Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 833 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2)3) тармақшаларына29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2014 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі – көші-қон полициясының құрылымдық бөліністерінен шығатын ресми құжаттарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне;».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 833 қаулысымен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты
мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық
анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін
беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2014 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 833 қаулысымен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік
мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2014 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады