Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 Қаулысы.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 125-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 893 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 383 қаулысымен
бекітілген

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – орган) жүргізеді.

      3. Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жүргiзiледi.

2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім
балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі

      4. Егер баланың (балалардың) жалақысы, алименттері, зейнетақылары және өзге де әлеуметтiк төлемдері түріндегі табыстарының, сондай-ақ өзіне тиесілі мүлкінен түсетін табыстарының орташа айлық сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардан аспайтын болса, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы әр балаға (балаларға) тағайындалады.

      Баланың орташа айлық табысын анықтау кезінде адам жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі кезеңде баланың ақшалай нысанда нақты алған табыстары ескеріледі.

      5. Баланың орташа айлық табысы табыстар сомасын жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі айлардың санына бөлу арқылы анықталады.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес формула бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасы ай сайын анықтайды.

      6. Қорғаншылар немесе қамқоршылар жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алу үшін баланың (балалардың) тұрғылықты жері бойынша органға мынадай құжаттарды:

      1) қорғаншының немесе қамқоршының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтінішін;

      2) қорғаншының немесе қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесін;

      3) жергілікті атқарушы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімін;

      4) баланың (балалардың) туу туралы куәлiктерінің көшiрмесiн;

      5) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әpeкeт қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелерін;

      6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесін;

      7) қорғаншының немесе қамқоршының жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесін;

      8) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы мәліметтерді ұсынады.

      7. Тұрғылықты жері бойынша орган болмаса, өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.

      8. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексереді және өтініш берушілерден құжаттар қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей оларды органға жібереді.

      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынылады, кейiн олар тіркеледі, құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң жыртпалы талоны өтiнiш иесiне қайтарылады.

      9. Орган қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тексереді.

      Тексеру қорытындысы бойынша орган қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешімді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шығарады және тіркеу журналында белгілейді.

      Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мән-жайлар негіз болып табылады.

      10. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі барлық құжаттарды қабылдаған айдан бастап тағайындалады.

      11. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді орган қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген оларды төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, оның туған айын қоса алғанда, қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейін төленедi.

      14. Органның кінәсінен қорғаншы немесе қамқоршы уақтылы алмаған жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы, мерзімдері шектелместен өткен кезең үшiн бір мезгілде төленедi.

      15. Қорғаншы немесе қамқоршы органды тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көшкен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етедi. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алатын қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жері өзгерген кезде, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша орган тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарламаны алған күннен бастап қамқорлыққа алушының жеке iсін жаңа тұрғылықты жері бойынша органға жеті жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте қамқорлыққа алынушының жеке ісінде жәрдемақы төлемі жүргізілген күн көрсетіледі.

      Жаңа тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеуді қайта бастау бұрынғы тұрғылықты жері бойынша төлеу аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      16. Егер Қазақстан Республикасының азаматы шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншысы немесе қамқоршысы болған жағдайда, жәрдемақының төленуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының мұндай балалармен нақты тұратын жері бойынша олардың өзара есеп айырысуларынсыз жүргізіледі.

      17. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы пайдалануын бақылауды орган жүзеге асырады.

      18. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы мынадай:

      1) баланың (балалардың) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған;

      2) баланың (балалардың) орташа айлық табысының сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артқан;

      3) ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп-бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлек тұратын, бірақ оларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда тағайындалмайды.

      19. Органның қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешіміне жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      20. Қорғаншыға немесе қамқоршыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу органның шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) қамқорлыққа алынушының кәмелет жасқа толуы;

      2) қамқорлыққа алынушының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге орналасуы;

      3) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) асырап алынуы;

      4) қорғаншының немесе қамқоршының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы және шеттетілуі;

      5) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) некеге тұруы;

      6) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-1-бабына сәйкес толық әрекетке қабiлеттi (эмансипацияланған) деп жариялануы;

      7) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) органның қорытындысы негізінде ата-аналарына қайтарылуы;

      8) баланың (балалардың) қайтыс болуы;

      9) баланың (балалардың) орташа айлық табысы сомасының тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артуы.

      21. Жәрдемақы төлеудi тоқтату органның шешiмi бойынша төлемдi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап жүргiзiледi.

      22. Егер қорғаншыға немесе қамқоршыға іздеу, олардың емделу, бас бостандығынан айыру орындарынан босау нәтижесінде ата-аналарының табылғаны туралы белгілі болған және қорғаншыға (қамқоршыға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының төленуін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге де жағдайларда, ол органды бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      23. Жәрдемақы төлеудiң тоқтатылғаны туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган қорғаншыларды немесе қамқоршыларды бұл туралы хабардар етеді.

      24. Егер артық төлем алушы тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, заңсыз төленген және алынған жәрдемақы қорғаншыдан немесе қамқоршыдан өндiрiлiп алынады. Артық төленген жәрдемақыны өндiрiп алу өз еркімен немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

3. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері және жәрдемақының пайдаланылуын бақылау

      25. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері айына он айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      26. Орган жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының пайдаланылуын бақылауды жарты жылда кемінде 1 рет жүргізеді.

      Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы

      (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз

      қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы

      тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне

  1-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды есептеу формуласы

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстар мына формула бойынша анықталады:

      ОШ=АШББ/БС/12 ай

      мұндағы:

      ОШ – тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстар;

      АШББ – еңбекке ақы төлеу шығыстарын, өтемақы төлемдерін, әлеуметтiк салықты және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, мемлекет ішінде және елден тыс іс-сапарларды және қызметтік жол жүрулерді, орындаушылық құжаттарды орындауды, сот актілерін қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасының "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдағы жоспарлы шығыстарының сомасы,

      БС – адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармаларының "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландырылатын ұйымдарда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде күтіп-бағылатын балалардың нақты саны.

      Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы

      (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз

      қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы

      тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне

  2-қосымша

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін өтініштің нысаны

      (орган атауы)

      ______________________________

      ______________________________

Өтініш

      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (балалар)

      ____________________________________________ күтіп-бағуға жәрдемақы

      (баланың (балалардың) Т.А.Ә., туған күні)

      тағайындауды сұраймын

      Қорғаншының немесе қамқоршының тегі_________________________________

      Аты _______________________Әкесінің аты______________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі

      _____________________________________________________________________

      __________________________ 20__ ж. "___" __________

      Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын растайтын құжаттың түрі

      _____________________________________________

      Сериясы ___________нөмірі _______________ кiм берген ______________

      Жеке сәйкестендiру нөмiрi ________________________________________

      Дербес шотының № _____________ Банктiң атауы ___________________

      Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) __________________________________

      Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      20___ ж. "___" ________ _____________________

      (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Құжаттар қабылданды: 20___ ж. "___" _________

      ______________________________________________________ _____________

      (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (қию сызығы)

      Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      Құжаттары қоса берiлген азамат

      ____________________________________________________________ өтiнiшi

      ________ данада 20___ ж. "___" ____ № _____ қабылданды.

      ____________ ______________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы

      (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз

      қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы

      тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне

  3-қосымша

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім

      20 ___ жылғы "___" ___________ № ________

      (орган атауы)

      _________________________________

      Iстiң № ___________

      Азамат ______________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Өтiнiш берiлген күн _________________________________________________

      Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы)

      Берiлген күнi _______________________ №_____________________

      Баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы ______________________________________________________

      Баланың Т.А.Ә. _________________________________________________

      Баланың туған күні ______________________________________________

      Органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі

      ____________________________________________________________________

      Тағайындау күні 20__ ж. _________________

      Тағайындалған жәрдемақы сомасы

      20__ ж. __________ бастап 20__ ж._________ аралығында

      __________________ теңге ________________________________ сомасында

      (жазумен)

      Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жәрдемақының тағайындалған сомасы:

      Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________

      _________________________ бастап ________________________аралығында

      _______________ теңге ___________________________________ сомасында

      (жазумен)

      __________________________________________ себебі бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды

      _________________________________________ себебі бойынша жәрдемақының төленуі тоқтатылды

      М.О.

      (Орган басшысы)

      ____________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады