Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1555 Қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астана қаласы, Алматы ауданы, Иманов көшесі, 26-үй мекенжайында орналасқан қызметтікке теңестірілген 2 (екі) пәтер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының қосымшасында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1555 қаулысына   
қосымша    

Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін пәтерлердің тізбесі

Р/с

Атауы

Орналасқан жері

Пәтердің

Бөлмелер саны

Жалпы алаңы (ш.м.)

Теңгерімдік құны (теңге)

1

Пәтер

Астана қаласы, Иманов көшесі, 26 үй

174

4

277,7

63 593 300

2

Пәтер

Астана қаласы, Иманов көшесі, 26 үй

365

4

214,3

49 074 700

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады