"Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 866 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.04.2015 № 234 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада:
      «1. Паспорты» деген бөлімде:
      «Міндеттері» деген жолдың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру»;
      «Қаржыландыру көздері және көлемі» деген жолда:
      «355699» деген сандар «362523,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «355699» деген сандар «362523,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «26166,5» деген сандар «27915,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «27363,5» деген сандар «243523,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «243944,5» деген сандар «30361,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «29112,5» деген сандар «30361,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «29112,5» деген сандар «30361,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «3. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
      екінші бөліктің екінші сөйлемі алынып тасталсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін ең тиімді болып танылған заңнамалық база қалыптастырылды.»;
      жиырма төртінші бөлік алынып тасталсын;
      жиырма алтыншы бөліктің кестесінде:
      «Күшті жақтары» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күшті жақтары
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық базаның болуы
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі»;
      «Әлсіз жақтары» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлсіз жақтары
      1. Халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі
      2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдары қызметі ашықтығының жеткіліксіздігі»;
      жиырма жетінші бөлікте:
      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы;»;
      жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы;»;
      мынадай мазмұндағы жиырма бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы.»;
      отыз үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осыған байланысты табысты іске асыру үшін мынадай басты факторларды бөлу қажет.»;
      отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы және отыз жетінші бөліктер алынып тасталсын;
      отыз сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық құқық нормаларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық шарттар мен келісімдерге қосылуға, елдің құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін беделді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен ықпалдасуына байланысты құқықтық салада да елеулі проблемалар бар. Мәселен, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияларға.»;
      отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық төртінші, алпыс алтыншы бөліктер алынып тасталсын;
      «4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      үшінші бөліктің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;»;
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштеріндегі бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі негізгі орындаушы – Агенттік, бірлесіп орындаушылары – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер, Әділет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Көлік және коммуникация министрліктері, басқа да мемлекеттік органдар болып табылады.»;
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
      1-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 – 2015 жылдар ішінде елдегі қылмыстық ахуалды, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы талдау негізінде қылмыстық және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесі оларды мұндай қылмыстарға жатқызу негізділігі тұрғысынан қайта қаралатын болады.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Сонымен қатар, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнатуға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оның алдын алуға қоғамды барынша кеңінен тартуға, мемлекеттік қызметшілердің ірі шығыстарын декларациялау институтын енгізуге және т.б. бағытталған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы заң актілеріне түзетулер әзірленетін болады.
      Бұдан басқа, қазіргі жағдайларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шетелдің оң тәжірибесін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жаңа редакциясын әзірлеу ұсынылады.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру»;
      төртінші бөлік алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаның іске асырылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында белгіленген мониторингілеу рәсімімен қатар, оны іске асырудың аралық қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында жыл сайын қаралатын болады.»;
      «6. Қажетті ресурстар» деген бөлімінің үшінші бөлігінде:
      «355699» деген сандар «362523,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «355699» деген сандар «362523,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «26166,5» деген сандар «27915,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «27363,5» деген сандар «243523,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «243944,5» деген сандар «30361,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «29112,5» деген сандар «30361,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «29112,5» деген сандар «30361,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.

Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу

Тиісті іс-шаралар өткізу

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), саяси партиялар мен қозғалыстар

Үнемі

ЭСЖКА
2011 жылы – 1981,5
2012 жылы – 1981,5
2013 жылы – 1981,5
2014 жылы – 1981,5
2015 жылы – 1981,5

Қоршағанортамині 2011 жылы – 1050,0
2012 жылы – 1300,0
2013 жылы – 1300,0
2014 жылы – 1300,0
2015 жылы – 1300,0

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

РБ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖБ

001 «Қоғамдық қатынастардағы экономикалық қылмысты және жемқорлық деңгейін төмендету»

001 «Қоршаған ортаны қорғау сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі қызметтер»

»;

      реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыруға лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру»;
      реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;
      4-бағанда:
      реттік нөмірі 6-жолдағы «ҚБА (келісім бойынша)» деген аббревиатура «ҰБ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолдағы «БАМ» деген аббревиатура «ККМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 10-жолдағы «БАМ» деген аббревиатура «МАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 13-жолдағы «БАМ» деген аббревиатура «МАМ, ККМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 14-жолда:
      4 және 6-бағандардағы «БАМ» деген деген аббревиатура «МАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      6-бағандағы «ТСМ» деген деген аббревиатура «СДША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «407,0» деген сандар «960,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «435,0» деген сандар «1150,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «466,0» деген сандар «1150,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «466,0» деген сандар «1150,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «466,0» деген сандар «1150,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы «025» деген сандар «021» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 15-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге астыртын болысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар әзірлеу және халықтың әртүрлі топтары арасында тарату, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру»;
      реттік нөмірі 21-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

25.

Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БАМ (жинақтау), ЭСЖКА (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

-

-

»;

      реттік нөмірі 39-жолдың 4-бағанындағы «БАМ» деген аббревиатура «ККМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

43.

Мемлекет 100 % қатысатын мемлекеттік органдар мен компаниялардың ІТ-қызметтерін аутсорсингке және коммерциялық нарыққа шығару жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ККМ

2011-2012 жылдардың 4-тоқсаны

Талап етілмейді

-

-

»;

      реттік нөмірі 46-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

55.

Банкроттық рәсімдерді жүргізудің ашықтығын және тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық сауықтыру және банкроттық бойынша біріктірілген ақпараттық жүйені құруды және дамытуды қамтамасыз ету

Ақпараттық жүйені құру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы 4-тоқсан

2012 жылы - 214832,0

РБ

061
«Біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды «е-Қаржымин»

»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6, 60-1, 60-2, 60-3-жолдармен толықтырылсын:

51-1.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру шегінде осындайларға жатқызылуының негізділігі бойынша олардың тізімін қайта қарастыру

ПӘ-ге ақпарат

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша),
БП (келісім бойынша), Әділетмині

2012 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

-

-

51-2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын қайта қарауды, сондай-ақ МҚІА мемлекеттік қызметшілерге қатысты әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды құру жөніндегі өкілеттіктерді беруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2012 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-3.

Заңсыз байығаны үшін шенеуніктердің тәртіптік жауаптылығын енгізу мүмкіндігі мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ұсыныстар

МҚІА (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-4.

Құрамына азаматтық қоғам институттарының, БАҚ өкілдерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялар құру

Комиссияларды құру туралы әкімдіктердің қаулылары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-5.

Мемлекеттік қызметшілердің ірі шығыстарын декларациялауды енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ЭДСМ, МҚІА (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

2013 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

51-6.

Қаржы полициясы органдары қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіруді көздейтін «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциядағы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), Әділетмині, ЭДСМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2013 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

60-1.

Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын онда жазылған мәліметтердің нақтылығын тексеру жүйесін жақсарту бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

60-2.

Басқару қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге, басқару шешімдерін жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, мемлекеттік қызметшілердің лауазымды өкілеттіктерін қызметтік мақсаттардан тыс пайдалануына жол бермеуге бағытталған «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциядағы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Әділетмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

60-3.

Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнатуға, қоғамға барынша кеңінен тартуға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жаңа редакциядағы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК отырысына шығару

ЭСЖКА (жинақтау) (келісім бойынша), МҚІА (келісім бойынша), мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, БАҚ (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша)

2014 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

»;

      реттік нөмірі 61-жол алынып тасталсын;
      ескертпеде:
      аббревиатуралардың толық жазылуында:
      «ҚҚА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген жол алынып тасталсын;
      «ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
      «БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі»;
      «ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «СДША – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ХҚО – халыққа қызмет көрсету орталығы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады