Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының геология саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № 1042 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының геология саласын дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 тамыздағы № 1042 Қаулысына баспасөз-релизі

      Осы Тұжырымдама геология саласын дамытуға, жер қойнауын геологиялық зерделеудi қамтамасыз етуге және жаңа кен орындарын ашуға бағытталған.
      Қазақстанның геология саласын 2030 жылға дейiн дамытудың стратегиялық мақсаты мемлекеттiң экономикалық сұранысын қазiргi кезеңде және ұзақ мерзiмдi перспективада қанағаттандыру үшiн жер қойнауын геологиялық зерттеудiң ұтымды мемлекеттiк жүйесiн қалыптастыру, минералдық-шикiзат базасын тиiмдi пайдалану және толықтыру болып табылады.
      Пайдалы қазбалар кен орындарында барлаудан өндiрудi бастауға дейiнгi кезең 10 жылдан астам уақытты алатынын ескере отырып, Тұжырымдаманы iске асыру кезеңi 2030 жылға дейiнгi мерзiмдi қамтиды. Бұл кезең мынадай негiзгi кезеңдерге бөлiнедi:
      1) 2013-2014 жылдар – даярлық кезеңi, осы кезең бойы заманауи инфрақұрылымды құру, дайындау жұмыстары, оның iшiнде, жаңа әдiстер мен технологияларды пайдалану үшiн нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлеу, салалық ғылыми ұйымды (технологиялық орталықты, институтты) құру, маркетингтiк зерттеулер, мамандарды даярлау, өңiрлiк және кең ауқымды iздеу жұмыстарын және т.б. негiзге алынатын шараларды жүзеге асыру мәселелерi пысықталатын болады. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында минералдық-шикiзат кешенiн дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу көзделедi.
      2) 2015-2019 жылдар – осы кезең бойы мемлекеттiк бюджет арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк-жеке серiктестiк шеңберiнде өңiрлiк және кең көлемдi iздеу жұмыстары жалғастырылады және жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттар шеңберiнде барлау жұмыстарын одан әрi жүргiзу үшiн пайдалы қазбаларды коммерциялық айқындауға перспективалы учаскелер анықталады;
      3) 2020-2030 жылдар – геологиялық барлау, iздеу, бағалау жұмыстарын жүргiзу кезеңi, жаңа кен орындарын ашу және пайдалы қазбалар қорын есептеу, зерделенген алаңдарда жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аумақтарда өңiрлiк және iздеу жұмыстарын жалғастыру.
      Тұжырымдаманы iске асырудың нәтижесiнде мынадай индикаторлар болжанады:
      1) инновациялық технологиямен атқарылатын геологиялық барлау жұмыстарының үлесiн 75 %-ға дейiн ұлғайту;
      2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерi есебiнен қаржыландыру көлемiн қол жеткiзген деңгейге қарағанда 50 %-ға жоғарылату;
      3) өңiрлiк және iздеу жұмыстарын жүргiзу арқылы Қазақстан аумағының геология-геофизикалық зерделену деңгейiн 70 %-ға дейiн жоғарылату;
      4) жойылған қор көлемiне қарағанда қордың қайта өндiрiсiн 50 %-ға дейiн қамтамасыз ету;
      5) қауiптi геологиялық үрдiстердiң ықпалына ұшырауы мүмкiн Қазақстан аумақтарының зерделенуiнiң деңгейiн 70 %-ға дейiн жоғарылату.
      Өз кезегінде, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында минералдық-шикiзат кешенiн дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында Тұжырымдаманың мақсатына қол жеткiзу және мiндеттерiн жүзеге асыру көзделедi.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз