Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 955 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

«Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 955 қаулысына баспасөз релизі

      «Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 955 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасының негізінде қабылданды.
      Қаулы Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу тәртібін белгілейді.
      Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
      Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз