Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 732 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік
органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
      1) 163-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарында алкоголь өнімдерін өткізу, –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.";
      2) 235-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "235-бап. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз немесе
                белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген
                жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша
                объектілерді және олардың кешендерін салу
                (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту,
                техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi
                жөндеу)
      1. Олар бойынша оны өткізу талап етілетін жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз немесе белгiленген тәртiпте сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша объектілерді және олардың кешендерін салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу), –
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің алпыс мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – сексен мөлшерінде; шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз тоқсан мөлшерінде; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз сексен мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, –
      жобаны әзірлеуге және сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жүз мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – жүз елу мөлшерінде; шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз мөлшерінде; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) мынадай мазмұндағы 235-1 және 237-2-баптармен толықтырылсын:
      "235-1-бап. Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтердi
                  жүзеге асырған кезде заңнаманы бұзу
      1. Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі, –
      сарапшы аттестатының қолданысын тоқтата отырып, жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Оларды пайдалануға бергеннен кейін объектілердің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етпейтін жобалық шешімдер бойынша сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру, –
      сарапшы аттестатының қолданылуын тоқтата отырып, жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беру, –
      сарапшы аттестатының қолданылуын тоқтата отырып, жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың 1-3 бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), –
      сарапшыны сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына берілген аттестаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      "237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асыру
      Құрылысты техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асыру, –
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырма мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – сексен мөлшерінде; шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу мөлшерінде;
      iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      4) мынадай мазмұндағы 258-1-баппен толықтырылсын:
      "258-1-бап. Геодезия және картография саласындағы заңнаманы
                  бұзу
      1. Жасалған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердің бір көшірмесін Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына ұсынбау, –
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы географиялық, топографиялық және өзге де карталар мен жоспарларға бейнелеп түсiрiлуге тиiстi жергiлiктi жер объектiлерi туралы ақпарат иелерiнің құжаттардың көшiрмелерiн карталар мен жоспарларды дайындаушылардың немесе уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша бермеуі, –
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Картографиялық және геодезиялық өнімді пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорынан алынған материалдардың және деректердің сақталуын белгіленген мерзімде қамтамасыз етпеуі, –
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қажетті жабдықтардың, бағдарламалық кешеннің немесе штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі және осы салаларда үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар екіден кем емес маманы болмай геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асыру, –
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың 1-4-бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайта жасалған iс-әрекеттер, –
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырық мөлшерінде; дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      5) 322-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жаппай емшілік сеанстарын (екі немесе одан да көп адам), оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу, –
      жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      6) мынадай мазмұндағы 324-2-баппен толықтырылсын:
      "324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылуына қойылатын талаптарды бұзу
      1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылуына қойылатын талаптарды бұзу, –
      заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрып орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға – елу; ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), –
      орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға – заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға; ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға – заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      7) 357-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), өзге рұқсаттарсыз, хабарламасыз кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
      Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарландыру мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), өзге рұқсаттарсыз, хабарламасыз кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде; лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасай отырып тапқан табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бап бойынша жауапкершілік "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға, сондай-ақ "Табиғи монополия және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.";
      8) мынадай мазмұндағы 357-8-баппен толықтырылсын:
      "357-8-бап. Күзет дабылдары құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын белгіленген талаптарды бұзу
      1. Күзет дабылдары құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын белгіленген талаптарды:
      1) жұмыс саласына сәйкес білімінің болмауы;
      2) жоғары кернеулі жұмысқа рұқсатының болмауы;
      3) санитарлық және экологиялық нормаларға сай келетін үй-жайлардың, күзет дабылы құралдарын ретке келтіруді, техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын құралдың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыруға арналған жабдықтардың (немесе оларды жалға алу шартының) болмауы;
      4) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, денсаулық сақтау органдарында психикалық аурумен, маскүнемдікпен немесе нашарқорлықпен есепте тұрған, соттылығы бар басшыларының, қызметкерлерінің, жеке тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы бөлігінде бұзуы, –
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он мөлшерінде; шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
      қызметті жүзеге асыруға тыйым сала отырып жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырық мөлшерінде; шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу мөлшерінде; ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден бастап мөлшерінде айып салуға әкеп соғады.";
      9) 27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-тарау. Көлiк, жол шаруашылығы, байланыс және ақпараттандыру салаларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық";
      10) 463-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қауiптi жүктердi белгiленген қағидаларды бұза отырып, автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-класты қауіпті жүкті арнайы рұқсатсыз тасымалдау, –
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде; дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      11) 541-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136-136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бірiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (алтыншы бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірiншi бөлiгiнде), 283 (бірiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде) 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бірiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-6, 357-8 (екінші бөлігінде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде) 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405 (бірiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бірiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1-512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
      12) 543-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігі және қалалық электр көлігінде тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-8 (бiрiншi бөлiгiнде), 364, 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бірінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 463-4 - 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474, 475, 476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485, 486, 487, 500 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
      екінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) осы Кодекстiң 131, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 380 (бірінші бөлігінде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, – iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
      3) осы Кодекстiң 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, – iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;";
      13) 547-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екiншi бөлiгiнде) (әуе көлiгiнде тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда, бесiншi бөлiгiнде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
      14) 553-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      15) мынадай мазмұндағы 553-1-баппен толықтырылсын:
      "553-1 бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
      1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 504-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындамауға байланысты:
      1) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары;
      2) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары;
      3) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның басшысы, басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.";
      16) мынадай мазмұндағы 563-2-баппен толықтырылсын:
      "563-2-бап. Геодезия және картография саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
      1. Геодезия және картография саласындағы орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстiң 258-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің қырыққа; лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елуге; iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.";
      17) 568-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 235-1 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөлiктерінде), 236, 237-2, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
      18) 634-баптың 2-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың күші "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3 және 4-тармақтарында және 12-бабы 3-тармағында көзделген салаларда бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында және салық органдары жүргізетін бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.";
      19) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші, оныншы, он төртінші, жиырма төртінші, отыз сегізінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық алтыншы және елу жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111-117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-2, 163-3, 163-4, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруларға және олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 324-1, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 332, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336 (1-1 және үшінші бөліктері), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екінші бөлігі), 344, 354-1, 355-357, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 500 (екінші бөлігі), 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);";
      "орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (147-1 (екінші бөлігі), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi, 2-1 және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-2, 356, 357-1-баптар);";
      "мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 130-баптар);";
      "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (алтыншы бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi)-баптар;";
      "әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықты жеке нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3, 356, 357-4, 357-5, 357-6, 376-баптар);";
      "техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 356, 357-1, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);";
      "мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау органдарының (223-225, 225-1, 357-1-баптар);";
      "жергілiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 163-6, 165, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 346-352, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі) -баптар);".
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат;):
      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакциядағы 2-3) тармақшамен  толықтырылсын:
      "2-3) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне объектілер ретінде тапсырылған;";
      2) 14-баптың 1-тармағында:
      13) тармақша алып тасталсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      3) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұратылатын кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргiзiледi.
      Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн де жер учаскесін таңдау нәтижелерiн сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Осы актiге әрбiр жер учаскелерін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса беріледi.
      Объект салуға жер учаскесін таңдау актісін беру үшін барлық қажетті келісулерді сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
      Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.";
      4) 150-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
      3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 1, 14-құжат; № 3, 27-құжат):
      1) 13-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Орман пайдалану құқығы орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары болған жағдайда ғана ауысуы мүмкiн.";
      3) 32-баптың 9) тармақшасы, 41-баптың 4) тармақшасы, 75-баптың 2-тармағы, 89-бап алып тасталсын;
      4) 15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-тарау. Орман пайдалану түрлері".
      4. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
      1) 37-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "28) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      2) 66-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Уәкiлеттi органның өңiрлiк органдары арнайы су пайдалануға рұқсат бередi.";
      7-тармақ, 9-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      10-тармақта:
      2) тарамақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;";
      5) тармақша алып тасталсын;
      3) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ағынды суды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген шектерге дейiн тазарта отырып арнайы су пайдалануға рұқсаты болғанда жағдайда жер үстi су объектiлерiне ағызуға жол берiледi.";
      4) 95-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатында ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы имараттары бар жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға рұқсаты болуға міндетті.".
      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
      1) 17-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "38) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      2) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау, экологиялық аудит жөнiндегi қызметi осы Кодекстiң 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.";
      3) 114-баптың 3), 4) және 21) тармақшалары алып тасталсын.
      6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж.; № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж. № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):
      16-баптың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "25) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат, № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат, 2010 ж,, № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат, № 22, 130, 132-құжаттар, № 24, 145, 146, 149-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар):
      1) 281-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiнде:
      тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;
      өз қызметін бастағандығы туралы белгіленген тәртіпте хабарлаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне.";
      2) 455-баптың 1-тармағында:
      бесінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң ипотекасын;";
      "авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені;";
      алтыншы абзац алып тасталсын;
      3) 456-баптың кестесінде:
      5, 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.4.1, 5.4.2, 8.2, 8.2.1, және 8.2.2-жолдар алып тасталсын;
      8 және 8.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

8.

Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркегені үшін:


8.1.

авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркегені үшін

3

";

      4) 457-баптың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:";
      5) 462-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының рұқсат етілген параметрлерін бұза отырып, автокөлік құралының өту фактісі анықталғаннан кейін төленедi.
      2. Алым сомасы рұқсат құжаты алынған жер бойынша және (немесе) алым төлеушінің тұрған орны (нақты тұрған жері) және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.";
      6) 471-баптың кестесінде:
      1.1, 1.3, 1.5, 1.23, 1.25, 1.32, 1.40 және 1.42-жолдар алып тасталсын;
      1.22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1.22.

Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау

3

";

      7) 556-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкілетті орган "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.";
      8) 627-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жоспарлы тексеру – уәкілетті орган жарты жыл сайын бекітіп отыратын салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;".
      8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "29-1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлау тәртібінде жүзеге асырушы денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру тәртібін бекіту;
      29-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асырушы денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін жүргізу;";
      62) тармақша алып тасталсын;
      72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "72) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту.";
      2) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді жүзеге асырушы субъектілердің тізілімін жүргізеді.";
      3) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      "13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама
      Фармацевтикалық қызметтің келесі түрлері қызметті бастағандығы туралы хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады:
      1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
      2) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;
      3) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
      4) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу.";
      4) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жарты жылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.";
      5) 21-баптың 7-тармағында:
      11) тармақша алып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;";
      6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау
      1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауға бағытталған.
      2. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылаудың объектілері болып табылады.
      3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы және оның орынбасарлары;
      2) мемлекеттік фармацевтика инспекторлары;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік фармацевтика инспекторлары болып табылады.
      5. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жоғары фармацевтикалық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
      6. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының:
      1) уәкілетті орган белгілейтін тәртіпте сараптама жүргізу үшін оны жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін, осы өнімнің құнын өтемей алуға;
      2) жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;
      3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
      4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға;
      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;
      6) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
      7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілерге баруға;
      8) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы мәселелері бойынша ақпарат, есептеме алуға құқығы бар.";
      7) 54-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      8) 62-баптың 8-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер, бақылаудың өзге нысандары немесе санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде мыналарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді:";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) елдi мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, санитариялық-қорғаныш аймақтарының, су пайдалану мен сарқынды суларды бұру, улы, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көму жағдайларының жобаларына, шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерiнiң, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық, дәрiлiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын ыдыстардың, буып-түйетiн және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен нормативтiк құжаттардың жобаларына;";
      9) 69-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзудi дәріханалық қоймаларда көтерме саудада өткізуге тиісті лицензия алған не "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағандығы туралы хабарлаған дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.
      2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзудi дәріханаларда, дәріханалық бөлімдерде, жылжымалы дәріханалық бөлімдерде бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензия алған немесе қызметті бастағандығы туралы хабарлаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.";
      10) 80-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар не қызметін бастағандығы туралы хабарлама бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асырушы денсаулық сақтау субъектілері тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;";
      11) 180-баптың 13-тармағы алып тасталсын.
      9. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
      1) 7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
      2) 25-баптың екінші бөлігінде:
      8) тармақша алып тасталсын;
      9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Ішкі су жолдарында жүзу ережесінің сақталуын бақылауды және қадағалауды;";
      "11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;".
      10. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 167-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат, № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат, 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат):
      5-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарына;".
      11. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар, № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
      1) 4-5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi;";
      2) 5-1-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      3) 10-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлiк оқ-дәрiлердi қоспағанда) сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, Қару мен оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды, есiрткiлiк құралдарды, психотроптық заттарды, солар тақылеттестердi, прекурсорларды ұстаудың және олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген ережелерінің сақталуын бақылауға; әкiмшiлiктiң қатысуымен аталған заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды тексеруге; қаруды есепке алуға және заңда көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардағы қолындағы қаруды, оқ-дәрiлер мен олар сақталатын орындарды олардың қолдану ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында тексеруге; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану ережелері бұзылған, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға;";
      4) 11-баптың 1-тармағында:
      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "33) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте:
      азаматтық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерінің криминалистикалық талаптарға сәйкестiгiне қорытынды;
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге;
      заңды тұлғаларға:
      жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға, әкелуге және әкетуге;
      атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашуға және олардың жұмыс iстеуіне рұқсат беруге.";
      33-5) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеуi;".
      12. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
      44-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
      13. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
      11-баптың жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      14. "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      7-1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      15. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6,142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3,  22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      1) 6-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      2) 25-бапта:
      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "- өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртке байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағандығы туралы уәкілетті органға хабарлау;
      - шөптесін өсімдіктерді өртеу және ашық алаңдарда арнайы отты эффектілерді өткізу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастағандығы туралы уәкілетті органға хабарлау.";
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Өтініш берушілер хабарламалар беруді "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды бастағанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.
      Егер іс-қимылды жүзеге асыру үшінші жақтарға зиян келтіру қаупіне байланысты болған жағдайда, хабарламада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар қосымша көрсетіледі.".
      16. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат):
      10-2-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "30) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      17. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;";
      2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеу, қызметкерлер мен халыққа радиациялық әсерi бар атом энергиясын пайдаланатын қызмет түрлерiн лицензиялау және бақылау;";
      3) 8-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту.";
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiк
      1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты кез келген қызмет халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, иондандырушы сәуленің зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалардың мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Пайдаланушы ұйым уәкілетті органды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнамада белгіленген мерзімде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық ахуал туралы және (немесе) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке лицензияның қолданылу шарттарының бұзылуы туралы хабарлауға міндетті.
      3. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті ядролық қондырғылармен, ядролық материалдармен, радиоактивтiк қалдықтармен, радиоактивтiк қалдықтар және (немесе) пайдаланылған ядролық отын қоймаларымен, алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттармен, құрамында алу деңгейiнен жоғары ракдиоактивтік заттар бар немесе өндіруші (өндіруге қабілетті) иондандырушы сәуле шығаратын аспаптар және қондырғылармен жұмыс істеуді немесе қандай да бір іс-қимылдарды, операцияларды орындауды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігі саласындағы белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкес пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді, атап айтқанда: Ядролық қондырғылар:
      жалпы мақсаттағы ядролық қондырғылар;
      ядролық отынды жасау және өндіру бойынша қондырғылар;
      реактордың түрі көрсетілген атом энергетикалық қондырғылар; реактордың түрі көрсетілген зерттеу атом реакторлары.
      Орналастыру пункттері:
      жалпы мақсаттағы радиоактивтік қалдықтарды орналастыру (сақтау) пункттері;
      жоғары активті радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймасы;
      орта активті радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймасы;
      төмен активті радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймасы;
      пайдаланылған ядролық отынның қоймасы.
      Заттар мен материалдар:
      изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;
      радиоактивтік элементтер құрамы, белсендiлiктің шекті деңгейі және радиоактивтік заттардың агрегаттық жағдайы көрсетілген алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар.
      Радиоактивтік қалдықтар:
      белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың агрегаттық жағдайы және түрі көрсетілген жоғары активті радиоактивтік қалдықтар;
      белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың агрегаттық жағдайы және түрі көрсетілген орта активті радиоактивтік қалдықтар;
      белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың агрегаттық жағдайы және түрі көрсетілген төмен активті радиоактивтік қалдықтар.
      Өнеркәсіптік жабдық:
      жалпы мақсаттағы рентгендік өнеркәсіп жабдығы;
      жалпы мақсаттағы радиоизотоптық өнеркәсіп жабдығы;
      радиоизотоптық датчиктер мен өлшеуіштер;
      рентгендік дефектоскоптар;
      радиоизотоптық дефектоскоптар;
      рентгендік анализаторлар;
      рентгендік тексеріп қарау жабдығы;
      радиоизотоптық тексеріп қарау жабдығы;
      зарядталған бөлшектердің үдеткіштері негізіндегі тексеріп қарау жабдығы;
      зарядталған бөлшектердің өнеркәсіптік үдеткіштері.
      Медициналық диагностикалық жабдық:
      жалпы мақсаттағы медициналық рентгендік жабдық;
      медициналық рентгендік денталдық жабдық;
      медициналық рентгендік маммографиялық жабдық;
      медициналық рентгендтік ангиографиялық жабдық;
      медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;
      медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;
      зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері.
      Медициналық терапевтік жабдық:
      медициналық терапевтік рентгендік жабдық;
      медициналық рентгендік симуляторлар;
      зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері;
      медициналық гамма-терапевтік қондырғылар.";
      5) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық жағынан қорғалуын пайдаланушы ұйымдар қамтамасыз етедi. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың физикалық жағынан қорғалуын қамтамасыз етудi бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.".
      18. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат, № 5, 41-құжат):
      10-2-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      19. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      1) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
      1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
      Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
      облыстардың, қалалар мен аудандардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.";
      2) 19-баптың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      20. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
      25-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      21. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік орган белгілеген мерзімде нормативтік құқықтық акт жобасына сараптамалық қорытынды ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық акт жобасы ескертусіз келісілді деп саналады.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң ортақ пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және оны қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен кейінгі әрбiр келiсу кезiнде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.";
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi. Мұндай негізделген жауаптар нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдағанға дейiн оған мiндеттi қосымша болып табылады.";
      2) 36-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-1. Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбелерін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбелерiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.".
      22. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат):
      13-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      23. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
      1) 1-бапта:
      6) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) асыл тұқымды мал зауыты – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құндылығы жоғары малды, сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерді, зауыттық тұқымдық желіні, кросты, белгілі бір тұқым тобын өсіру, жетілдіру және сату жөніндегі қызметті бастағандығы туралы хабарлаған шаруашылық жүргізуші субъект;";
      "10) асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына асылдандырушы деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алу, сақтау және сату жөніндегі қызметті бастағандығы туралы хабарлаған заңды тұлға;";
      12) тармақша алып тасталсын;
      19), 20), 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) малды асылдандырушы орталық – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына асыл тұқымды тұқымдық малды ұстау, олардың ұрығын алу, жинақтау, сақтау, сондай-ақ асылдандырушы деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сату жөніндегі қызметті бастағандығы туралы хабарлаған заңды тұлға;
      20) малды асылдандырушы шаруашылық – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына белгiлi бiр түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды мал өсiру мен сату жөніндегі қызметті бастағандығы туралы хабарлаған шаруашылық жүргiзушi субъект;
      21) малды өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметті көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына малды өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызмет көрсетудi бастағандығы туралы хабарлаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      22) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiндегі қызметті көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөніндегі қызмет көрсетуді бастағандығы туралы хабарлаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына жергiлiктi атқарушы органның интернет-порталында қалыптастырылатын және орналастырылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағандығы туралы хабарлаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі.";
      2) 10-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді";".
      3) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағандығы туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
      13) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағандығы туралы хабарлаған жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізеді.";
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметті жүзеге асыруына қойылатын талаптар
      1. Асыл тұқымды мал зауыты немесе асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін иеленуге үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды:
      1) асыл тұқымды мал зауыттары және шаруашылықтары мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, малдың сапасы анықталған немесе жаңа жасалған тұқымымен, типімен, кросымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының болуын;
      2) мал өнімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымы мен типтері үшін стандарт талаптарына сәйкестігін;
      3) мыналарды:
      тұқымының сапасы анықталған, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтегі, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кростарын, асыл тұқымды малдарды ұстау мен пайдалануды (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);
      тұқымының сапасы анықталған, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтегі, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кростарының асыл тұқымды мал төлдерін бағыттап өсiрудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);
      малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуын;
      4) мыналарды:
      асыл тұқымды мал өнiмiн (материалын) өндiру мен өсiру технологиясына сәйкес асыл тұқымды малды теңгерімді азықтандыруды;
      малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша нысаналы бағалау жүргiзудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз ететiн жемшөп базасының болуын;
      5) 5 жыл бойы белгiленген нысандар бойынша асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн және сапасын, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) растайтын есептердің үздiксiз жүргiзілуін;
      6) жыл сайын сатылатын асыл тұқымды мал төлiне мiндеттi түрде сертификаттау жүргiзуді (сәйкестiлiк сертификатының (асыл тұқымдық куәлiгiнiң) болуы), сондай-ақ сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң аурулардан сау екенi туралы ветеринариялық куәлiктiң болуын;
      7) тиiстi бiлiмi (зоотехникалық немесе ветеринариялық) бар мамандардың болуын;
      8) ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген малдардың аурулардан сау екені туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуын;
      9) асыл тұқымды малды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын;
      10) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ басқа да имараттардың зоогигиеналық талаптарға сай келетiн жағдайларда ұсталуын;
      11) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте асыл тұқымды малдарға сәйкестендiрудің жүргiзілуін және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмделуін қамтамасыз етуді қамтиды.
      2. Малды асылдандырушы орталық мәртебесiн алуға үмiткер заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды:
      1) малдың өсiрiлетiн тұқымдары бойынша асыл тұқымды мал зауыттарының селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының мақсаттары мен мiндеттерiне сай келетiн жұмыс жоспарының болуын;
      2) енелерiнiң өнiмдiлiгi тұқым стандартынан кемiнде 50 пайыздан асатын, өсiрiлетiн тұқымдардың өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды еркек малдың қажеттi санының болуын;
      3) мыналарды:
      асыл тұқымды еркек малды ұстау мен пайдалануды;
      тұқым сапасы бойынша бағаланған және асылдандырушы деп танылған тұқымдық малдың ұрығын алуды, жинақтауды, барынша салқындатылған ұрығын ұзақ уақыт сақтауды және пайдалануды;
      эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның (еркек малдың ұрықтарын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған арнаулы зертхананы, ветеринариялық объектiлердi, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, үлгiлiк өндiрiстiк үй-жайлар кешенi) болуын;
      4) асыл тұқымды еркек малға арналған нормаларға сәйкес келетiн азықтандыру деңгейiн қамтамасыз ету үшiн жемшөп базасының болуын;
      5) ұрық пен эмбриондар алу, жинақтау, сақтау есебiнiң болуын;
      6) еркек малды өз өнiмдiлiгi мен ұрпағының сапасы бойынша бағалаудың жүргiзілуін;
      7) жыл сайын сатылатын асыл тұқымды өнiмге (материалға) мiндеттi түрде сертификаттаудың жүргiзілуін;
      8) тиiстi бiлiмi (зоотехникалық немесе ветеринариялық) бар мамандардың болуын;
      9) малдың аурудан сау екені туралы ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуын;
      10) асыл тұқымды малды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын;
      11) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да имараттардың зоогигиеналық талаптарға сәйкес келетін жағдайларда ұсталуын;
      12) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте асыл тұқымды малдарға сәйкестендiрудің жүргiзілуін және оларға ветеринариялық паспорттардың ресiмделуін қамтамасыз етуді қамтиды.
      3. Дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн алуға үмiткер заңды тұлғаларға қойылатын талаптар мыналарды:
      1) асыл тұқымды мал зауыттары мен малды асылдандырушы шаруашылықтарының селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарларына сәйкес келетiн жұмыс жоспарының болуын;
      2) асылдандырушы деп танылған еркек малдың ұрығы мен эмбриондарын сақтау мен сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның (оның iшiнде стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайлар, зертханалық және криогендiк жабдықтар) болуын;
      3) еркек малдың ұрықтары мен эмбриондарының түсуiн, сақталуын және сатылуын есепке алуды жүргiзуін;
      4) тиiстi бiлiмi (зоотехникалық немесе ветеринариялық) бар мамандардың болуын;
      5) ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуын қамтиды.
      4. Жеке және заңды тұлғалар өз қызметін тоқтату үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына хабарлама береді.";
      5) 18-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) олар тиiсiнше асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;";
      6) 19-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      " Бағалауды асыл тұқымдық құндылықты анықтау жөнiндегі қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, оларда тектiк аурулардың жоқтығын, сондай-ақ ұрықтары немесе эмбриондарының шығу тегi мен сапасын айқындау және құжатпен растау мақсатында жүргiзедi.";
      7) 20-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Асыл тұқымды еркек малды тексерудi малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргiзедi.".
      24. "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      7-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      25. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат, 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
      7-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      26. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы
22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту";".
      27. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 7-баптың 1-тармағының 25) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "25) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;";
      "30) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді";";
      3) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) карантинге жатқызылған өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және қадағалау объектілерін тексеру, тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте кідіртуге;";
      4) 13-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттерi арқылы ғана рұқсат етiледi.
      Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендік құжаттарды ресімдеу фитосанитариялық бақылаудан өткiзiлген соң жүргізіледi.
      Егер Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, басқа мемлекеттердiң карантиндік шаралары танылады.
      Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамаларда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа да көлiк құралдарында тасымалданады.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланушы тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.";
      2-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;";
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;";
      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сырттай тексеру жүргiзедi. Карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болғанда үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн берiледi.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
      Карантиндiк тексеріп қараудың нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдары көзделген, карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды карантинге жатқызылған өнімнің иелерi фумигациялық отрядтармен шарт жасау негiзiнде жүргiзедi.
      Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмдерде карантиндiк объектiлер анықталған кезде кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
      Көлiк құралдарының барлық түрлерi карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдердi тасымалдаудан кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiмдердiң қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда фумигациялауға жатады.".
      28. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      2) 9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) балалар мекемелерінде және білім беру ұйымдарында;";
      3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу тәртiбi мен шарттары
      1. Этил спиртiн өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте:
      1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болғанда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына берiлген квота шегiнде, сондай-ақ белгіленген тәртіпте өз қызметін бастағандығы туралы хабарлаған ұйымдарға;
      2) дайындауға этил спирті қолданылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
      3) этил спиртін зертхана қажеттілігі үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланушы ұйымдарға рұқсат етіледі.
      2. Этил спиртін сақтау және өткiзу өндірушінің қоймалық
үй-жайларында этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада сатуға жол берілмейді.
      4. Этил спиртiн сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      4) 15-баптың 1, 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттан басқа):
      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiне уәкiлеттi орган;
      2) алкоголь өнiмдерiн өндiру аумағында оларды сақтауды, көтерме саудада сату бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтауға және көтерме саудада сатуға, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерден импорттауға уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.";
        "3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжай бойынша берiледi.
      Алкоголь өнiмiнiң импортына лицензия осы Заңның 5-бабының
1-тармағында көрсетiлген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтiң бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша берiледi.
      Лицензия тиісті құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.";
      "8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.".
      29. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
      1) 4-4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде ғана сатуға жол беріледі.
      Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға тыйым салынады.".
      30. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
      23-бапта:
      9) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
      17), 19) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) спорт имараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;";
      "19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану тәртібін айқындайды;";
      "27) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді";".
      31. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат):
      5-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      32. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
      1) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының хабарлау тәртібін сақтаған жағдайда күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.";
      2) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын:
      "15-1-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі
      1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет хабарлау тәртібін сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Хабарлау тәртібі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асырушы субъектілер осы Заңның 15-2-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
      4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қызмет түрімен айналысу үшін хабарлама берген субъектілер тізілімін жүргізеді.
      15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асырушы субъектілерге қойылатын талаптар
      1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:
      ұйым басшысының жұмыс саласына сәйкес келетін жоғары техникалық білімінің;
      жоғары кернеудегі жұмыстарға рұқсатының;
      санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретін үй-жайлардың, күзет дабылы құралдарын ретке келтіруді, оларға техникалық қызмет көрсетуді және құрастырылатын жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асыру үшін жабдықтардың болуын көздейді.
      2. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырушы заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:
      1) жұмыс саласына сәйкес келетін жоғары немесе орта арнаулы техникалық білімінің;
      2) жоғары кернеудегі жұмыстарға рұқсатының;
      3) санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретін
үй-жайлардың, күзет дабылы құралдарын ретке келтіру, оларға техникалық қызмет көрсетуді және құрастырылатын жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асыру үшін жабдықтардың болуын көздейді.
      3. Психикалық ауруы, маскүнемдік немесе нашақорлық себебі бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұрмайтын, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалардың басшылары, қызметкерлері, жеке тұлғалар бола алады.";
      3) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.".
      33. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, № 111-құжат; № 15, 118-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Хабарлау тәртібі деп "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операциялар туралы хабарлауды қоспағанда, осы Заңда белгіленген тәртіпте өтініш берушінің қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанға дейін бұл туралы тиісінше мемлекеттік органды хабарландыру міндетін белгілейтін рәсім түсініледі.
      5. Хабарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда жасалған қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ететін (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат.
      Хабарлама нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.";
      2) 9-1-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Регламент және стандарт, мемлекеттік орган мен мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi туралы ережелер";
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Мемлекеттік органның мәртебесі мен құзыреті мемлекеттік орган туралы ережемен анықталады.
      Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту бойынша нұсқамалықты, сондай-ақ Мемлекеттік органның үлгілік ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
      3) 9-2-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды мемлекеттік органдардың жүзеге асыруына тыйым салынады.";
      4) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:
      "15-3-бап. Хабарлау тәртібі
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында осындай міндет белгіленген жағдайда қызмет түрлері немесе белгілі бір іс-әрекеттер хабарлау тәртібіне жатады.
      2. Хабарламалар беруді өтініш беруші мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына немесе "электрондық үкімет" порталында электрондық құжат нысанындағы өтінішті толтыру арқылы жүзеге асырады.
      Халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Мемлекеттік органның хабарламаны алғаны туралы талоны, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның көшірмесі немесе электрондық құжат нысанындағы талон өтініш берушінің хабарлама беру міндетін орындағанын растау болып табылады.
      3. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді хабарлама бергеннен кейін бірден бастауға құқылы.
      Жекелеген қызмет түрлерінің немесе іс-әрекеттердің ерекшелігін ескере отырып, кейбір жағдайларда заңдарда хабарлама беру мерзімдері белгіленуі мүмкін.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда хабарламаға құжаттар топтамасы қоса беріледі, бұл ретте өтініш берушіден мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттар мен өзге ақпараттарды талап етуге тыйым салынады.
      5. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында өтініш берушінің заңнама талаптарын сақтауын өзі тексереді.
      6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген жағдайларда субъектінің қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері тоқтатыла тұруы немесе тыйым салынуы мүмкін.
      Хабарлау тәртібін сақтамай қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
      7. Заңдарда белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар Үкімет белгілеген тәртіпте хабарлама берген субъектілер тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы соттың шешімі бойынша заңда көзделген өзге жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметті жүзеге асыру құқығынан айырады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Тізілім мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында еркін қолжетімділік режимінде орналастырылады.
      Тізілім тәуекелдерді басқару жүйесін және тексеруді жүргізу жоспарын қалыптастыруға негіз болып табылады.
      Сот дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрған жағдайда Тізілімге тиісінше белгі қойылады.
      Заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, қызметті немесе хабарламада көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, субъект осы бапта белгіленген тәртіпте он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама беруге міндетті.".
      34. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, оның біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
      2) 10-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасында бағалау стандарттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бағалау стандарттары танылады.";
      3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметiн бақылау
      1. Уәкілетті орган бағалаушылар палаталарының осы Заңның талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады.
      2. Бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      Бақылаудың өзге нысандары осы Заңда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";
      4) 19-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
      3) бағалау стандарттарын әзірлеу;".
      35. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      1) 6-бапта:
      3-1) тармақша алып тасталсын;
      20-1) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      "22) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру;";
      2) 7-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.";
      3) 33-2-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру.".
      36. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат):
      6-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;".
      37. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 10-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;";
      2) 11-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      38. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға хабарламай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;";
      2) 20-бапта:
      12), 22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы құрылыстарда қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртіптерін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;";
      "22) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      23) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық маңызы бар объектілер бойынша тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      3) 24-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) заңнамада белгіленген тәртіпте объектілерді (кешендерді) қабылдау бойынша комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;";
      4) 25-бапта:
      1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) заңнамада белгіленген тәртіпте объектілерді (кешендерді) қабылдау бойынша комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ, пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;";
      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) заңнамада белгіленген тәртіпте объектілерді (кешендерді) қабылдау бойынша комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ, пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;";
      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) заңнамада белгіленген тәртіпте объектілерді (кешендерді) қабылдау бойынша комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ, пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;";
      5) 26-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) заңнамада белгіленген тәртіпте объектілерді (кешендерді) қабылдау бойынша комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ, пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;";
      6) 30-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жобаларды келiсу құрылыс салу ережелерiн немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгенге дейiн заңнамада белгiленген тәртiпте бұрын берiлген рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.";
      7) 31-1-баптың 3-тармағында:
      1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағандығы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар хабарламасының болуы;";
      "6) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектiлердің құрылысы кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығы;";
      "6-1) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектілердің құрылысы кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруы;
      6-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалаудың мемлекеттік нормативтермен белгіленген техникалық және авторлық қадағалауды (инжинирингтік қызметтерді) жүзеге асыру тәртібін сақтауы;";
      33-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдардың бекiтiлген тәртіпте жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағандығы туралы хабарламасының болуы;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығы;";
      "8-1) техникалық және авторлық қадағалаудың мемлекеттік нормативтермен белгіленген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауды (инжинирингтік қызметтерді) жүзеге асыру тәртібін сақтауы;";
      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      4-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін объектілер мен кешендерге бару.";
      9) 34-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектiлер құрылысы кезiнде;";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектiлердiң құрылысы барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.";
      10) 34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауға жататын объектiлердiң құрылысы кезiнде мiндеттi түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиiс.";
      11) 37-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;";
      12) 64-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындылары:
      1) құрылыстың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекiтуге;
      2) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекiтуге негіз болып табылады.
      Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк инвестициялардың есебiнен немесе олардың қатысуымен салынып жатқан объектiлер бойынша мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы болмайынша, жобалау құжаттамасын бекiтуге жол берiлмейдi.";
      13) 68-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастамай тұрып тапсырыс беруші кемінде он жұмыс күні ішінде "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағандығы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабарлауға міндетті.";
      14) 75-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған талапты тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға)
сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi және ол сол тапсырмада көрсетілуге тиіс.";
      15) 76-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған шектеулердi тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға)
сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi және олар сол тапсырмада көрсетілуі тиіс.".
      39. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      1) 1-баптың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "37) локомотивтiк тартқыш операторы – меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;";
      2) 10-бап алып тасталсын;
      3) 14-бапта:
      1-тармақта:
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге функцияларды орындау;";
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту.";
      2-тармақта:
      25) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "34) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      4) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кiрме жолдардың магистральдық және стансалық жолдарға жалғасуы магистральдық темір жол желісі операторының келісуімен жүзеге асырылады.
      Кiрме жолдардың магистральдық және стансалық жолдарға жалғасуына магистральдық темір жол желісі операторы келісім бермеген жағдайда табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.".
      40. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 4-бапта:
      2-тармақта:
      8) тармақша алып тасталсын;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "29) Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидасын бекіту;";
      3-тармақта:
      4) және 39) тармақшалар алып тасталсын;
      16), 18), 23), 35) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;";
      "18) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің пайдаланудағы, қысқы тоқтап тұрудағы кемелерге тексеру жүргізуін бақылау;";
      "23) порттық имараттардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау және қадағалау;";
      "35) шетелдік сыныптамалық қоғамдардың немесе Кеме қатынасы тіркелімінің теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуін және оларды сыныптауын мемлекеттік бақылау;";
      "47) шағын кеме жүргізушілерін даярлау бойынша курстарды есепке алу.";
      2) 8-3-баптың 4, 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырады.";
      "7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және олардың шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуы тиіс.
      Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті орган Шағын көлемді кемені басқару құқығына кеме жүргізушілерін аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:
      1) оқытушы құрамның су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық білім туралы дипломдарының көшірмесін;
      2) Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын;
      3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығында немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтініш жібереді.
      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды жабу оқу ұйымы басшысының өтініші бойынша жүзеге асырылады.
      Оқу ұйымының басшысы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөнiндегі қызметті жүзеге асыру туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жыл сайын хабарлайды. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың жұмыс істеуі туралы ақпарат жыл бойы берілмеген жағдайда (мерзімі курстардың ашылған күнінен бастап есептеледі), бұл курстар есептен алып тасталады.
      Уәкілетті органның аумақтық органында шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар есептен алып тасталғаннан кейін курстар жабылған кезеңнен бастап курстарды бітіру туралы куәліктер (анықтамалар) жарамсыз деп есептеледі.".
      41. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат):
      1) 6-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      1) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалану саласында;
      2) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.";
      2) 21-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 24-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;".
      42. "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат):
      1) 7-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "28) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      2) 13-2 және 14-8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-2-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар
      1. Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.
      Ұйым оқу дабылдарын және аварияларға қарсы жаттығуларды жүргізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етеді.
      2. Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып жүргізеді.
      3. Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.";
      "14-8-бап. Қайта құрылған қауіпті өндірістік объектілерге, техникалық құрылғыларға, материалдарға қабылдау сынақтарын жүргiзу
      1. Қауiптi өндiрiстiк объектілерде қолданылатын қайта құрылған қауіпті өндірістік объектілер, оның iшiнде шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қабылдау сынақтарына жатады.
      Қабылдау сынақтарын уәкiлеттi орган өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргізу құқығына аттестаттаған ұйымдар жүргiзедi.
      2. Уәкілетті орган аттестаттаған ұйым қауіпті өндірістік объектілерге, техникалық құрылғыларға, материалдарға қабылдау сынағын жүргізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етеді.
      3. Аттестатталған ұйым өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдау сынақтарын мынадай құжаттар:
      1) сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрық;
      2) сынақ бағдарламасы мен әдiстемесi болғанда жүргiзеді.
      4. Тәжiрибелiк үлгiлерге қабылдау сынақтары қауiптi өндiрiстiк объектілерің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуі тиiс.
      5. Уәкілетті органның келісімі бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргізілуі мүмкін. Сынақты жүргізу көлемі мен тәртібін аттестатталған ұйым айқындайды.
      6. Шетелде өндiрiлген қауiптi өндiрiстiк объектілер, техникалық құрылғылар, материалдар үшiн үлгiлерге қабылдау сынақтарын жеткiзушi елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша жүзеге асырылады.
      7. Қабылдау сынақтарының нәтижелерi бойынша қауiптi өндiрiстiк объектілердің, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары мен нормаларына сәйкестiгi, кемшiлiктерiнiң болуы немесе болмауы туралы акт, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнiнде ұсыныстар берiледi.".
      43. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат, 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;):
      1) 5-бапта:
      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлерді бекіту;";
      2) 6-бапта:
      4), 7), 9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттiк геодезиялық бақылауды жүзеге асыру;";
      "7) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу, бекіту;";
      "9) геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау;";
      "11) геодезия және картография саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;";
      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) геодезиялық және картографиялық қызметті бастағандығы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
      18) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту.";
      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Геодезия және картография саласындағы хабарлама
      1. Геодезиялық және картографиялық қызметтің мынадай түрлері:
      1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
      2) картографиялық жұмыстарды жүргізу "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәртіпте берілетін хабарлама бойынша жүзеге асырылады.
      2. Хабарламаға осы Заңның 7-1-бабына сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырушы субъектілерге қойылатын талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар қоса беріледі.";
      4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар
      Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілердің:
      1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін тексерілген аспаптардың, жабдықтар мен
құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып, тексерілген аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
      2) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
      3) штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде екі маманының болуы міндетті.";
      5) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы, 12-баптың 8-тармағы алып тасталсын;".
      44. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      6-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "26) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      45. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
      8-баптың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "43) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      46. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат, № 21, 173-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияға жазылсын:
      "8) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейді және бекiтеді;";
      2) 37-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Балалар мекемелерi мен бiлiм беру ұйымдарында алкоголь өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.".
      47. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат):
      5-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      48. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-бапта:
      5), 24) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) байқаудан өткiзушi – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергiлiктi атқарушы органын ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу қызметін бастағандығы туралы хабарлаған жеке тұлға.";
      "24) тұқымдар тобы – тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқымның аттестатымен, тұқым куәлiгiмен, тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жөнiнен бiртектес тұқымның белгiлi бiр мөлшерi;";
      "32) тұқым сарапшысы – тұқымның сұрыптық және егіс сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметті бастағандығы туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына хабарлаған тұқым сапасының сараптамасы бойынша зертхана маманы;";
      2) 4-бапта:
      1) тармақшаның тоғызыншы абзацы, 12) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымның сұрыптық және егіс сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметті жүзеге асырушы байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;";
      3) 5-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін бекiтедi;";
      4) 6-баптың 1-тармағында:
      6) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізу бойынша зертханаларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;";
      "28) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      13) тармақша алып тасталсын;
      5) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті бастағандығы туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;";
      6) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына:
      тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға субъектiнiң құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу бойынша қызметті;
      тұқымдардың сұрыптық және егу сапасына сараптама жүргiзу бойынша қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныс енгiзуге.";
      7) 9-бапта:
      2-тармақтың 1) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұқымды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын тұқым шаруашылығының қағидалары мен нормаларының сақталуы тұрғысынан мынадай кезеңдерде бақылау:";
      "3) байқаудан өткізушілердің жұмысын байқаудан өткізу кезеңінде, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтауы тұрғысынан тексеруді;";
      8) 10-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      9) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптау жасау жөнiндегi зертханалар кiредi.";
      10) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      "14-1-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сұрыптық және егу сапасына сараптама жүргiзу қызметіне қойылатын талаптар
      1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткізу қызметін және тұқымдардың сұрыптық және егу сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен қоса мынадай құжаттарды:
      аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;
      арнайы дайындықты өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін – байқаудан өткізушілер курстары);
      тұқым сапасын сараптау (тұқымдық сарапшылар үшін) жөнiндегi зертханалардағы жұмысын немесе тағылымдамасын (кемінде екі ай) растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сәйкес:
      1) байқаудан өткізушілерге:
      аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі;
      арнайы дайындығы (байқаудан өткізуші курстары) туралы құжат;
      2) тұқым сарапшыларына:
      аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі;
      тұқым сапасын және отырғызу материалдарын сараптау жөнiндегi зертханалардағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжат болуға тиіс.";
      11) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тек қана егуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасын сараптау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi дайындықтан өткен тұқымды өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.";
      12) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тұқым өндiрушiлер тұқымға аттестатты немесе тұқымға куәлiктi, байқаудан өткiзушiлер және тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сұрыптық және егу сапасын растайтын құжаттар (сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк, тұқымға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде бередi.".
      49. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-бапта:
      13) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) жолаушылар мен багажды тұрақсыз тасымалдау – тұрақты тасымалдауға жатпайтын, автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, белгіленген тәртіпте берілген лицензиясы бар тасымалдаушылар жүзеге асыратын тасымалдаулар;";
      "29) шағын автобус – дайындаушы зауыт қарастырған жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын ерекше шағын класстағы автобус;";
      мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
      "30) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.";
      2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау бойынша талаптар
      1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
      1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
      2) жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды;
      3) жолаушыларды және багажды қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауды;
      4) жолаушыларды және багажды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақсыз тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын арнайы автомобильдер жатады.
      2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары жүзеге асырады.
      3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану Жүргiзушiлердiң еңбегi мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүргізіледі және оларда мыналар:
      1) жүргiзушiлердiң еңбегi мен демалу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
      2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
      3) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын және қызмет көрсететін сервис орталықтарына қойылатын талаптар;
      4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметпен айналысуға хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;
      5) сертификаттау және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды беру тәртібі;
      6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
      4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
      5. Жеке және заңды тұлғалар тахографтарды орнатуды және қызмет көрсетуді жүзеге асыру алдында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында бекітілген тәртіпте белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.";
      3) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларын бекiтедi;";
      4) 13-бапта:
      16), 18) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      "18) халықаралық және республикаiшiлік қатынаста қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау бойынша қызметпен айналысуға хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;";
      "20) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметпен айналысуға хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;";
      19) тармақша алып тасталсын;
      5) 19-5-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) 1, 6 және 7-класты қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсатының болуы.";
      6) 19-6-бапта:
      1-тармақтың 3 және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қауiптi жүктердi тасымалдауға (уәкiлеттi орган берген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау бағдары бланксімен, жүргiзушiні және автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға жіберу туралы куәлiктермен);";
      "8) Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларының талаптарын орындауы;";
      3-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;
      7) 19-7-бапта:
      13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеуді;";
      "15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жүруге рұқсат беруді;";
      мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
      "22) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат берудi;
      23) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарын бақылауды;";
      8) 19-8-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.";
      9) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "26-бап. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
      1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметті бастар алдында көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
      2. Дара кәсiпкер және заңды тұлға (бұдан әрi – таксимен тасымалдаушы) жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
      1) жолаушыларды және багажды тасымалдау үшiн Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес бірыңғай түсті және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
      2) әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппараттың бар болуы;
      3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық байқаудан және жүргiзушiлердiң рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқаудан өтуін қамтамасыз етуге;
      4) диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлiк қызмет көрсету бойынша келiсiм шарттың болуын қамтамасыз етуге;
      5) такси бұзылған жағдайда оларды дер кезiнде ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.
      Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
      3. Тасымалдаушының жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша:
      1) таксилердiң тұрағын, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға;
      2) Жол жүру қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға және түсiруге құқығы бар.
      Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.";
      10) 37-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүкті тасымалдауға рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Жүргiзушiнi халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктерді тасымалдауға жiберу туралы куәлiк халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асырушы автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлермен және заңды тұлғалармен беріледі.
      6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асырушы автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау бойынша қызметті жүзеге асыруды бастаудың алдында, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
      7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау ережелерімен:
      1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбі;
      2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар;
      3) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар;
      4) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан өту тәртібі;
      5) 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсатты беру тәртібі анықталады.".
      50. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      51. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж.; № 3, 25-құжат):
      1) 2-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) байланыс операторы – байланыс қызметiн көрсететін жеке немесе заңды тұлға;";
      2) 7-бапта:
      14-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жиілігі жоғары құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу тәртiбiн бекiту;";
      мынадай мазмұндағы 14-9) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-9) байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;";
      3) 8-бапта:
      1-тармақта:
      8-1) және 8-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс саласында қызметті жүзеге асырушы субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметін көрсету қағидаларын байланыс операторларының сақтауларына тексеру жүргiзу;";
      "8-3) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      мынадай мазмұндағы 19-5) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-5) байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;";
      2-тармақта:
      5) тармақша алып тасталсын;
      9-1) және 9-2) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс саласында қызмет ұсынуды жүзеге асырушы субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметін көрсету қағидаларын сақтауларына тексеру жүргiзу;
      9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асырушы субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, Байланыс қызметін көрсету қағидаларын және Пошталық байланыс қызметін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында пошталық жөнелтiлiмдерде пошталық штемпельдi қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;";
      "18) ұлттық қорлар мен байланыс операторларының тiзiлiмдерiн жүргiзу;";
      4) 9-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы, 11-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      5) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiс iшiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уәкiлеттi органға белгiленген үлгiдегi өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.";
      6) 18-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуына байланысты белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынылған ауқымда радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болады, бұл ретте, байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалану рұқсатында көрсетілетін аумақты не елді мекендерді байланыс қызметімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме жүктеледі;";
      7) 21-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) осы Заңның 17-бабына cәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте байланыс операторы болып табылатын жағдайда қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда байланыс қызметтерiн ақылы көрсету үшiн (егер олардың қолданылу аймағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерi операторларының желiлерi болмаса) пайдаланылуы мүмкін.";
      8) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация имараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жиілігі жоғары құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жиілiгi жоғары құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жауапты болады.";
      9) 28-5-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте рұқсат берілген азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жиілігі жоғары құрылғылардың жұмысында бөгеуiл туындаған жағдайда:";
      10) мынадай мазмұндағы 28-8-баппен толықтырылсын:
      "28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиілігі жоғары құрылғылар мониторингі
      1. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиілігі жоғары құрылғылардың мониторингі – уәкiлеттi органның радиожиiлiк ресурсын пайдалану жөнінде шешiм қабылдауы үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында радиосигналдар мен радиосәулелену көздерінің параметрлері және сипаттамалары туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және сақтау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенi.
      2. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк техникалық қызметі радиомониторингінің стационарлық және жылжымалы техникалық кешендерін және жеке арнайы өлшеу құралдарын пайдалана отырып, азаматтық мақсаттағы радиожиілік спектр, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиілігі жоғары құрылғылар мониторингі бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      3. Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектр, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиілігі жоғары құрылғылар мониторингі:
      1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн анықтау;
      2) радиосәулелену параметрлері мен сипаттамаларын деректер қорында тіркелген мәлімделген көздерiнің параметрлері мен сипаттамаларына сәйкестендіру;
      3) тiркелмеген радиосәулелену көздерін табу;
      4) радиосәулелену көздерінің орналасқан жерлерін табу;
      5) Халықаралық электр байланысы одағының, Өңірлік электр байланысы одағының және Компьютерлік инциденттерге ден қою қызметінің ұсынымдары, сондай-ақ шекара маңындағы елдердің байланыс әкімшіліктерінің өтініштері бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде өлшемдер жүргізу;
      6) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиілігі жоғары құрылғылар мониторингі нәтижелерiн есепке алу, сақтау және өңдеу мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиiлiгi жоғары құрылғылардың мониторингі бойынша іс-шаралардың нәтижелерi, сондай-ақ радиожиiлiк ресурсын пайдалану бойынша бұзушылықтар радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиілігі жоғары құрылғылардың сәулеленуінің техникалық параметрлерiн өлшеу нәтижелерiнiң хаттамаларын қоса отырып, акт түрiнде ресімделеді және уәкiлеттi органның аймақтық бөлiмшелеріне жолданады.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы электромагниттiк жағдай бойынша, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жиiлiгi жоғары құрылғылар мониторингі нәтижелерi бойынша радиожиiлiк ресурсын пайдаланудағы бұзушылықтар туралы жиынтық ақпарат әр айдың 5 күніне уәкiлеттi органға жолданады.".
      52. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-бапта:
      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-1) кеме ипотекасы – мемлекеттiк тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, шағын көлемдi кеменің, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң, тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;";
      40) тармақша алып тасталсын;
      2) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау құқықтық қамтамасыз ету, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасы iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.";
      3) 8-бапта:
      9) тармақша алып тасталсын;
      10) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібін бекіту;";
      "24) Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту;";
      4) 9-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;";
      20) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақта:
      9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) жеке және заңды тұлғалардың Iшкi су жолдарында жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;";
      "11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру;";
      12) тармақша алып тасталсын;
      5) 10-бап, 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      6) 15-4 бапта:
      3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу арқылы, сондай-ақ арнайы және бақылап қарап тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырады.";
      "6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау жөніндегі бағдарлама бойынша оқытылуы және олардың шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуы тиіс.
      Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті орган Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде аумақтық бөлiмшелерге мынадай құжаттарды қоса отырып өтiнiш жолдайды:
      1) оқытушылар құрамы үшін су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерi;
      2) Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасы;
      3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың бар екендігін растайтын құжаттың көшiрмесi.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды жабу оқу ұйымы басшысының өтiнiшi бойынша аумақтық бөлiмшеде жүзеге асырылады.
      Оқу ұйымының басшысы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылғандығы туралы аумақтық бөлiмшеге жыл сайын хабарлап отырады. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың жұмыс жасап тұрғандығы туралы ақпаратты бір жылдың ішінде бермеген жағдайда (мерзім курстың ашылған күнінен бастап есептеледі) осы курстар есептен шығарылады.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды аумақтық органда есептен шығарғаннан кейін курсты аяқтағандығы туралы куәлiктер (анықтамалар) курстарды жабу кезеңінен бастап жарамсыз болып саналады.";
      7) 17-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi су көлiгiн, оның iшiнде шағын көлемді флотты пайдаланудың қауiпсiздiгін бақылау мен қадағалауды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi:";
      1), 3), 4), 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер ұшыраған көлік оқиғаларын тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргізу;";
      "3) кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен имараттарының кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес болуын қарап шығуды жүргізу;
      4) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстап алу;
      5) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп төнген кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;";
      "8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Біліктілік комиссиялары туралы ережеге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына дипломдау және аттестаттау тәртібіне сәйкес жүргiзiлетiн кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау жүргізіледі. Кемелердiң командалық құрамының тұлғаларын аттестаттау кейінгі әрбiр бес жыл аяқталғанда жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында аяқтаған, сондай-ақ сол жылы дипломдалған тұлғалалар аттестаттаудан босатылады;";
      9) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Біліктілік комиссиялары туралы ережеге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібіне сәйкес жүргiзiлетiн кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру. Дипломдауды өткізу кезінде жұмыс дипломын алу үшін тиісті білімі бар аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:";
      екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дипломдауды өткізу туралы өтінішті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Ұсынылған құжаттар Біліктілік комиссиялары туралы ереженің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының тұлғаларына диплом беру және аттестаттау тәртібі талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, бұл жөнiнде құжаттар ұсынылған сәттен бастап жетi жұмыс күнінен кешiктiрмей құжаттарды ұсынған тұлғаға жазбаша хабарлайды;";
      13), 16) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
      14), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргiзу;";
      "17) меншік иесінің тұрақты мекенжайы өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
      18) шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;";
      8) 17-1-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;";
      9) 23-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы алып тасталсын;
      10) 24-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне кеменің мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап туындайды.";
      11) 6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеменің ипотекасы";
      12) 25-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1. Кемеге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге (құқықтық кадастрға) тіркелген құқықтардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілуге тиіс.";
      13) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Кемеге тиесілі болып табылатын шлюпкалар мен өзге де жүзетін құралдар Мемлекеттік кеме тізілімінде және кеме кітаптарында тіркелмейді.";
      14) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "32-бап. Кеме кепiлi, кеменiң, оның ішінде шағын көлемді кеменің ипотекасы
      Кеме кепiлi, кеменiң, оның ішінде шағын көлемді кеменің ипотекасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіпте жүзеге асырылады.";
      15) 34-бапта:
      1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кемелердiң командалық құрамының лауазымдарын иеленуге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Біліктілік комиссиялары туралы ережеге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібіне сәйкес тиісті біліктілігі бар адамдар жiберiледi.
      1-1. Кемелердiң командалық құрамына диплом беру, сондай-ақ кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын құру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Біліктілік комиссиялары туралы ережеге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібіне сәйкес анықталады.
      Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанға дейін он жұмыс күнінен кем емес мерзімде жүзеге асырады.";
      4-тармақ алып тасталсын.
      53. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
      1) 8-баптың 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-1) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру тәртібін бекітеді;";
      2) 9-баптың 1-тармағында:
      11), 37), 45) және 46) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 42-1) және 43-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "42-1) интернет-ресурста зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізіп, орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;";
      "43-2) жануарлардың санын реттеу тәртібін әзірлейді;";
      47) 51) және 51-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "47) жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсат береді;";
      "51) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      "51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидасын әзірлейді;";
      3) 14-баптың 3-тармағының 2), 5), 10), және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметр бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақын немесе алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;";
      "5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне;";
      "10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн қыру кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының iндетi жағдайларында уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша үш жұмыс күнінде жүргізілетін улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;
      11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялау мен реинтродукциялау және будандастыруды жүргiзуге;";
      4) 27-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      "22) зоологиялық коллекцияны жинау туралы уәкілетті органға хабар беруге міндетті.
      Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанға дейін он жұмыс күнінен кем емес мерзімде жүзеге асырады.";
      5) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті орган бақылау ауланымын жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатсыз жүзеге асырады.";
      6) 39-баптың 4-тармағының 7) және 8) тармақшалары, 5-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын; 7) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
      Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртiбінде жүзеге асырылады.".
      54. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат):
      5-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      55. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
      1) 7-бапта:
      екінші бөліктің 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;
      8) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерудің жарты жылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.";
      үшінші бөлікте:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;";
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Шетелдiк үлгi сәйкестiгін растау саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында құжаттарды беру бойынша қызметтi жүзеге асыруды бастағандығы туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.";
      2) 26-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Шетелдiк үлгi сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар қызметін бастағандығы туралы уәкiлеттi органға хабарлай отырып "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.".
      56. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж. № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      7-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      57. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-3) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандарды қабылдау және куәлiктерді беру қағидаларын бекiту;".
      58. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 1-бапта:
      17-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;";
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) орта жылдық табыс – соңғы күнтізбелік екі жылда алынған, екі жылдағы жылдық табыстарды қосып екіге бөлу жолымен есептелетін орташа табыс.";
      2) 4-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi (Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызметтің түрін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;";
      3) 5-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң ортақ пiкiрiн бiлдiредi, ұсыным сипатында болады және оны қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен кейіннен әрбiр келiсу кезiнде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.";
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындыға келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына оларды қабылданғанға дейiн мiндеттi қосымша болып табылады.";
      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерi
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрылады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлері;
      орта кәсiпкерлiк субъектiлері;
      iрi кәсiпкерлiк субъектiлері санаттарына жатқызылуы мүмкін.
      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийі:
      жұмыскерлердің орта жылдық саны;
      орта жылдық табыс.
      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу мына мақсаттар үшін пайдаланылады:
      мемлекеттік статистика;
      мемлекеттік қолдау көрсету;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге нормаларын қолдану.
      Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерий ғана пайдаланылады.
      Мемлекеттік қолдау көрсету және заңнаманың өзге нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі критерий пайдаланылады: жұмыскерлердің жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы.
      Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында оның көрсетілуі үшін өзге критерийлер көзделуі мүмкін.
      5. Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және орта жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңымен белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      6. Мыналарды:
      1) есiрткiнің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
      2) акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;
      3) астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;
      4) лотереялар өткiзудi;
      5) ойын бизнесі саласындағы қызметтi;
      6) мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ, электр және жылу энергиясын өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi;
      7) радиоактивтiк материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;
      8) банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);
      9) аудиторлық қызметтi;
      10) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;
      11) кредиттiк бюролардың қызметін;
      12) күзет қызметiн;
      13) азаматтық және қызметтік қарулардың және оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік қолдау және заңнаманың басқа нормаларын қолдану мақсаттары үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері болмайды.
      Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субьектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес болған жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.
      Ойын бизнесі саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тек қана жұмыскерлердің орта жылдық саны критерийі пайдаланылады.
      7. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны осы субъектi филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшау бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн қоса алғанда, барлық жұмыскерлерi ескерiле отырып, айқындалады.
      8. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      9. Мынадай критерийлердің біріне немесе екеуіне де сәйкес келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан артық немесе орта жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш миллион еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.";
      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      "6-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілері тізілімін жүргізеді.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер қоры.
      3. Жеке кәсіпкерлік субъектісі санаттары туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.
      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      6) 14-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың тұрған жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін айқындайды;";
      мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "23-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізудің және пайдаланудың тәртібін бекітеді;
      23-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану мақсаттарында жұмыскерлердің жылдық орта санын және жылдық орта табысын есептеу тәртібін белгілейді;";
      7) 15-бап мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
      21-2) жеке кәсіпкерлік субъектілері тізілімін жүргізудің және пайдаланудың тәртібін әзірлейді;
      21-3) жұмыскерлердің жылдық орта саны мен жылдық орта табысын есептеу тәртібін әзірлейді;";
      8) 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олардың тұрған жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiпте көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан сәттен бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.";
      9) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Мемлекеттік орган аккредиттеудi аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмдерi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі жарнама жариялағаннан кейiн кем дегенде жылына бір рет жүзеге асырады.";
      10) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының деңгейінде ғана белгіленеді.".
      59. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
      8-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын.
      60. "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      6-1-баптың 4-тармағының үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Екінші кезеңде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау келесі біліктілік талаптары расталған кезде тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісіне қол қойғанға дейінгі мерзімге беріледі:".
      61. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
      1) 6-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiтедi;";
      12) тармақша алып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      19) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сарапшылық комиссия туралы үлгілік ережені бекітеді;";
      3) 8-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiнде сарапшылық комиссия құрады;";
      13) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;";
      4) 13-бап алып тасталсын;
      5) 35-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету қағидалары шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады.";
      6) 36-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сарапшылық комиссия жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.";
      4 және 6 - тармақтар алып тасталсын.
      62. "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
      6-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерудің жарты жылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;".
      63. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат):
      1) 3-бапта:
      1), 11) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;";
      "11) лицензиялық бақылау – лицензиардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ оны бергеннен кейін Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;";
      "14) лицензияның электрондық нысаны – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;";
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) құжаттың электрондық көшiрмесi – түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және деректерін түгел қайталайтын, өтініш берушінің немесе лицензиаттың немесе халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерiнiң электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталған электрондық цифрлық нысандағы электрондық құжат.";
      2) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Заңға қызметтің жаңа түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.";
      3) 6-бапта:
      2), 3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) лицензиарларды айқындау;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін бекiту;";
      "8) өтініш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгі бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды анықтау;";
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растау ережесiн бекiту;";
      4) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растау ережесiн әзірлеу;";
      5) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу және уәкілетті органмен келісу.
      Егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;";
      6) 10-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және орган-лицензиардың мөрімен және басшының қолымен расталады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тек қана қағаз жеткізгіште беруге, оны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жол беріледі.";
      7) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) ауыл шаруашылығы;";
      8) 12 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
      1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірісін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
      қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
      ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
      кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
      пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;
      кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      мұнай, газ және су ұңғымаларын, соның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
      ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
      ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
      ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
      құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
      мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
      мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
      магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
      2) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс iстеу қысымы 0,7 кг/см2 және жылу жеткiзу температурасы 1150С қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бiрыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жабдықтарды жөндеудi қоспағанда);
      3) электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу;
      4) заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және лицензиаттарға құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алуы нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізуі бойынша қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және өткiзуi.";
      "16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
      Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.";
      9) 18-баптың 1) тармақшасы, 20-баптың 4) тармақшасы, 25-баптың 1) және 4) тармақшалары және 27-баптың екінші абзацының үшінші бөлігі алып тасталсын;
      10) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Байланыс саласында қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      қалааралық телефон байланысы;
      халықаралық телефон байланысы;
      жерсеріктiк жылжымалы байланыс;
      ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).";
      11) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау
      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
      1) медициналық қызмет.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
      диагностика;
      патологиялық анатомия;
      клиникалық зертханалық диагностика;
      қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткiзу;
      ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
      акушерлiк және гинекология;
      педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер, инфекциялық аурулар, фтизиатрия;
      хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-беттік, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия; анестезиология және реаниматология;
      дерматовенерология (дерматокосметология);
      психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
      онкология;
      стоматология;
      дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия;
      медициналық реабилитология;
      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
      еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;
      санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;
      2) фармацевтикалық қызмет.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      дәрiлiк заттарды өндiру;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру;
      медициналық техниканы өндiру;
      дәрiлiк препараттарды дайындау;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
      дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
      дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.";
      12) 33-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жобалау қызметі.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      қала құрылысын (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) жобалау және жоспарлау, оның iшiнде:
      жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын – аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
      елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
      құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау жөніндегі объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
      ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
      тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, негізгі тазартқыш имараттарды, қалдық суларды буландыру және қайта генерациялау жөніндегі объектiлердi орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
      қонысаралық аумақтарда орналасқан елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
      құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау жөніндегі объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
      инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;
      ғимараттар мен имараттарды сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:
      объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;
      құрылыстық жобалау (ғимараттар мен имараттарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
      негiздер мен iргетастарды;
      бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
      металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
      инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
      жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционер орнатуды, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
      су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
      тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау сигнализациясының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
      iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВт-қа дейiн және 10 кВт-қа дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
      35 кВт-қа дейiн, 110 кВт-қа дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
      магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
      мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (емдеу және аурулардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге арналған, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
      көлiк инфрақұрылымына (тiкелей халыққа қызмет көрсету үшiн көзделген) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен имараттардан басқа) ғимараттар мен имараттарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
      энергетика өнеркәсiбiне арналған;
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, қайта өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
      ауыр машина жасауға арналған;
      медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
      бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық имараттар;
      мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;
      көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
      автомобиль, электрлi, темір жол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
      жергiлiктi байланыс, радио - телекоммуникация желiлерiне;
      байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      мыналарды:
      темір жол көлiгi қатынастарын;
      барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
      қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жол айрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      қайта өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      3) құрылыс-монтаж жұмыстары.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:
      іргетасты орналастыруды;
      жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;
      су асты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;
      объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын ғимараттар мен имараттардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:
      металл конструкцияларды монтаждауды;
      мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
      гидротехникалық және селден қорғау имараттарын, бөгеттердi, дамбаларды;
      түтiн мұржаларын, тiрек имараттарын, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
      тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгі қалқаларын орналастыруды;
      көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
      монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға тасын қалау мен ара қабырғаларды орналастыруды және ойықтарды толтыруды;
      шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;
      күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік имараттарды салу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:
      қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (сыйымдылықтарды);
      мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
      кернеуi 35 кВт-қа дейiнгi және 110 кВт-қа дейiнгi және одан жоғары электр беру магистральдық желiлерiн;
      байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
      күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғыларын, оның iшiнде:
      темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
      жоғары және орташа қысымды газбен жабдықтау, төмен қысымды тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтау желiлерiн, газ шаруашылығының iшкi жүйелерiн;
      суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
      электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желiлерiн;
      күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және темір жол құрылыстарын салу, оның ішінде:
      темір жолға арналған негiздердi және оның беткi құрылыстарын салу;
      I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш имараттары мен оларды жайластыруды;
      III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш имараттары мен оларды жайластыруды;
      аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын;
      мыналармен:
      гидротехникалық және мелиоративтiк имараттармен;
      құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
      театр-ойын-сауыққа, білім беруге, спортқа арналған объектiлермен;
      байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;";
      13) 42-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
      Өтініш берушінің немесе лицензиаттың таңдауы бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн құжаттарды өткiзу, сондай-ақ лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды алу Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
      Өтініш беруші немесе лицензиат лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтінішті өздігінен электронды лицензиялау порталы арқылы беруге және лицензияның электрондық нысанын өзі көрcеткен электрондық пошта мекенжайына алуға құқылы.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк лицензиар-органдардың мемлекеттiк органдардың электрондық деректер қорын пайдалану арқылы олардағы ақпаратты алуға мүмкiндiгі болған жағдайда 2-тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      Құжаттарды электронды лицензиялау порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берген кезде осы баптың 2-тармағының 1)-7) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген құжаттарды өтініш берушi немесе лицензиат құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында ұсынады.
      Бұл жағдайда заңнамада құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынуға болады.
      Осылайша куәландырылған құжаттардың шынайылығына жауапкершілік өтініш берушіге немесе лицензиатқа жүктеледі.";
      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін тиісті лицензиарға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi осы органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi қойылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).";
      14) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ электрондық форматқа аудару
      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген кезде лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
      Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса лицензиат өтініш бойынша телнұсқаны алмастан оны электрондық форматқа аударуға құқылы.
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз болып есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беруді жүргізеді.
      Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып электрондық нысанда ресімделеді.
      2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
      1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
      2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
      3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған;
      4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады.
      Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiпте лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
      Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бередi.
      Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
      Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып электрондық нысанда ресімделеді.";
      15) 48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.";
      16) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "49-1-бап. Лицензиялық бақылау
      1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру тексерілетін субъектіге барумен бақылаудың өзге нысаны тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады.
      Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік талаптар, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығы тексерілуі тиіс.".
      64. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат):
      1) 1-баптың 13), 15) және 17-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес құмар ойындарды (бәс тiгудi) ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;";
      "15) ойын мекемесi – осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ұтыс алуды көздейтiн құмар ойындар және (немесе) бәс тiгу өтетiн ғимарат, үй-жай, имарат;";
      "17-1) өтiнiш берушi – Қазақстан Республикасы ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш жасаған заңды тұлға;";
      2) 8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;".
      65. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
      20-баптың 5-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      66. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      6-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;".
      67. "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      8-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеуді және бекітуді;".
      68. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      6-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      69. "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;";
      2) 7-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;".
      70. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат):
      1) 1-баптың 50) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      27-1) және 45) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-1) сараптамадан өткен оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң тiзбесiн қалыптастырады және бекiтедi;";
      "45) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      37) тармақша алып тасталсын;
      3) 14-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Интеграцияланған бiлiм беру оқу бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беру оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.".
      71. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      72. "Бәсекелестік туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      61-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Монополияға қарсы орган тергеудің басталуына дейін тергеуді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, соның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы уәкілетті органда тіркейді.".
      73. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):
      8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;".
      74. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-бапта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) мерзімдік келісімшарт – орындау мерзімі ұзартылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;";
      13) тармақша алынып тасталсын;
      14), 18) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;";
      "18) тауар биржасының сауда жүйесi – тауар биржасының материалдық-техникалық құралдар, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттар және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасалатын сауда-саттық солардың көмегiмен жүзеге асырылады;";
      "20) фьючерстік мәміле – объектісі базалық активті жеткізуді көздейтін не ақшалай есеп айырысулар жүргізе отырып, базалық активті жеткізуді көздейтін фьючерс болып табылатын биржалық мәміле;";
      мынадай мазмұндағы 21) - 29) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасау, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін есептеу құралдарының, бағдарламалық қамтамасыз етудің, деректер базасының, телекоммуникациялық құралдардың және тауар биржасының басқа жабдықтарының кешені;
      22) электрондық биржалық сауда-саттықтар – электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық мәмілелерді жасайтын биржалық брокерлердің (биржалық дилерлердің) авторизацияланған трейдерлері қатысатын биржалық сауда-саттықтарды өткізу процесі;
      23) классикалық сауда режимі – бір-бірін білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың келісілген бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда тәртібі;
      24) қосарланған қарама-қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын сауда режимі, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленеді;
      25) стандартты аукцион режимі – биржалық мәмілелер сатып алушы (сатушы) – аукцион бастаушысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарлатуға арналған аукцион барысында жасалатын сауда режимі;
      26) кросс-мәміле – брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет немесе өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
      27) атаулы мәміле – биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысы арасында алдын ала екі тарапты келісу бойынша жасалған биржалық мәміле;
      28) кепілдік қор – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаттары есебінен құрайтын ақша қоры;
      29) сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, биржаның және (немесе) оның клирингтік орталығының, биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен құралатын ақша қоры.";
      2) 3-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) тауарлық биржалар, биржалық брокерлер және дилерлер қызметіне біліктік қойылатын талаптарды бекітеді;";
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) тауарлық биржалар есептілігінің күнделікті электронды нысандарын, оларды ұсыну тәртібін бекітеді;
      6-2) кепілдік және сақтандыру қорларын қалыптастыру тәртібін, мөлшерін және пайдалану ерекшеліктерін белгілейді;
      6-3) тауар биржаларының электронды сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекітеді;";
      3) 4-бапта:
      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
      мынадай мазмұндағы 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-2) тауар биржаларының электронды сауда жүйесiне қойылатын міндетті талаптарын бекітеді;
      3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электронды нысандарын, оларды ұсыну тәртібін әзірлейді;
      3-4) кепілдік және сақтандыру қорларын қалыптастыру тәртібін, мөлшерін және пайдалану ерекшеліктерін әзірлейді;";
      4) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-баптармен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер
      Уәкілетті органға жүктелген қызметтерді сапалы және дер кезінде орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өзінің қадағалау қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты тегін алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
      Уәкілетті органның қызметкерлері, қадағалау қызметін атқару барысында алған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік және коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
      4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
      Биржалық сауда қатысушысының биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарлардың жалпы өзінің биржалық айналымының кемінде он бес пайызы қосарланған қарама-қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылуы тиіс.";
      5) 10-баптың 2-тармағында:
      2) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) биржа сауда-саттықтарын өткізу тәртібі, оның ішінде атаулы мәмілелер мен кросс-мәмілелер жасау ерекшелігі;";
      "7) тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;";
      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) тауар биржасының есептерді (уәкілетті органға) ұсыну, сондай-ақ тауар биржасының веб-сайтында өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты орналастыру тәртібі;
      9) Тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге сатып алуды жүргізудің қағидалары;
      10) тауарлық биржасының веб-сайтында өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты орналастыру тәртібі.";
      6) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Тауар биржасы мүшелерінің саны жетіден кем емес болуы тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тауар биржасымен аффилиирленген заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.";
      7) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады.";
      8) 13-баптың 2-тармағы 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастыру, кеңес беру, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсету;";
      9) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      "13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алулар
      1. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алулар Тауар биржасының биржалық сауда ережелерінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      2. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алулар қосарланған қарама-қарсы аукцион режимде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік сатып алуларды тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы жүзеге асыру бойынша қызметтер сәйкесті жылға тапсырыс берушінің бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде тегін көрсетіледі.
      4. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алулар тек электронды биржа саудалары арқылы өткізіледі.";
      10) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      "15-1-бап. Биржа саудалары өткізу режимдері
      Биржа саудалары сауданың келесі режимдерінде өткізіледі:
      1) классикалық сауда;
      2) қосарланған қарама-қарсы аукцион;
      3) стандартты аукцион.";
      11) мынадай мазмұндағы 16-1-бабымен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тауар биржасының қорлары
      1. Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік және сақтандыру қорларын құрады.
      2. Кепілдік және сақтандыру қорларының қалыптасу тәртібі, мөлшері және пайдалану ерекшелігі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.";
      12) 17-бапта:
      5-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тауарлармен мәмілелерді жасау нәтижесінде жүзеге асырылатын есептеулерге қатысатын тараптардың өзара талаптары мен міндеттерін есепке алуды жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) тараптардың фьючерстік және опциондық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін анықтайды.";
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Клирингтік орталықтар орталық контрагент болуы мүмкін – биржалық мәмілелер бойынша әр сатушы үшін сатып алушы және әр сатып алушы үшін сатушы бола алады.".
      75. "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат):
      14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сот сарапшысын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауды жүргізудің тәртібін, сондай-ақ аттестаттау комиссиялары қызметінің тәртiбiн және олардың құрамын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі айқындайды.".
      76. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат):
      1) 16-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 17-баптың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;";
      3) 19-бапта:
      7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен көпірлерді, темір жолдарды және гидроимараттарды салу (реконструкциялау, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін әзірлеу;";
      4) 20-баптың 4) және 29) тармақшалары, 25-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 27-баптың 10), 11), 12), 14), 17) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау келісімшарттарын дайындайды;
      11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасайды, тіркейді және сақтайды;";
      "14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттың орындалуын және қолданылуының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;";
      "17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданылуын жаңарту туралы шешімдер қабылдайды;
      18) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты имараттарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;";
      6) 35-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру осы баптың 5, 6, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.";
      3-тармақ алып тасталсын;
      7) 45-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
      8) 57-баптың 2-тармағының екінші бөлігі, 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.";
      "7. Осы баптың ережелерi кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге, барлаумен және өндірумен байланысты емес жер асты имараттарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi жүргiзу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қатысты қолданылады.";
      9) 66-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы бапта көзделген жобалау құжаттары жобалау ұйымын шарт негiзiнде мiндеттi түрде тарта отырып әзiрленедi. Осындай жобалау ұйымымен жасалған шарт жобалау ұйымының авторлық қадағалауды жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн көздеуге тиiс.";
      10) 85-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде, жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген рұқсаты бойынша жол берiледi.";
      11) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер құзыретті органды зерттеулердің басталғандығы туралы хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.".
      77. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 1-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 13-бапта:
      16) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
      50) және 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "50) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;";
      "53) Халықаралық авиамаршруттарға конкурстар өткізу және жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiтедi;";
      мынадай мазмұндағы 53-1) және 54-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "53-1) Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;";
      "54-1) Субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткізу және жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға куәлік беру қағидаларын бекітеді;";
      3) 14-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша алып тасталсын;
      17) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттауды және оған сертификат берудi, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiктi, авиациялық оқу орталығының сертификатын, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi ұйымның сертификатын, әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) үлгi сертификатын, жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерулерiн ұйымдастыру жөнiндегi сертификатты, әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын берудi жүзеге асырады;";
      "39) тексеру парақтарының нысандарын әзірлеп, бекітеді және тексерулердің жартыжылдық жоспарларын бекітеді;";
      4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әуеайлақтың метеорологиялық органдары жүзеге асырады.";
      5) 54-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      6) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы азаматтық және эксперименттiк авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi болып танылады.";
      7) 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жіктелетін әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдалануға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдаланушы олардың жарамдылығы туралы сертификатты алғаннан және әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) ашу туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлағаннан кейiн рұқсат етiледi.";
      8) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу
      1. Жіктелмейтін және уақытша әуеайлақтардан (тiкұшақ айлақтарынан) басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) тiзiлiмiнде тiркелуге тиіс.
      Азаматтық авиацияның ұйымдары әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) ашқан кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектiге құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша өтемді пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
      2) әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-беру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншiк, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiкпен басқару құқығы және т. б.) көшiрмелерiн;
      3) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны туралы (елдi мекен) ақпаратты қоса отырып өтiнiш жолдайды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) жабылуы азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын), бiрлесiп пайдаланылатын және бiрлесiп орналастырылатын әуеайлақтарды есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Жіктелмейтін және уақытша әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын), қону алаңдарын оларды пайдаланушылар азаматтық және мемлекеттiк авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар айқындаған тәртiпте есепке алуға тиiс.";
      9) 79-бап 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі тұрақты коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат ету қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жіберіледі.";
      10) 80-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "80-бап. Тұрақты әуе тасымалдары үшiн халықаралық және субсиядияланатын авиамаршруттарды бөлу";
      1, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсиядияланатын авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiк берiледi.
      Конкурсқа халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ Субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жiберiледi.";
      "4. Авиакомпаниядан халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алған кезде куәлiк конкурстық ұсынысы жеңiмпаздан (жеңiмпаздардан) кейiн үздiк деп танылған конкурстың басқа қатысушысына берiледi.
      5. Халықтың әуе қатынасы қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиакомпанияға авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар арасындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбестен халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.
      Пайдалану қажеттiгi конкурстар арасындағы кезеңде туындаған халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде авиакомпания Халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөніндегі авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ Субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөніндегі авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, куәлік өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға берiледi.".
      78. "Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 128-құжат):
      1) 5-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 6-бапта:
      7) тармақша алып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;";
      3) 7-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;"
      4) 8-бап алып тасталсын.
      79. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар):
      1) 10-баптың 3-тармағында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "егер объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына барғанға дейін бір тәулік бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып, бару рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) алуға (өтуге) байланысты болған;";
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруы жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.";
      2) 12-баптың 3-тармағында:
      5), 12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз түрде пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;";
      "12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздік бекеттер арқылы бақылауға,
сондай-ақ этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртіне және алкоголь өнімдеріне бақылау есебінің жүргізілуіне;";
      "18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр стансаларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистральдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға;";
      мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "19) Жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізуге;
      20) жергілікті атқарушы орган белгілемеген орында сауда жасауға;
      21) орталық мемлекеттік органдардың, маслихаттардың және әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу,  ондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау бойынша талаптарын сақтауына байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.";
      3) 13-баптың 2-тармағында:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      " 2) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – тоқсанына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.";
      4) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тексеру парағы осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың түбегейлі тізбесін қамтиды.";
      5) 16-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1, 10-1-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібінде құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерістер жүргізуге тыйым салынады.
      Осы тармақтың күшi:
      1) белгіленген жарылғыш заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің қағидаларының сақталуына;
      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
      3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;
      4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және қарудың жеке түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған заңды және жеке тұлғалардың қызметіне байланысты бақылау және қадағалауды жүзеге асыруда қолданылмайды.";
      "10-1. Жалған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексеру тексерілуші субъектіге алдын ала хабарламай жүргізіледі.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) тексерілетін субъектінің "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте қызметті немесе нақты әрекеттерді бастағандығы туралы хабарлама беруі негіз болып табылады.";
      6) 18-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тексерулерді тағайындау туралы актiнi тiркеу есептiк сипатта болады. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тіркеусіз тексеруді жүргізуге болмайды.";
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеру мерзiмдерiн тоқтата тұру, қайта жаңарту, ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тiркеу және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.";
      7) 19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) тармақшаларында, 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу мақсатын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi.";
      8) 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптарын өрескел бұзған жағдайларда тексеруге жiбермеуге;";
      9) 28-баптың 2-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;";
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) құқықтық статистика жөніндегі органдарда тексеру жүргізуді тағайындау туралы актіні тіркеу міндетті болғанда, оны тіркеместен тексеруді жүргізу жатады.";
      10) көрсетілген Заңға қосымшада:
      1-тармақта:
      4), 35), 61) және 72) тармақшалар алып тасталсын;
      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "38) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласында;";
      "Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауда;" деген 93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "93-1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауда;";
      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "96) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;";
      мынадай мазмұндағы 75-1), 97)-104) тармақшалармен толықтырылсын:
      "75-1) күзет дабылы құралдарын монтаждау, реттеу және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке;";
      "97) автомобиль жолдары саласында;
      98) бала құқығын қорғау саласында;
      99) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласында;
      100) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласында;
      101) лицензиялық бақылау саласында;
      102) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;
      103) өнеркәсіп саласында;
      104) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылғандардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есеп қағидаларын сақтауда жүзеге асырылады.";
      2-тармақта:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;"
      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.".
      80. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      1) 7-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;";
      2) 8-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;".
      2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 79-тармағы 5) тармақшасының екінші-сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады