Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 71 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекаралары бекітілсін.
      2. "Астана қаласының қала маңы аймағын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі № 381қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 12, 117-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен    
бекітілген      

1. Астана қаласының қала маңы аймағының шекаралары

      Солтүстік шекарасы
      Солтүстік шекарасы Шортанды ауданының Раевка селолық округі мен Бектау ауылдық округін Ақкөл ауданының Еңбек және Новорыбинск селолық округтерінен бөліп тұратын Шортанды ауданының Гуляй поле селосының, Мықтыкөл, Бектау ауылдарының және Қаражар селосының солтүстігіне қарай орналасқан шекара бойынша өтеді.

      Шығыс шекарасы
      Шығыс шекарасы Шортанды ауданының Бектау ауылдық округі, Новоселовск селолық округі және Ақкөл ауданының Новорыбинск селолық округі шекараларының қиылысқан жерінен басталады, және Шортанды ауданының Бектау ауылдық округі мен Новоселовск селолық округінің шекарасы бойынша оңтүстікке қарай, кейін Шортанды ауданы Жолымбет кентінің шығысына қарай оңтүстік батысқа бұрылады және Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округінің шекарасымен қиылысына дейін Сарықамыс өзенінің арнасы бойымен өтеді. Одан әрі Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округі мен Целиноград ауданының Приреченск селолық округін Шортанды ауданының Новоселовск селолық округінен бөліп тұратын шекаралары бойынша жалғасады. Шортанды ауданының Новоселовск селолық округі, Целиноград ауданының Приреченск селолық округі және Ерейментау ауданының Новомарковка селолық округі шекараларының қиылысқан жерінен бастап оңтүстік шығысқа қарай бұрылады, Целиноград ауданы Приреченск селолық округін Ерейментау ауданы Новомарковка селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді және жоғары вольтты желі мен Астана-Павлодар автомобиль тас жолын кесіп өтіп, Целиноград ауданы Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша Ақжар өзенінің арнасы бойымен өтеді. Кейін Аршалы ауданы Бұлақсай және Сарыоба селолық округтерінің Ерейментау ауданының Еркіншілік және Ақсуат ауылдық округтерінің шекарасы бойынша өтеді. Ақсуат ауылының жанында Шарап көлінің солтүстігіне қарай шекара оңтүстік батысқа қарай бұрылады және Аршалы ауданының Сарыоба және Волгодонов селолық округтерінің Михайловка селолық округімен шекарасы бойымен өтеді.Кейін Астана қаласын негізгі сумен жабдықтау көзі - Астана су қоймасын санитарлық қорғаудың күзетілетін аймағын құру және санитариялық қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті Аршалы ауданы Михайловка селолық округі мен Түрген ауылдық округі аумағының шақырымдық белдігін қамтитын Астана су қоймасының шығыс жағы бойынша өтеді.

      Оңтүстік шекарасы
      Оңтүстік шекарасы Аршалы кентінің шығыс шеті бойынша өтеді, Астана-Алматы автомагистралі мен теміржолын кесіп өтеді, Аршалы ауданы Ижевск селолық округі және Жібек жолы ауылдық округі, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округін Аршалы ауданының Ақбұлақ селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша батысқа өтеді. Кейін, оңтүстік жақтан Целиноград ауданының Нұра селосы мен Сарыкөл ауылын айналып өтіп, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қабанбай батыр және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтерінің аумағын Қарағанды облысының Нұра ауданынан бөліп тұратын шекара бойынша және одан әрі Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев және Шалқар ауылдық округтерін Красноярск және Мәншүк селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша етеді.

      Батыс шекарасы
      Батыс шекарасы оңтүстікте Целиноград ауданының Шалқар ауылдық округі мен Қорғалжын ауданының Кеңбидайық селолық округімен және Целиноград ауданының Мәншүк селолық округімен қиылысқан нүктесінен басталады, кейін Целиноград ауданы Оразақ селолық округін, Шалқар және Родина ауылдық округтерін Қорғалжын ауданының Кеңбидайық және Сабынды селолық округтерінен бөліп тұратын шекаралар бойынша, кейін Астана-Қостанай автотасжолы мен теміржол қиылысына дейін Целиноград ауданының Родина және Тасты ауылдық округтерін Астрахан ауданын Каменск және Николаевск селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша, одан әрі Целиноград ауданының Тасты ауылдық округі мен Максимовка селолық округін Шортанды ауданының Петровск және Новокубанск селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша, кейін шекара батыс бағытта Шортанды ауданының Дамса және Раевка селолық округтерін Новокубанск және Пригородный селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді.

2. Астана қаласының қала құрылысын айрықша реттеу
аймағының шекаралары

      Солтүстік шекарасы
      Солтүстік шекарасы Целиноград ауданы Максимовка селолық округінің Шортанды ауданының Новокубанск және Дамса селолық округтерімен қиылысқан нүктесінен басталады, Целиноград ауданының Максимовка селолық округін Шортанды ауданының Дамса селолық округімен шекарасы бойынша өтеді, Бозайғыр ауылының батысына қарай солтүстікке бұрылады және кейін теміржол мен автобанды кесіп өтіп, шығыс бағытта Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округі мен Дамса селолық округі шекарасы бойынша өтеді. Сарықамыс өзені бастау алатын және су ағыны жырасы қалыптасқан жерде шекара солтүстік шығысқа қарай бұрылады және Шортанды ауданының Бектау ауылдық округі мен Новоселовск селолық округі шекаралары қиылысатын оңтүстік нүктеге дейін өзен арнасы бойымен жалғасады, кейін оңтүстік шығысқа қарай бұрылады және Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округі мен Новоселовск селолық округі шекарасы бойынша өтеді. Шортанды ауданының Новоселовск селолық округі, Бозайғыр ауылдық округі және Целиноград ауданы Приреченск селолық округінің шекаралары қиылысатын нүктеде солтүстік шығысқа қарай бағытын өзгертеді және Целиноград ауданының Приреченск селолық округі мен Шортанды ауданының Новоселовск селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша жалғасады.

      Шығыс шекарасы
      Шығыс шекарасы Шортанды ауданының Новоселовск селолық округі, Целиноград ауданының Приреченск селолық округі және Ерейментау ауданының Новомарковск селолық округі шекарасы қиылысатын жерден басталады, оңтүстік шығысқа қарай бұрылады, Целиноград ауданының Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданының Новомарковск селолық округі бөліп тұратын шекара бойынша өтеді және жоғары вольтты желі мен Астана-Павлодар автотасжолын кесіп өтіп, Целиноград ауданының Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданының Ақмырза селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша Ақжар өзенінің бойымен етеді. Кейін Аршалы ауданының Бұлақсай және Сарыоба селолық округтері мен Ерейментау ауданының Еркіншілік және Ақсуат ауылдық округтерінің шекарасы бойынша өтеді. Ақсуат ауылының жанында, Шарап көлінің солтүстігіне қарай шекара оңтүстік батысқа бұрылады және Аршалы ауданының Сарыоба және Волгодоновск селолық округтері мен Михайловка селолық округінің шекарасы бойынша өтеді, кейін Астана қаласын негізгі сумен жабдықтау көзі - Астана су қоймасын қорғау аймағын құру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті Аршалы ауданының Волгодоновск селолық округі аумағының шақырымдық белдігін қамтитын Астана су қоймасының солтүстік бөлігінің соңына дейін барады. Одан әрі аймақ шекарасы Аршалы ауданының Волгодоновск селолық округі мен Жібек жолы ауылдық округін Арнасай ауылдық округі мен Ижевск селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша жалғасады.

      Оңтүстік шекарасы
      Оңтүстік шекарасы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округі, Ижевск және Ақбұлақ селолық окруттері қиылысатын нүктеден басталады, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округі мен Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылдық округін Аршалы ауданының Ақбұлақ селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша оңтүстік батыс бағытта жалғасады. Кейін оңтүстіктен Целиноград ауданының Нұра селосы мен Сарыкөл ауылын айналып өтіп, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қабанбай батыр және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтері аумағын Қарағанды облысының Нұра ауданынан бөліп тұратын шекара бойынша және одан әрі Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округін Красноярск селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді.

      Батыс шекарасы
      Батыс шекарасы Целиноград ауданының Шалқар және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтерінің Красноярск селолық округімен қиылысқан нүктесінен басталады, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің Шалқар ауылдық округімен шекарасы бойынша солтүстікке қарай өтеді. Шекара Шнет көлінің солтүстік бөлігінен кейін батысқа бұрылады, кейін Нұра өзенінің бұрылысты ағымы бойымен Целиноград ауданының Шалқар және Оразақ селолық округтері, Ақмол ауылдық округінің шекарасы қиылысатын нүктесіне дейін барады. Одан әрі Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округі мен Воздвиженка селолық округінің аумағын Оразақ және Новоишимск селолық округтері аумағын бөлетін шекара бойынша етеді, кейін Целиноград ауданының Максимовка селолық округі оңтүстік шекарасы бойынша Есіл өзенінің бойымен шығысқа қарай бағыт алады және Астана-Астраханка және Астана-Қостанай темір жолынан өтіп, Целиноград ауданының Максимовка селолық округі аумағын Тасты ауылдық округімен және Шортанды ауданының Петровск, Новокубанск селолық округтерімен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады