Мемлекеттік мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 228 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы әкімінің заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратты Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Агенттік) теңгеріміне беру жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Агенттікпен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген
тәртіппен:
      1) республикалық меншіктен Агенттіктің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне мынадай мүлікті беруді:
      Астана қаласы, Ж. Омаров көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат пен гараждар;
      Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттар пен гараждар;
      Астана қаласы, Абай даңғылы, 22 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттағы жалпы алаңы 669 шаршы метр үй жай;
      2) осы қаулының 1-тармағында және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Астана қаласының әкіміне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерін жаңа әкімшілік ғимарат салу аяқталғанға және ол республикалық меншікке берілгенге дейін өтеусіз пайдалану шартымен осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әкімшілік ғимараттарға орналастыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады