"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 491 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 491 қаулысына БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

      2012 жылғы 19 сәуірде «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 491 қаулысы қабылданды, осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы», «Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы» ММ, «Алмас» РМҚК Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесіне енгізілді.
      Осы қаулыны қабылдау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы», «Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы» ММ, «Алмас» РМҚК қызметкерлерін ынталандыруға және кадрлық нығайтуға ықпал етеді.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз