Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1020 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің Ақтау қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдарының тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 161-1 және 182-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «161-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің Ақтау қаласы бойынша салық басқармасы.»;
      «182-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады