"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 738 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ««Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Өнімділік 2020» бағдарламасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін лизинг сомаларын айқындау, қатысушылардың шығаратын өнімдерінің тізбесін кеңейту, құралдардың бір бөлігін инновациялық құралдар санатына ауыстыру мақсатында «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленді, ол 2012 жылғы 4 маусымда № 738 бекітілді.
      Болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар: еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      Болжанатын тиімділігі: кәсіпорындар қолданатын басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру, оларды жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру), жұмыс істеп тұрған және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз