Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 925 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып анықталсын.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы сақтауға бағытталған іс-шараларды техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
      2) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
      3) отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған үдерістерді талдамалық қолдау;
      4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық–талдамалық жұмыс жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызмет болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 925 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
      «8-1. «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады