Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1574 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағы ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1574 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысында:
      4-тармақ алынып тасталсын.
      2. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi айқындау қағидасында:
      «Объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызу өлшемдері» деген 3-бөлімде:
      6-тармақтың екінші бөлігінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есірткі құралдарын және прекурсорларды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың және мекемелердің объектілері;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады