"Казконтент" акционерлік қоғамының мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 419 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен «Казконтент» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамына мыналарды сайлауды қамтамасыз етсін:
      Орынбаев              - Қазақстан Республикасы
      Ербол Тұрмаханұлы       Премьер-Министрінің орынбасары

      Мыңбай                - Қазақстан Республикасының
      Дархан Қамзабекұлы      Мәдениет және ақпарат министрі.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады