Байланыс формасы

2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 495 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 19 сәуір  
№ 495 қаулысымен  
бекітілген     

2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің
тізбесі

      Ескерту. Тізімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.05 № 1387 Қаулысымен.

р/с №

Жобаның атауы

Донор

Орындаушы агенттік

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Жобаның жалпы құны (АҚШ долл.)

Грант сомасы (АҚШ долл.)

Мемлекеттік бюджеттен грантты қоса қаржыландыру сомасы (АҚШ долл.)

1

Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

2012 – 2014

400 000

150 000

250 000

2

Халықаралық стандарттарға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

2012 – 2014

690 300

206 000

484 300

3

Қазақстан Республикасында пилоттық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда биологиялық әртүрлілік мониторингі бойынша ақпараттық жүйе әзірлеу және енгізу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

2012 – 2014

1 533 387

508 860

1 024 527

4

Қазақстанда құрамында ООЛ (орнықты органикалық ластағыштар) бар қалдықтарды жою

Дүниежүзілік Банк

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi

2012 – 2013

645 118

200 000

445 118

5

Қазақстан Республикасына «жасыл дамуды» ілгерілету және Астана бастамасын іске асыру үшін өңіраралық ынтымақтастықты күшейтуге жәрдемдесу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi

2012 – 2013

454 000

160 000

294 000

6

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салудың концессиялық жобасын дайындау және сүйемелдеу

Халықаралық қаржы корпорациясы

Қазақстан Республикасы Көлік және комммуникация министрлігі

2012–2014

2 000 000

1 300 000

700 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады