Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қаулысы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Мүгедектердің құқықтарын іске асыру, олардың объектілер мен қызметтерге кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, мүгедектердің өмір сүру және қоғамға кірігу деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (2012 – 2013 жылдар) (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспарды орындауға жауапты мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын, 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (2012 – 2013 жылдар)

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар ***

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығыстар ** (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы объектілер мен қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігі мәселелерін шешуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-тың шешімі

Еңбекмині (жинақтау), ҚТҮКШІА, ККМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, ТСМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ІІМ, ЭДСМ, Қаржымині, АШМ

2013 жылғы 30 наурыз

Талап етілмейді


2

Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына мүгедектер үшін кедергісіз орта құру бойынша іс-шаралар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары

Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 жылғы 30 желтоқсан

Талап етілмейді


1. Мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілік салаларындағы объектілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету


Ғимараттардың қолжетімділігі






3

Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан қолданыстағы ғимараттарға (тұрғын үйден басқа) кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 желтоқсан

Талап етілмейді


4

Мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, қолжетімді тыныс-тіршілік ортасын құру бойынша қолданыстағы стандарттар мен нормативтік- техникалық құжаттарды халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкестендіру

МемСТ және ҚНжҚ

ИЖТМ (жинақтау), ҚТҮКШІА, Еңбекмині

2013 жылғы 30 қараша

Талап етілмейді


5

Кіреберіс жолдарды, пандустарды, мүгедектерге арналған құрылғыларды қамтамасыз ете отырып, ғимараттар мен инфрақұрылым объектілерін салу кезінде Құрылыс нормалары мен қағидалары мен басқа нормалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру

Еңбекминіне ақпарат

ҚТҮКШІА (жинақтау), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 25 ақпан

Талап етілмейді



Тұрғын үйдің қолжетімділігі






6

Мүгедектердің жеке қажеттіктерін ескере отырып, қайта жабдықталуға және реконструкциялануға тиіс тұрғын үй ғимараттарына кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 желтоқсан

Талап етілмейді



Көліктік инфрақұрылымның қолжетімділігі






7

Мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан көлік инфрақұрылымдарына кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

ККМ (жинақтау), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 желтоқсан

Талап етілмейді


2. Мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілік салаларындағы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету*


Еңбек және жұмыспен қамтудың қолжетімділігі






8

Жеке ісін ашу үшін мүгедектерге микрокредит беруді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Еңбекмині (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ҚР Ұлттық Банкі (келісім бойынша) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2012 жылғы 30 қыркүйек

Талап етілмейді


9

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасау бөлігінде Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының үміткерлері қызметінің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы үміткерлерінің өлшемдеріне өзгерістер мен толықтырулар

Еңбекмині

2013 жылғы 28 ақпан

Талап етілмейді


10

Мүгедектерге қолжетімділігін ескере отырып, жұмыс орындарын жобалау мен бейімдеу бойынша мемлекеттік стандарттар әзірлеу

Мемлекеттік стандарт

ИЖТМ (жинақтау),
ҚТҮКШІА, Еңбекмині

2012 жылғы 30 желтоқсан

Талап етілмейді



Мәдени өмірге және спорт шараларына қатысу, бос уақыт пен демалысты өткізу






11

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайды қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

ТСМ (жинақтау), ММ, Қаржымині, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы 30 қараша

Талап етілмейді



Ақпараттың, оның ішінде байланыс, электрондық және шұғыл қызметтердің қолжетімділігі






12

Түзеу мекемелерінде (құқық қолдану практикасы) мүгедектер құқықтарының қорғалу жағдайы туралы талдау жүргізу

Еңбекминіне ақпарат

ІІМ

2013 жылғы 30 қаңтар

Талап етілмейді


13

Мүгедектердің өздеріне қолжетімді форматта ақпарат алуы үшін құқық қорғау органдарында ақпараттық (дене арқылы сезіну, көзбен шолу) құралдарды, ымдау тілі мамандарының қызметін қолдану жөніндегі ақпаратты ұсыну

Еңбекминіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), АҚҰО (келісім бойынша)

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 желтоқсан

Талап етілмейді


14

Мерзімді баспасөз құралдарында және мүдделі мемлекеттік органдардың ресми сайттарында мүгедектердің, оның ішінде мүгедек әйелдердің құқықтары туралы ақпараттық материалдарды жариялауды қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

БАМ (жинақтау), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 желтоқсан

Талап етілмейді



Саяси және қоғамдық өмірге қатысу






15

Сайлау туралы ақпараттың барлық қажетті балама қолжетімді форматтарда (ірі қаріптерді, Брайль тілін, ымдау және басқа тілді пайдалану) қолжетімділігі мен таралуын қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

ОСК (келісім бойынша)

Сайлау өткізу кезеңінде

002 «Сайлау өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

16

Сайлау өткізу кезінде мүгедектердің орынжайға қолжетімділігін қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

Сайлау өткізу кезеңінде

002 «Сайлау өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

17

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңестерін құру және жұмыстарын күшейту

Еңбекминіне ақпарат

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдан бастап жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді


18

Мүгедектердің мүддесін қозғайтын нормаларды қамтитын нормативтік құқықтық актілер, стратегиялық құжаттар әзірлеу процесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерін тарту

Еңбекминіне ақпарат

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 қаңтар

Талап етілмейді


3. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту жүйесін жетілдіру және оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру

19

Мүгедектер мен қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді оқыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині

2012 жылғы 30 желтоқсан

001 «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

4. Халықтың ақпараттан хабардар болу деңгейін арттыру

20

Тиісті ұсыныстарды, іс-шаралар жоспарын және мемлекеттік бюджеттен мүмкін болатын қаржылық шығындарды әзірлеп, 2015 жылды Мүгедектерге тең мүмкіндік беру жылы деп жариялау туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Еңбекмині

2013 жылғы 30 маусым

Талап етілмейді


21

Бұқаралық ақпарат құралдарында мүгедектердің, оның ішінде мүгедек әйелдердің әлеуетін және қоғам өміріне қосқан үлесін насихаттауға бағытталған бейне роликтерді және жарияланымдарды орналастыруды қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

БАМ (жинақтау), Еңбекмині, БҒМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 30 қазан

025 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

22

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәдениет, спорт, білім беру және қоғамдық қызмет саласындағы аса көрнекті жетістіктері үшін берілетін қоғамдық сыйлықты ұйымдастыруға және өткізуге қатысу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), ММ, ТСМ, БҒМ, үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша)

2013 жылғы 30 желтоқсан

001 «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

23

Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ағарту науқанын өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен баяндамалар дайындау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу

Еңбекмині мен БАМ-нің бірлескен бұйрығы

Еңбекмині (жинақтау), БАМ, БҒМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 30 маусым

Талап етілмейді


5. Статистика және деректерді жинақтау

24

Көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің ресми өтініштері бойынша статистикалық ақпаратқа өтеусіз қолжетімдігін қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

СА

2013 жылдан бастап жыл сайын, 30 қаңтар

009 «Статистикалық мәліметтерді тарату жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

      Ескертпе:
      * - 2012 – 2013 жылдары білім беру саласындағы қызметтердің қолжетімділігі бойынша іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (I кезең) шеңберінде жүзеге асырылатын болады;
      - 2012 – 2013 жылдары денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі бойынша іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      ** - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған РБ бекітілген кезде нақтыланатын болады;
      *** аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Еңбекмині          – Қазақстан Республикасы Еңбек және
                           халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ЭДСМ               – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                           және сауда министрлігі
      ИЖТМ               – Қазақстан Республикасы Индустрия және
                           жаңа технологиялар министрлігі
      Қаржымині          – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      БАМ                – Қазақстан Республикасы Байланыс және
                           ақпарат министрлігі
      ККМ                – Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
      БҒМ                – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                           министрлігі
      Қоршағанортамині   – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігі
      АШМ                – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
      ММ                 – Қазақстан Республикасы Мәдениет
                           министрлігі
      ДСМ                – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                           министрлігі
      ТСМ                – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                           министрлігі
      ІІМ                – Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                           министрлігі
      СА                 – Қазақстан Республикасы Статистика
                           агенттігі
      ҚТҮКШІА            – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                           үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      АҚҰО               – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
      ОСК                – Орталық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады