Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 172 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 қаулысымен

«Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қаңтардағы № 172 қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнiң 15-бабы 20) тармақшасына сәйкес қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекіту Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне бекітілген.
      Осыған байланысты «Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 172 қаулысы қабылданды.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз