2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 789 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1215 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.18 № 1215 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 789 қаулысымен   
мақұлданған    

Жоба

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып,
      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы қатынастарды дамыту мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 6-баптың екінші және үшінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясының аумағына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
      Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясының аумағына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын әдістемеде белгіленеді.».
      2. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылуының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
      2012 жылғы ____ маусымда __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
          Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының
Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі 
арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және 
мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы      
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы     
келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 
қосымша                       

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелінетін мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясының аумағына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесі

      1. Осы Әдістеме 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 6-бабына сәйкес әзірленді және Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдеріне қатысты Ресей Федерациясының федеральдық бюджетінің шығынын өтеу тетігін (бұдан әрі – Әдістеме) айқындайды.
      2. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
      «тауар» – Ресей Федерациясының аумағынан Кеден одағынан тыс жерлерге шығару кезінде жыл сайынғы индикативтік балансқа енгізілген және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізу есебінен Ресей Федерациясының федеральдық бюджетінің шығындарын өтеу міндеттемесі туындайтын Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкету кезінде кеден шығу баждары белгіленген мұнай өнімдері.
      «Оператор компаниялар» - Ресей Тарапынан «НК «Роснефть» ашық акционерлік қоғамы, Қазақстан Тарапынан «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы.
      3. Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шығарылатын тауарларға қатысты Ресей Федерациясының федеральдық бюджетінің шығындарын өтеу 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
      Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шығарылатын тауарларға қатысты Ресей Федерациясының федеральдық бюджеті шығындарының шамасын есептеу есептік кезең үшін Ресей Федерациясының кеден органы шығарылатын тауарларға кедендік декларацияны тіркеу күніне Ресей Федерациясында қолданылатын ставкалар негізге алынып жүргізіледі.
      Ресей Тарапының құзыретті органы Қазақстан Тарапының құзыретті органын тауарларға кеден шығу баждарының ставкаларын белгілеу және (немесе) өзгерту туралы шешім қабылданғаны және оның күшіне ену мерзімі туралы ол қабылданған күнінен бастап 10 күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      Егер Ресей Федерациясында тауарларға кедендік шығу баждары АҚШ долларында белгіленсе, онда кедендік шығу баждарын есептеу Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
      4. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей, Ресей Тарапынан Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі, Ресей Федерациясының Федеральдық кеден қызметі, Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі және Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шығарылатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді салыстырып тексеру жүргізеді және көрсетілген деректер негізінде Ресей Федерациясының федеральдық бюджеті шығындарының көлемін есептеуді жүзеге асырады.
      Жүргізілген салыстырып тексеру нәтижесі бойынша Ресей Тарапынан Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі, Ресей Федерациясының Федеральдық кеден қызметі, Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі және Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы мұнайды қарсы жеткізу көлемін алдын ала есептеу үшін пайдаланатын екі данада, еркін нысанда аралық салыстыру актісіне қол қояды.
      Мұнайды қарсы жеткізу көлемін және тоқсанның әрбірі бойынша Ресей Федерациясының федеральдық бюджеті шығындарының шамасын есепті жыл бойынша Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шығарылған тауарлардың көлемі туралы ақпаратты қамтитын жиынтық салыстыру актісі негізінде жүргізіледі.
      Есепті жыл бойынша қорытынды салыстыру актісіне Ресей Тарапынан Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі, Ресей Федерациясының Федеральдық кеден қызметі, Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі және Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін еркін нысанда екі данаға қол қояды.
      Қорытынды салыстыру актісіне кім де кім қол қоймаған жағдайда Тараптар жағдайды реттеу үшін және соттан тыс тәртіппен уағдаластыққа қол жеткізу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.
      Қол қойылған тоқсандық және (немесе) қорытынды салыстыру актісінің деректерін негізге алып, мұнайды қарсы жеткізу көлемін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ағымдағы тоқсандағы мұнайды қарсы жеткізу көлемі, (тонна)*

=

Есепті тоқсанның бірінші айындағы тауарларға Ресей Федерациясының кедендік шығу бажының есептік сомасы (АҚШ долл.)
__________

+

Есепті тоқсанның екінші айындағы тауарларға Ресей Федерациясының кедендік шығу бажының есептік сомасы (АҚШ долл.)
_________

+

Есепті тоқсанның үшінші айындағы тауарларға Ресей Федерациясының кедендік шығу бажының есептік сомасы (АҚШ долл.))
__________

Есепті тоқсанның бірінші айында қолданылатын шикі мұнайға Ресей Федерациясының кедендік шығу бажының ставкасы (АҚШ долл./т)

Есепті тоқсанның екінші айында қолданылатын шикі мұнайға Ресей Федерациясының кедендік шығу бажының ставкасы (АҚШ долл./т)

Есепті тоқсанның үшінші айында қолданылатын шикі мұнайға Ресей Федерациясының кедендік шығу бажының ставкасы (АҚШ долл./т)

      * Мұнайды қарсы жеткізу көлемі қорытынды салыстыру актісінің негізінде нақтылануы мүмкін.
      5. Осы Әдістемеге сәйкес жүргізілген Қазақстан Республикасынан мұнайды қарсы жеткізу көлемін есептеу негізінде Тараптар ағымдағы тоқсанда мұнайды қарсы жеткізу көлемі туралы ақпаратты оператор компанияларға жеткізеді, бұл көрсетілген ақпаратты бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде тиісті көлемде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнай жеткізуге коммерциялық шарттар жасасады. Коммерциялық шарттардың өзге де елеулі талаптарын оператор компаниялар екіжақты келіссөздер барысында белгілейді.
      Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығысын өтеу және осы Әдістеменің негізінде есептелген көлемде мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асыру үшін мұнай бағасын айқындау үшін мына формула қолданылады:
      Ц = (B + (SUM + SUR)/2 – (0,5*FWS*BМ + 0,5*(FBR*BU + R))/7,28 - D - ED/7,28)*К,
      мұнда:
      Ц – үлкен Черниговка DDU НПС жағдайларында (ИНКОТЕРМС-2000) бір баррель нетто үшін (ҚҚС 0%) АҚШ долларындағы баға;
      B – тауарды жеткізудің бір ай ішіндегі тіркелген мұнайдың Брент сорты үшін (Дейтед) «Платт’с Круде Ойл Маркетвайер» жарияланған орташа белгіленімдердің орташасы;
      SUM – жеткізудің бір ай ішіндегі «Платт’с Круде Ойл Маркетвайер» жарияланған Брентке (Дейтед) спрэда Юрал (Мед) орташа белгіленімдердің орташасы;
      SUR – жеткізудің бір ай ішіндегі «Платт’с Круде Ойл Маркетвайер» жарияланған Брентке (Дейтед) Юрал (Рдам) спрэдінің орташа белгіленімдердің орташасы;
      FWS – Новороссийск – Августа маршруты үшін «УОРЛДСКЕЙЛ» қолданыстағы ставкасы;
      BM – жеткізудің бір ай ішіндегі «Платт’с ДҰти Танкервайер» жарияланған БЛЭК-МЕД маршруты бойынша 135 мың тонна дедвейтпен фрахта танкерлердің орташа белгіленімі;
      FBR – Грэйт Белт арқылы Бутинге – Роттердам маршруты үшін «УОРЛДСКЕЙЛ» қолданыстағы ставкасы;
      BU – жеткізудің бір ай ішіндегі «Платт’с ДҰти Танкервайер» жарияланған Болтик-ЮКС маршруты бойынша 100 мың тонна дедвейтпен фрахта танкерлердің орташа белгіленімі;
      R – Роттердам портына порт алымдарының Тараптар бағалайтын орташа құны (метрикалық нетто тонна үшін 0,96 АҚШ долл.);
      D – Тараптар келіскен 0,31 АҚШ долл. /баррель мөлшеріндегі нарықтық дифференциал;
      ED – жеткізудің бір ай ішіндегі қолданыстағы брутто тонна үшін АҚШ долларында Ресей Федерациясының Үкіметі белгілейтін шикі мұнайға экспорттық кедендік шығару бажының мәні.
      К – метрикалық тоннада баррельді қайта есептеу коэффициенті мұнайды қабылдау-өткізу пунктінде шығарылған Актілерден алынған 20 0С температура кезінде мұнайдың нақты тығыздығы бойынша ASTM D1250-80 53A, 51, 56 & 58 кестелері негізінде жарияланған мұнай үшін Нафта Москва көшіру кестелерін пайдалану арқылы белгіленеді.
      баррельді тоннамен қайта есептеудің алдын ала коэффициенті 7,28 құрайды.
      Бағаны есептеу үшін пайдаланылатын белгіленімдердің орташа мәні дөңгелектемей үтірден кейін үш (3) ондық белгілерге дейін есептеледі;
      Тауар бағасы дөңгелектемей үтірден кейін екі ондық белгілерге дейін есептеледі;
      осы Келісімшарт бойынша жеткізілетін тауар құны үтірден кейін екі (2) ондық белгілерге дейін дөңгелектенеді.
      Дөңгелектеу мынадай түрде орындалуы тиіс:
      егер үшінші белгі беске (5) тең немесе бестен көп (5) болса, онда үтірден кейінгі екінші белгі келесі цифрға дейін дөңгелектенеді,
      егер үшінші белгі төртке (4) тең немесе төртке қарағанда (4) аз болса, онда үтірден кейін екінші белгі өзгеріссіз қалады.
      6. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жыл сайын Қазақстан тарапынан оператор компанияға мұнай жеткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін бекітеді.
      7. Тоқсан сайын қарсы жеткізуге жататын мұнай көлемі анықталған күннен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі осы Әдістеме шеңберінде Қазақстан тарапынан оператор компанияға жеткізуге жататын көлемін әр жер қойнауын пайдаланушы үшін бекітеді.
      8. Мұнайды қарсы жеткізу кезінде:
      1) Қазақстан тарапынан оператор компания мен жер қойнауын пайдаланушылар осы Әдістемеге сәйкес жеткізілетін мұнайдың бекітілген көлемінен экспортқа рента салығын төлемейді;
      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары осы Әдістемеге сәйкес өткізілетін мұнай көлеміне Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды өткізу және (немесе) беру кезіндегі сияқты төмендетілген 0,5 коэффициентін қолдану арқылы пайдалы қазбалар өндіру салығын төлейді;
      3) осы Әдістемеге сәйкес берілетін тауар мен мұнайдың бағасы трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеуге жатпайды.
      9. Қазақстан Тарапы көрсетілген шешім туралы Ресей тарапына хабарлап, индикативтік баланспен бекітілген нормалардан тыс тауарларды жеткізуден бас тартуға құқылы.
      Келісім және осы Әдістеме шеңберінде тауар жеткізу темір жол көлігімен жүзеге асырылады.
      Тауар жеткізуді бақылау және мониторингті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы жылдық индикативтік баланс негізінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі келіскен тауарларды жеткізу кестелерінің негізінде жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының темір жол әкімшілігі Қазақстан Республикасының тиісті үкіметтік органдарының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының межелі станциясына тауар жеткізу көлемін шектеуге құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады