"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 794 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат;  № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 7 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы »  2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Дауларды төреліктің және аралық соттың шешуiне беру
      Соттың қарауына жататын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дау, тараптардың келiсiмi бойынша төреліктің немесе аралық соттың қарауына оған заңнамалық актiлерде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес берiлуi мүмкiн.»;
      2) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өкілдің сотта іс жүргізу өкілеттіктері оған, талап арызға қол қоюды, iстi төрелікке немесе аралық сотқа берудi не медиация жүргізу туралы келісім жасасуды, талап қою талаптарынан және талап қоюды танудан толық немесе iшiнара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негiздемесiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасауды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (қайта сенім білдіру), соттың қаулысына шағым берудi, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.»;
      3) 79-баптың екінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) төрешiнiң немесе аралық судьяның мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – төрешi немесе аралық судья;»;
      4) 154-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
      «5-1) тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;»;
      5) 158-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төрелiк немесе аралық сот талқылауы тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша сот талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындататын немесе оның орындалуына мүмкіндік бермейтін болса, істің барлық жағдайларында жол беріледі.»;
      6) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау
      Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және төрелiк немесе аралық сот талқылауы тараптарының iсiне қатысатын басқа адамдарға хабарламай, ол сотқа түскен күні шешеді. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарап, судья ұйғарым шығарады.»;
      7) 162-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен
               ауыстыру
      «1. Төрелiкте немесе аралық сот талқылауы тараптарының iсiне қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру туралы мәселеге іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлай отырып, сот рұқсат береді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Талап қоюдың бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады;».
      8) 170-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тараптарға дауды шешу үшiн олардың төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну не дауды медиация тәртібімен шешу құқықтарын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;»;
      9) 185-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «185-бап. Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен
                міндеттерін түсіндіру
      Төрағалық етушi iске қатысушы адамдарға және өкiлдерге олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде тараптарға дауды шешу үшiн олардың төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну не дауды медиация тәртібімен шешу құқығын және осындай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi.»;
      10) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы
      Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын, қолдамайтыны жауапкердің талап қоюшының талаптарын мойындайтыны және тараптардың iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiмен аяқтауды немесе iстi төрелікке немесе аралық сотқа қарауға берудi не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны-қаламайтыны туралы мәселелердi анықтауынан басталады.»;
      11) 249-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес төреліктiң немесе аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса;»;
      12) 312-4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төреліктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;»;
      13) 312-6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымдалған міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төреліктің және аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдері бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соғады;».
      14) 413-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе даулы болып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқығы бар.».
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,  111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16,  128-құжат; № 20, 151, 161-құжаттар; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат;  № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 27-құжаттар; № 4, 31-құжат; 2012 жылғы  16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және  «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 534-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талап қою ісін  жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізілетін iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;»;
      2) 535-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату үшін атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) аралық сот шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердi жою туралы қолдау хаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 пайыз, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған үшін атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 500 пайыз;»;
      3) 548-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) істі төрелікке немесе аралық сотқа жіберген;».
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      82-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) төрешiнiң немесе аралық судьяның мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - төрешi немесе аралық судья;».
      4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат, № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2012 жылғы 7 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) төрелікте (сотта), аралық сотта және дауларды шешетін өзге де органдарда істі талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;».
      5. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж.,№ 3-4, 12-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.»;
      2) 5-бапта 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тараптар нақты дауды қарау үшін аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.»;
      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Аралық соттар мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастардан туындаған, адамның өмiрi мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, есiміне қатысты құқығына байланысты дауларды қарауға құқылы емес.»;
      4) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот қызметінің шарттары
      Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот өзінің аралық судьяларының тізілімін жүргізеді. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот туралы, оның заңды мекенжайын, жұмыс регламентін қоса алғанда, аралық судьялар тізілімі туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін жалпы ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырылады. Аралық соттың шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.».
      6. «Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы» 2004 жылғы  28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат):
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық төрелiк туралы»;
      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық төрелiктiң қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiк шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен шарттарын реттейдi.»;
      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Қолданылу аясы
      Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, халықаралық төрелiк шешетiн дауларға қатысты қолданылады.»;
      4) 2-баптың 1) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) төрелiк – нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;
      8) төрелiктiң регламентi – тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық төрелiк қызметiнің ұйымдастырылу тәртiбi;»;
      5) 2-баптың 9) тармақшасы алынып тасталсын:
      6) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы
              заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.»;
      7) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тараптар төрелiк келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық қатынас бойынша туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, жеке және заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Төрелік мүліктік қатынастарға байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастардан туындаған, адамның өмiрi мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, есiміне қатысты құқығына байланысты мүлiктiк емес дауларды қарауға құқылы емес.»;
      8) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметiнiң шарттары
      Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өз төрешiлерiнiң тізілімін жүргізеді. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік туралы ақпарат, оның заңды мекенжайын, жұмыс регламентін қоса алғанда, төрешiлер тізілімі туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желістерінде және бұқаралық ақпарат құралдарын орналастырылады. Төреліктің шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.».
      9) 29-бапта:
      2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «төрелiкте iс қараудың тарабы болып табылатын заңгерлік ұйым таратылған;».
      7. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар):
      27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiле алмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамалық актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы.».
      8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат) 2011 жылғы 19 қаңтардағы «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) төрелiктің немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар, - үш жыл iшiнде;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) төрелiктің немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды орындау кезiнде, - шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап;».
      9. «Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
      10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар»
      мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, қауымдастықтарымен) өзара қатынастарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау, өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, сотта, төрелiкте және аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiне орап әрекет ету, оларға өзге де құқықтық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқықтық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, жеке еңбек дауларын қарау және заңнамаға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;».
      10. Қазақстан Республикасындағы «Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңы, 2012 жылғы 28 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы):
      59-3-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банктің қайта құрылымдау жоспарына енгізілген міндеттемелері орындалған болып есептеледі, соттардың, төреліктің және аралық соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.
      11. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78,  82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-баптың 1-тармағының 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) халықаралық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады