Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 43 қаулысымен.

      "Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына пресс релиз
      "Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 5) және 7) тармақшаларына сәйкес әзірленген, оларға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекiту жатады.
      "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына тиісті өзгертулер жеке кәсіпкерлік субъектілер қызметінің нормативтік құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 91-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес енгізілген.
      Осы қаулыны қабылдау почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
       Қазақстан Республикасының
       Көлік және коммуникация министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз