"Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1161 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 11920,93 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 8360,52 гектар Қарасай ауданы және алаңы 3560,41 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2012 жылғы « »  
№ Жарлығына қосымша

Алматы қаласының шегіне қосылатын Алматы облысы жерлері
бөлігінің экспликациясы

гектар

р/с №

Аудандардың  атауы

Барлық жер

Оның ішінде

Ауылшаруашылық алқаптары

Су қорының жерлері

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауылшаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер

Тұрғын  үй құрылысының жерлері

Ерекше қорғалатынтабиғи аумақтардың жерлері

Басқа жерлер




Егістік

Көпжылдық өсімдіктер

Жайылым

1.

Қарасай

8360,52

211,48

33,26

125,66

1,00

318,88

173,34

7338,71

158,19

2.

Талғар

3560,41

358,90

208,24

8,30

13,93

22,58

58,36

2656,75

233,35


Барлығы

11920,93

570,38

241,50

133,96

14,93

341,46

231,70

9995,46

391,54

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады