Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 636 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 73 қаулысымен

«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына баспасөз-хабарлама

      Тауарлардың, жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жэне оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру жэне жүргізу қағидалар «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес эзірленді жэне тауарлардың, жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жэне оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тэртібін айқындайды.
      Осы қағидалар мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданды.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29 желтоқсандаңы №
1353 Үкіметінің Қаулысына сэйкес жұмыстарды жэне қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тэртіппен тауарлардың, жүмыстар мен қызметтердің жэне олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жүмыстарды, қызметтерді отандық өнім берушілер мен отандық кэсіпкерлер арасында жүргізіледі.
      Тауарлардың, жүмыстардың, көрсетілетінқызметтердің жэне оларды берушілердің дерекқорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкес Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы үлттық даму институт қалыптастырады және жүргізеді.
      Дерекқордағы мэліметтер www.ks.gov.kz мекен жайы бойынша Интернет-ресурста орналастырылады жэне барлық мүдделі түлғаларға өтеусіз негізде танысу үшін қолжетімді.
      «Қазақстандық қамту» интернет-порталының ақпараттық жүйесі мемлекеттік жэне орыс тілдерінде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз