Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

«Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысына
Баспасөз Релизі

      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкіміне сәйкес әзірленді.
      Осы қаулының мақсаты Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі — Конвенция) бойынша әкімшілік органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жабайы жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына экелу, одан тысқары жерлерге әкету үшін қажет рұқсат беру тәртібін белгілеу болып табылады.

      Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз