Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 830 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.12.2016 № 796 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның!
      Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 830 қаулысы    

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі

      1. Мыналарды:
      1) ғылыми болжауды (өз әдіснамасы мен техникасы бар арнайы теориялық зерттеулер);
      2) іргелі және іздестіру зерттеулерін талдауды қамтитын ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысының техникалық тапсырмасын әзірлеу.
      2. Мыналарды:
      1) ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді;
      2) патенттік зерттеулер жүргізуді;
      3) ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысын жүргізуге техникалық тапсырмада қойылған міндеттерді шешудің ықтимал бағыттарын айқындауды және салыстырмалы бағалауды;
      4) қабылданған зерттеу бағытын және міндеттерді шешу тәсілдерін таңдауды және негіздеуді;
      5) жаңа өнімнің және (немесе) технологияның бағдарлы экономикалық тиімділігін бағалауды;
      6) зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістемесін әзірлеуді (жұмыстардың бағдарламалары, жоспар-кестелер және т.б.);
      7) инновациялық технологиялар бойынша базалық және егжей-тегжейлі инжинирингті қамтитын зерттеудің бағытын таңдау.
      3. Мыналарды:
      1) жұмыс гипотезаларын әзірлеуді, зерттеулер объектілерінің моделін құрастыруды, жорамалдарды негіздеуді;
      2) теориялық зерттеулердің жекелеген ережелерін растау немесе есептеулерді жүргізуге қажетті өлшемдердің нақты мәндерін алу үшін тәжірибелер жүргізуді;
      3) тәжірибелік зерттеулер әдістемесін әзірлеуді, модельдерді (макеттерді, тәжірибелік үлгілерді, пилоттық желілерді, тәжірибелік өндірістерді және т.б.), сондай-ақ сынақ жабдығын дайындауды;
      4) бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді;
      5) тәжірибелер жүргізуді, алынған деректерді өңдеуді, тәжірибелердің нәтижелерін теориялық зерттеулермен салыстыруды;
      6) объектінің теориялық модельдерін түзетуді;
      7) техникалық-экономикалық зерттеулерді жүргізуді қамтитын теориялық және эксперименталдық зерттеулер.
      4. Мыналарды:
      1) жұмыстардың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелерін қорытуды;
      2) одан әрі зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, пилоттық желілерді жасау бойынша ғылыми-негіздемелік ұсынымдар әзірлеуді;
      3) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырма жобасын әзірлеуді қамтитын зерттеулердің нәтижелерін қорыту және бағалау бойынша жұмыстар.
      5. Мыналарды:
      техникалық тапсырмада көрсетілмей қалуы мүмкін бұйымға, оның техникалық сипаттамаларына және сапа көрсеткіштеріне қойылатын қосымша немесе нақтыланған талаптарды анықтауды, соның ішінде:
      ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пысықтауды;
      болжамдау нәтижелерін пысықтауды;
      алдын ала есептеулер және техникалық тапсырма талаптарын нақтылауды қамтитын техникалық ұсынысты әзірлеу.
      6. Мыналарды:
      қағидатты техникалық шешімдерді әзірлеуді, соның ішінде:
      техникалық ұсыныс кезеңі бойынша жұмыстарды орындауды;
      әзірлеудің құрамдас базасын таңдауды;
      негізгі техникалық шешімдерді таңдауды;
      бұйымның құрылымдық және функционалдық схемаларын әзірлеуді;
      негізгі сындарлы элементтерді таңдауды;
      жобаның метрологиялық сараптамасын;
      макеттерді, пилоттық желілерді әзірлеуді және сынауды қамтитын эскизді жобалау.
      7. Мыналарды:
      бұйым, технология бойынша жалпы және оның құрамдас бөліктері бойынша техникалық шешімдерді түпкілікті таңдауды, оның ішінде:
      қағидатты электрлік, кинематикалық, гидравликалық және басқа схемаларды әзірлеуді;
      бұйымның, технологияның негізгі өлшемдерін нақтылауды;
      бұйымды, технологияны сындарлы құрастыру және оны объектіге орналастыру үшін мәліметтерді беруді;
      бұйымды өндіру және жеткізу үшін техникалық шарттардың жобаларын әзірлеуді;
      өндірістің жаңа технологияларын (пилоттық қондырғылар немесе желілер) пысықтау үшін жартылай өндірістік масштабтағы (коммерциялық емес қолданыстағы) жабдықтар мен технологиялық тізбелерді әзірлеу, дайындау және енгізу бойынша жұмыстарды;
      табиғи жағдайларда бұйымның негізгі құралдарының макеттерін сынауды қамтитын техникалық жобалау.
      8. Мыналарды:
      1) конструкторлық құжаттардың топтамасын қалыптастыруды;
      2) жұмыс құжаттамасының толық топтамасын әзірлеуді;
      3) бірыңғайлығына және стандарттауға конструкторлық құжаттамаларын тексеруді;
      4) сынақ үлгілерін тәжірибелік өндірісте дайындауды;
      5) сынақ үлгілерін жөнге келтіру және кешендік реттеуді қамтитын сынақ үлгілерін дайындау және сынау, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті құру үшін жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
      9. Мыналарды:
      1) сынақ үлгілерінің техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін және мемлекеттік (ведомстволық) сынақтарға ұсыну мүмкіндігін тексеруді;
      2) стендтік сынауды;
      3) объектіде алдын ала сынауды;
      4) сенімділігін сынауды қамтитын алдын ала сынау.
      10. Нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу.
      11. Зерттеулер мен жобалық жұмыстардың нәтижелерін енгізу (коммерциялау) үрдістерін сүйемелдеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады