"Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 76 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті
қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік
жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат, 2010 ж., № 38, 324-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту ережелерінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
      Ереже Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін айқындайды.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады