"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1663 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) нотариустардың мөрлерінде;»;
      2) 11-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау және сату кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.»;
      3) 14-бап алып тасталсын.
      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады