұлғаның келуi мен біржолата кетуi және тиiстi жағдайларда белгiлi бiр тұлғаның отбасы мүшесi болатыны немесе болуын тоқтататыны туралы;
      3) әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетушi персоналдың Тұрақты өкiлдiктегi жұмысының басталуы мен тоқтатылуы туралы;
      4) осы Конвенцияның 26-бабына сәйкес қол сұғылмайтын үй-жайлардың орналасу жерi туралы, сондай-ақ осындай үй-жайларды сәйкестендіруге қажет болуы мүмкiн кез келген басқа да мәліметтердi хабарлайды.

37-бап

      1. Конвенцияның осы бөліміне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге құқығы бар әрбiр тұлға, оларды өзiнің қызмет орнына бару кезінде мемлекетiнiң аумағына келген сәтінен бастап, немесе, егер ол тұлға сол аумақта болып, оның тағайындалуы туралы ЕурАзЭҚ немесе жiберушi мемлекет болу мемлекетiне хабарлаған сәтінен бастап пайдаланады.
      Егер артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланушы адамның функциялары аяқталса, оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, әдетте, сол адам болу мемлекетiнің аумағын қалдырған кезде немесе оны iстеудің саналы мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады. Алайда, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесі функциясын орындау кезiнде осындай тұлғаның жасаған iс-әрекеттеріне қатысты иммунитетi қолданысын жалғастырады.
      2. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесі немесе оның отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерi өздерінің артықшылықтар мен иммунитеттерге құқығын болу мемлекетiнің аумағын қалдырудың саналы мерзiмі өткенге дейiн пайдалана алады.
      3. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшесі не онымен бiрге тұратын отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда, болу мемлекетi оның аумағы шегiнде сатып алынған және ол қайтыс болған кезде алып кетуге тыйым салынған бүкiл мүлiктi есептемегенде, қайтыс болған адамның жылжымалы мүлкiн алып кетуiне рұқсат бередi. Болу мемлекетіне ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл Тұрақты өкiлдiктің қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi ретінде келіп, қайтыс болғанына байланысты ғана оның сол мемлекеттегі жылжымалы мүлкiне мұра салығының түрлерi алынбайды.

38-бап

      1. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері, әдетте, жiберушi мемлекеттiң азаматтары болып табылады.
      2. Болу мемлекетінің азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл тек сотта және басқа мемлекеттік органда қаралу иммунитеті мен өз функцияларын орындау кезінде ресми іс-әрекеттеріне қатысты қолсұғылмаушылық иммунитетін ғана пайдалана алады.
      3. Болу мемлекетінің азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері болу мемлекеті рұқсат ететін көлемде ғана артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. Бірақ болу мемлекеті осы тұлғаларға қатысты юрисдикциясын Тұрақты өкілдіктің өз функцияларын орындауына негізсіз араласпай, жүзеге асыруы тиіс. 

39-бап

      ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге нұқсан келтiрместен болу мемлекетiнiң заңнамасын құрметтеуге мiндеттi.
      Олар сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерiне де араласпауға мiндеттi. 

40-бап

      ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi өздерi пайдаланатын немесе оларға тиесiлi барлық көлiк құралдарына қатысты үшiншi адамдардың алдындағы жауапкершiлiктi сақтандыру туралы болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес мiндеттемелердi орындауы тиiс.
      Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайлары мен ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналының мүшелері мен олардың отбасы мүшелерiнің тұрғын үй-жайлары ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдің, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктің персоналы мүшелерінің ресми функцияларды орындауына сәйкес келмейтін мақсаттарда пайдаланылмауы тиiс.

41-бап

      Болу мемлекетінің азаматы болып табылмайтын ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдерге және Тұрақты өкiлдiктің дипломатиялық персоналына дипломатиялық карточкалар беріледі. Болу мемлекетінің азаматы болып табылмайтын Тұрақты өкiлдiктің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсету персоналының мүшелеріне тиісті санаттағы аккредиттеу карточкалары беріледі. 

42-бап

      1. Жiберушi Тарап иммунитет сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiредi және одан бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деп тапқан жағдайда, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдің және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерінің иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн.
      2. Бас тарту айқын бiлдiрiлуi тиiс.
      3. Егер жiберушi Тарап азаматтық талапқа қатысты ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiл немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктің персоналы мүшелерінің иммунитетiнен бас тартпайтын болса, ол iстiң әдiлеттi шешілуіне барлық күшін салады.
      4. ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдің немесе ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерінің берген талап-арызы oны болу мемлекетінің негiзгi талаппен тiкелей байланысты кез келген қарсы талап қоюға қатысты иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырады.

43-бап

      Егер келу тыйым салынған немесе ол мемлекеттiк қауiпсiздiк мақсатында реттелетiн аймақтар туралы заңнамаға қайшы келмесе, болу мемлекетi өз аумағында ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдің және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiк персоналы мүшелерінің функцияларын орындауға қажетті мөлшерде жүрiп-тұру және сапарлар жасау еркiндiгiн қамтамасыз етедi.

44-бап

      Болу мемлекетi және ЕурАзЭҚ органдары ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң өз функцияларын орындауына көмек көрсетедi.

5. ЕурАзЭҚ органдарының еңбек қатынастары және оны
әлеуметтiк қамсыздандыру  45-бап

      1. Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдары лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын Қоғамдастық реттейдi.
      2. ЕурАзЭҚ органдарының техникалық және қызмет көрсетушi құрамының еңбек қатынастары болу мемлекетiнiң заңнамасымен реттеледi.

46-бап 

      1. Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету олар азаматтары болып табылатын Тараптың заңнамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, зейнетақымен қамтамасыз ету аударымдарын Қоғамдастық бюджетiнен азаматтары Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер болып табылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң тиiстi қорларына Тараптар мемлекетінің заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ органдары жүргiзедi.
      2. Бас хатшыға, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне зейнетақы төлеу бойынша шығыстар олар азаматтары болып табылатын мемлекет есебінен жүргізіледі. 

47-бап

      1. Бас хатшыға, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне әлеуметтiк сақтандыру (қамсыздандыру) жөнiндегi жәрдемақы тағайындау және төлеу – аумағында аталған адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақыларды төлеу бойынша шығыстар аумағында Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi жұмыс iстейтiн мемлекет есебінен өзара есеп айыруларсыз жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтiк және медициналық сақтандыру қорларына аударымдар болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес Қоғамдастық бюджетiнен жүргiзiледi. 

48-бап

      Зейнетақыны немесе әлеуметтiк сақтандыру (қамсыздандыру) бойынша жәрдемақыны тағайындау кезiнде азаматтары болып табылатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органының лауазымды тұлғасы немесе қызметкерi ретiнде жұмыс iстеу кезеңі сақтандыру немесе еңбек өтiлiне есептеледi.

6. Қорытынды ережелер 49-бап

      Егер осы Конвенция 1-бапта көрсетілген тұлғалар үшін үлкен көлемде артықшылықтар мен иммунитеттер беретін болса, онда осы Конвенция ЕурАзЭҚ шеңберінде Тараптарға қатысты артықшылықтар мен иммунитеттерді беруді реттейтін халықаралық шарттар алдында басымдығы болады.

50-бап

      1. Осы Конвенцияның ережелері Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне де таралады.
      2. Кеден одағы комиссиясының Жауапты хатшысы және оның отбасы мүшелері Бас хатшы мен оның отбасы мүшелері сияқты артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

51-бап

      Осы Конвенцияны қолдануға немесе түсiндiруге байланысты туындаған даулар мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi арқылы шешiледi.
      Тараптар алты ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда, осы Конвенцияны қолдану немесе түсiндiруге байланысты туындаған дауды кез келген мүдделі Тарап Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына береді. 

52-бап

      1. Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялау грамоталары депозитарий болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетіне сақтауға тапсырылады.
      2. Осы Конвенция соңғы ратификациялау грамотасын депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi. 

53-бап

      Осы Конвенция күшіне енген күнінен бастап 2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция өз күшін жояды. 

54-бап

      Осы Конвенция Шарттың 9-бабына сәйкес ЕурАзЭҚ мүшелiгiне енетiн кез келген мемлекеттiң оған қосылуы үшiн ашық. Осы Конвенцияға қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      Қосылатын мемлекет үшiн осы Конвенция қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшiне енедi. 

55-бап

      Тараптардың кез келгенi депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Конвенциядан шыға алады.
      Бұл Тарапқа қатысты осы Конвенцияның күшi осындай хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 6 ай өткеннен кейін тоқтатылады.

56-бап

      Осы Конвенцияға осы Конвенцияның 52-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Конвенция 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың қолдану мерзiмi iшiнде күшiнде болады.
      Конвенцияның түпнұсқа данасы куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жолдайтын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.
      _________ қаласында 20___ жылғы «___» __________ орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.

      Беларусь Республикасы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады