Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 138 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарттың жобасы (бұдан әрі - Шарт) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Шартқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 138 қаулысымен   
мақұлданған    

Жоба

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін
жүргізуге арналған №___________ шарт

Астана қаласы                                     2012 жылғы " "

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесінің 63-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы "___" ___________ № ____ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев бір тараптан және бұдан әрі "Аудитор" деп аталатын, 2011 жылғы 18 қазандағы № 5 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен конкурс жеңімпазы деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйым болып табылатын, аудиторлық қызметпен айналысуға арналған № 0000015 лицензиясы бар және "Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасы" КАҰ-ның мүшесі болып табылатын "Делойт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалғыз құрылтайшысының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 18 шешімімен бекітілген Жарғының негізінде әрекет ететін Бас директордың аудит бойынша серіктесі Нұрлан Қамашұлы Бекенов екінші тараптан төмендегілер туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Аудитор Шарттың және халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Қор) 2011 және 2012 жылдардағы жылдық қаржылық есептілігінің аудитін (бұдан әрі - Аудит) жүргізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Аудит нәтижелерін қабылдауға және оларды Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеуге міндеттенеді.
      Аудиттің нәтижелері Аудитордың тәуелсіз пікірін білдіретін аудиторлық есеп түрінде ресімделеді.
      Аудиттің мақсаттары мен міндеттері Аудитордың аудиторлық есепте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қордың қаржылық есептілігін жасаудың дұрыстығы мен объективтілігі туралы кәсіби қорытынды беруінен тұрады.
      2. Мыналар:
      1) Қорды пайдалану мен түсімдер туралы есеп;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы жылдық есебі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімгерлік басқару жөніндегі қаржылық есептілігі;
      3) Қорды басқару бойынша өзге де деректер аудиттелуге жатады.
      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Аудитке жататын құжаттар аудиторлық есепке қоса берілуі тиіс.
      Аудит халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізіледі және өзіне мыналарды:
      қаржылық есептілікте қамтылған соманы және өзге ақпаратты растайтын деректерді іріктеп тестілеуді;
      бухгалтерлік есеп қағидаттарын және Тапсырыс берушінің басшылығы жасаған негізгі рұқсат етулерді, сондай-ақ қаржылық есептілікті берудің жалпы нысанын бағалауды қамтиды.
      Бұдан басқа, Аудитор мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі және мынадай:
      1) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептің құндық және пайыздық мәнінде активтер мен міндеттемелер туралы баптарының өзгерістерін санауды қоса алғанда, Қор активтерінің сақталуын бағалау;
      2) қаржы активтерінің әрбір түрі бойынша табыстылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мәселесі бойынша талдау;
      3) өтімділік көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді талдау;
      4) тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің нарықтық құнының өзгеру тәуекелдерін басқару тиімділігі;
      5) Қорды басқару тиімділігі, оның ішінде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәндегі табыстар мен шығындар туралы есепке талдау, сондай-ақ таза активтер табыстылығының, кірістілігінің, жиынтық активтер кірістілігінің коэффициенттерін есептеу жолымен Қордың рентабельділігіне талдау жүргізу;
      6) Қордың тұрақтандыру және жинақтаушы портфельдерінің құрамы, оның ішінде елдер және қаржы активтерінің түрлері бойынша портфельдің нарықтық құнының пайыздық ара қатынасын анықтай отырып, Қордың географиялық шоғырландыру жөніндегі портфельдік инвестицияларының теңгерімдік құнына талдау жүргізу;
      7) активтер мен міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бағамдық айырмашылықтардан алынатын кірістерді немесе шығындарды көрсете отырып, портфельдің нарықтық құнының айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуін талдау;
      8) сырттай басқарушылар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде қызмет тиімділігінің коэффициенттерін көрсете отырып, басқарушылардың тиімділігіне талдау жүргізу, олар мыналарды көрсетеді:
      әрбір басқарушы генерациялаған жалпы кірістің әрбір басқарушы гонорарына қатынасын есептеу, сондай-ақ әрбір басқарушы генерациялаған таза кірістің (әрбір басқарушыға төленген басқарғаны үшін гонорарды шегергенде жалпы генерацияланған кіріс) осы басқарушының басқаруында тұрған активтердің орташа мәніне қатынасы;
      әрбір сырттай басқарушының басқаруында тұрған қаржы активтерінің түрі бойынша кірістілікті есепке алу;
      9) әрбір басқарушыда тұрған активтердің пайыздық ара қатынасын және портфельдік инвестициялардың жалпы құнын анықтай отырып, активтердің басқарушыларға шоғырлануын талдауды қоса алғанда, іріктелген кастодиандардың жұмысын бағалау;
      10) қаржы құралдарының түрлері бойынша кірістілікті көрсете отырып, құрылымдық өнімдерді пайдаланудың тиімділігін бағалау;
      11) Қордың орташа айлық нарықтық құнын және сенімгерлік басқаруға арналған аударымдарды есептеудің дұрыстығын тексеру;
      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімгерлік басқару жөніндегі қызметін мұнай қорларын талдауды - рентабельдік пен табысты таза активтерге бөлетін түйінді коэффициенттерді есептеуді қоса алғанда, басқа елдердің ұқсас қорларының қызметімен салыстырмалы талдау;
      13) Қордың эталондық портфелінің индекстерін қолдану тиімділігін басқа эталондық портфельдердің индекстерімен салыстырмалы бағалау;
      14) Қорды басқарушылар қызметінің Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне сәйкестігіне тексеру мәселелері бойынша аудит нәтижелері жөнінде талдамалық есеп беруге міндетті.
      3. Аудитор, сондай-ақ Тапсырыс берушіге Аудит нәтижелері бойынша Аудитті орындау процесінде көрсетілетін кез келген кемшіліктерді және өзге жұмыс нәтижелерін және бухгалтерлік есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру, ішкі бақылау тетіктері жөніндегі нұсқаулықтарды көрсететін аудиттелуге тиіс құжаттарға негізделген хат (бұдан әрі - Ақпараттық хат) дайындайды.

2. Шарттың құны және ол бойынша ақы төлеу

      1. Шарттың жалпы құны 15 136 400 (он бес миллион бір жүз отыз алты мың төрт жүз) теңгені құрайды.
      2. Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көрсетілген Шарттың жалпы құны Аудитордың қызметкерлері іс жүзінде жұмсаған уақытқа және олардың ставкаларына негізделген Аудитор көрсететін қызметтердің жалпы құнын, ҚҚС және басқа да салықтарды қоса алғанда, Аудитордың Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарын қамтиды.
      3. Аудиттің ақы төлеу жөніндегі бюджеті мынадай мөлшерде шектеледі:
      2011 жылы – 7 568 200 (жеті миллион бес жүз алпыс сегіз мың екі жүз) теңге;
      2012 жылы – 7 568 200 (жеті миллион бес жүз алпыс сегіз мың екі жүз) теңге.
      4. Тараптар арасындағы есеп айырысу жыл сайын қол қойылған көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдап алу актілерінің және ол берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Аудитор берген шот-фактуралардың негізінде жүзеге асырылады. Ақы төлеу Қор қаражаты есебінен жүргізіледі.
      5. Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлінуіне қарай жыл сайын Шарттың 2-тарауының 3-тармағында көрсетілген тиісті қаржы жылына көзделген соманың 30 (отыз) пайызы мөлшерінде аванстық төлем аудару жолымен жүргізеді.

3. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

      1. Аудитор Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көрсетілген Шарттың жалпы сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде 756 820 (жеті жүз елу алты мың сегіз жүз жиырма) теңгеге тең кепіл ақшаны Тапсырыс берушінің шотына енгізеді.
      2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде Тапсырыс берушінің шотына Аудитор енгізген ақшаны қайтару Аудитор Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      3. Егер Аудитор Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше түрде орындамаса, онда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді ұстап қалады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      Тапсырыс берушінің:
      1) Аудитордан Аудит жүргізуге қатысты заңнама талаптары туралы толық ақпаратты алуға;
      2) Аудитордың ескертулері мен қорытындылары негізделіп жасалатын нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
      3) Шарттың талаптарына сәйкес Аудитордың міндеттемелерін орындауын талап етуге;
      4) Аудитор Шарттың талаптарын бұзған немесе орындамаған жағдайда Аудитордың іс жүзінде көрсеткен қызметтеріне төлей отырып, Шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға;
      5) Шарт бойынша Аудитордың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан Тапсырыс берушіде пайда болған нақты залалдарды Аудитордан өтеп беруді талап етуге;
      6) Аудитордың алдын ала келісімінсіз, аудиторлық есепті (аудит жүргізілген Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігінің толық жинағымен брошюрленген; өзге ақпаратты қоса бермей) үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар. Тапсырыс берушінің сол сияқты Интернет желісіндегі өз веб-сайтына Аудитор ұсынған аудит жүргізілген Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігінің толық жинағымен аудиторлық есептің электрондық көшірмесін, ол туралы Аудиторға алдын ала хабарлап, орналастыруға құқығы бар, бұл ретте Тапсырыс беруші аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілікке ешқандай өзгерістер енгізбеуге міндеттенеді.
      2. Тапсырыс беруші:
      1) қол қойылған таныстыру хаты мен ХҚЕС талаптарына сәйкес дайындалған қаржылық есептілікті қоса алғанда, Аудитке қажетті ақпарат пен құжаттаманы уақтылы және толық көлемде беруге. Қол қойылуға тиіс таныстыру хаты Шартқа 1-қосымшада келтірілген;
      2) Аудитке тиісті мәселелердің шеңберін шектеу мақсатында Аудитордың қызметіне араласпауға;
      3) Қордың активтеріне қатысты іс жүзіндегі, ықтимал немесе танымал сот қуынымдары, талап-арыздары, өзге де талаптары немесе ықтимал міндеттемелері болған кезде осы мәселелер туралы Аудиторға егжей-тегжейлі хабарлауға. Мұндай мәселелер болған кезде және Тапсырыс беруші осы мәселелерде жәрдем көрсету, консультация беру немесе Қорды қорғау үшін кәсіби заңгерлерді тартқан жағдайда, Аудитордың өтініші бойынша немесе Тапсырыс берушінің өзінің бастамасы бойынша көрсетілген сот қуынымдарына, талап-арыздарына, талаптарына немесе ықтимал міндеттемелерге қатысты жазбаша түсіндірулерді Аудиторға тікелей беру өтінішімен тиісті хатты мұндай заңгерлерге жібере алады, сондай-ақ мұндай міндеттемелердің сомасын және олардың қолайсыз аяқталу ықтималдығын бағалай алады;
      4) Аудиторға жеке келісілген мерзімде Аудитордың сұрауы бойынша Қордың қаржылық есептілігіне, бастапқы тізімдемесіне және талдамалы деректеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуге;
      5) Аудитор қойған шот-фактура негізінде Аудитор көрсеткен қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыруға;
      6) аудиторлық есепті және/немесе Ақпараттық хатты, көрсетілген құжаттарды ұсынатын тілден кез келген өзге тілге аударманың дұрыстығына қатысты Аудитордан консультация алмай аудармауға және/немесе аудару үшін үшінші тұлғаларды тартпауға;
      7) Аудитті орындау үшін тиісті жағдайлар қамтамасыз етуге, атап айтқанда:
      Тапсырыс берушінің барлық қызметкерлері тарапынан Аудитордың қызметкерлеріне жан жақты, оның ішінде Шарт бойынша қызмет көрсетуге тікелей қатысатын Аудитордың мамандарына кеңселік үй жай беру бөлігінде көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;
      Аудитордың сұрауы бойынша Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігіне қолданылатын маңызды есептік мәселелер бойынша Тапсырыс берушінің басшылығы ұстанымының жазбаша негіздемесін ұсынуға;
      Шарттың 4-тарауы 2-тармағының 1)3)4)7) тармақшаларында айтылған әрбір талап Аудит көрсету үшін маңызды шарт болып табылады. Тапсырыс беруші жоғарыда айтылған шарттардың кез келгенін сақтамаған жағдайда, Аудитор бір жақты тәртіппен Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтатуға немесе Тапсырыс берушіге тиісті жазбаша хабарламаны, онда бар кемшіліктерді жою үшін жеткілікті мерзімді көрсете отырып жіберіп, міндеттемені орындауды тоқтата тұруға құқылы.
      8) Аудиторға Тапсырыс берушінің қаржы-шаруашылық құжаттамасында көрсетілген кез келген мүліктің іс жүзінде болуын тексеру құқығын беруге міндеттенеді. Аудитор сұрау салған қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратта және құжаттамада коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің болуы, оларды ұсынудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
      3. Аудитордың:
      1) қолданыстағы қазақстандық заңнамаға қайшы келмейтін Аудитордың аудиторлық әдістемесі мен халықаралық аудит стандарттары шеңберінде Аудит жүргізудің әдістерін дербес анықтауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте әртүрлі бейіндегі мамандарды Аудит жүргізуге қатыстыруға шарт негізінде тартуға;
      3) Қор бойынша оның қаржылық қызметі, ақша сомасының, бағалы қағаздарының болуы туралы құжаттаманы толық көлемде тексеруге, туындаған мәселелер бойынша түсіндірулер және аудиторлық тексеру үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасына қатысты және атап айтқанда, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін және оларға қатысты деректерді, жетекшілік ететін және қадағалаушы органдар отырыстарының хаттамаларын, салықтық тексерулердің нәтижелері туралы актілерді, шарттарды және несие келісімдерін, нотариалдық актілерді және капиталға қатысты құжаттарды қамтитын құжаттарды алуға және тексеруге құқығы бар.
      5) Аудитор алаяқтықты, алдауды, жалған құжатты, құжаттар мен қаржылық есептіліктің бұрмалануын анықтаған және Тапсырыс берушінің Аудиторға оны дұрыс емес аудиторлық есепті шығаруға мәжбүрлеу мақсатында қысым жасаған жағдайда, Аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және/немесе Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес Аудитор растайтын мәліметтер ұсынған кезде Шарт бойынша көрсетілген Қызметтердің нәтижелері бойынша аудиторлық есеп ұсынылмайды.
      4. Аудитор:
      1) аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес Аудит жүргізуге;
      2) Аудит жүргізу кезінде халықаралық аудит стандарттарының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
      3) Аудит барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
      4) Аудит нәтижелерінің, сондай-ақ Аудит жүргізу кезінде алынған және коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылығын оның қызметкерлерінің сақтауын қамтамасыз етуге;
      5) қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына анықталған сәйкес келмеуі туралы Тапсырыс берушіге хабарлауға;
      6) Шарттың 5-тарауының 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептіліктің жобаларын (бұдан әрі – қаржылық есептілік), халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған аудиторлық есепті (бұдан әрі – аудиторлық есеп) және талдамалы есепті Аудитордың тиісті жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде Аудитке қажетті ақпарат пен құжаттамаларды алуы шартымен және түпкілікті қаржылық есептілікті, аудиторлық есепті және талдамалы есепті Аудитордың тиісті жылдың 15 наурызына дейін қол қойылған ұсыным хатты алуы шартымен беруге міндеттенеді.

5. Қызметтер көрсету

      1. Қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға жауапкершілік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктеледі (Шартқа 1-қосымша). Бұл бухгалтерлік есептің тіркелімдерін тиісінше жүргізуді, операциялардың, есептің және есептіліктің қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді, ішкі бақылауды жүзеге асыруды, есеп саясатын тізбекті қолдану мен Қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды.
      2. Қаржылық есептілік аудитін Аудитор халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізетін болады, бұл ретте операциялардың жеке шоттары, шоттарының топтары бойынша және тұтастай қаржылық есептілік бойынша мәнді және ықтимал қателігі қағидатын қоса алғанда, Аудитордың аудиторлық әдістемесі қолданылатын болады.
      3. Егер қажетті ақпарат жасырылса немесе қарапайым аудит барысында мұндай қателіктерді анықтауға мүмкіндік бермейтін Аудитордың иелігіне берілмесе, Аудит жүргізу процесінің ерекшелігіне байланысты, Аудитор Аудиттелуге тиісті, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған қаржылық есептілікте мәнді қателіктің болмауына кепілдік бермейді.
      4. Аудитор Қордың бастапқы құжаттарының негізінде өз жұмысын жүзеге асырады және олардың растығына және жарамдылығына, сондай-ақ Тапсырыс беруші берген басқа да ақпараттың растығына жауап бермейді. Тапсырыс беруші Аудиторға Аудит процесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Аудиторға берген барлық ақпарат дұрыс және бухгалтерлік есептілікте көрініс тапқан болып табылатындығы үшін жауапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы да қол қойған жазбаша растауды жібереді. Шартты іске асыру процесінде Аудитордың қызметкерлері дайындайтын барлық жұмыс құжаттары (есеп айырысулар, сондай-ақ аудиторлық қорытындыны дайындау кезінде пайдаланылатын өзге де ішкі құжаттар) Аудитордың меншігі болып табылады. Қажет болған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері Аудитордың шешімі бойынша Тапсырыс берушіге берілуі мүмкін.
      5. Тапсырыс беруші анықтайтын жобалар мен түпкілікті қаржылық есептілік, аудиторлық есеп пен талдамалық есеп қағаз тасығыштарында және электрондық мекенжайларға жіберіледі.
      6. Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті және талдамалы есепті беру мерзімі:
      1) 2011 жылы:
      2012 жылғы 1 наурыз - Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп жобасын беруі;
      2012 жылғы 15 наурыз - Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша түпкілікті аудиторлық есеп беруі.
      2) 2012 жылы:
      2013 жылғы 1 наурыз - Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп жобасын беруі;
      2013 жылғы 15 наурыз - Тапсырыс берушіге Аудитордың қаржылық есептілік бойынша түпкілікті аудиторлық есеп беруі.

6. Қызметтерді беру-қабылдап алу тәртібі

      1. Аудит аяқталғаннан кейін Аудитор Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтерді беру-қабылдап алу актісін ұсынады.
      2. Тапсырыс беруші қаржылық есептілік бойынша түпкілікті аудиторлық есепті және талдамалық есепті қарауға және қарсы пікірі болмаған кезде қол қоюға және Аудиторға 30 жұмыс күні ішінде қол қойылған көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдап алу актісін немесе қызметтерді қабылдап алудан уәжді бас тартуды жіберуге міндеттенеді. Егер Аудитор 30 жұмыс күні аяқталуы бойынша Тапсырыс берушіден қол қойылған көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдап алу актісін немесе оған қол қоюдан уәжді бас тартуды алмаған жағдайда, Тараптар көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдап алу актісін қол қойылды деп санайды, ал Аудитті осындай көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдап алу актісінде көрсетілген көлемде және шарттарда Аудитор өткізді және Тапсырыс беруші қабылдады деп таниды.
      3. Тапсырыс беруші уәжді бас тартқан жағдайда, тараптар қажетті пысықтаулардың және оларды орындау мерзімдерінің тізбесі бар екі жақты актіні жасайды.
      4. Тараптар көрсетілген қызметтерді қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін Аудитор Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтерге шот-фактура ұсынады.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
      Бұл ретте тараптардың ең үлкен жауапкершілігі Шарттың жалпы құнымен шектеледі.
      2. Тараптар өзара келісім бойынша толығымен немесе ішінара Шарт бойынша жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
      3. Аудитордың кінәсі бойынша Шарттың 5-тарауының 6-тармағында белгіленген мерзімдер бұзылған кезде Аудитор қаржылық есептілікті, аудиторлық есеп пен талдамалы есепті беру мерзімін өткізген әрбір күн үшін Шарттың жалпы құнының 0,1% мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша міндеттемені Аудитордың іс жүзінде орындау күніне дейін тиісті жылға Аудитке төлеу бойынша бюджеттің 10%-ынан аспайтын өсімақы есептеледі. Аудитор, өз кезегінде Шарттың талаптарын Аудитордың тиісті сақтау шарты кезінде, Тапсырыс беруші Шартта көзделген Аудитке қажетті ақпарат пен құжаттамаларды уақтылы ұсынбаған жағдайда, өсімақы өлеуден босатылады.
      4. Шарттың ешқандай ережелері Тараптардың заңды мүдделерін қорғау, заңнаманың талаптарын немесе реттейтін органдардың талаптарын, Шарттың қолданыс мерзімі ішінде Аудитор немесе қандай да бір оның акционері немесе қызметкері мүшесі болып табылатын тиісті кәсіби бірлестіктердің кәсіби немесе этикалық қағидаларын сақтау үшін қажетті шараларды Тараптардың қабылдауына кедергі болмайды.
      5. Аудит көрсету барысында Аудитор Тапсырыс беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерге, сондай-ақ Тапсырыс берушінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің іс-қимылына, нұсқауларына және түсіндірулеріне сүйенеді.
      6. Аудитордың жауапкершілігі Аудит көрсету кезіндегі Аудитордың айыпты іс-қимылдары нәтижесінде Тапсырыс беруші тартқан тікелей нақты зиянның мөлшерімен шектеледі. Аудитор Аудит көрсету кезіндегі Аудитордың іс-қимылы нәтижесінде туындаған Тапсырыс берушінің пайданы жіберіп алуына, Тапсырыс беруші алдында жауапкершілік тартпайды. Аудитордың жауапкершілігі Аудиторға іс жүзінде төленген, жауапкершілік тартқан сыйақы сомасы шегінде шектеледі.
      7. Аудитор, егер ол Тапсырыс берушінің Аудиторға дұрыс емес немесе қателестіретін ақпаратты ұсынуы нәтижесіне байланысты немесе болып табылса, қандай да бір жауапкершілік тартпайды.
      8. Аудитордың міндеттемесі аудиторлық есеп нәтижесі болып табылатын Аудит көрсетумен шектеледі. Аудитор шешім қабылдауға, ұсынымдар енгізуге, нақты нәтижеге қол жеткізуге немесе ұқсас іс қимылдарды, олар Тапсырыс берушінің аудиторлық есепті, Ақпараттық хатты және талдамалы есепті алуының нәтижесі болып табылды ма, оған қарамастан жүзеге асыруға тікелей немесе жанама жауапкершілікті өзіне қабылдамайды. Аудитор Тапсырыс беруші, оның аффилиирленген тұлғалары, бөлімшелері, сондай-ақ олардың иелері, лауазымды адамдары мен қызметкерлері (егер қолданылса) алдында Аудитордың ұсынымдарын немесе ұсынылған Ақпараттық хатта қамтылған ұсынымдарды енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға жауапкершілік тартпайды.
      9. Аудитор аудиторлық есепті, Ақпараттық хатты немесе Аудит көрсету барысында ұсынылған Аудитордың өзге де консультацияларын пайдалану нәтижесінде үшінші тараптарға (атап айтқанда тапсырыс берушінің аффилиирленген тұлғаларын, бөлімшелерін қоса алғанда) келтірілген зиян үшін жауапкершілік тартпайды.
      10. Шарт Тапсырыс беруші мен Аудитор арасында жасалады. Тек Аудитор кейбір Қызметтер Аудитордың желісіне кіретін тұлғалар Аудиторға ұсынған қызметкерлер көрсетуі мүмкін екеніне қарамастан, Шарт бойынша көрсетілетін барлық Қызметтерге Тапсырыс беруші алдында жауапкершілік тартады. Тапсырыс беруші негізіне қарамастан, Делойт Туш Томацу Лимитед желісіне кіретін қандай да бір тұлғаға қарсы (Аудиторды қоспағанда) Шартқа байланысты немесе оған қатысты талаптарды қоймайды немесе талап арыз бермейді.

8. Форс-мажор

      1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толығымен орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор жағдайының нәтижесі болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін "форс-мажор" тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Мұндай жағдайлар мыналарды қамтуы мүмкін, алайда: әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, эпидемия, карантин, мемлекеттік органдардың тыйым салынған актілері және басқалар ғана емес.
      2. Форс-мажор жағдайының іс-қимылына тап болған және осының салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерді орындай алмайтын тарап осы туралы екінші тарапты осындай жағдайлар басталған сәттен бастап үш күннен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті. Форс-мажор жағдайлары туралы уақтылы хабарламау тарапты ақталу ретінде оларға жүгіну құқығынан айырады.
      3. Егер Шарттың 8-тарауының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар екі айдан ұзақ жалғасса, әрбір тарап Шартты толығымен немесе ішінара бұзуға құқылы. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың 2 және 6-тарауларында көрсетілген ресімдерге сәйкес Аудиторға нақты жасалған жұмысты төлеуге міндеттенеді.

9. Дауларды шешу

      1. Шарттың ережелерінен даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда бастамашы-тарап даудың немесе келіспеушіліктің мән-жайы туралы екінші тарапқа жазбаша түрде хабар беруі тиіс.
      2. Тараптар дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      3. Тараптар туындаған дауларды немесе келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен реттей алмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

10. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт Аудитор Шарттың 3-тарауының 1-тармағына сәйкес Шартты орындауды қамтамасыз етуді толық енгізген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

11. Басқа да шарттар

      1. Тапсырыс беруші және Аудитор Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді. Құпия болып табылатын ақпараттар мен құжаттамалар тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
      2. Аудиторға берілген немесе ол Аудитті жүзеге асыруға байланысты алған құпия ақпарат басқа адамдарға ауызша да, жазбаша да нысанда таратыла алмайды. Бұл ақпаратты ашу Тапсырыс берушінің осыған алдын-ала рұқсатын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Аудитор Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен де, ішінара да Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз әлдекімге бермеуі тиіс.
      4. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда ресімделген және екі тарап қол қойған және оларды жасасқан кезде Шартты жасасқан кезде жасалған рәсімдер сақталған кезде ғана жарамды. Тиісті түрде ресімделген өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      5. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт данада жасалды, бұл ретте барлық даналардың бірдей заңдық күші бар. Шарттың ережелерін әртүрлі түсіндіруден туындайтын келіспеушіліктер болған жағдайда Шарттың орысша мәтіні қолданылады.
      6. Шартты орындау барысында Аудитор дайындаған барлық жұмыс құжаттамасы Аудитордың меншігі болып табылады, ол оны өзінің қағидаларына, рәсімдеріне, сондай-ақ қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес сақтайды.
      7. Тараптардың еш бірі өзге Тараптың атауы мен тауарлық белгілерін осындай Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдаланбайды. Бұл ретте, Тапсырыс беруші Аудиторға, сондай-ақ Аудитордың желісіне кіретін тұлғаларға Тапсырыс берушінің атауына, тауарлық белгіге және/немесе ұсыныстарда және ұқсас маркетингтік материалдарда Аудиттің жалпы сипаттамасына сілтеме жасауға рұқсат береді.
      8. Құпия ақпаратты жарияламау жөніндегі міндеттеме Шартқа қол қойған күннен бастап 84 (сексен төрт) ай ішінде қолданыста болады.
      9. Аудитор Тапсырыс берушіден алған құпия ақпаратты Тапсырыс берушінің келісімі бойынша Аудитордың желісіне кіретін кез келген тұлғаға ашуға құқылы. Мұндай тұлғалар Шарттың талаптарына сәйкес оны пайдаланатын болады.
      10. Шарт бір жақты тәртіппен бір Тараптың екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу жолымен бұзылады. Мұндай хабарламада Шартты бұзу күні (бұдан әрі – Бұзу күні) көрсетілуі тиіс, бұл ретте бір жақты бұзу туралы хабарламаны Бұзу күніне дейін кемінде 20 (жиырма) банктік күн бұрын өзге Тарап алуы тиіс. Шарт Бұзу күнінен бастап, не, егер хабарлама Шарт Бұзу күніне дейін 20 (жиырма) банктік күннен ерте алынған болса, Шартты бір жақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарламаны өзге Тараптың алған күнінен бастап 20 (жиырма) банктік күн өтуі бойынша бұзылды деп есептеледі. Бұл ретте, Тапсырыс беруші Аудитор іс жүзінде көрсеткен қызметтерге төлеуге міндетті.

12. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

Қазақстан Республикасы
Үкіметі атынан
______________ Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
010000, Астана қ.,
Жеңіс даңғылы, 11,
ЖСК KZ92070101KSN0000000,
СТН 031400129686,
БСК KKNFKZ2A
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитеті

"Делойт" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі атынан
______________ Н. Бекенов
"Делойт" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
050000, Алматы қ.,
Әл-Фараби даңғылы, 36,
Алматы Қаржы Орталығы,
"Б" ғимараты
IBAN KZ629490001020023001 (KZT),
СТН 600 900 058 891,
БСК HSBCKZKA.
теңгедегі шот №:_______

Annex 1
Еto the Contract. №____ dated _______
For carrying out external audit of the
National Fund of the Republic of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының сыртқы
аудитін жүргізуге арналған
№______ ___________ шартқа
1-қосымша

"Deloitte" LLC

36 Al-Farabi ave., building “B”
Almaty, 050000
Kazakhstan
(Date)

Dear Sirs,

"Делойт" ЖШС

Әл-Фараби даңғылы 36 үй, "Б" ғим.,
Алматы, 050000, Қазақстан

(Күні)

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

This representation letter is provided in connection with your carrying out audit of the financial statement of the National Fund of the Republic of Kazakhstan (hereinafter – the Fund), which consists of the statement of assets and liabilities as at (reporting data), and statement of revenues and expenditures, changes in net assets and cash flow statement for the year ended on that date, and a summary of significant accounting policies and other explanatory notes, for the purpose of expressing an opinion as to whether these financial statements present fairly, in all material respects, the financial position of the Fund and its financial performance and its cash flows in accordance with International Financial Reporting Standards (IFRS).

We (National Bank of the Republic of Kazakhstan) acknowledge our responsibility for the fair presentation of the financial statements in accordance with IFRS and that this responsibility includes: designing, implementing and maintaining internal control relevant to the preparation and fair presentation of financial statements that are free from material misstatements, whether due to fraud or error; selecting and applying appropriate accounting policies; and making accounting estimates that are reasonable in the circumstances. We (Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan) approve the financial statements.

Certain presentations in this letter are described as being limited to matters that are material. We understand that omissions or misstatements of items are material if they could, individually or collectively, influence the economic decisions of users taken of the basis of financial statements. Materially depends on the size and nature of the omission or misstatement judged in the surrounding circumstances. The size or nature of the item, or a combination of both, could be the determining factor.

We confirm that:
(а) We understand that the term of “fraud” includes misstatements resulting from fraudulent financial reporting and misstatements resulting from misappropriation of assets.

Misstatements resulting from fraudulent financial reporting involve intentional misstatements including omissions of amounts or disclosures in financial statements to deceive financial statement users.

Misstatements resulting from misappropriation of assets involve the theft of an entity’s assets, often accompanied by false or misleading records or documents in order to conceal the fact that the assets are missing or have been pledged without proper authorization.

(b) We acknowledge responsibility for the design, implementation and maintenance of internal control to prevent and detect fraud and error.

(с) Our knowledge there was no cases of fraud or suspected fraud affecting the Fund involving:

- management;

- employees who have significant roles in internal control;

- others where the fraud could have a material effect on the financial statements.

There have been no:

(а) Irregularities involving any member of management or employees who have significant roles in the internal control structure;

(b) Irregularities involving other employees that could have a material effect on the financial statements.

Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan acknowledge that the decision-making with respect to accounting policies, estimates, judgments, disclosures and other accounting matters has been delegated to the National Bank of the Republic of Kazakhstan.

There are not available:

(a) Notifications from regulatory agencies concerning non-compliance with, or deficiencies in, the Fund’s operations that could have a material.

(b) Known actual or possible noncompliance with laws and regulations that could have a material effect on the financial statements in the event of noncompliance.

We confirm that the only related parties as defined by IAS 24 related Party Disclosures are the State, state organizations and offices and state-controlled entities.

There have been no events subsequent to the reporting date which require adjustment of, or disclosure in, the financial statement or Note thereto.

The financial statements disclose all of the matters of which we are aware that are relevant to the Fund’s ability to continue as a going concern, including significant conditions and events, and our plans.

There are no significant matters that have arisen that would require a restatement of the corresponding figures.

The Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan acknowledges its responsibility for complete collection and transfer of the cash contributions to the Fund.

We believe that the financial statements are free of material misstatements.

Осы таныстыру хаты (есепті күн) жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есептен, кірістер мен шығыстар туралы, осы күнге аяқталған бір жылдағы таза активтердің өзгеруі туралы және ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептерден және көрсетілген қаржылық есептілік қай жағынан да болмасын Қордың қаржылық ахуалын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақшалай қаражаттың Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қозғалысын дұрыс көрсететіні туралы пікірді білдіру мақсатында есепке алу саясатының негізгі ережелерінен және басқа да түсініктемелерден тұратын сіздер жүргізетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі мәтін бойынша - Қор) қаржылық есептілігі аудитіне байланысты жолданып отыр.

Біз, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі көрсетілген қаржылық есептіліктің ХҚЕС талаптарына сәйкес дұрыс берілуі үшін, оның ішінде теріс пиғылды іс-әрекеттермен немесе қателермен жасалған айтарлықтай бұрмалаушылықтары жоқ қаржылық есептілікті әзірлеу және дұрыс беру үшін қажетті ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау үшін; есепке алу саясатын таңдау және тиісінше қолдану үшін; сондай-ақ негізделген мән-жайға байланысты бухгалтерлік есеп айырысу бағалауларын қолдану үшін жауапкершілікті мойындаймыз. Біз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаржылық есептілікті бекітеміз.

Осы хаттағы жеке өтінімдер қаралып отырған мәселелердің маңыздылығына қатысты шектеулі ескертулерді қамтиды. Біз маңызды болып табылатындарға жеке-жеке немесе жиынтығында осы қаржылық есептіліктің негізінде пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге әсер ете алатын түсіп қалған немесе бұрмаланған көрсеткіштер деп түсінеміз. Маңыздылығы ілеспе мән-жайлар тұрғысынан бағаланатын көрсеткіштердің шамасы және сипаты туралы ақпараттың түсіп қалғандығына немесе бұрмалануына байланысты. Айқындайтын фактор көрсеткіштің шамасы да, сол сияқты сипаты да, не екеуінің үйлесуі де бола алады.

Біз төмендегіні растаймыз:
(а) "Теріс пиғылды іс-әрекеттер" деген термин бұрмаланған есепті 1 деректерден туындаған ақпаратты бұрмалауды, сондай-ақ активтерді заңсыз иемдену нәтижесінде туындаған ақпаратты бұрмалауды түсінетіндігімізді.

Бұрмаланған есепті деректерден туындаған ақпаратты бұрмалау деректерді қасақана бұрмалауға байланысты, атап айтқанда, қаржылық есепті пайдаланушыларды шатастыру мақсатында көрсеткіштерді қалдырып қою немесе ашылғанын осы қаржылық есептілікке енгізбеу.

Активтерді заңсыз иемдену нәтижесінде туындаған ақпаратты бұрмалау кәсіпорындағы ұрлауға байланысты, олар көбінесе активтердің жоғалу фактісін жасыру немесе осы активтерді рұқсатсыз кепілдікке қою мақсатында жалған немесе шатастыратын есепке алу тіркелімдерін немесе құжаттарды ресімдеумен ілесіп жүреді.

(b) Біз теріс пиғылды іс-әрекеттердің және қателіктердің алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау үшін жауапкершілігімізді растаймыз.

(с) Өзіңіз білетіндей, Қорға әсер ететін теріс пиғылды іс-әрекеттер жасау фактілері немесе жосықсыз іс-әрекеттер жасады-ау деген күмән, мыналардың:

- басшылықтың;

- ішкі бақылау жүйесіндегі рөлі елеулі болып табылатын
қызметкерлердің;

- теріс пиғылды іс-әрекеттері қаржылық есептілікке
айтарлықтай әсер ете алатын басқа да адамдардың қатысуымен
болған жоқ.

Мыналар байқалмады:

(а) Кез келген басшылықтағы мүшелердің немесе ішкі бақылау жүйесінде елеулі роль атқаратын қызметкерлердің тарапынан бұзушылықтар мен қызметін теріс пайдалану болған жоқ;

(b) Қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер ете алатын басқа да қызметкерлердің тарапынан бұзушылықтар мен қызметін теріс пайдалану болған жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есепке алу саясатына, бағалауға, пайымдауға, ашуға және басқа да бухгалтерлік мәселелерге қатысты шешімдерді қабылдау процесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілгендігін мойындайды.

Мыналар болған жоқ:
(а) Реттейтін және бақылайтын мемлекеттік органдардан Қордың қаржылық есептілікке елеулі әсер ете алатын қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтамауы немесе ішінара сақтауы туралы хабарламалар түскен жоқ;

(b) Пайда болған жағдайда қаржылық есептілікке елеулі әсер ете алатын заңнамалық және өзге де нормативтік талаптарды орындамаудың белгілі немесе болуы мүмкін фактілері болған жоқ.

ХҚЕС-тің 24 "Байланысты тараптар туралы ақпаратты жария ету" деген ұғымға сәйкес Қордың жалғыз байланысты тарабы Мемлекет, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволар және мемлекет бақылайтын заңды тұлғалар болып табылатындығын растаймыз.

Есепті күннен кейін қаржылық есептілікке түзету енгізуді немесе оған түсініктемеде тиісті ақпаратты ашуды талап ететін ешқандай оқиғалар болған жоқ.

Осы қаржылық есептілікте елеулі талаптар мен оқиғаларды, сондай-ақ біздің жоспарларымызды және ниетімізді қоса алғанда, Қордың қызметін үздіксіз жүзеге асыру қабілетіне қатысты бүкіл релеванттық ақпарат жария етіледі.

Салыстырмалы көрсеткіштерді қайта есептеуді талап ететіндей қандай да бір маңызды фактілер жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақшалай түсімдердің Қорға толық аударылуы үшін өзінің жауапкершілігін растайды.

Біздің пікірімізше осы қаржылық есептілікте айтарлықтай бұрмалаушылықтар жоқ.

Yours faithfully,

(Name)

(Deputy Chairman)
Chairman of the National Bank of the Republic of Kazakhstan

(Name)

The Vice-(Minister) of Finance of the Republic of Kazakhstan

Құрметпен,

(Аты-жөні)

(төрағаның орынбасары)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

(Аты-жөні)

Қазақстан Республикасының Қаржы (вице-)министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады